Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТИКА - копия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

Дәрігерлік деонтология

  • Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:

  • ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;

Әрбір тарихи кезенде әділет, абырой мен парыз ұғымдарында өзінше түсінік қалыптаскан. Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа дарытудың бай тәжірибесін менгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Медицинаға да әлеуметтік-саяси кұрылысқа байланысты қалыптасатын өзіндік ахлаки және адамгершілік жосындар тән болмақ. Көне замандардан бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптар мен ахлақи жосындардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан.

Дәрігер беделіне жете мән берген ежелгі дәуір медицинасының негізін қалаушы Гипократтың (б.д.д. 460-377 жж..) адамгершілік қасиеттері кең таралды. Арада едәуір уақыт (2500 жылдан астам) өткеніне, әрі заманның ғылыми жетістіктеріне қарамастан, кейінгі деонтологиялық қагидалардың барлығы, тіпті қазіргілері де «Гиппократ антының» мазмұнын бұлжытпай қайталайды.

Орта ғасырлар кезінде медицина қызметкерлерінің мінез құлқына философ, ғалым Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) жеке коңіл бѳлген. Авиценна медицина ғылымында ѳшпес із қалдырған ғұлама емші болды. Оның «Канон врачебной науки», - атты негізгі еңбегі бес ғасыр бойы (ХН-ХѴІІ) шығыстың да, батыс европа елдерінің де, медицина университетгерінде оқытылып келді және 35 рет қайта басылып шықты. Авиценна, дәрігер айрықша тәндік және рухани қасиеттерге -сұңкардың қырағылығына, қыздай жұмсақ қолына, жыланның даналығы мен арыстанның жүректілігіне ие болуға тиіс, - деп есептеді.

Адамгершілік туралы ілімді айқындау үшін “Этика” терминін ғылымға енгізген Аристотель болды. Деотология терминін ХІХ ғ.басында ағылшын философы Бентам енгізді

Медициналық этиканың 3 бағыты:

  • медициналық қызметкер – емделуші,

  • медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,

  • медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.

Медициналық этиканың 4 этикалық қағидасы: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек.

Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін». Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағдайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!

  • Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзге де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты.

  • Әділдік қағидаты-зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай-ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.

практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді.

Медициналық этиканың басты нысанасы — сырқаттар ғана емес, дені сау жұртшылық. Осыған ыңғайлас ойды біз Гиппократтан табамыз, ол медицинаның бүкіл даналығы — ақшаға жек көре қараушылық, ар-намыстылық, қарапайымдылық, сыпайылық, киім киюдегі ынсаптылық, құрмет көрсету, шешімділік, тазалық, ой молшылығы, өмір үшін қажет пен пайдалы атаулының барлығын білуі, ырымшылдық пен қорқынышты теріске шығару — дәрігердің қаруы болуы тиіс дегенді жазады.