Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
adebiet_ekzamen ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.48 Кб
Скачать

8)Көп тараулы роман «Су бойында» туралы жеке ойыңызбен талдау жасаңыз.

«Су бойында» романында қаламгер Солтүстік Сұң династиясының соңғы кезіндегі шаруалар соғысын деталь ете отырып, феодал билеушілердің жиіркенішті шіріктігін әшкерлеген, көтеріліс батырларының амалсыз ереуіл атқа ер салған қоғамдық тегін көрсеткен. Кітапта Солтүстік Сұң династиясының соңғы кезіндегі Сұңжяң көтерілісі баяндалады. Ертеде, Оңтүстік Сұң дәуірінде-ақ Сұңжяң көтерілісі туралы әңгімелер ел арасында таралған, өнер адамдары «Су бойындағы» әңгімелерді қарасөзбен не өлеңмен де айта бастаған. Сұңның соңы мен Юанның бастапқы кезінде «Ұлы Сұңның Шуанхы жылдарынан қалған істер» дейтін қиссада туған күнге арналған тартуды бұлау, Яңжының семсер сатуы, Сұңжяңның Чаугайды жасырын қоя беруі, Лютаңның таудан түсуі, Сұңжяңның Ян Почиді өлтіруі сияқты сюжеттер кезігеді. Сол кезде Гұңкай деген адам «Сұңжяңның 36 батырына мадақ» деген шығарма жазып, 36 адамның аты-жөні мен лақамын толық баяндады. Юан династиясы кезінде Ликұй, Янчиң, Усұң, Яңшиұң, Жаңшүн сияқты адамдарды бас қаһарман еткен театрлар көптеп жарыққа шығады. Осы театрларда «Су бойынданың» бұрынғы кейіпкерлерінің әңгімесі барған сайын жанданып дами түседі. Шы Най-ан осынау фольклорлық аңыздар, қиссалар және театрлар негізінде, адамды таңғалдыратын өнер қабілетімен қайталай өңдеп осы әйгілі шығармасын жазған.

«Су бойында» ең ертеде 100 тарау болатын, Ляңшан батырларын қатарға тұрғызғаннан кейін, Ляуға қарсы жорық, Фаңлаға қарсы жорық хикаялары жарыққа шығады. Кейін, көптеген қаламгерлер қайталай өңдеп, өзгертіп 110 тарау, 115 тарау және 120 тарау сияқты әртүрлі нұсқалары жарық көреді.

9)Ба Цзиньнің «семья» романына талдау жасаңыз.

Ба Жин(Ли Фэйгань) 1904 жылы 25 қарашада Чэндудағы ақ сүйек отбасында

дүниеге келген. Бала жас кезінен ескіліктің қалдығынан ажырамаған ортада өсті.

Оған берілген тəрбие де ескіден келе жатқан салттарды дəріптеуді үйрететін.

Кейін ол анасымен бірге түпсіз терең көгілдір аспанға құлшылық етіп, шырақ

жаққанын есіне алады. «Бар жан- тəніммен құдайға табынып, жер бетіндегі

əрбір жанға бақыт тілейтін едім», деп жазады ол.

Ба Жиншығармаларына антифеодалдық бояу, феодалдық қоғамы аямай сынау

анық көрінеді. Ба Жиньнің сезімталдығы оны сезім мəселесінде ізденуге

итермелейді. Солай Цао Сюэцинге келеді. «Қызыл сарайдағы түс» романының

əсері əсіресе «Отбасы» романында айқын сезіледі.

Ба Жинөзінің суреткерлік қырын аша алды. Оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік

жазу мəнері жеке тəжірибе, өмірден алған сабақ нəтижесінде қалыптасты.

10)«Тарихнама» және Цы Мацянь жайлы түсіндіріңіз.

«Тарихнама» және Цы Мацянь жайлы түсіндіріңіз. Сыма Цяньның «Ши цзи» енбегі «Тарихи жазбалар» деп ол қайтыс болғаннан кейін аталды. Сыма Цянь өз шығармасын «Хан сарайының тарихнамасының кітабы » «Тайшигун шу» деп атаған. Бұл шығармада көне салт-дәстурге деген құрмет көрсетілген. Көне Қытай тілінде «тарих» сөзінің түсінігі «ши» деп аталады. Оның бастапқы түрі - жазбаға арналған кесені ұстап тұрған қолды суреттейді, бастапқы мағынасыда осыдан шыққан - «жазба білетін адам». Бұндай жазбалардың көне үлгілері тасбақаның тасына және сүйектерге жазылған «Инь» жазулары. «Тарихи жазбалар» 130 тараудан құралған, 500мың иероглифтен тұрады. Бұндай керемет еңбекті сол уақыттағы тарихнамада жалпы ғылымда білмеген. «Тарихи жазбалар» Қытай тарихнамасының жаңа кезеңі болып табылады. «Тарихи жазбалар» тарихты зерттеуге әсерін тигізді. Сыма Цяньға дейін Қытайда 190 цзюань(том) тарихи шығармалар жазылса, Ши цзи шыққанан кейін олардың саны 235 цзюаньға жетті, 6 ғасырда тарихи шығармалардың саны 16585 цзюаньға жетті, яғни бірнеше ғасырда 40 есе көбейген. Кітаптардың каталогына енген тарихи шығармалар ерекше бөлімге жазылға. Чжоулық Сюань-ван басқарған кезде (б.з.д. 827-782жж) Сыма Цяньның аталарының бірі тарихнамашы қызметін атқарған. Ол қайтыс болғаннан кейін бұл қызмет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Сыма Цяньның атасының аты күміс құмыраға жазылған. Б.э.д. VII ғасырда Сыма Цяньның аталары Чжоудан көшіп Цзин патшалығына қоныс аударды. Бес ғасырдан кейін Сыма Цяньның әкесі Сыма Тань дәстүрді қайта жалғастырды. Тань білімді кісі болған еді. Ол аты шыққан ғалымдардан астрология, философияны оқыды және классикалық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]