Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТИКА - копия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

Бағалаушылыққа беталыс.

І кезең. Тілдесу барысында адам әлде қайдағы ойларға түседі. Ол іштей сөйлеу кезінде кідіріп, өз сезімдерін, осы кездегі өз әрекетін бақылайды өзінен іштей «Мен не сезіндім?» деген сұрақ береді. Бұл эмоциялардың құбылысы. Осы арқылы өзіне керегін әрдайым алуға болады.

ІІ кезең. Келесі сауал өз- өзіне қойылуы керек: «Бұл сезім менде неден туындады? артынша – «сөйлеушінің айтқанынан ба? әлде сөздің айтылуынан ба? Мүмкін мен бұл сауалмен жұмыс істегісі келмей тұрған шығар?»

ІІІ кезең. Тұлға өзінің қалай жауап беретіндігін шешеді.

Коммуникация үдеріс, өте қиын, сол секілді мәселені шешудегі өзара қатынастағы мәселеде өте маңызды. Ол айқын көзқарасты, білімді, түрлі – тәсілдерді коммуникацияны жақсартудағы ықылас пен ақылды талып етеді. Бұл әрдайым жетілдіруді тоқтаусыз қажет ете алатын үдеріс.

Кері байланыс.

Топтың жұмыс істеуді үйрену әдісінің бірі – бұл тәжірибесін сараптау. Егерде өз тәжірибеңді талдап тұрмасаң жұмысты жақсартуға ешқандай шара қолданылмайды. Кері байланыс – бұл қабылдаушыгың жіберушіге жұмыс барысын жақсарту үшін ақпаратты өңдеп жіберудің бір түрі. Кері байланыстың көмегімен команда мүшелері өз жұмыстарының әлсіз және жақсы жақтарын талдайды, ашық түрде өз - өзіне баға береді, сынды жағымды қабылдайды. Бұл процесс топ мүшесінің өзін басқа команда мүшелерінің қабылдағанын сезінгенле ғана мүмкін болады. Мұнсыз жоба нәтижесіз және қауіпті болуы да мүмкін. Жиі кездесетін жағдайларда команда бір тапсырмадан екінші тапсырмаға өздерінің істеген жұмысын талдамай – ақ өтіп кетеді. Командалардың көшбасшылары мұның артық екеніне және кері байланыстың керек еместігіне сенеді, бұған уақытты да жеткізе алмайды сондықтан команда бұл жіберген қателігін қайтадан, бірнеше рет қайталауы мүмкін және бұл команда мүмкіндігін толық жүзеге асыруға кедергі болады.

Кері байланыс нәтижелі болуы үшін және жетістікке жету үшін команда айқын өлшемдер орнатуы керек. Талдау барысы, команда мүшелерінің алға қойған мақсаттарын, жеткен жетістіктерін айқындап алуынан басталады. Олар өз жұмыстарын ең нәтижелі немесе ең нашары деп баға береді.

Команданың әрбір мүшесі

  • жақсы көңіл – күйде болуы керек

  • сенімді әрі адал жан болуы міндетті

  • тәртіпті қатаң сақтануы қажет

  • жұмысқа салауатты түрде жағдай жасайды

  • жұмыстағы кедергілермен күресе білуі керек

  • командадағы жұмыстың күшті жақтарын біледі

  • команда мүшелерін қолдап жүреді және сыйлайды

  • басқа да команда мүшелерінің қабілеттіліктерін қолдана біледі

  • команданың нәтижелі жұмыс істейтіндігіне сенеді.