- •1 Әлемдік кедендік-тарифтік реттеу
- •1.1 Кедендік-тарифтік реттеудің теориялық негізі
- •1.2 Тарифтік реттеудің кедендік саясаттағы орны
- •1.3 Кедендік тарифтік реттеудегі әлемдік тәжірибе
- •2 Қазақстанның тарифтік жүйесінің қалыптасуы және құрылымы
- •2.1. Қазақстан сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік тарифтің әдістері
- •2.2 Қазақстан Республикасында кеденік тарифтің қойылуы
1.3 Кедендік тарифтік реттеудегі әлемдік тәжірибе
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам ел қолдануда. Қандай да елдердің кеден тарифтеріне тән ерекшеліктері бойынша оларды келесі топтарға бөлуге болады:
өнеркәсібі дамыған мемлекеттер тарифтері;
дамушы елдер тарифтері;
Шығыс Еуропалық елдер тарифтері.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердегі кеден тарифтік реттеу
Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің төмендеу тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғаудың негізгі құралы болып қалып отыр.
Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік тарифтері, әдетте, көп бағаналы болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге байланысты түрлі баждар салынуы мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын жалпы тариф мөлшерлемесінің бағанасы қолайлы жағдай режимін пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады. Қолайлы жағдай режимі деп – халықаралық сауда келісімдерінде үшінші мемлекет пайдаланатын, өзара келісуші елдердің бір-біріне құқықтар және жеңілдіктер беруін (баждар, салықтар, жинақтарға қатысты) ұйғаратын келісім. Мұндай режимнің КСРО мен АҚШ сауда экономикалық байланысында ұзақ болмауы АҚШ-на экспортталатын кеңестік тауарларды, тап сондай, бірақ басқа елдің тауарларымен салыстырғанда тиімсіз жағдайға әкелді.
Өнеркәсібі дамыған елдердің тарифтері келісімдерді баждар бағанасын және жеңілдік мөлшерлемелер бағанасын да қамтуы мүмкін, олар дамушы елдерге қатысты немесе қолайлы жағдай кеден режимін беру келісімдерімен байланысты елдерге қатысты әрекет жасайды.
Алыну әдістеріне қарай кедендік баждар арнайы және адвалорлық деп бөлінеді. Адвалорлық баждар тауар бағасы бойынша пайызбен есептеледі. Оны пайдаланған кезде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру керек.
Арнайы (спецификалық) баждар ұлттық валютада нақты көрсетілген мөлшерде салмақ, көлем, т.б. бірліктерінен алынады. Тауар салмағына қарай баждарды есептеу «брутто» және «нетто» арқылы есептеледі. Кедендік «брутто-салмақ» тауар қорабын қамтымауы, ал керісінше, «нетто-салмақ» қорапты қамтуы мүмкін.
Ең көп тараған баждар – адвалорлы баждар. Оның мәні мынада: «қалқымалы» валюта курстары кезінде ұлттық валюта құнсызданғанның өзінде адвалорлы баждар қолданғанда кедендік алым-салым мөлшері өзгермейді.
Өнеркәсібі дамыған елдердің кеден тарифтік тәжірибесінде кейбір жеке позициялар бойынша адвалорлы және арнайы мөлшерлемелер көрсетіледі.
Қазіргі таңда Батыс елдеріндегі кедендік алым-салым қатысты түрде төмен деңгейде. Сонымен, АҚШ, Жапония, ЕО ортақ кедендік тарифі; Швеция, Швейцария, Норгевия, Австрия, Канада және Финляндия кедендік тарифтерінің ортақ арифметикалық деңгейі 6,47 пайыз, ал орта кедендік тарифтердің шектеу функциясы, негізінен, кейбір тауарларға салынатын жоғары баж мөлшерлемесін сақтауға және импортталатын өнімнің өңделу дәрежесіне байланысты кедендік мөлшерлемелерді прогрессивті өсуі арқылы жүзеге асырады.
Ең жоғары кедендік баж, әдетте, еңбекті көп қажет ететін өнеркәсіп салаларына салынады. Оларға тоқыма, тері, аяқ-киім, машиналар және құралдар, бірінші орында – электротехникалық машина құрылғылары жатады.
Отандық өңдеу өнеркәсібін қорғау мақсатында дамыған елдерде баждар эскалациясы (біртіндеп ұлғаюы) кезінде тарифтерді құру әдісі қолданылады, яғни бір технологиялық тізбек бөліктері болып келетін тауарлардың өңделу дәрежесіне қарай мөлшерлемелердің өсуі.
Батыс елдерінің кеден тарифінің ерекшелігі болып тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге негізделген, ол кедендік одақ кеңесімен жасалынды және 1988 жылдың қаңтарынан бастап кедендік істе кең түрде қолданды.
Үйлесімділік жүйенің жасалуы 10 жылға созылды. Үйлесімділік жүйені құру негізіне кедендік қатынас кеңесінің бұрынғы номенклатурасы, халықаралық тәжірибеде әйгілі брюссельдік кедендік номенклатура немесе халықаралық сауда классификациясы болды. Сонымен қатар қосымша 12 түрлі халықаралық және ұлттық топтастыру жүйелері пайдаланылды.
Үйлесімділік жүйе номенклатурасы – тауарларды топтауға тек бір жақты жатқызу принципін ғана ұстанады, яғни бұл бір тауардың бір ғана классификациялық топқа жатқызылуы деген сөз. Әрбір классификациялық топтың нақты объектілерін және шектерін анықтаудың бір әдісіне топ немесе тауарлы позицияға кіретін тауарлардың тізімі жатады.
Кодтау жүйесі, тауарларды кодтау – нақты бір жүйемен анықталған ережелер бойынша топтастыру объектісін белгі түрінде немесе белгілер тобы түрінде көрсетуге мүмкіншілік беретін техникалық әдіс. Топтастырудың кодтық жүйесі мәліметті ыңғайлы түрде жинауда, беруде және өңдеуде қолданылады, кодталған мәліметтерді ЭВМ-де өңдеуге ыңғайлау үшін де қолданады.
Үйлесімділік жүйе номенклатурасында кодтаудың аралас әдісі қолданылады. Қарастырылып отырған топтастыруда кодтау жүйесі жоғары деңгейде, жеке сипатта болады (тіркеу әдісі), ал қалған барлық баспалдақтарында алдын ала алынған деңгейлер жиынтығы негізінде тауарларды топтастырады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығы үйлесімділік жүйеге негізделген жаңа кедендік тарифке көшуді аяқтады. Мұнда әдеттегідей, үйлесімділік жүйенің алты белгілі тауарлық субпозициялары 8 белгіге дейін кеңейтілген. ЕЭО-ға мүше елдерге статистикалық және кедендік ұлттық номенклатураларын құруда код мөлшерін 14 белгіден артық емес етіп пайдалану ұсынылған.
Үйлесімділік жүйені пайдалана алу тек отандық тауарлар экспорты кезінде дамыған елдермен алынатын кедендік мөлшерлемесін білу үшін ғана қажетті емес. Ол сыртқы экономикалық қызмет бойынша мамандардың барлығына қажет, әсіресе түрлі халықаралық ұйымдарға мүше бола бастағаннан кейін.
Қазіргі жағдайда Канадада тауарлардың шығу еліне байланысты ажыратуды дифференциалды түрде қарастырады. Сондықтан төмендегідей әдістер қолданылады:
Қолайлы жағдай режимі – дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше барлық елдерге және Канадамен екі жақты сауда келісімдері бар елдерге берілген;
Британдық жеңілдік тарифі, британдық достастыққа мүше елдермен саудада қолданылады (Ұлыбритания және Ирландиядан басқа);
Канада мен Кариб бассейні елдері арасындағы сауда келісімдерімен ұйғарылған кедендік баждардың арнайы мөршерлемелері;
Жалпы жеңілдігі бар тарифтер, 160-тан астам дамушы елдер мен белгілі тауарларға қолданылады.
Жалпы тариф, жоғарыда аталмаған елдермен саудада қолданылады.
Егер қандай да бір елдің тауары бірнеше тарифтер ықпалына түсіп қалса, онда тәртіп бойынша мөлшері аз салықты таңдап алуға болады.
Дамушы елдердің кедендік тарифтері
Дамушы елдердің импортын реттеуде кедендік тарифтердің маңызы үлкен. Дамыған елдермен салыстырғанда бұл елдерге импортталатын тауарларға салынатын баждың орташа деңгейі өте жоғары. Ол ең алдымен, өнеркәсіптің жас салаларын қорғау мақсатына байланысты. Сонымен қатар, баж мемлекеттік бюджетке түсімдердің маңызды көзі болып табылады.
Ұлттық нарықты тарифтік кедергілермен қорғау дәрежесіне қарай дамушы елдерді үш топқа бөлуге болады: Біріншіден, 50%-тен аспайтын кедендік баждар мөлшерлемелері және көптеген тауарлардың бажсыз енгізу режимі тән. Бұл топқа Африка және Латын американдық елдер тобы, соның ішінде Ангола, Нигерия, Боливия, Чили т.б. Азия-Тынық мұхиты аймағының бөлек елдері – Сингапур, Филиппин, Тонга. Бұл топқа Парсы шығанағының да кейбір елдері жатады.
Екінші топқа кедендік баж мөлшерлемелері жоғарырақ елдер жатады. Мөлшерлеме 50-100% мөлшерінде ауытқиды. Оған Алжир, Ливия, Танзания (Африка), Иран, Индонезия (Азия-Тынық мұхит аймағы) және Оңтүстік Корей елдері жатады.
Дамушы елдердің үшінші тобы бар, олардың баждары 100%-тен артады (кей жағдайда айтарлықтай көпке). Оған жататындар: Египет, Ботсвана, Марокко, Колумбия, Пакистан, Индия, Сирия, Таиланд, Турция, баждарының жоғары мөлшерлемелерімен Египет, Эквадор, Пакистан ерекшеленеді.
Дамушы елдердің көбі тарифтер құруды, кедендік достастық кеңесі Брюссель тауарлы номенклатурасы негізінде жасайды, ал елдердің көбі 90-жылдары үйлесімділік жүйеге көшуді көздеді. Дамушы елдердің тарифтер құрылымындағы айырмашылықтары қатты байқалады: бір, екі, үш бағаналы көп елдер қолданатын тарифтермен қатар көп бағаналы тарифтер қолданатын елдер бар (мысалы, Венесуэлада-7, Сенегалда-9, Малиде-17).
Баждармен қатар көптеген дамушы елдердің кедендік тарифтеріне фискалды жинақтар және түрлі салықтар жатады. Сонымен қатар, тарифтерге жиі әкімшілік және ішкі салықтар қосылады. Көптеген елдер тарифтерінде арнайы баждар да колданылады (әсіресе жиі – Сингапур, Таиланд, Индонезияда).
Аргентина мысалында дамушы елдердің тәжірибеде сыртқы сауда реттеуін қарастырып өту дұрыс көрінеді. Бұл Латын америкасында импорттық бақылау тарифтік және тарифтік емес шаралар мен шектеулер арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялық жүйе дамыған кезде ғана кедендік тариф, негізінен, тек фискалды қызмет атқарады. Адвалорлы баждар 0-ден 22%-ке дейін өзгеріп отырады. Баж мемлекет бюджетіне түсіп, тек импортты бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар ел табысының қайнар көзі болып келеді. Баж СИФ жағдайындағы бағадан алынады немесе факторлық бағалар төмендетілгені анықталған кезде «индекстік» баға негізінде анықталады.
Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері
Кедендік тарифтер Венгрияда – 1968, Болгарияда – 1970, Румынияда – 1973, Польшада – 1976, Чехославакияда – 1989 жылдары енгізілді.
Шығыс Еуропа елдерінде кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды кеңейту қажеттілігі туады. Импорттық баж баға анықтаушы фактор болды, ол тауарлар бағасына, яғни өнеркәсіптердің шаруашылық жағдайларына әсер етті..
Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері, әдетте Брюссельдік кеден номенклатурасы негізінде ойластырылған. Тарифтік позициялар саны бірдей емес, өйткені әр елдің нақты қажеттіліктерін көрсетіп отыр. Тарифтегі бағаналар саны да әр түрлі: Румынияда – біреу, Венгрия, Польшада – екі, Болгарияда 1992 жылға дейін – төртеу болды. Мөлшерлемелер тауар құнынан процентпен анықталады, яғни адвалорлы. Олардың мөлшері тауардың елге қажеттілігі бойынша әр басқа. Әдеттегідей, тауар өңделу дәрежесіне қарай баждар өседі. /8/
Шығыс Еуропа елдерінде жүзеге асып жатқан қайта құру, яғни шаруашылық қызметті нарықтық реттеу механизмін қолдануға бағытталған, бірақ олардың халықаралық экономикалық қатынасқа белсенді араласуы қашаннан белгілі ережелер мен шарттарын қолданатын ұлттық кеден тарифтерінің қажеттілігін көрсетеді. Бұл туралы Болгарияның мысалы куә бола алады. Олардың қазіргі кездегі кедендік тарифі 1992 жылдың 1 маусымынан бастап қолданылады. Ол үйлестірумен, бейнелеу жүйесі және тауарларды кодпен жазу кезінде құрылған.
Тауарлардың кедендік құны кедендік баға кодексімен анықталады. Кедендік құн әкелінген тауар үшін төленген немесе төленуге тұратын баға базасымен есептелінеді. Бұнда шекараға дейін көлік шығыны, тауарларды қамсыздандыруға (страховка) төлем, қораптауға алған және басқа да шығындары есептеледі, егер бұлар тауардың бағасына кірмесе.
Болгария ұлттық банкінің айырбас бағамы бойынша және тауар Болгария мемлекетінің шекарасына жеткен күні кедендік құн ұлттық валюта бойынша анықталады.
Болгарияның кедендік тарифі екі бағанадан тұрады. Бірінші бағана тауарға баж салығы мөлшерлемесін қалыптастыру, яғни кедендік жеңілдік берген елдер. Бұндай елдер қатарына көбінесе дамушы мемлекеттерді жатқызады. Ал, екінші бағана елден тауарларды импорттағанда қолданылады, яғни келісім немесе әдет бойынша, Болгарияның ұлттық қолайлы режимі бойынша тауарларды таратады. Бұл топқа 44 мемлекет кіреді, яғни өндірістік дамумен айналысатын Шығыс Еуропа елдері мен ТМД елдері кіреді.
