- •22. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •21. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы 1.Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері.
- •25. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері, оларды ұйымдастыру.
- •15. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •16. Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.
- •18. Тесттік тапсырмалар, олардың түрлері. Мысалдар келтір
25. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері, оларды ұйымдастыру.
Оқушылардың өзіндік жұмысының негізгі анықтамасын ғалым – педагог Б.П.Есипов өзінің еңбектерінде көрсетіп кеткен болатын. Ол «оқу-тәрбие үрдісінің ішіне енгізілген оқушылардың өзіндік жұмыстары-оқушылардың өздігінен, мұғалімнің қатысуынсыз, белгілі бір тапсырманың арнаулы уақыт ішінде орындалуы тиіс деп көрсетті.
Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа білімдер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді
Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу, т.б.
Оқушылардың әрбір дербес жұмыстарын өзіндік жұмыс деп санауға болады. Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады. Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыс тапсырмаларының түрлері
Өздік жұмыс тапсырмалары 1. мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойынша мәтін құрастыру; іскерлік ойындар; 2. түрлі кестелерді толтыру; сөзжұмбақтар құрастыру; 3. өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолы – оқушыға шамасы жетіп, орындауға мүмкіндігі болатындай және танымын арттыратындай, өзіндік көзқарасын білдіріп, шығармашылықпен орындай алатындай тапсырмалар беру. Тапсырма арқылы оқу материалы жан-жақты әрі үлкен қызығушылықпен меңгеріледі; 4. тест тапсырмаларын құрастыру; тірек-сызбалар құрастыру; реферат жазу; слайдтар жасау; презентация жасау; альбом жасап, газет шығару т.б
Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы, жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу. Өзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстар және үйде орындалатын өзіндік жұмыстар деп қарастыруға болады. Сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстардың негізгі қызметін бақылау, тексеру болса, үйге берілетін өзіндік жұмыстар қызметі бекіту, жалпылай қорыту, нақтылап дәлелдеу болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар жеке тұлғаның еркін дамуын, ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар танымдық құзіреттіліктерін қалыптастырады, мінез-құлқындағы өзіндік менін қарастырады. Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Сонымен қатар өздігінен істелетін жұмыстың тағы бір мынадай түрлері бар:
Мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінмен жұмыс мұғалімнің дайындап берген 4-5 сұрағына жазбаша жауап беру кезінде жасалады. Бұл сұрақтар сарамандық жұмысқа көбірек бағытталады.
Тапсырмалар мен жаттығуларды орындау. Бұлар теориялық материалдар мен сарамандық жұмыстарды байланыстырады.
Шамалар мен құбылыстар арасындағы өзара байланысын ашады. Кейбір техникалық пәндер үшін қажетті сызба сызу, өлшемдерін өлшеу және сол бойынша есептер жүргізеді. Мысалы, техникалық пәндер қозғалыстардың ( двигательдердің ) қуатын анықтау, оған кететін жанармайды, ауа мөлшерін, белгілі уақытта жұмсалатын энергия, жылу мөлшерін есептеу, т.с.с. тапсырмалар орындалады. Өздік жұмыстарына жеке дәптер арналып, ондағы тапсырмалар тексеріліп отырады.
Сызбамен, сұлбалармен жұмыс. Оның мақсаты оқушылармен өздігінен графиктер түзуге және оқулықтағы сызбаның көшірмесін салуға үйрету. Оқу материалын игерудің нәтижесіне қарай бұл жұмыстарлың деңгейі оқушыларға сарапталып беріледі. Сызба мен сұлбаларды күрделендіруге де болады.
Кестелермен жұмыс. Оқулықтан не қосымша әдебиеттерден қажетті мәліметтерді таба білу, оны жинақтау және кестеге түсіру керек. Мысалы, түрлі материалдардың қасиеттері бойынша олардың тығыздықтары туралы кесте жасау қажет. Сол тығыздық арқылы оның ұзару шектігін, беріктігін, т.б. табуға болады.
1. Қазақстан ғалымдарының химияны оқыту әдістемесіне қосқан үлестері. Қазақстанда химияны оқыту методикасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылық өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин – ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашников - химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсупова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова - химияны оқытуда оқушылардың IV – VI кластарда жаратылыстануда математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Педагогика мен мектеп сарамандығының дамуы қазіргі кезеңде пәнаралық сабақтастықты тиімді ұйымдастырудың, оқушыларға терең білім беру мен диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырудың пәрменді құралы ретінде танылып отыр. Зерттеу объектісінің аумақтылығы – аталып өткен жұмыстарға тән ерекшеліктердің бірі. Бұл еңбектерде зерттеліп отырған мәселелердің төңірегінде орта мектептегі химия пәнінің мазмұнын және оқыту әдістерін жетілдіру, оқушылардың тиянақты білім алуына жаңартылған мазмұнмен әдістерідің тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделген. Химияны оқыту методикасы жөнінде зерттеу жұмыстарының бір тобы аса маңызды дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған. З.П.Петренко – металдармен байланысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыс формаларын салыстыру, О.Хаймолдин – химияны оқыту әрекетінде оқушылардың практикалық дағдылары мен икемділіктерін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді. Осы жолдарыдың авторы қазақ тілінде химия технологиясының шығуы және дамуы барысын, химия терминдерін оқыту методикасын, кейіннен ғылым тілінің оқыту әрекетіндегі дидактикалық қызметтерін зерттеді.Айтылған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде көптеген мақалалар және методикалық құралдар жазылды.Мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелерін жинақтап, көпшілікке таратуда, мұғалімдерге арналған методикалық кеңестер жариялауда бұрынға КСРО Педагогика ғылым академиясының оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институты қазақ бөлімщесінің қызметкерлері К.Ә.Сарманова., М.Д.Жадрина., методист М.Х.Хасенова едәуір еңбек сіңірді. Олар жетілдірген бағдарлама бойынша химияны оқытуға арналған бірнеше методикалық құралдар жариялады.Шығармашылық жұмыс істейтін химия мұғалімдерінің іс тәжірибесі атап айтқанда, Р.А.Болатқұлованың (Алматы), К.Н.Шабдаровтың (Алматы), Ж.Жұмахановтың (Шығыс Қазақстан облысы), Б.Торсықбаеваның (Жезқазған облысы) және т.б. еңбектері жеке кітапшалар түрінде басылып шықты
2.Химияны оқыту эдістемесінің қалыптасуы жэне дамуы. Жастарға химиялық білім беру туралы козқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сэйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес косумен бірге, жасѳспірімдерғе тікелей химиялық білім беру ісімен айналысты, кѳптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты. М.В.Ломоносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын жэне пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мэселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегіэксперименттің мэнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.Д.И.Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның ѳнеркэсіпте жэне ауыл шаруашылыгында қолданылуын корсету арқылы оқушыларды
еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі жэне теориялық материалдар енгізу, химиялык экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты.Ол ой-ѳрісі кең, ғылымды жетік білетін жэне жақсы кѳретін үстаз ғана шэкірттердің жүрегіне жол табады деп мүғалімнің ролін жоғары бағалады.
A.М.Бутлеров (18281886) ғылымдағы жэне оқыту эрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негізден түсіндірді, ѳте жақсы химия оқулықтарын жазды. М.В.Ломоносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң жэне периодтық жүйе, А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың қүрылыс
теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін қүрайды. Химияны оқыту әдістемесі ол орта мектепке түрақты оқу пэні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. B.Н.Верховский, Л.М.Сморгонский, Я.Л.Гольдфарб химияның
жүйелі курсының багдарламасыи жасады, түрақты оқулықтарын жэне түңгыш әдістемесін жазды (1933-34ж.ж.). Бүдан кейінгі кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмүны мен қүрылымын ғылыми жағынан негіздеуде Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков жэне С.Г.Шаповаленко, т.б. кѳп еңбек сіңірді. Химияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептегі химия пәнін оқыту мэселелерін жан-жақты зерттейтін кѳп салалығылымға айналды. Атап айтқанда, химияны оқытудың үйымдастыру
формалары әдістерін жетілдіруді Д.И.Кирюшкин, химияның негізгіүғымдарын қалыптастыру, химияны оқыту қүралдарын жасау жэне тиімді пайдалану әдістемесін С.Г.Шаповаленко, зерттеді. Бүлардың әрқайсысы коптеген ғалым шәкірттер тэрбиелеп шығарды, оқу-эдістемелік еңбектер жариялады.Одақ кѳлемінде жүргізілетін әдістемелік зерттеулер үйлестіріліп
отырды. Зертхананың ғылыми қызметкерлері Л.А.Цветков, Р.Г.Иванова, Е.Е.Минченков химияны оқытудың жалпы әдістемесін жазды, мүғалімдерге күнделікті кѳмегін тигізетін бірнеше әдістемелік қүралдарды жариялады. Солардың ішінде
Р.Г.Иванованың, Ю. В. Ходаковтың және т.б. әдістемелік қүралдары қазақ тілінде аударылды
3.Орта мектептегі химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары. Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен козқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мэліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бүрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дүрыс анықталып,жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек. Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал отілгенді ескеріп беріледі де, озі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі,
эсіресе, химияның негізгі үғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар жэне химиялық реакциялар туралы үғымдар жүйесіне біріктіреді. Түсініктілігі. Оқу материалдарының түсінікті болуы кѳлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылымиақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым
тѳмендетіп жіберсе, бүрмалаушылыққа әкеліп соғады. Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер отіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жонінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш болшектерінің озара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға(құрамы тұрақсыз) ұқсайды.Саналылық жэне белсенділік негізі - оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру.Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың кѳздерін жеткізіп, оздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек. Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі
белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу торкінін, химиялық символиканың мэні мен мағынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен құбылыстарды елестете білуі керек. Мұның озі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз етеді. Кѳрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының, ондірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанұсқаларын пайдаланады. Осының бәріиде оқушылар жан- жақты бақылау жасауға, эр корнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бұл оқушылардың гылым негіздерінен алған білімін омірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеғе асады, политехникалық білім беру мэселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың ондіріске енғізілуін, ал химия онеркэсібініқ қажеттілігі ғылымнық дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жон
4.Сѳз-кѳрнекі эдістер тобы. Корнекі қүралдарды корнекі корсету арқылы баяндау. Химияны оқыту барысында алуан түрлі корнекі қүралдар пайдаланылады, олар 5 тонка жіктеледі; 1) заттар мен эрекеттер (заттар, қүралдар, қүбылыстар); 2) колемді корнекі қүралдар (макеттер, нақ- пішіндер); 3) бейнелеу корнекі қүралдары (суреттер,картинкалар, плакаттар, дианозитивтер, фильмдер); 4) граифкалық корнекі қүралдар (сызбанүсқалар, диаграммалар); 5) символикальщ корнекі қүралдар. Білімнің козі осы корнекі қүралдар болып табылатын эдістер - корнекі эдістер, ал созбен түсіндірілетіндері - соз эдістер деп аталады. Соз-корнекі эдістер ішінде жиі қолданылатыны - тэжірибелерді корнекі корсету (корнекі корсету эксперименті). Ол; 1)
оқушылардың тэжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделі; 3) эксперимент “қауіпті” болғанда; 4) аз
мѳлшерлі реактивтер нэтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу жэне қүрал -жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады.
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді. Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды: • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі; • көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану; • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі; • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу; • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру; • демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі; • көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.
5.«Химия» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.. 8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.
Алғашқы химиялық ұғымдар (18 сағат): Атомның құрылысы. Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі.Химиялық байланыс (14 сағат):Ауа. Оттегі. Жану. (8 сағат):Сутегі «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» (6 сағат):Су. Ерітінділер (8 сағат): Бейорганикалық заттардың негізгі кластары (14 сағат):9 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны:8 сыныптың негізгі мәселелерін қайталау (4сағат):Электролиттік диссоциациялану теориясы (14 сағат):Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары (14 сағат):Металдар және олардың қосылыстары, «Металлургия» (20 сағат):Көміртектің органикалық қосылыстары (14 сағат):Қайталау (2 сағат)Қоғамдық гуманитарлық бағыт 10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң, химиялық байланыс және зат құрылысы (8 сағат):Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, химиялық реакциялар және олардың жүру заңдылықтары (8 сағат):Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (4 сағат):Маңызды s-элементтер, p-элементтер және олардың қосылыстары (8 сағат):d-элементтердің жалпы сипаттамасы (6 сағат):
11клОрганикалық химияға кіріспе:Химиялық байланыстың электрондық табиғаты (7сағат): Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (9 сағат)Оттекті органикалық қосылыстар (11 сағат):Азотты органикалық қосылыстар (7 сағат):Жаратылыстану10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан;11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан
Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі (10 сағат):Химиялық байланыс және зат құрылысы (8 сағат):Химиялық реакциялар және олардың жүру заңдылықтары (14 сағат):Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы (6 сағат):Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары (6 сағат):Маңызды dэлементтер және олардың қосылыстары (8 сағат):Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары (10 сағат):
Бейорганикалық заттарды өндіру (6 сағат):
Оқу пәнінің 11 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы (8 сағат):Көмірсутектер мен олардың табиғи көздері (24 сағат):Оттекті органикалық қосылыстар (20 сағат):Азотты органикалық қосылыстар «Гетероциклді қосылыстар», «Нуклеин қышқылдары» (10 сағат):Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар «Химия және адам денсаулығы» (6 сағат):
6. Сабақтарды жоспарлау. Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар жэне эр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады.
Айтылғандарды нақтылау үшін бір сабақтың жоспарын келтірейік. 1. Сабақтың тақырыбы: «Кремний жэне оның қосылыстары». 2. Сабақтың мақсаты: Периодтық жүйедегі орны бойынша кремний элементін жэне оның қосылыстарын сипаттай білуге үйрету. Коміртегі жэне оның қосылыстарымен салыстырып, ұқсастыгын, айырмашылығын табу, зат қасиеттерінің құрылысына тэуелділігін корсету, кремнийдің табиғаттағы маңызын, қосылыстарының қолданылатын салаларын түсіндіру. 3. Сабақтың жабықтары: кремнийдің табиғи қосылыстарының үлгілері; магний мен кварцтың қоспасы (2:3); тұз қышқылының ерітіндісі (1:1); натрий силикатының ерітіндісі, алмаз кристалл торының моделі, стақандар, сынауықтар; зертханалық жұмысқа қажетті реактивтер, коміртегі топшасын сипаттайтын кесте.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл - педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге де қатысты. Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек: Сабақтың мақсаты қандай? Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді ? Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы? Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ? Олар қандай жолмен негізделмек? Қандай қорытындылар керек? Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ? Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек ? Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек ? 10.Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек. Озық тәжірбелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен даярланады дедік Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс. Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалім-дердің сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесең де 45 минут сабағыңа әзірленуді ұмыта!).
7. Дәстүрлі емес сабақ түрлері білім алушылардың белсенділігін артттыру, саналы түрде білім алу, өз бетімен білім алуды қамтамасыз етеді. Осындай сабақ түрлері білім алушылардың жалпы оқу және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Дәстүрлі емес сабақ түрлері : іскерлік ойындар, бинарлық сабақтар, КТК- сабақ, театр-сабақ, жарыс-сабақ, концерт-сабақ, практикум-сабақ, пресс-конференция, консультация –сабақ, диспут-сабақ, жобаны қорғау сабағы, семинар-сабақ және т.б.Семинар-сабақ үстінде тақырып бойынша алған білімдері тексеріледі. Семинарға алдын ала дайындалу керек. Оқытушы әрбір білім алушының білім деңгейі және қабілеттері бойынша тапсырмалар дайындайды. Семинар –сабақққа барлық білім алушылар дайындалады. Осында жалпы тапсырмалар (жоспар құру, анықтамалық әдебиетті оқу), топтық тапсырмалар ( баяндама жасау, презентация жасау, әдебиетті іздестіру, интервью алу), жеке тапсырмалар (мәнерлеп оқу, қорытынды жасау, талдау жасау, баяндама жасау) көзделеді. Семинарда әрбір білім алушының өз міндеті белгіленеді. Негізгі мақсат – өз бетімен еңбек ету, проблеманы шешу жолдарын табу.
Сөйтіп, дәстүрлі емес сабақ түрлері дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде тіл үйренушілердің қазақ тілін оқытуда тіл мен ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту барысында сатылы, жүйелі жұмыс жүргізілуі үшін дәстүрлі емес сабақ түрлерінің маңызы зор. Өйткені жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы шықпас дегендей, игілікті істің нәтижелі болуы үшін мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, абыройын асқақтату жолында еңбек ету бәрімізге мәртебелі міндет.
8. Дәстүрлі емес сабақ түрлері білім алушылардың белсенділігін артттыру, саналы түрде білім алу, өз бетімен білім алуды қамтамасыз етеді. Осындай сабақ түрлері білім алушылардың жалпы оқу және көшбасшылық дағдыларын қалыптастырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Дәстүрлі емес сабақ түрлері : іскерлік ойындар, бинарлық сабақтар, КТК- сабақ, театр-сабақ, жарыс-сабақ, концерт-сабақ, практикум-сабақ, пресс-конференция, консультация –сабақ, диспут-сабақ, жобаны қорғау сабағы, семинар-сабақ және т.б.Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді.
Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады.
Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді. Конференцияның ұзақтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады. Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі. Пресс-конференция сабағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады. Білім алушыларды белгілі бір мақсатты шешуге үйретеді. Конференция барысында білім алушылар шығармашылық талқылауға қатысып, мәселенің шешу жолдарын табуға дағдыланады. Тақырыптық конференция белгілі бір өзекті мәселе бойынша жүргізіледі. Осындай сабақтарда пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Тақырыпты білім алушылардың өздері белгілеп алғандары дұрыс болады. Ол үшін сауалнама жүргізу немесе ауызша сұрақтартар қою әдісін пайдалануға болады. Сөйтіп, дәстүрлі емес сабақ түрлері дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде тіл үйренушілердің қазақ тілін оқытуда тіл мен ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туады.
9.Дәстүрлі емес сабақтар. Дәріс сабақтары, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі. Дәстүрлі емес сабақтар. Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары. Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі. Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
10. Оқулықпен жэне басқа кітаптармен жұмыс. Қазіргі педагогиканың жэне мектеп реформасынаың негізгі талабы - оқушыларды оқи білуге үйрету, оларда оқу еңбегінің жалпы жэне эр пэн үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай оқу біліктерінің ішіндеғі ең маңыздысы - кітаппен жұмыс істей білу. Оқулықпен жұмыс істеу эдісі жаңа материалды игеру, алынған білімді бекіту, қолдану жэне тексеру үшін пайдаланылады. Оқулықпен оздігінен істелетін жұмыстардың түрлері: 1. Қарапайым тексті (мэтінді) жеке беліктерге болу, эр болігіне ат қою;2. Мәтіндегі материалдардың баяндалу жоспарын жасау, автордың негізгі ойын табу; 3. Ѳз бетінше оқығанда жалпы сипатты жоспарларды пайдалана білу; 4. Күрделі мэтін мен жүмыс істей білу. Мәтін мен ғылыми білім жүйесінің қүрылым элементтерін (ғылыми деректер, үғымдар, заңдар, теориялар, зертгеу әдістері), қолданбалы білімді (қүрал жэне қондырғының түсініктемелері) табу оны сызбанүсқа түрінде ѳрнектей білу; 5. Суреттерді түсіну; 6. Графиктерді және кестелерді пайдалана білу; 7. Мүғалім дайындаған немесе текстің соңында берілген сүрақтарға жауап қайтару. Әдістемелік әдебиеттерде элементтердің жэне олардың қосылыстарының табиғатга таралуытмен қолданылуы тәрізді деректі материалдарды ғана оқулықпен жүмыс істеу арқылы үйренуге болатынын туралы пікір басымырақ болып келді. Ұстаздың сарамандык кезіндегі байкаулары кейбір теориялық тақырыптарды да кітаппен жүмыс істеп ѳткізуге болатынын кѳрсетті. Мэселен, VIII сыныпта “Массаның сакталу заңын” окушылар мынадай тапсырмалар бойынша кітаптан оқып үйренді, оқушылардың жауаптарына сәйқес тәжірибені мүғалім ѳзі қѳрнекі корсетеді: 1. Химиялық реакциялар кезінде зат массасының сақталатыны немесе сақталмайтыны жонінде жорамал жасаңдар; 2. Жасалған жорамалдың дүрыстығын қалай тексеруге болады? Тәжірибені корнекі корсету; 3. Зат массасының сақталу заңына қайшы келетін қүбылыстар бар ма? Олардың мэнін қалай түсіндіресіңдер? 4. Корсетілген жэне оқулықта жазылған тәжірибелерге сүйеніп, зат массасының сақталу заңын түжырымдау; 5. Үстірт қарағанда зат массасының сақталу заңына қайшы келетін қүбылыстар бар ма? Олардың мэнін қалай түсіндіресіңдер? 6. Мэтінде келтірілгенге үқсас зат массасының сақталу заңын дэлелдейтін молшерлік мэліметтерғе мысал келтіру немесе сол мысалдың озін түсіндіру; 7. Зат массасынан шығатын жалпы қорытынды. Сабақта барлық оқушы тапсырмага сэйкес белсенді жүмыс істейді. Қорытынды кезінде оқушылар жаңа материалды толық меңгере алады.
11. « Су. Ерітінділер.» тақырыбындағы есептер. Ерітінділер тақырыбына есептер шығару әдістемесі. Химия курсында берілетін есептерді дені-ерітінділерге құрылады. Сондықтан, күрделі де, негізгі тақырыптардың бірі – «Ерітінділерге сан есептерін дегейлеп беру арқылы оқушылырдың білім дейгейін шығырмашылықпен жұмыс істей алатын жағдайға дейін көтеруге болады.«Ерітінділер» тақырыбында шығарылатын есептердің түрлері:
еріген заттың массасын анықтау;
еріген заттың массалық үлесін анықтау;
ерітінділерді әзірлеу есептері;
ерітінділер қатысатын химиялық реакциялардың теңдеулер бойынша есептеу,
ерігіштік коэффициенттері бойынша есептеулер;
мольдік концентрация бойынша есептеулер;
берілген концентрациялы ерітінділерді араластырып, жаңа ерітінді даярлау есептері..
Жалпы бұл есептерді шығарудағы негізгі шарт: есептегі шамалар арасындағы пропорциялық тәуелділікті анықтау. мысалы, заттың массасы, көлемі, тығыздығы, моль, мольдік массасы, мольдік көлемі арасындағы тәуелділік. Есептер төрт нұсқаға топтастырылады. Мұнда жеңілден сатылап қиынға көшу ұстанымын қолданады. А1→A2→A3→B1→B2→C1+C2. Мұндағы А нұсқасы 1балл, В нұсқасы – 2-3балл, С нұсқасы – 3-4 балл. Нұсқада берілген есептердің бәрі мектеп бағдарламасына сәйкес келеді. Осындай жүйелендірілген сан есептерін деңгейлеп оқыту арқылы сан есептерінің арасындағы тәуелділікті меңгертіп, оқушыларды есеп шығаруға машықтандыруға болады. Сонда ғана өз бетімен жұмыс істей алатын оқушылар даярлауға болады.
