- •1 Әлемдік кедендік-тарифтік реттеу
- •1.1 Кедендік-тарифтік реттеудің теориялық негізі
- •1.2 Тарифтік реттеудің кедендік саясаттағы орны
- •1.3 Кедендік тарифтік реттеудегі әлемдік тәжірибе
- •2 Қазақстанның тарифтік жүйесінің қалыптасуы және құрылымы
- •2.1. Қазақстан сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік тарифтің әдістері
- •2.2 Қазақстан Республикасында кеденік тарифтің қойылуы
2 Қазақстанның тарифтік жүйесінің қалыптасуы және құрылымы
2.1. Қазақстан сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік тарифтің әдістері
Мұндай реттеудің құқықтық жағдайын «Кеден тарифтері және баж» туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жылы 24 желтоқсанда белгіледі.
Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кеден тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыттылған және мемлекеттік органдармен заңда көрсетілген реттеуде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шараларының жиынтығы.
Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады.
Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарда шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы» Қаулысы жатады.
Кеден тарифінің нақты мақсаттарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасына тауар енгізудің тауарлы құрылымын реттеу;
Қазақстан Республикасына тауарлар, валюталық табыстар мен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын ұстау;
Қазақстан Республикасында тауарлар өнідірісі мен тұтыну құрылымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының кеден тарифі – Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.
Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға қатысты, заңда көрсетілгеннен өзге өзгермейді.
Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын енгізу мөлшерлемелері заңды негізде екі есе артады (тарифтік жеңілдіктер берілген жағдайлардан өзге).
Шығарылатын тауарлардың баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып келеді.
Тауардың кедендік құнын анықтау және оларды пайдалану тәртібі. Оның мынадай әдістері бар:
әкелінген тауарлармен мәміле бағасы бойынша (негізгі әдіс);
бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша;
біртекті тауарлармен мәміле бағасы бойынша;
құнды шегеру;
құнды қосу;
резервтік әдіс арқылы.
Енгізуші тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда тауарлардың кедендік құны мәміле бағасымен бірдей болады, ол нақты төленген немесе Қазақстан Республикасының шекарасынан өту кезінде төленуге тиісті баға. Кедендік құнды анықтау кезінде мәміле бағасына келесі құрамдас бөліктер қосылады:
тауарды авиапорт, порт немесе басқа кедендік территорияларға әкеліп, оны белгіленген жеріне жеткізу шығындары:
тасымалдау құны;
тауарды тиеу, түсіру, қайта тиеу, қайта түсіру шығындары;
сақтандыру сомасы.
сатып алушы жұмсаған шығындары:
комиссиондық және делдалдық шығындар, тауар сатып алудан өзге;
контейнерлер, ыдыс, құты-сауыттар құны тауарлық номенклатураға сәйкес болса, онда олар бағаланушы тауарлармен біртұтас деп қарастырылады.
келесі тауарлар және қызметтердің сатып алушымен тегін немесе төмендетілген бағамен өндіріске қолдануда немесе бағаланушы тауарларды шығарудағы құнның осыған сәйкес бөлігі:
шикізат, материалдар, бөлшектер, жартылай өңделген өнімдер және іріктеп алынған өнімдер, бағаланушы тауар бөлігі болып келетін;
бағаланушы тауар өндірісінде пайдаланылған құрал-жабдықтар, штамптар, формалар және т.б. ұқсас заттар;
тауарды өндіруге жұмсалған материалдар;
Қазақстан Республикасының территориясында бағаланушы тауарлар өндірісіне қажетті инженерлі жұмыстар: дизайн, көркем әсемдеу, эскиз және сызбалар.
лицензияланған және өзге де интеллектуалды меншік объектілерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
Қазақстан Республикасының территориясында бағаланушы тауарлардың пайдаланылуы, сатылуы, қайта сатылуы кезіндегі сатушының тікелей немесе жанама табыстары.
Бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда кедендік құнды анықтаудың негізіне – негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, сапасы және нарықтағы беделі, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың мәміле бағасы жатады.
Біртекті тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Бұл әдіс тауардың сапасы, белгісі болуы, нарықтағы беделі, шығарған елі, өндіруші сияқты қасиеттерді ескеруді ұйғарады. Мұнда біртекті тауар деп – сипаттамалары бірдей және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, тап сондай қызмет атқарып, коммерциялық бір-бірін алмастыратын тауарларды айтамыз.
Құнды шегеру негізіндегі әдіс. Тауар бағасынан комиссионды сыйлықтарға шығын, пайдаға қосулар және сатудың жалпы шығындары, енгізу баж салықтары сомасы, кәдімгі шығындар (тасымалдау, сақтандыру, т.с.с.) шегеріледі.
Қазақстан Республикасының территориясына әкелінген тауарлар өзінің алғашқы түрін өзгертпей сатылатын болса, онда осы әдісті қолданады.
Құнды қосу негізіндегі әдіс. Кедендік құнды анықтау үшін оған материалдар мен шығын, жалпы шығын және тауарларды жеткізгені үшін алынатын пайда қосылады.
Резервтік әдіс. Егер тауардың кедендік құны жоғарыда аталған әдістер негізінде анықталуы мүмкін болмаса, әлемдік тәжірибе ескеріліп анықталады. Бұл әдісті қолданғанда кеден органы декларантқа өзіндегі бағалық мағлұматты береді.
