Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
keden_kurs_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

2.2 Қазақстан Республикасында кеденік тарифтің қойылуы

Біз ЕЭО ұйымына мүше болғандықтан, бізде Ресей Федерациясы, Белорусь, Қырғызстан мемлекеттерімен бірегей кедендік тариф орнатуымыз қажет.

Қазіргі таңдағы қандай экономикалық мәселе болмасын оның түбі кедендік саясатқа тіреледі. Себебі тауардың әлемдік бәсекеге түсуі үшін ол сыртқа шығуы қажет. Ал ондай процесс кедендік саясатсыз жүрмейді.

Мемлекетіміздің экономикасында кеден саясатының маңызы зор және кеден қызметі соңғы жылдары кедендік түсімдер мен салықтардың нәтижесінде бюджетке көптеген түсімдерді қамтамасыз етуде. Ал кедендік саясат біздің мемлекетімізде кедендік-тарифтік реттеу арқылы да жүргізіледі.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 3,430 млрд АҚШ долларын құрады. осы жылдың алғашқы тоқсанында ЕАЭО елдеріне экспорт 901,6 млн долларды (31,1%-ға азайған), ал импорт 2,529 млрд долларды (16,5%-ға аз) құрады. Қазақстанның экспорт құрылымында басым бөлікті минералды өнімдер (ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлемінің 49,4%-ы), химия өнеркәсібінің өнімдері (20%), металдар мен олардың жасалған бұйымдар (18,9%), мал және өсімдік шаруашылығының өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (3,9%) алады. Ал елімізге ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден көбінесе машиналар мен жабдықтар (ЕАЭО елдерінен импортталатын барлық өнімнің 32%-ы), минералды өнімдер (17,7%), металдар мен олардан жасалған бұйымдар (13,4%), химия өнеркәсібінің өнімдері (12,7%), мал және өсімдік шаруашылығының өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,5%) жеткізіледі.

Қорытынды

Қорыта келе, кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді немесе оның бәсекелесуін төмендетеді. Барлық шектеулер кеден салығы арқылы тауардың топтарына және оның өңделу деңгейіне қарап белгіленеді.

Ал кедендік-тарифтік реттеу – мемлекеттің экономикасын жақсарту мақсатында импортталатын және экспортталатын тауарларға салынатын баж салықтарының жүйелі түрде қойылуы. Қазақстан Республикасында мұндай салықтар импортталатын тауарларға салынады.Себебі біз дамушы елміз және отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсету салаларын әлемдік деңгейге шығару үшін оларға қиындық жасамай, керісінше ынталандыру саясатын жүргіземіз.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың бағалық көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ, салық пен тарифтің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.

Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер қызметінің көмегімен және де халықаралық жан-жақты келісімдер негізінде көптеген елдердің ұлттық тарифтік реттеу жүйесі бірдей принциптер мен тәртіптерге сүйенеді, сондай-ақ, олардың ішінара көп ұқсастықтары бар, ол өздігінен халықаралық сауда процесін жеңілдетеді.

Кеден тарифі халықаралық қағидалармен келіседі және белгілі бір уақыт өткен соң халықаралық кездесулерге талқыланып отырады. Талқыланатын сұрақтар кеден тарифін қолдану тәртібі мен қағидалары, экспорттық-импорттық салықтардың мөлшерлемесінің деңгейі және құрылымы. Кеден реттеу механизмдерінің негізгі элементтеріне кеден тарифі жатады, ол жүйелі түрде белгіленген бағалар тізімінен тұрады және импорттық-экспорттық өнімдерге төлем көлемін, яғни кеден баж салығын анықтайды.

Кеден тарифі мемлекеттік реттеудің белсенді құралдарының бірі, ол барлық дамыған мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының 2/3 бөлігін қамтиды.

Импорттық және экспорттық өнімдердің бағасын өсіре отырып, ол сонымен бірге, сыртқы сауданың көлемі мен құрылымына ықпал етеді. Кеден тарифінің классикалық қызметі болып протекционизм (отандық өнімдерді шетел бәсекесінен қорғау) және фискалдық саясат (мемлекеттік бюджетті толтыру) жатады. Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді сальдосын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген аймақтарының дамуын көтереді.

Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық жүйесімен тығыз байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай алады да, сонымен оны толтырады.

Кеден тарифі өзінің маңызы жағынан экономикалық сипатта деуге болады. Бұл жерде ол нарық экономикасы жағдайында болуына байланысты объективтік шешім тауып отыр.

Кеден тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыттылған және мемлекеттік органдармен заңда көрсетілген реттеуде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шараларының жиынтығы.

Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарда шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы» Қаулысы жатады.

Кеден тарифінің нақты мақсаттарына мыналар жатады:

  • Қазақстан Республикасына тауар енгізудің тауарлы құрылымын реттеу;

  • Қазақстан Республикасына тауарлар, валюталық табыстар мен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын ұстау;

  • Қазақстан Республикасында тауарлар өнідірісі мен тұтыну құрылымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;

  • Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының кеден тарифі – Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.

Қазақстан Республикасы даму беталысында кеден саясаты, әсіресе кедендік-тарифтік реттеудің алатын орны үлкен. Оны мемлекет басшылары да айқындап атап көрсетуде. Сол себепті де осы келелі мәселе жайында әрбір кеңесте талқылауда.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар //Алматы: Қазақ университеті, 2002, - 389бет

  2. Жатқанбаев Е.Б. Таможенное тарифное регулирование РК// А Алматы:2003

  3. Әлібеков С.Т. Қазақстанның кеден құқығы: жалпы және ерекше бөлім //Алматы, 2002

  4. ҚР кеден кодексі – Алматы: Бизнес информ, 2005,- 273бет

  5. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар// Алматы:Санат,1998, - 192 бет

  6. Қатаң бақылау – жауапкершілік негізі, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі — Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Б. Сапарбаевпен сұхбат // Егемен Қазақстан, 04.05.2006.

  7. Д.М. Мадиярова, А.Е. Қалдыбаева...Кеден ісін ұйымдастыру және басқару// Алматы: Экономика,2000,-190 бет.

  8. Интернет

www.government.kz

www.keden.kz

www.stat.kz

 

24

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]