- •22. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •21. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы 1.Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері.
- •25. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері, оларды ұйымдастыру.
- •15. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •16. Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.
- •18. Тесттік тапсырмалар, олардың түрлері. Мысалдар келтір
18. Тесттік тапсырмалар, олардың түрлері. Мысалдар келтір
Тест – бұл стандартталған тапсырма, оның орындалу нәтижелеріне сәйкес тексерілушінің білімі, білігі және дағдыларының деңгейін бағалау жүргізіледі. Педагогикалық тест белгілі мазмұны, өзіне тән пішіні бар, әрбір тексерілуші білімінің құрылымын сапалы бағалауға және деңгейін тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін есептер мен сұрақтардың жүйесі ретінде анықталады.
Тест белгілі бір пән бойынша (гомогендік тест), белгілі жиынтығы немесе циклдік пәндер бойынша (гетерогендік тест) тапсырмалардан тұрады.
Тесттік тапсырмаларды құрастырудың негізгі кезеңдері:
Тесттік тапсырмаларды құрастыру жұмысын жеңілдету үшін пән бойынша оқу материалының әрбір бөлімін, тақырыбын, пәннің мазмұнын толық беретін есептер мен сұрақтар түрінде көрсету керек.
Екінші кезеңде тестілеу мақсатына (білімді ағымды бақылау, білімді қорытынды бақылау, қалдық білімді бағалау) және тестілеу түріне байланысты тестік тапсырмалардың есептері мен сұрақтарын реттеу жоспары жасалады.
Тестік тапсырмаларды құрып болғаннан кейін оқытушы дұрыс жауапты енгізеді.
Тестік тапсырмалардың әртүрлі пішіндері белгіліжабық түрдегі тапсырмалар, студенттер тестік тапсырмаға берілген жауаптар арасынан дұрыс жауапты таңдайды;ашық түрдегі тапсырмалар, орындау кезінде жауапты өздігінен анықтауды талап етеді;сәйкестікке тапсырмалар, олардың орындалуы екі көпшілік элементтері арасындағы сәйкестікті табумен байланысты;дұрыс тізбектілік ретін анықтауға арналған тапсырмалар, студенттерден оқытушы ұсынған әрекеттер мен үрдістердің реттерін қөрсету талап етіледі.
21) Химия кабинеті мұғалімнің оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін және оның нәтижелерін қорытындылайтын орын. Химия кабинеті негізінен үш түрлі талаптарға сай болуы керек: әдістемелік, еңбек гигиенасын қорғау және техникалық талаптар. Бұл талаптар оқу-тәрбие процесінің мақсаттарына негізделген. Әдістемелік талап – білім беру, тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді, сондай-ақ химиялық материалдарға және дидактика талаптарына, оқыту теориясы мен психология ғылымының жетістіктеріне сай болады. Әдістемелік талаптарға сәйкес химия кабинетіндегі жұмыстар бірнеше бөлімдерге бөлінеді: химиялық тәжірибелерді көрнекі көрсету; оқушылар эксперименті; оқушылар білімін бақылау және дамыту; әдістемелік шеберлікті жүйелеу. Әрбір бөлім кабинеттің материалдық бөлігі болып саналады. Алғашқы екі бөлім химияның өзіндік ерешелігіне сәйкес болса, соңғы бөлімнің әдістемелік жағынан басқа пәндерге ұқсастығы бар. Еңбекті қорғау техникалық қауіпсіздік, тазалық-гигиеналық нормалар мен ережелерді қамтиды. Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін сақтап, денесінің дұрыс қалыптасуы, мүсіні мен көзі бұзылмауы үшін кабинет жиһазының гигиеналық талапқа сай болуы шарт. Химия кабинеті– күрделі педагогикалық жүйе. Кабинетте химия пәніне қажетті оқыту құралдары, оқушылардың жұмыс орындары, мұғалімнің жұмыс орны, мұғалім мен оқушыларға ортақ жұмыс құралдары, сынып тақтасы, оқыту құралдарын сақтайтын орын – шкафтар, стеллаж, сөрелер, жәшіктер, шыны ыдыстар, құралдар, штативтер, реактивтер т.б. құралдарды жинап, таситын жайпақ табақтар; техникалық құралдар, бөлмені қараңғылауға, техникалық құралдарды меңгеруге керекті электр жүйесі мен қуат жүйелері, оқушылардың өздері әзірлеген жұмыстарын іліп қоятын шиттер, мұғалімге керекті ғылыми-әдістемелік құралдар, анықтамалықтар болады.Қазіргі орта мектептің химия кабинеттері екі бөлмеден – сынып-зертхана және зертхана дайындық бөлмесінен тұрады. Сынып зертхана бөлмесінің ауданы 66-80 м2, ал зертхана дайындық бөлмесінікі 16-24 м2 .Сынып-зертханада сабақ, сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрі жүргізіледі. Сынып-зертхананың қабырғаларында тұрақты пайдалануға арналған көрнекі құралдар ілінеді. Алдыңғы қабырғада сынып тақтасының үстіңгі жағына немесе жанына химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі ілулі тұрады. Сол маңайға ретіне қарай тұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштік кестесі ілінеді. Элементтердің периодтық жүйесінің астына, сынып тақтасының үстіңгі жағына ұзын және жіңішке қағаз таспа түрінде металлдар кернеуінің электрохимиялық қатары және электртерістілік қатары кестелері бекітіледі.
Көрнекі көрсету үстелі - сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстеліне қарама-қарсы бағытта 15-20 см биіктікте орналасады.Универсалды көрнекі көрсету үстелі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді орындайды.Оң жақ бөлігі – мұғалімнің үстелі. Көрнекі көрсету үстелінде эксперименттік тәжірибелер көрсетіледі. Мектеп тақтасы мен демонстрациялық үстел арасындағы қашықтық – 1м, ал демонстрациялық үстел мен бірінші партаның арақашықтығы -0,8 м. Зертханашының дайындық бөлмесі химия кабинетінің бірден-бір бөлімі болып табылады. Мұнда зертханалық жабдықтардың біраз бөлігі, реактивтер, техникалық құралдар, көрнекі құралдар сақталады. Сонымен қатар мұнда мұғалім сабаққа әзірленеді, ал зертханашы сабаққа қажетті жабдықтарды, реактивтерді даярлау жұмысын жүргізеді. Зертханашының дайындық бөлмесінде сабаққа қажетті қосалқы жабдықтар да болады: қыздыру, кептіру, сүзу, жуу аспаптары тұратын арнайы орындар және мұғалімнің сабаққа дайындалатын жазу үстелі.
22) Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.Химия зертханасындағы сәтсіздік жағдайлардың қандай түрі болмасын алғашқы көмекті керек етеді. Ондай жағдайда өте сабырлық пен ұқыптылық қажет. Мұндай кезде химия кабинетінің зертханашысы мен оқытушысы алғашқы көмек көрсетуі керек. Зертханадағы дәрі қорабында қажетті заттардың бәрі болуы тиіс.Көмектің түрлері:Есінен танғанда студентті таза ауаға шығарып немесе есік терезені ашып, бөлмені желдету керек. Кеуде түймелерін ағытып, мойнын босату керек. Аяғын сәл жоғары көтеріп, бетіне салқын су шашады. Содан кейін мүсәтір спиртін иіскеткен жөн.Жарақаттанғанда ол жерді 3% - тік сутегі пероксидімен жуып, йодтың тұнбасымен зарарсыздандырып, таза дәкемен таңып қояды.Мұрнынан қан кеткенде аурудың жаға түймелерін ағытып, мұрынға суық шүберек басады да, аяғын жылы ұстап, жылытқыш қояды.Термиялық күю кезінде жарақаттанған жерге 2-3% - тік калий перманганатының ерітіндісіне малынған дәкені басады. Одан соң 2% - тік ас содасының ерітіндісімен зарарсыздандырады немесе стрептоцид сеуіп, таңып қояды.Қышқылға күйген жағдайдақышқыл тиген жерді суық судың ағынына жуып 3% - тік ас содасының ерітіндісімен зарарсыздандырады. Содан кейін магний оксиді мен глицериннен жаңа дайындалған суспензиямен майлайды немесе күкірт қышқылының магний тұзы ерітіндісімен жуып, зарарсыздандырылған дәкемен таңып қояды.Сілтіге күйген жағдайда сілті тиген жерді суық сумен жуып 1-2% - тік сірке суымен немесе лимон қышқылының ерітіндісімен бейтараптайды.Фенолға күйген жағдайда жарақаттанған жерді концентрациялы натрий тиосульфатының ерітіндісімен жуады.Бромға күйген жағдайда теріні тез арада спиртпен немесе сұйылтылған сілті ерітіндісімен жуады. Содан кейін күйген жерді арнайы маймен майлайды. Бром буымен демалғанда спиртпен терең демалу керек. Сосын сүт ішіп, таза ауаға шығу керек.Жергілікті жердегі өртпен жанған киімді сөндіру:Өрт шыққан жағдайда лабораториядағы барлық газбен электро приборларды тез арада айыру керек. Барлық жанғыш заттарды оттан алысқа жинап, өрт сөндіргішпен, құммен, өртке қарсы одеялоны пайдалану тиіс. Жалынға су шашуға болмайды, себебі көп жағдайда өрттің өршуіне әкеледі.Егер кімде-кімнің киімі жанатын болса, ол адамды жерге құлатып, киіз жабынмен тез жабу керек. Қашуға болмайды, өрт күшейе түседі. Өзіңнің жанған киіміңді су құю арқылы немесе жерге домалау арқылы сөндіруге болады.Алғашқы көмек көрсететін медициналық жәрдем қобдишасының жабдықтары. Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес кабинетте міндетті түрде медициналық жәрдем қобдишасы болуы керек.
Медициналық жәрдем қобдишасы.Стандарты қобдишалар ішіне салынатын дәрі-дәрмек тізімі санитарлық нормаларға сәйкес бекітілген (ҚР денсаулық министрлігінің 28.09.1995 ж. № 2. 01.003.-95). Қобдиша ішіндегілер жиі-жиі тексерілуді, күтімді талап етеді. Сұйықтар құйылған ыдыстар тығындары тексеріліп, бүлінгені болса ауыстырылып отырылуы қажет. Дәрі құтыларын ылғал немесе бір ерітінді тамып, дәрілерге зақым келген болса, оларды алмастырып, сақтау мерзімдері өткен дәрілерді алып тастау, басқаларымен айырбастау керек.Жедел жәрдем көрсетудегі ең негізгі фактордың біреуі жинақы түрде, кідіртпей көрсетілген көмек. Дәрі қорабы тұратын жерге алғашқы жәрдем жөнінде қысқаша-ереже нұсқау ілінеді.
Қобдишада болуы қажет дәрі-дәрмектер мен жабдықтар тізімі:
1. Жарақатты байлайтын зарарсыздандырылған дәке (стирильді бинт)-1 бума.
2. Зарарсыздандырылмаған дәке – 1 бума.
3. Стерилді сүлгі (1 қорпша) немесе стерилді тампон түріндегі (50 г) мақта. Стерилді қақпағы қажалған шыны тығынмен жабылған шыны банкіде немесе полиэтилен қақпақпен жабылған болуы керек.
4. Тампонды салу үшін зарарсыздандырылған пинцет.
5. Микрожарақаттарды өңдеуге арналған препараттар (фуропласт, БФ-6 және т.б.) -25-50 мл.
6. Жарақаттанған орынды, оның төңірегін өңдеу үшін йодтың спирттегі ерітіндісі немесе бриллиант жасылының 1% -тік ерітіндісі.
7. Қан тоқтатушы ретінде 3 % -тік сутек пероксиді 50 мл, (жаңа дайындалған ерітіндісін бір айдан ұзақ ұстауға болмайды) .
8. Таблетка түріндегі белсенді (активтелген) көмір (карболен) органикалық сұйықтармен уланғанда (40-50 таблеткадан төмен болмауы керек) беріледі.
9. 10 % -тік аммиактың судағы ерітіндісі (мүсәтір спирті). Есінен танған кезде және бром буымен уланған кездерде мақтаға тамызылып искетіледі.
10. 20-30 % -тік натрий альбуциді (10-20 мл) көзді сумен жуған соң өңдеу үшін көзге тамызылады. Сақталу мерзімі 3-4 аптадан аспауы қажет.
11. Альбуциді көзге тамызу үшін стерилді қапшықтарына салынған тамшуырлар (3 дана).
12. Бром тамшыларын теріден кетіру және күйіктерді өңдеу үшін этил спирті (30-50 мл), 96 % -тік қолданылады.
13. Мыс сульфатының (ІІ) ерітіндісі (75-100 мл). Ақ фосформен күйген жерді жуу үшін пайдаланылады.
14. Натрий гидрокарбонатының (5 % -тік, 500 мл) судағы ерітіндісі сілтімен зақымдалған теріні жуу үшін қолданылады.
15. Лимон не сірке қышқылының (5 % -тік, 200-250 мл) судағы ерітіндісі қышқылмен зақымдалған теріні жуу үшін қолданылады.
16. Бор қышқылының (2 % -тік, 200-250 мл) судағы ерітіндісі сілті тиген көзді жуу үшін қолданылады.
17. Қан тоқтатуға арналған резеңке түтік (жгут).
18. Жарақатты сыртынан бекітуге пайдаланылатын лейкопластырь.
19. Әр нәрсені кесуге арналған қандауыр (скалпель), қайшы.
23) Химия кабинетінде қауіпсіздік ережелері Химия лабораториясында жұмыс істегенде бірнеше қауіп-қатерлілігімен ерекшеленеді, себебі көптеген заттар улы, тез тұтанғыш, тез жарылғыш сипатта болады. Лабораторияда болатын көптеген сәтсіз оқиғалардың тәжірибеде жасаушылардың ұқыпсыздығы мен ынтасыздығынан болатынын тәжірибе көрсетті.Қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана сәтсіз оқиғалардан сақтануға болады. Әдетте қауіпсіздік ережелерін сақтау тәжірибе жүргізетін жұмыстың түріне байланысты болады. Бірақ лабораторияда жұмыс жасайтын адамдардың әрқайсысы үшін ол қандай тәжірибе орындамасын міндетті түрде сақталатын жалпы ережелер қолданылады:
Лабораторияда жалғыз адам жұмыс жасауға үзілді-кесілді тиым салынады, себебі сәтсіз оқиға бола қалған жағдайда зақымданған адамға көмек көрсететін ешкім болмай қалады.
Лабораторияда жұмыс істегенде тазалықты, тыныштықты, тәртіптілікті, қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң түрде сақтау керек, себебі асығыстық, ұқыпсыздық ауыр зардаптар әкелетін келеңсіз оқиғаларға соқтырады.
Әрбір жұмыс жасаушы алғашқы көмек көрсету үшін өртке қарсы құралдар мен аптечканың лабораторияда қай жерде тұрғанын білулері керек.
Лабораторияда темекі шегуге, тамақ ішуге, су ішуге қатаң тиым салынады.
Жұмысқа оқушылар жасалатын тәжірибенің орындалу техникасын меңгермейінше кірісуге болмайды.
Тәжірибені тек таза ыдыстарда жүргізу керек. ЯЖұмыс кезінде тазалықты, ұқыптылықты сақтау керек, заттардың бет пен қол терісіне түспеуін қадағалау керек, себебі көптеген заттар (галогендер, фенол, нитроқосылыстар) теріні, шырышты қабықты тітіркендіреді. Тәжірибеден кейін ыдыстарды бірден жуу керек.
Лабораториядағы заттардың бірде-біреуінің дәмін татуға болмайды. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынға жақын апаруға болмайды. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрынға қарай алақанмен желпу керек.
Қышқылдар және негіздермен жұмыс істеу ережесі.
Қышқылдар және негіздермен жасалатын барлық жұмыста қорғаныштық көзілдірік пен маска кию керек. Қышқылдар мен негіздердің терімен көзге түсуі өте ауыр жағдайға ұшыратады.
Қышқылдар мен негіздерді түтік пен пипеткада ауызға тартуға болмайды.
Қышқылдарды су қосып сұйылтқанда мына ереже естеріңде болсын: суды шайқай отырып, оған қашқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды. Бұл жағдайда көзге көзілдірік кию керек.
Натрий мен калий гидроксидтерінің ерітінділерін көзге көзілдірік кию арқылы, суға сілтілердің аздаған мөлшерін қосу арқылы алу керек. Сілтілердің бөлшектерін қолмен емес, қысқышпен алу керек.
Күкірт қышқылы вакуум-эксикаторда су сорғыш құрал ретінде пайдалануға тиым салынады, себебі эксикатор жарылған кезде төгілген қышқыл жұмыс істеушінің терісіне тиіп, күйдіруі мүмкін.
Ерігіш қышқылдар мен жұмыс істеген кезде, тәжірибені арнаулы ыдыстарда, сорып алатын шкафпен өте сақтық жағдайда жүргізілуі керек. Міндетті түрде резиналы қолғап, қорғаныштық көзілдірік немесе маска кию керек.
Өте қауіпті және улы заттар мен жұмыс жасау ережесі.
Өте қауіпті заттар мен істеген жұмыстың барлық түрінде міндетті түрде қорғаныштық көзілдірік немесе маска киіп, оларды тек жұмыс аяқталғаннан кейін ғана шешу керек.
Броммен жұмыс істеу ережесі:
Бромды қалың қабырғалы аузы жабылған шыны ыдыстарда ұстау керек. Бром салынған шыны ыдыстар желдеткіш шкафтағы құм салынған металл жәшіктерде тұру керек.
Бром шырышты қабыққа өте күшті әсер етеді, ол теріге тисе тез жазылмайтын күйікке әкеледі. Броммен жүргізілетін барлық жұмыс жартылай ашылған екі жақты қақпағы бар желдеткіш шкафта тек резиналы қолғаппен қорғаныштық көзілдірікпен жүргізіледі.
Бромы бар шыны ыдысты құм салынған ыдыспен тасымалдау керек.
Бром құятын құйғыштың краны фосфор қышқылымен майланып, резиналы сақинамен бекітілуі керек. Жұмыс алдында құйғыш кранына ауа кірмеуін тексеру керек. Тамшылық құйғышқы бірден 10 мл – ден астам бром құюға болмайды.
Тез тұтанатын заттар мен жұмыс жасау ережесі:
Тез тұтанғыш заттар мен жүргізілетін тәжірибе оттан және электроплиткаларынан алыста жүргізілуі тиіс. Тез тұтанғыш сұйықтарды (эфир, ацетон, күкіртті көмірсутек, бензол, спирт) қыздыруды алдын-ала қыздырылған су моншасында, колбада, қыздырғыш құралдардан алыста су мұздатқышы мен қамтылған жағдайда жүргізілуі тиіс.
Тез тұтанғыш заттары бар приборларды айыру жақын жердегі газ жанарғысы айырылғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Тез тұтанғыш заттарды канализацияға, қалдық салатын жәшікке құюға болмайды, себебі шырпы тисе өрт шығады.
Айыруды құрғағанша жүргізуге болмайды, себебі көптеген заттар (диметил эфирі, диоксан) ауамен жанасқанда қопарылыс береді.
.24) Химиялық реактивтер және оларды пайдалану ережелеріХимиялық реактивтер мен заттарды Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бекіткен оқыту құралдарында көрсетілген талапқа сай алу керек.Химия кабинеттерінің қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мектепте қолданылатын реактивтер 8 топқа бөлінеді:
қопарылғыштық қасиеті бар реактивтер;
қалыпты жағдайда сумен әрекеттесетін, жеңіл тұтанатын, қопарылғыш газдар түзетін реактивтер(литий мен натрий, кальций карбиді);
дұрыс сақталмаса өздігінен жанатын реактивтер;
жеңіл тұтанатын сұйық реактивтер;
жеңіл тұтанатын қатты реактивтер (қызыл фосфор,магний.күкірт);
жеңіл тотығатын реактивтер (калий перманганаты, концентрлі азот қышқылы, нитраттар);
аз мөлшерде физиологиялық активті қосылыстар (барий хлориді мен нитраты, хроматтар мен дихроматтар,фенол;
іс жүзінде қауіпті емес заттар (кесектелген алюминий, натрий хлориді, магний оксиді)
Реактивтер бейорганикалық және органикалық болып екіге бөлінеді. Бейорганикалыққа металдар, бейметалдар, оларпдың оксидтері мен гидроксидтері, қышқылдар мен тұздар жатады, ал органикалыққа көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, гетероциклді қосылыстар, индикаторлар, бояғыш заттар т.б. жатады.
Реактивтерді сақтағанда олардың химиялық қасиетін, ал олармен жұмыс істегенде физиологиялық әсерін еске ұстау керек. Енді осыларға қысқаша тоқталайық.
Жарықтың әсерінен түрін өзгертетін затттар картон қорапқа салынған сары не қоңырқай түсті ыдыста сақталады.
Шыны ыдыста сақтауға болмайтын реактивтерді сол реактивтердің әсеріне төзімді ыдысқа ауыстыру керек.
Жеңіл тұтанғыш заттар (спирт, ацетон,бензин эфир т.б.) темір шкафтың не жәшіктің ішінде сақталады. Бұл заттармен жұмысты оттан, ток көзіне қосылған қыздырғыш құралдардан алыс жерде тұрып істеу керек.
Өздігінен тұтанатын заттар (ақ, сары фосфор, металлорганикалық заттар, нитроқосылыстар,т.б.) темір шкафта не арнаулы ыдыстарда сақталады.
Жанғыш, қопарылғыш, тез тұтанғыш заттарға калийдің, литийдің, натрийдің асқын оксидтерін, ақ фосфорды жақын қойып, сақтауға болмайды.
Натрий мен калиийды сақтау үшін құрғақ керосиннің немесе ксилолдың ішіне салып, сейфте сақтайды. Натрий қалдықтарын судың көмегімен жояды. Ол үшін қалдықты бөлгіш шұқыраққа салып, үстіне бетін жауып тұратындай етіп бензин құйылады.
Оңай тұтанғыш және жанғыш заттарды қолданғаннан кейін қалған қалдықтады төгуге болмайды. Оларды аузы нығыздалып жабылатын арнайы ыдысқа жинап, ол толғаннан кейін 0,1-0,4м тереңдігі 0,2м болып қазылған құдықта жағу қажет.
Қатты заттарды ыдыста ұзақ сақтағанда бір-біріне жабысып,түйіршіктелуі жиі кездеседі. Сондықтан оны қолданарда кәрден немесе шыны таяқшамен ұнтақтап алу қажет.
Ылғал тартқыш реактивтер салынған ыдыстың аузын Менделеев замазкасымен не парафинмен желімдеп қояды. Реактивтер буланып, төгіліп не қоршаған орта әсерінен өзгермес үшін ыдыс аузын нығыздап жабу керек.
Ыдыстың аузын ауа кірместей нығыздап жабу үшін полиэтиленен жасалған немесе егелген тығындар қолданылады. Кейдк полимерден жасалған қақпақ жабылады, сол сияқты жабысқақ таспамен да желімденеді.
Химиялық реактивтері бар ыдыстың бәрінде сәйкес затбелгілері болу керек. Затбелгілір реактивтер әсерінен бүлінбес үшін полиэтиленнен жасалған жабысқақ таспамен қапталады.
Химия кабинетінді мұғалімге де, оқушыларға да аса зор жауапкершілікпен жұмыс істеу жүктеледі. Осыған байланысты тәжірибелерді дайындағанда мұғалім ғана пайдалануға рұқсат етілетін төмендегідей реактивтер тобы бөлінген:
Жай заттар: сұйық бром, кристалды йод, металл түріндегі натрий;
Оксидтер,гидроксидтер: фосфор(v) оксиді, күйдіргіш калий және күйдіргіш натрий түйірлері;
Тұздар: кальций карбиді, барий нитраты және хлориді, натрий фториді, қорғасын ацетаты және т.б.:
Қышқылдар: массалық үлесі 5%-тен асатын қышқылдардың бәрі(бор қышқылынан басқа);
Органикалық заттар: анилин, бензол, дихлорэтан, аминсіркеқышқылы,формалин, фенол;
Реактивтер таза болса, жұмыс нәтижелі әрі сапалы болады. Ол үшін мына ережені бұлжытпай орындаңдар:
Реактивтері бар шынылар мен ыдыстардың аузын әрдайым тығындап қойыңдар;
Ерітінді мен қатты затты қолданғанда таза тамызғыш пен қасықты пайдаланыңдар;
Ыдыстардың аузын жапқанда, олардың тығындарын ауыстырып жібермеңдер;
Ерітінділерді таза пробиркаға құйыңдар, ал қатты заттарды таза қағазға салыңдар;
Реактивтердің артығын оларды алған ыдыстарыңа қайтадан құймаңдар және қайта салмаңдар. Мұндай жағдайда реактивтер ластануы мүмкін,сондықтан реактивтердің артығын зертханашыға тапсырыңдар.
Реактивтер мөлшерін аз алсаңдар тәжірибе тез өтеді, әрі реактив үнемделеді;
Қатты заттарды шашпаңдар, сұйықтарды төкпеңдер;
Ерітінді құйылған шыны ыдыстарға жапсырылғын затбелгілер ұзақ сақталу үшін,оларды ылғылданудан сақтаңдар.Ол үшін ыдыстан ерітінді құйып алғанда, затбелгіні алақанның астына келетіндей
