- •22. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •21. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы 1.Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері.
- •25. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері, оларды ұйымдастыру.
- •15. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •16. Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.
- •18. Тесттік тапсырмалар, олардың түрлері. Мысалдар келтір
15. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
Сабақты құруға қойылатын талаптар: 1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі. 2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы. 3. Идеялылығы мен ғылымилығы. 4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары. 5. Жаңа материалдар беру. 6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау. 7. Өмірмен байланыс. 8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық коммуникациялық құралдарын пайдалану. 9. Кітаппен жұмыс істеу. 10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы. 11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру. 12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік. 13. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы. 14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту. 15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту. 16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу) 17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру. 18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі 19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация. 20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру. 21. Сабақ өткізу қарқыны. 22. Мұғалімнің педагогикалық әдебі. 23. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті. 24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу. 25. Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс. 26. Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық. 27. Грамматиканы, лексиканы оқу. 28. Оқу техникасы. 29. Сөйлеу және жазу мәдениеті. 30. Көркем шығармаларды оқу. 31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.
16. Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.
Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
• бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
• бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;
• тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;
• негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
• сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
• тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
• сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
• сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
• техникалық оқыту құралдарын тексеру;
• мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
• сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;
• білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу; • білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
• үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;
• сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;
• тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;
• сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уақытты мұқият талдайды. Жобалау - Бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.
Сабаққа дайындық мазмұны:
1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.
2. Жеке сабақтарды жоспарлау.
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.
4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.
5. Сабақ мазмұнын анықтау.
6. Білім беру әдістерін белгілеу.
7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.
8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.
9. Бекіту жаттығуларын дайындау.
10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.
11. Үй тапсырмасын түсіндіру.
12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау. Сабақ жоспарында жазылатындар: 1.Күні.2.Айы,жылы. 3.Сыныбы.4.Тақырыбы.5.Мақсаты.6.Сабақ типі, құрылысы. 7.Оқыту әдіс-тәсілдері. 8.Көрнекі құралдар. 9.Өздік жұмыстар. 10.Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні. 11.Қойылатын сұрақтар.12.Үйтапсырмасы. Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.
Сабақ жоспарының үлгісі:
• сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі;
• сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып;
• оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;
• сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;
• оқу материалының мазмұны;
• әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері
• сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
• үйге тапсырма.
Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко ... 298-бет)1. Нақты тұжырымдалған тақырып. 2.Сабақ мақсаты: а)дидактикалық; ә)тәрбиелік; б)дамытушылық. 3.Жабдықтары (кино, бейнефильм, кесте, оқу құралы): 4.Дыбыстық құралдар.5. Сабақ барысы (сценарий жасалады, оқушыларға сабақ үстінде берілетін сұрақтар, сабақтан оқушылар өздеріқорытынды жасауы керек). 6.Сабақ қорытындысы.7.Шығармашылық тапсырма.8. Қорытынды. Оқушылардан не ұнағанын, не ұнамағанын сұрау, кім белсенді болғанын сұрау.9. Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға рақмет айту. Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және құрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады.
17. Химиялық диктант және оның түрлері. Химиялық диктант, көбінесе, химиялық символикаға негізделеді. Оқушылардың бір ұғымды, мәселен валенттілікті, тотығу дәрежесін, химиялық номенклатураны, химиялық символдарды, формулаларды, теңдеулерді, т.б. қандай дәрежеде менгергенін анықтау үшін жаздырылады, мысалы; 1) мына оксидтердің формулаларын жазыңыздар: калий оксиді , темір (III) оксиді, күкірт (VI) оксиді, көміртегі (IV) оксиді, кальций оксиді; 2) мына заттардың аттарын жазыңыздар: Fe3O 4, HCI, СиО, NaOH, SO2, Н3РО4 (VIII сынып): 1) мына электролиттегі атомдар мен иондардың заряд шамасы мен таңбасын анықтаңыздар; Н3РО4, АlClз , Са(ОН)2, NаНСОз. 2) суда ерігенде мына иондарды беретін затгардың формулаларын жазыңыздар: Ғе3+ және Сl- , Ва2+ және ОН- , H+ және НSOз-, H+ және NO3- Химиялық диктантты жинап алып, жазғандарын немесе ауызша тексереді
