- •1 Әлемдік кедендік-тарифтік реттеу
- •1.1 Кедендік-тарифтік реттеудің теориялық негізі
- •1.2 Тарифтік реттеудің кедендік саясаттағы орны
- •1.3 Кедендік тарифтік реттеудегі әлемдік тәжірибе
- •2 Қазақстанның тарифтік жүйесінің қалыптасуы және құрылымы
- •2.1. Қазақстан сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік тарифтің әдістері
- •2.2 Қазақстан Республикасында кеденік тарифтің қойылуы
ЖОСПАР
Кіріспе.....................................................................................................3
1 Әлемдік кедендік тарифтік реттеу....................................................5
1.1 Кедендік-тарифтік реттеудің теориялық негізі.............................5
1.2 Тарифтік реттеудің кедендік саясаттағы орны............................ 8
1.3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік тәжірибе.........................13
2 Қазақстанның тарифтік жүйесінің қалыптасуы және құрылымы.............................................................................................18
2.1 Қазақстан сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік тарифтің әдістері..................................................18
2.2 Қазақстан Республикасында кедендік тарифтің қойылуы .......21
Қорытынды...........................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................24
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Курстық жұмысымның зерттеу объектісі болып кедендік тарифтік реттеу табылады. Кеден тарифі мемлекеттік реттеудің белсенді құралдарының бірі, ол барлық дамыған мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының 2/3 бөлігін қамтиды.
Импорттық және экспорттық өнімдердің бағасын өсіре отырып, ол сонымен бірге, сыртқы сауданың көлемі мен құрылымына ықпал етеді. Кеден тарифінің классикалық қызметі болып протекционизм (отандық өнімдерді шетел бәсекесінен қорғау) және фискалдық саясат (мемлекеттік бюджетті толтыру) жатады. Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді сальдосын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген аймақтарының дамуын көтереді.
Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық жүйесімен тығыз байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай алады да, сонымен оны толтырады.
Тарифтік саясатты қолдану тиімділігі туралы көптеген көзқарастар бар.
Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:
тарифтер экономикалық өсуді тежейді;
тариф – тұтынушыларға салықтық ауыртпалықты ұлқайтады;
импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіреді;
тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруына әкеледі;
тарифтерді бір жақты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледі.
Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:
тариф – жас салаларды қорғайды;
тариф – жергілікті өндірушілерді ынталандыру құралы;
тариф – бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;
тариф – ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралық беделін қорғайды.
Осы мәліметтерден кедендік тарифтің қаншалықты маңызды, әрі өзекті тақырып екенін аңғаруға болады. Себебі өзекті тақырыптар аясында ғана ғалымдар арасында біршама кикілжіңдер туады. Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеуге жатады, яғни мемлекетіміздің экономикалық және саяси даму үшін кедендік тарифтік реттеудің маңызды екені анық.
Курсттық жұмыс мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты – кедендік тарифтік реттеумен теориялық негізде танысу, оның әлемдегі алатын орнын анықтау және Қазақстан Республикасы кеден саясатындағы тарифтік реттеудің маңызын анықтау. Осы мақсат төмендегідей міндеттерді тізіп көрсетуіме мүмкіндік берді:
Кедендік тарифтік реттеуді теориялық жақтан зертеу;
Кедендік тарифтік реттеудің кеден саясатындағы орнын анықтау;
Кедендік тарифтік реттеудің ерекшеліктері мен маңызын анықтау;
Қазақстан Республикасында тарифтік реттеудің дамуы мен қалыптасуымен таныс болу;
ҚР-дің тарифтік жүйесінің құрылымымен танысу және т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмысым 2 тараудан тұрады. 1-тарау үш бөлімнен тұрады. 1-тарауда кедендік-тарифтің теориялық негізі, оның кедендік саясаттағы орны және кедендік-тарифтік реттеудің әлемдік тәжірибесін анықтадық.
2–тарау 2 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда Қазақстан Республикасында тарифтік жүйенің қалыптасуы мен дамуы, ҚР-дың сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік тарифтің әдістері мен қазіргі таңдағы кедендік-тарифтік реттеудің жағдайы секілді мәселелер қарастырылды.
Курстық жұмыс қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Әлемдік кедендік-тарифтік реттеу
1.1 Кедендік-тарифтік реттеудің теориялық негізі
Әлемдік тәжірибеде сыртқы реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың бағалық көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ, салық пен тарифтің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.
Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер қызметінің көмегімен және де халықаралық жан-жақты келісімдер негізінде көптеген елдердің ұлттық тарифтік реттеу жүйесі бірдей принциптер мен тәртіптерге сүйенеді, сондай-ақ, олардың ішінара көп ұқсастықтары бар, ол өздігінен халықаралық сауда процесін жеңілдетеді.
Жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске қосу үшін көптеген елдер негізгі құқықтық база ретінде «Кеден тарифі жөніндегі заңды» және Кеден кодексін алады.
Кеден кодексі тұрақты құқық құжаты болып саналады, оның күші халықаралық келісімдерге қарамастан ұлттық жүйеге таралады. Ал кеден тарифіне келетін болсақ, олар халықаралық қағидалармен келіседі және белгілі бір уақыт өткен соң халықаралық кездесулерге талқыланып отырады. Талқыланатын сұрақтар кеден тарифін қолдану тәртібі мен қағидалары, экспорттық-импорттық салықтардың мөлшерлемесінің деңгейі және құрылымы. Кеден реттеу механизмдерінің негізгі элементтеріне кеден тарифі жатады, ол жүйелі түрде белгіленген бағалар тізімінен тұрады және импорттық-экспорттық өнімдерге төлем көлемін, яғни кеден баж салығын анықтайды.
Кеден тарифі мемлекеттік реттеудің белсенді құралдарының бірі, ол барлық дамыған мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының 2/3 бөлігін қамтиды.
Импорттық және экспорттық өнімдердің бағасын өсіре отырып, ол сонымен бірге, сыртқы сауданың көлемі мен құрылымына ықпал етеді. Кеден тарифінің классикалық қызметі болып протекционизм (отандық өнімдерді шетел бәсекесінен қорғау) және фискалдық саясат (мемлекеттік бюджетті толтыру) жатады. Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді сальдосын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген аймақтарының дамуын көтереді.
Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық жүйесімен тығыз байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай алады да, сонымен оны толтырады.
Кеден тарифі өзінің маңызы жағынан экономикалық сипатта деуге болады. Бұл жерде ол нарық экономикасы жағдайында болуына байланысты объективтік шешім тауып отыр. Экономика тапшылықты кезінде пайдаланылып отырған бұл шараның тиімділігі болмаған жағдайда оны қатаңдау әдісі – бейтарифтік шектеулер арқылы жүргізеді.
Кеден тарифі импорттық және экспорттық, қарапайым, күрделі болуы мүмкін.
Импорттық тариф кеден реттеуінде негізгі үлесті алады, ішкі салық жүйесімен бірге қосылып, біріншіден, бағаның көлеміне ықпал етеді, кәсіпорындардың тиімділігі, ұлттық валюта жағдайы, тауар құрылымының қалыптасуы т.б. жүйелерді реттеуге көмек етеді.
Импорттық тарифті санау процесі кеден тарифіндегі өнімнің номенклатуралық позициясын анықтау ғана емес, сондай-ақ, кедендік бағаны анықтау әдісімен тығыз байланысты немесе өнімнің шыққан еліне қарап салық салуды өзгерту және алып тастау тәртібін кіргізу. Импорттық кеден тарифінің белсенді бөлігі болып кеден салығының мөлшерлемесін анықтау жатады.
Экспорттық кеден тарифі сыртқы сауданы реттеудегі тек шамалы елдер ғана қолданатын құрал, негізінен дамушы елдер кіреді. Табиғи байлыққа бай, бірақ әлемдік тауар нарығанда өздерінің шикізатты ұстау позициясын қолданады. Кей жағдайда олар экспорттық бағаның өсуіне, сонымен бірге, елдің валюталық ресурстарының толығуына ықпал етеді. Бірақ экспорттық тарифті шектеу көмегімен экспорттың көлемі мен құрылымын өзгерту экспорттық әлеуетті төмендетіп ішкі бағаға инфляциялық қысым жасауға әкеліп соқтырады.
Көптеген елдер кеден тарифін дамыту мынадай екі әдіспен жүргізіледі – тауар номенклатурасын көбейту және белгілі бір өнімнің түріне бірнеше мөлшерлеме қою. Бірінші әдіс қарапайым кеден тарифі деп аталады. Бұл әр тауарға бірдей мөлшерлеменің қойылуы деген сөз.
Екінші әдіс әр тауарға екі немесе одан да көп мөлшерлеменің қойылуы. Бұл тауардың қандай елден шығуына байланысты. Соңғы жағдайда жоғары тариф мөлшерлемесі автономды болып саналады да, оны Бас тариф деп атайды. Мұндай тариф сауда келісімі және шарттары жасалынбаған елдердің тауарларына қойылады.
Ал төмен, яғни конвенциялық немесе минималды мөлшерлемеге жағымды тәртіпке ие болған елдердің тауарлары жатады. Мысалы, ЕО-ға кіретін елдердің минималды кеден тарифі максималды тарифтен 12,5 есе төмен. АҚШ пен Жапония елдері арасында бұл көрсеткіш бұдан да төмен.
Күрделі кеден тарифі – айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпингке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Айтарлықтай күрделі тариф Конго, Венесуэла, Мали елдерінде.
Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді немесе оның бәсекелесуін төмендетеді. Барлық шектеулер кеден салығы арқылы тауардың топтарына және оның өңделу деңгейіне қарап белгіленеді.
Шикізат өнімдері тарапынан олар онша үлкен емес (0,5-2,6пайыз), ал дайын бұйымдарға (7-12пайыз) болады. Нарықтық қатынас дамыған елдерде соңғы кезеңде «тарифтік эскалация» бағыты көрініп жүр, ол кеден салығы өнімнің деңгейіне қарап көтерілуі. Халықаралық тәжірибеде тарифтік ретеуде салықтың бірнеше түрі кездеседі.
Адвалорлық салық. Тауар бағасына байланысты проценттік мөлшерлеме белгіленеді және көптеген елдер қолданады. АҚШ-тың тарифінде 80 пайыз. Адвалорлық салықты қолдану өңдеуші өнеркәсіптің өніміне, әлемдік бағаның өсуіне байланысты кеден жинағын көбейтуге ықпал жасайды.
Арнайы салық. Бұл салық тауардың көлеміне, салмағына немесе санына, яғни өлшем бірлігіне қарап алынады.
Аралас салық тауарларға байланысты адвалорлық та және арнайы да болып салынады. Бұл жағдайда кеден ұйымдарына еркіндік беріледі. Қандай салықтың түрін салуды өздері шешеді. Оны баламалы (альтернативті) дейміз. Адвалорлық және арнайы салықтың принципиалды айырмашылығы бағаның өсуіне байланысты. Адвалорлық салықтың бағасының өсуі оның тауардың санының өсуіне байланысты. Өнімнің шыққан еліне байланысты кеден салығы максималды, минималды және жеңілдік болып бөлінеді.
Максималды – өнім бағасының мөлшерлемесі елдерге қойылады. Минималды – айрықша қолайлы жағдай жасаған елдердің өніміне қойылатын мөлшерлеме. Жеңілдік мөлшерлеме – нақты бір елден немесе елдердің тобынан келетін өнімдерге қойылатын мөлшерлеме. Салық өнімнің қай елден шыққанына байланысты автономды және конвенциондық болып бөлінеді.
Автономды салық мемлекеттердің келісімі бар ма жоқ па оған қарамайды. Үкімет тарапынан бір жақтың тәртібі бойынша қойыла береді. Көлемі жағынан айтарлықтай көзге түсетін болғандықтан, кей жағдайларда екі жақты және көп жақты келісімдердің нәтижесінде салықтың мөлшерлемесін төмен түсіреді.
Конвенциондық (келісілген) жоғарыда айтылған келісімдер процесінде екі жақтың шешімі бойынша тұрақты мөлшерлеме қойылды. Ол мөлшерлеме екі жақтың келісімінсіз көтерілмейді немесе басқа позицияда, тарифтік өтемақы формасында келіседі.
Жылжымалы импорттық салықтар. Әлемдік нарықтағы бәсекелесу күресі әдістерінен бірі ретінде, атап айтқанда, аграрлық протекционизм сферасында жүргізіледі. Бұл салықтың айырмашылығы оған қойылатын мөлшерлеме тұрақты емес, ол әлемдік нарық бағасына қарап өзгеріп отырады.
Өтемақылық (компенсация) алым жылжымалы салық түріне ұқсас. Олар ішкі рынок пен сыртқы рынок бағасының айырмашылығын толтырып отырады.
