Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
keden_kurs_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

1.2 Тарифтік реттеудің кедендік саясаттағы орны

Кеден саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. 1-ші суретте S түзуі мақтаның ұсынысын, D түзуі – сұранысты, ал Р0 – ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері Q0-ге тең болады. Бұл жағдай автаркиялық экономикада пайда болуы мүмкін.

P

S

P0

Pt

Pw

D

Q1 Q3 Q0 Q4 Q2 Q

1–сурет. Импорттық тарифтердің іс-әрекетінің механизмі

Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Pw-қа тең кезінде ашты деп болжамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өнідірісі Q0-ден Q1 дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2 дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (Q2–Q1) тең болады.

Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттық баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Pt-ге тең жаңа баға қалыптасып, T=Pt–Pw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Qt-ден Q3-ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Pw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Pt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.

Әлемдік баға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында, баж салығы импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді. Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса, экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып, импорттауышы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын енгізген мемлекет болса, табыс алады.

Мысал үшін ірі мемлекет болатын АҚШ-ты алып, ол Қазақстаннан астық импорттайды деп болжайық.

D S

Pt

Pw a b c d

e

Pt1

S1 S2 D1 D2 Q

2–сурет. АҚШ-та импорттық тариф енгізілудің эффекті

2-суретте баж салығын енгізуден пайда болатын ұтыс пен шығындар айқын көрсетілген. Баж салығы ішкі бағаны Pw-дан Pt1-ге дейін көтеріп, экспорттық бағаны Pw-дан Pt1-ге дейін төмендетеді. Астықтың ішкі өндірісі S1-ден S2-ге дейін өссе, ішкі тұтыну D1-ден D2-ге дейін төмендейді. Әр түрлі әлеуметтік топтар үшін ұтыс пен шығындары a, b, c, d, e нүктелерімен көрсетілген көлемдегі фигуралармен анықталады.

Бірінші кезекте американдық өндірушілер ұтысын қарастырайық. Өйткені олар өз астығын жоғарылаған бағамен сатқандықтан, ұтыстары ұлғая түседі. Ол P мен Q көбейтіндісінен алынған аумақтан ұсыныс қисығының астындағы аумақты алып тастаудан пайда болатын а-ға тең ұтыс өсіміне ие болады. Ал американдық тұтынушылар астықты жоғары бағамен сатып алғандықтан, ұтылысқа ұшырайды. 2-суретте олардың шығындары а,в,с және d аумақтарының сомасына тең болады немесе басқаша айтқанда PxQ көрсеткіші көрсететін көлемдегі фигура мен ұсыныс қисығының астындағы аумақ көлемдерінің айырмасының геометриялық қысқаруын айтамыз.

Американдық өндірушелер мен тұтынушылардан басқа бұл жағдайда АҚШ үкіметі де барын айта кету қажет. Мемлекет табысты баж салықтарынан келетін түсімдерді жинау арқылы алады. Табыс t тариф қойылымын астық импортының көлемінің көбейтіндісіне тең болып, Qt=D2*S2 болады. t=Pt–Pt1 болғандықтан, мемлекет табысы С және Е аумақтарының қосындысына тең болады.

Енді тарифтің, американдық қауымының әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін таза тиімділігін қарастырайық. Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі: Тұтынушылар шығындары – Өндірушілер пайдасы – Мемлекет табысы немесе түсініктерді фигуралармен алмастырса:

(a+b+c+d) –a–(c+e)=b+d–e

Осы арқылы біз шығындарды өлшейтін екі үшбұрыш және ұтысқа сәйкес келетін төртбұрышты алдық. b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған ұтысқа тең болады. Өйткені, баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі эскпорт нарығын жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл құбылыс «Мецлер парадоксы» деп аталады.

Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай формуламен анықталады:

Бұл жерде: q – дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының номиналды деңгейі:

a1 – тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат құнының көлемі;

t1 – импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.

Бұл формуладан қорғалу деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен шикізатқа салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дәрежесі жоғарылаған сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу деңгейін жоғарылатуға тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.

Кедендік баж салықты төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:

  1. тауар қозғалысының бағыты бойынша.

Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.

  1. баж салығын орнату әдісі бойынша.

Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.

Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.

Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады.

Құрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі әдіспен орнатылады.

  1. баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.

Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискримниациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды деңгейден төмен қойылады. Дискриминациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

Демпингке қарсы баж салықтары орын толтыру (компенсационный) баж салықтарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы қолданылып, бағалар деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.

Жоғарыда атап өткендей, кедендік-тарифтік реттеу кеден саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы. Кедендік саясаттың қаншалықты сапалы әрі ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екенін кедендік тариф анықтайды. Сол себепті де кедендік-тарифтік реттеудің кедендік саясаттың орындалуында маңызды рөл атқарады және кедендік саясатпен тікелей байланысты.

Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:

  1. тарифтер экономикалық өсуді тежейді;

  2. тариф – тұтынушыларға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады;

  3. импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіреді;

  4. тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруына әкеледі;

  5. тарифтерді бір жақты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледі.

Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:

  1. тариф – жас салаларды қорғайды;

  2. тариф – жергілікті өндірушілерді ынталандыру құралы;

  3. тариф – бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;

  4. тариф – ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралық беделін қорғайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]