Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТИКА - копия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

Дәрігер - науқас тұлға аралық қатынасының негіздері

Мұнда ең жауапты және маңызды болатыны ~ дайындық кезеңі. Қатынасудың уақытын, орнын дұрыс таңдап, оның нәтижесінде өз ұстамаларын анықтап, жоспарлау қажет.

Қатынасудың бірінші кезеңі - көзбен, қас-қабағын бақылап тұлға аралық жанасуға ену. Мұнда дәрігердің өзін-өзі дайындауы, науқастың жағдайы мен көңіл-күйін сезуі, өзін еркін сезінуі өте маңызды. Науқастың өзіне бейімдеу, сұхбаттың біркелкі басталуын қамтамасыз ету де маңызды болады. Бұл кезең психологиялық жанасуды бекітумен аяқталады.

Қатынасудыц екінші кезеңінде назарын тікелей науқастың дертіне аударып, әңгіменің тақырыбын анықтап, мотивациялық қазбалауға (зондажға) көшеді. Оның мақсаты - науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырьп, тарту.

Келесі, үшінші кезеңде науқастьщ ойында әртүрлі күмәндік болған жағдайда, дәрігердің аргументті түрде оны өз пікіріне сендіруі.

Төртінші кезеңінде, дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп, оны бекітуі. Бұл арақатынастың ең бір күрделі ксзеңі. Егер қатынас ажыраса, жанасу да осымен аяқталады.

Дәрігер - науқас арақатынасының құралдары. Қатынас құрудың негізінде, ақпарат алмасу жатады. Бұл қарым-қатынастың ең маңызды жағы. Нәтижелі арақатынас құру үшін вербальды және вербальды емес құралдар қолданылады.

Командада жұмыс істеу. Команда құру кезеңдері.

Команда-бұл бірлік пен әріптестігі қалыптасқан бір-бірінің мақсаты бір топ.

TEAM - КОМАНДА

Together Бірге

Everyone Әрқайсысы

Аchieves Қол жеткізеді

More Көп нәрсеге

Жан-жақты Ақпаратпен қамтылған

Ортақ ойда болып ортақ шешім шығару

Нақты

Белгіленген

жұмыстар

Командадағы жұмыс негізі

Нақтыалға қойылған мақсат

Келісімді түрде есеп беру

Топпен жұмыс жасау

Медицина маманының маңызды дағдысының бірі – ол науқасқа көмегі тиетіндей, белгілі бір топпен жұмыс жасау, солармен бірге жетістіктерге жету,көздеген мақсаттарды орындау, болып табылады.

Топпен жұмыс жасаудың дәрежесінің өсуі төмендегі доктриналарға байланысты:

Топтың менеджментінің доктринасы - тіл табысу, стандартқа сай емес есептерді шешуде творчестволық активтілікке топтық көзқарас таныту. Оңай тіл табысу жұмыскерлердің әлеуметтік және мәдениетті творчествосын көтеруге мүмкіншілік береді,олардың өзін-өзі ұйымдастыруда және өзін-өзі басқарудағы көзқарасы, оларға ортақ мақсаттар мен табыстарды, түсінісумен, бірін бірі алмастыра алуында, ортақ мақсаттарда, әр топ мүшесінің жұмысын, табысын, ұтымды жемісін көруге мүмкіншілік береді.

Индивидуалды жауапкершіліктің доктринасы- тіл табысу, мамандықтың жеке қызығушылығындағы және персоналды жауапкершілігіндегі индивидуалды профессионалды реттелуі болып табылады.

Ғылыми басқару доктринасы- тіл табысу, тәжірибие жүзінде өткізілетін, жұмыс барысын үлкен ауқымда өтетін өндірушілердегі жүйелермен жүргізіледі.

«Х» доктринасы – механизм бірлігіндегі аналогия бойынша ұйымдастыру шараларының адами тұрғыдан көзқарасы.

«У» доктринасы – адамды жеке тұлға ретінде қарастыратын, жеке өзіндік мотивациялары бар, өнімге бағытталған, түсініп шешім қабылдайтын ұйым.

Адами қарым-қатынас доктринасы- гуманнитарлы тіл табысу, еңбек істеріне гумманитарлы түрде бағытталған, жұмыскерлердің, жұмысқа қатысты сұрақтарды елейтін ұйым.

Питер Сенге өзінің « Бесінші тәртіп» еңбегінде, 1990 жылы білім беретін ұйымға былай сипаттама берген: «ол жер адамдар үшін үнемі өзінің мүмкіншіліктерін жасай алатын, жетістіктерге қол жеткізетін, терең ойлап, ауқымды түрде ақылдасатын орын және ылғида бірге топпен әрекет етеді» деген.

Питер Сенге анықтаған, бір- бірінен айырмашылығы бар бес тәртіп үлгілері мыналар:

Ортақ көзқарас құру. Бұл тәртіп бір мақсаттағы адамдарды біріктіруді, ғылыми ұғынуға , болашақтағы армандарына жетуге мүмкіншілік береді.Ортақ көзқарастарымен шабыттандырады.

Жеке шеберлік.Бұл тәртіп адамдарды шабыттындыра отырып оларға өмірде не маңызды екенін және қазіргі өміріне ненің қатысы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Топпен білім алу. Топта бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ортақ әңгімелермен ,ойталастар арқасында топ бірігеді.Бірлік болмай- тірлік болмас дегендей.

Когнитивті модельдер.Барлығымызда жасырын ойлар бар, олар біздің санамызды улайды, өкінішке орай, біздің ары қарай білім алуымызға кедергі келтіреді. Егер сол жасырын ойларымызды өзгертсек, біздің санамыз кеңейе түсер еді.

Жүйелі ойлау. Бұл дегеніміз бесінші тәртіп, алдыңғы тәртіптердің барлығын біріктіретін,адамдарға қиындықтан шығуға ортақ жол беретін тәртіп үлгісі болып табылады.

Егер ұйымда топ болса, онда топ мүшелері:

Топпен бірлесіп жұмыс жасауға мотивациясы бар;

Топтың бірлігін сақтап, бірге жұмыс жасауға;

Әр түрлі дәрежеде топ бойынша жұмыстарға араласуға

Келісім беруге немесе қарсыласуға толықтай құқығы бар болып табылады

Топ дегеніміз не?

Топ - бұл бір қатар адамдардан құралған, бірлесіп жұмыс жасайтын, мақсаты бір адамдар тобы. Команда мен топтың негізгі айырмашылығы: Команданың адамдары ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс жасайды. Іс барысында сұрақтар мен жауаптар айтылып, бірлесіп шешім қабылдайды.

Команда дегеніміз – шағын адамдар тобынан құралған ( көбіне 5-7, кейде 15-20 ға дейін жетеді) топ:

- Мақсаты ортақ, қадір тұтатын ұстанымдары бір адамдар

- Бір бірін толықтырып отыратын дағдылары бар

- Функционалды-рөльді бірлесіп жұмыс істейді

- Топта өзіндік орны бар топ мүшелерінен құралған

Топ не үшін қажет:

Медициналық көмек көрсетудің мақсаты әр түрлі мамандық иелерінің бірлесіп жұмыс жасауында.

Топпен бірлесе жұмыс мыналарды талап етеді,сондай-ақ қамтамасыздандырады:

Жетік түсіністік, әр адамнаң жеке жұмыс барысыда,сонымен қатар биліктері мен тәжрибелерін бір араға біріктіру.

Болып жатқан оқиғада еркіндік танытып, бөгдені айыптау.

Көп деген туындылар дауды шешу мақсатына бағытталған.

Аса жоғарғы дәрежені енгізу үлкен көлемді пайданы көздейді.

бүкіл топ мүшелерімен бірге қабылданған тәртіптер тізімі.

команда мүшелерінің бір бірімен байланысы.

билікті ұйымдастыруды реттеу

ұйымның жетістіктері, топ мүшелерінің мінездемелері

билік құру жолдары лері

Топтың ұйымдастырылу сатыларымен, топ өсімін анықтауға болады

топ жетістіктерінің шынайы дәрежесін анықтау үшін

топ та болып жатқан мәселелерді шешу үшін топ мүшелерінің өзіндік санасын өсіруге көмектесу үшін.

Топты ұйымдастыру тәртібі: