- •22. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •21. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы 1.Органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері.
- •25. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері, оларды ұйымдастыру.
- •15. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
- •16. Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.
- •18. Тесттік тапсырмалар, олардың түрлері. Мысалдар келтір
1. Химияны оқыту әдістемесі пәні және оның ғылыми негізі. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Химияны оқыту әдістемесінде қолданылатын зерттеу әдістеріХимияны оқытудың әдістерін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады:Химия не үшін оқытылады?Химияда нені оқытады? Химияны қалай оқытады?Химияны оқытудың нәтижесін қандай?Бұл мәселелерді шешу үшін химияны оқыту методикасы педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайдаланады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық және т.б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу және т.б.Бақылау нәтижелі болу үшін оның мақсаты мен жоспары айқын, тіркеу тәсілі дәл де ақиқат, жүйелі және ұзақмерзімді болуы керек.Бақылаудан алынған мәліметтерге сүйеніп, ғылыми жорамалдар жасалады. Оның дұрыстығын тексеру үшін қосымша бақылаулар жүогізіледі немесе педагогикалық эксперимент қойылады. Эксперимент кезінде құбылыс бақылаудағыдай емес, зерттеушінің жорамалына сәйкес алдын ала жоспарланып, өзгертілген жағдайда жүзеге асады. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарына қарай енгізілетін өзгерістер де алуан түрлі болуы мүмкін.Химияны оқыту методикасы зерттеу объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен, дидактикамен байланысты. Өзінің ең негізгі міндеті – химия пәнінен білім берудің мазмұнын анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу жасайды. Химияның ғасырлар бойы жинаған білім қазынасынан оқушылардың жасына және өткендегі дайындығына сай келетін материалдарды таңдап алады.Химияны оқыту методикасы – жасөспірімдерге жан-жақты тәрбие беру үшін тәрбие теориясының қағидаларына сүйенеді.Химиядан білім берудегі оқу-танымдық міндеттер. Оқыту мен тәрбиелеу – бір-біріне байланысты екі үрдіс. Химияны оқыту үрдісінде оқушылардың жеке басының қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оны оқу – танымдық бірінші міндет деп санауға болады. Оқу – танымдық қызмет аса маңызды химиялық әрекеттерді меңгеруді көздейді. Мәселен, химиялық сынақ – тәжірибелерді орындай білу, заттарды талдауды, синтездеуді меңгеру, химиялық әртүрлі сарамандық іскерліктерді, дағдыларды игеру жатады.Оқу – танымдық екінші міндет интеллектуалды және сарамандық іскерлік. Химияны оқыту кезінде оқушылардың репродуктивті және продуктивті танымдық әрекеттерінің дамуы маңызды рөл атқарады. Оқушылардың танымдық қызметі проблемалық оқу кезінде аса нәтижелі дамиды. Осы кезде оқушылар проблемалық ахуалға белсене араласып, өз беттерінше жұмыс істейді.Оқу – танымдық қызметті дамытудың үшінші міндеті – оқыту құралдары мен оқыту әдістерін жұмылдыру.Оқу – танымдық қызметті дамытудың төртінші міндеті , оқушылардың дербестік және шығармашылық қабілеттерін күшейту. Химияны оқыту методикасының зерттейтін мәсеселері. Оқыту әрекетінің жеке бөліктері. Химияны оқыту методикасының зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті, Оқыту педагогика, дидактика және методика ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту – білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Методикалық тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі. Оқыту әрекетіне «мұғалім - оқушы», «оқушы – оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осылардың ішінде ең негізгісі – мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады. Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады. Методиканың зерттейтін тағы бір мәселесі – оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектептің алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр. Тәрбие беру және оқушыларды дамыту – орта мектепте оқылатын барлық пәндердің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәндердің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.
2.Химияны оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму туралы қысқаша деректер.Қазақстанда химияны оқыту методикасы ғылымының дамуы. Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге химиялық білім беру ісімен тікелей айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты.М.В. Ломаносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зерттханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі оқулығын жазды.Д.И: Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі және теориялық материалдарды енгізу, химиялық экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. А.М. Бутлеров (1828-1886) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазды.М.В. Ломаносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М. Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін құрайды.Химияны оқыту әдістемесі орта мектепке тұрақты оқу пәні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Бірте-бірте химияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептгегі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты зерттейтін көп салалы ғылымға айналды.1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Әдістемені зерттеу жұмыстары 50-жылдарды Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының химия кафедрасы, республикалық Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты жағынан аспирантура ұйымдастырылғаннан кейін жандана түсті.Қазақстанда химияны оқыту методикасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылық өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин – ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашников - химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсупова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова - химияны оқытуда оқушылардың IV – VI кластарда жаратылыстануда математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Педагогика мен мектеп сарамандығының дамуы қазіргі кезеңде пәнаралық сабақтастықты тиімді ұйымдастырудың, оқушыларға терең білім беру мен диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырудың пәрменді құралы ретінде танылып отыр. Зерттеу объектісінің аумақтылығы – аталып өткен жұмыстарға тән ерекшеліктердің бірі. Бұл еңбектерде зерттеліп отырған мәселелердің төңірегінде орта мектептегі химия пәнінің мазмұнын және оқыту әдістерін жетілдіру, оқушылардың тиянақты білім алуына жаңартылған мазмұнмен әдістерідің тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделген. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту методикасын жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда озат мұғалімдердің іс тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге методикалық көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворовтың «Химияны оқытудың социалистік құрылыстың практикасымен байланысы» (1940 ж), «Есеп – химияны оқытуды практикамен ұштастырудың негізгі құралы» (1940 ж), «Орта мектепте лабораториялық жұмыстар жүргізудің әдістері» (1941 ж) еңбектерін атап өтуге болады.
3.Химияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Химия курсының білім, тәрбие және дамыта оқыту мүмкіндіктерінің сипаты. Химия курсының мазмұны егеменді еліміздің оқу жүйесі жөніндегі орта мектепте жалпы білім берудің тұжырымдамасында анықталған. Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады. Химия пәнәнің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп түсінікті етіп беру. Қазіргі кезде оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту.Химияны оқыту дамытылған мәнде жүргізілуі керек, өйткені танымдық мүмкіндіктер, логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекеттерге байланысты. Химия курсының мазмұны жоғары идеялық-теориялық негізде оқытудың белсенді проблемалық әдістеріне сай, химиялық сынақ-тәжірибелерді жүйелі пайдалану, дидактикалық таным- тәсілдердің негізінде жүзеге асады. Ойлау, есте сақтау, эмоциялы сөйлеу, т.б. сапаларды дамытуды керек етеді.Химияны оқытуда пайдаланатын дидиактикалық материалдар мен үлестіріп беретін заттар, тәжірибелерді орындау оқушыларды байқампаздыққа, ұқыптылыққа, сезімталдыққа, жауапершілікке тәрбиелейді.Химиядан білім берудегі оқу-танымдық міндеттер. Оқыту мен тәрбиелеу – бір-біріне байланысты екі үрдіс. Химияны оқыту үрдісінде оқушылардың жеке басының қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оны оқу – танымдық бірінші міндет деп санауға болады. Оқу – танымдық қызмет аса маңызды химиялық әрекеттерді меңгеруді көздейді. Мәселен, химиялық сынақ – тәжірибелерді орындай білу, заттарды талдауды, синтездеуді меңгеру, химиялық әртүрлі сарамандық іскерліктерді, дағдыларды игеру жатады. Оқу – танымдық екінші міндет интеллектуалды және сарамандық іскерлік. Химияны оқыту кезінде оқушылардың репродуктивті және продуктивті танымдық әрекеттерінің дамуы маңызды рөл атқарады. Оқушылардың танымдық қызметі проблемалық оқу кезінде аса нәтижелі дамиды. Осы кезде оқушылар проблемалық ахуалға белсене араласып, өз беттерінше жұмыс істейді.Оқу – танымдық қызметті дамытудың үшінші міндеті – оқыту құралдары мен оқыту әдістерін жұмылдыру.Оқушылардың қызметін арттыруда теориялық материалдар мен асрамандық мәні бар материалдың бірлігін күшейту. Тарихи материалдардың мәнін арттыру, пәнаралық және пәнішілік байланысты күшейтіп, зерттеу әдістеріне көбірек көңіл бөлу. Оқу – танымдық қызметті дамытудың төртінші міндеті , оқушылардың дербестік және шығармашылық қабілеттерін күшейту. Сонымен қатар, химияны оқытуда мынадай жалпы міндеттері де шешіледі:
Химияны оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу;
Педагогикалық үрдістің жалпы заңдылықтарын химияны оқытудың наұты ерекшеліктеріне қолдану үрдісін зерттеу;
Химияны оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және керегінше қорытындылау;
Педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді оқыту үрдісінде қолдану және тәжірибеге енгізу тетігі мен әдістемемсін жасау. Сонымен, бұл міндеттерді шешу ғылыми негізделген, тәжірибеден өткен оқыту әдістері мен тәсілдерін мектеп өміріне енгізу басты міндет болып табылады. Осыдан келіп химияны оқытудың мынадай жеке міндеттері туындайды:
оқытуды ұймдастыру формаларын жетілдіру;
оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдарысын бағалаудың және оқыту әдістерін жеке тәсілдерін жақсарту;
оқыту үрдісінің тиімділігін тексеру;
мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
Сыныптан тыс жұмыстардың формаларын жетілдіру, жолдарын табу, т.б.
4. Орта мектептегі химия курсының мазмұны және құрылымы. Мектеп химия курсын құрудың ұстанымдары. Қазіргі мектеп бағдарламасының құрылымы, оның мазмұны және келешегі. 1. Мектеп химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары. Мектептік химия курсының мазмұны әр сыныпқа сәйкес келетін бағдарлама анықтайды. Оқулықта мектеп бағдарламасының көлеміндегі химиялық білімнің мазмұны жарияланады. Мектеп бағдарламасы мынадай ұстанымдарға сәйкес құрылады:ғылымилығы түсініктілігі жүйелілігі немесе бірізділігі тарихи ұстанымы теорияның тәжірибемен байланысы ҰСТАНЫМ дегеніміз – пәнді құруға және оқытуға негіз болатын қажетті ереже.ҒЫЛЫМИЛЫҒЫ – орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық дәлелденіпанықталған көзқарастар, деректер кіреді. Орта мектепте химия курсынан оқушылар алатын білім ғылым негізінде бұрмаланбай оқушылар санасына дәл, нақты жеткізілуі тиіс. Олар педагогтің қарапайымдалып, өнделген түрде берілсе де, ғылым негіздері болып табылатын нағыз ғылым туралы шын түсінікті қалыптастырады.ЖҮЙЕЛІЛІГІ /бірізділігі деп те атауға болады/ Оқу материалын бірінен бірі туындайтындай етіп, бірізділікпен оқыту керек. Тек жүйелі білім ғана оқушыға іс жүзінде пайда келтіреді. /Бұл принцип химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі.Зат –Химиялық элемент – Валенттілік – Химиялық формула – Химиялық реакция.Бұл ұстанымды жүзеге асырғанда танымдық процесс заңдылықтары – белгіліден – белгісіздікке, қарапайымнан – күрделіге қарай ескеріледі.Мысалы: «Химиялық элемент – атомның белгілі бір түрі», деп анықтама береді. Ал атом құрылысы өтілгеннен кейін «Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей атомдар түрі деп оқытылады. Жүйелілік ұстанымды ескергенде индуктивті және дедуктивті тәсіл қолданылады:ИНДУКТИВТІ ӘДІС – оқытудың алғашқы уақытында, оқушылардың теориялық базасы жоқ, уақытта жеке мәселеден жалпы мәселеге көшу, бақылау мен фактілерден қорытынды жасау әдісімен өтеді. Мысалы: «Оттек, Оксидтер, Жану» тақырыбын өткенде оқушылар оксидтердің жеке өкілдері мен танысады, ал оксидтер туралы білімді «бейорганикалық химияның қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылау деп аталатын 5 тарауда қорытындылап, бекітеді.ДЕДУКТИВТІ ӘДІС – жалпы мәселеден жеке мәселеге көшу тәсілі де қолданылады. 6-7 тарау «Периодтық заң және периодтық жүйесі, және заттардың құрылысы теориясынан кейін кез келген топқа сипаттама беріп, өкілінің қасиетін қарастыруға болады. ТҮСІНІКТІЛІГІ – оқу материалын оқушыға түсінікті етіп беру керек. Оқушы өзінің әлі келетінің меңгереді, бұл оның ақыл-ой өрісінің даму дәрежесіне сәйкес келеді(CuOH)2CO3 – малахит деп береміз, әйтпесе түсінбейді. KMnO4 – марганцовка.Оқу материалының түсінікті етіп берілуі көлеміне, ғылыми деңгейіне байланысты. Сондықтан кейбір ғылыми деректерді оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады. ТАРИХИ ҰСТАНЫМЫ Оқыту барысында заңдарды, теорияларды, ғылыми жаңалықтарды түсіндіру кезінде тарихи мәліметтер беріледі. Оқушылар тарихи материалдарды пайдавлана отырыпр, қарама-қарсылықтың қалай шешілгендігі, ғылыми жаңалықтың ашылу тарихымен таныса отырып, ұлы химиктердің ғылым қазынасына қосқан үлесімен танысып тәлім тәрбие алады.
5.Химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сэйкес химия пэнінің мазмүны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз-бүл бағдарламаларда эр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмүны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мүғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жүмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай қүрылды. Профессор П.П. Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мэні мойындалмады, оны тәжірбиеден оқушылардың өздері қорытып шығаруға тиісті болды.1923 жылы қабылданган жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін "табиғат" , "еңбек", "қоғам" деген қүрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік эрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бүрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздағы "Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тэртібі" туралы қаулысының маңызы зор болды. Бүл қаулыда жалпы білім беретін пэндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пэнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның түрақты бағдарламасын үсынды.Бүл бағдарлама жүйелілікке, үғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп қүрылды. Химияның негізгі үғымдары мен заңдарының анықтамалары тэжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия гылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.
6. Химиялық ұғымдар қалыптастыру. Мектеп химия курсындағы маңызды ұғымдардың сипаты. Ұғымдардың жіктелуі, химиялық ұғымдар қалыптастырудың маңызды кезеңдері. Ұғымдарды дамыту ұстанымын іске асыру.Химиялық ұғымдардың қалыптастыру бір мезгілдік нәрсе емес, олар пәнді одан әрі оқып – үйрену үрдісінде дамиды, жаңа белгілермен ұғымдар байиды, түсіндірілуі тереңдейді. Ұғымдарды қалыптастыру үш кезеңнен тұрады: бірінші әзірлік кезеңі, ол – қалыптастыратын ұғымның тірегі; екінші кезеңде ұғымның алғаш қалыптасуы іске асырылады; ал үшінші кезеңде ұғымды кейінгі таным үрдісінде қолданумен және көлемі мен мазмұны бойынша оны дамытумен сипатталады. Орта мектептегі химия курсын оқытуда ұғымдар қалыптастыру теориясының дамуына атақты орыс химигі - әдіскер В.Н.Верховский елеулі еңбек сіңіреді. Көптеген әдістемелік еңбектердің авторы С.Г.Шаповаленко химиялық ұғымдарды қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосты. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында химияда бұрыннан қалыптасқан генетикалық байланыс ұғымын заттың құрылысы жөніндегі ұғымдар алмастырды. Атомның құрылысын зерттеуге баса назар аударылды, соның нәтижесінде кванттық – механикалық түсініктер теориясы пайда болды. Ол заттың ішкі құрылысын тереңірек зерттеуге баса назар аударды. Сөйтіп атом – молекулалық ілім, құрамның тұрақтылық заңы, массанын сақталу заңы, органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы т.б. пайда болды. Химияны оқыту, білім беру және тәрбиелеу мақсаттарының бірі – оқушыларға химияны саналы, жүйелі әрі баянды меңгерту. Ол ұғымдар жүйесін дұрыс меңгеру байланысты. Ұғым мен ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Елеулі белгілер заттарды сипаттауға және оны танып – білуге мүмкіндік береді. Заттардың елеусіз белгілері оны басқа заттардан айыруға және танып – білуге мүмкіндік бермейді. Химияда «зат» деген ұғымының мәні аса кең әрі терең. Бұл жөнінде дұрыс түсінік беру үшін оны ең жақын «туыстық» түсінікке жақындататын анықтама беріп, басты белгілерін көрсету керек. Химияны оқытудың келесі кезеңінде заттардың құрамы мен құрылысын таныстыру көзделеді. Барлық заттар өзгеріске ұшырайды, табиғатта өзгермейтін зат жоқ екенін білу арқылы оқушылардың дүние танымдық материалистік көзқарастары қалыптасады. Табиғат үнемі жаңарып, дамуда сан өзгерістері сапалық өзгерістерге айналады, ол заттың құрамы мен құрылысының өзгеруіне әкеліп соғады. Ол өзгерістер «химиялық құбылыс» немесе «химиялық реакция» деп алып, жаңа ұғымдар береді. Сонымен қатар заттың ұсақ бөлшектері молекула, одан ұсақ бөлшектер атомдар туралы мағұлмат беріледі. Молекула әр түрлі атомдардан құралған күрделі затты түзеді деп қарастырады. Осыдан кейін «қоспа» және «таза зат» ұғымдарына қайта оралып, күкірт пен темірден түзілген күкіртті темір, ал ол күкірт пен темірден қосылу реакциясының өнімі – молекуланың бір түрінен құралған таза заттармысалы екенін айтуға болады. Осы мысалдар арқылы «қоспа» мен «химиялық қосылыстың» арасындағы айырмашылықты ажырата білуге болады. Химиялық реакция нәтижесінде шыққан жаңа заттар алғашқы алынған бастапқы заттарға қасиеті жағынан ешбір ұқсастығы болмайды. Осы ұғымдардың негізінде, химиялық «элемент» жөніндегі жаңа ұғым пайда болады. Заттың бәрі бірдей молекуладан құралмайды деген түсінік беру кинетика заңдарына қайшы емес, қайта оның мазмұнын толықтыра түседі. Ұғым – бұл пән мен құбылыстың бейнелеу формасы, олардың өмір сүру белгілері мен қатысты. Ұғымның мазмұнын сөз арқылы түсіндіріледі, ол – ғылымның шартты белгілері. Көптеген химиялық ұғымдарды бір – бірінен шатастырып алмау үшін оларды жүйелеу – жіктеудің маңызы өте зор. Дегенмен нақтылап айтсақ осы уақытқа дейін химиялық ұғымдарды жүйелеп – жіктеуде бірыңғай әмбебаптық жоқ. Химиядан сабақ беру кезінде логикалық және дидактикалық ұғымдар жұйесі кеңірек қолданылады. Ұйымдарды химиялық әдістемелік жағынан жүйелеуге талпынушылық бар. Ол оқылатын нысанға және оқыту ерекшеліктеріне сәйкес химиялық мазмұнына қарай жүргізіледі. Олар берілетін химиялық білімнің салалар негізінде: бейорганикалық, органикалық аналитикалық технологиялық геохимиялық биохимиялық т.б. болып жасалуда. Ұғымдарды қалыптастырудың бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: 1. кезеңде заттар мен әр түрлі құбылыстарды тікелей байқау және пайымдау. Нақты заттардың мысалдармен танысу: оттек, сутек, т.б. Затарды оқу арқылы «зат», «заттың қасиеті» жөніндегі мәліметтерді жүйелеу. 2. кезеңі – заттар туралы теориялар мен белгілі заңдылықтарды пайдалану кезіндегі анықтамалық материалдарды қолдана ббілуге назар аудару.3. кезең – заттар жөніндегі жеке ұғымдарды, басқа ұғымдарды түсіндіру кезінде пайдалану.4. кезең – химияның алғашқы ұғымдарын, күрделі ұғымдарды түсіндіруге және дүниетанымдық көзқарастарды нақтылай көрсету кезінде қарастыру. Сондай – ақ пәнралық байланыстарды пайдалану.
7. . Химия тілі –химия танымындағы құрал және әдіс, оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың маңызды құралы. Химия тілінің құрамдас үш бөлігі, оның маңызы. Методикалық әдебиеттерді оқыту құралдарына табиғи объектілер және олардың алуан түрлі бейнелері, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары мұғалімге арналған методикалық әдебиеттер жатқызылады. Осылардың соңғылары химиялық тілімен жазылады да, алғашқылары тіл арқылы білім көзіне айналды. Кейде химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі, оны тіркеп, заттандыратын таңбалар жүйесі болады. Білім сананың қызметі , ол бақыланатын , зерттелетін объектіге айналдыру үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен,химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі. Химия тілінің үш бөлігі бар. Химиялық тілдің бірінші бөлігі-ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер –ғылыми ұғымдардың атаулары. Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалаптасты. Мәселен , затпен байланысты заттың «қасиеттері», «құрамы», «құрылысы», «жіктелуі», «алынуы» және басқа толып жатқан терминдер қалыптасты. Әдетте бір ұғым бір ғана терминмен беріледі, мағынасы шектеулі келеді, теориялық тұжырымдамаларға тәуелді түрде өзгереді.Химия тілдің екінші бөлігі – химиялық номенклатура , заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелік , ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі. Жүйелік және халықаралық номенклатура химиялық символикағанегізделеді.
Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Оқулықтарда, кейбір методикалық әдебиеттерде химиялық тілге символика ғана жатқызылып келді. Химиляқ символика-халықаралық шартты тіл. Жүйелік номенклатура және химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді.Химиялық терминология, номенклатура, символика және оларды сөйлемге,текске біріктіретін ұлттық тілдің сөздері арқылы оқушыларға білім беріледі. Ол жаңа материалды дәріс түрінде айту үшін, әңгімелеу үшін пайдаланылады, зертханалық тәжірибелер жасау, тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсету кезінде оқушылардың бақылауын, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың нәтижесін қортындылауға негіз болады. Сондықтан болу керек химиялық тіл химияны оқыту әдісіне жатқызылады. Химиялық тіл арқылы оқушылардың алған білімі бір жүйеге келтіріледі,қорытындыланады, есепке алынады және бағаланады. Химиялық тіл- оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу,тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады. Химияның қоғам өміріндегі маңызын,экологиялық мәнін түсінеге мүмкіндік береді. Жаңа бағдарламада оқушылардың жеке кластарда алуға тиісті білімі мен біліктеріне қойылатын негізгі талаптар:
Оқушылар элементтердің химиялық символдарын білуі керек.
Оқушылар химиялық формулалар мен теңдеулердің мағынасын түсіндіре білуі керек.
Валенттілікке сүйеніп, екі элементтен тұратын қосылыстардың формулаларын құрастыра білу
Металдардың және қышқыл қалдықтарының валенттіліктері бойынша негіздердің және тұздардың химиялық формулаларын құрастыра білу
Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздарды атай білу.
Электрон қабаттарындағы электрон сандарын көрсетіп, атом құрылысының сызбанұсқасын сыза білу
Қосылыстың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай білу
Өтілген тотығу- тотықсыздану реакцияларының негізінде электрон балансын жазып, химиялық теңдеу құру
8. Химиялық есептер –химияны оқытудың бір құралы. Химиялық есептер түрлері. Сан есептерінің оқу тәрбиелік маңызы, олардың жіктелуі. Оқу жылына орай оқушылардың есептеу біліктерін үйренуіне қойылатын талаптар. Мектеп курсындағы химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің біріне саналады. Сан есептері химияның ғылым ретінде қалыптасуына алғашқы зерттеулерде қолданылғаны белгілі. Есеп шығару – оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы. Оқу үрдісінде есептер шығару химияны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарау керек, өйткені есеп шығару химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды қалыптастырып, байытуға оқушылардың химиялық ойлауын өрістетуге, білімдерін іс-жүзінде қолдануға, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік, т.б. қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: а) жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды ұйрету; ә) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; д) политехникалық ұстанымдарын іске асыру; е) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады.Есеп оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Мектеп курсында химиялық есептер негізгі екі топқа бөлінеді:Сан есептері;Сапалық және сынақтық тәжірибелік есептер;
Бұларды шығару үшін химиялық тәжірибелер пайдаланылады; бұл химиялық тәжірибелердің кейде зерттеу сипаты да болуы мүмкін. Сапалық және сынақ-тәжірибелік есептердің типтері: Сынақ-тәжірибелік есептердің негізгі типтері мынадай:
Химиялық құбылыстарды байқау және оны түсіндіру;
Заттарды алу;
Химиялық заттарды бірінен-бірін ажырата білу;
Берілген заттарда қоспаның бар екенін анықтау және затты қоспадан тазарту;
Заттардың өздеріне тән реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеттері мен құрамын анықтау;
Заттар мен құбылыстарды типтерге және жеке кластарға жатқыза білу;
Берілген мөлшердегі ерітінділерді даярлау;
Сынақ-тәжірибелік сан есептері;
Химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.
Сынақ тәжірибе есептерін оқушылардың таным әрекеттерінің сипатына қарай күрделендіріп те немесе жеңілдетіп те беруге болады. Ол мұғалімнің қолындағы әдіс. Кейбір авторлар сынақ-тәжірибе есептерінің түрін аналитикалық тәсілдерді пайдалану арқылы шамадан тыс көбейтіп жүр, оның қажеті жоқ. Сынақ-тәжірибе есептерін шығарудың тәсілдері де көп, бірақ логикалық тәсілдер талдау мен синтез индукция мен дедукция, салыстыру, қорытындылау, жүйелеу, дерексіздендіру, т.б. кең пайдаланылады. Орындайтын жұмыстар белгілі жоспар бойынша жүргізіледі. Химия бағдарламасында оқулықтарда қосымша әдістемелік әдебиеттерде сынақ – тәжірибе есептерінің кейбір түрлері қарастырылған ол түзетулер мен толықтырулар ендіруді қажет етеді. Сынақ-тәжірибе есептерінің ең жиі кездесетін кейбір типтері әдістемелік әдебиеттерде бар, мұғалім соларға арқа сүйеуі керек.
9..Химияны «оқыту әдістері» ұғымы, оларды жіктеудегі дидактикалық көзқарас. . Химияны оқытудағы индуктивтік және дедуктивті әдістер.Мысалдар келтіп дәлелде. Оқыту әдістері дегеніміз – «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-рекетінің үйлесу түрлері, тәсілі». Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері «мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдердің жиынтығы».Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі. Жалпы әдіс оқушының таным-әрекетінің сипаты бойынша:1 түсіндірме – иллюстративті 2 іздестіру (эвристикалық) 3 зерттеу әдістеріне тарамдалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі әдістер тобы және сөз - көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады. Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.
10. Химияны оқытудың сөздік әдістері, Әңгіме және оның құрылымы. Әңгіме өткізудің әдістемелік ережесі мен амалдары. Әңгімелесу,оған қойылатын талаптар. Сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс, әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс. «Сөз әдістері» - тарихи қалыптасқан термин, оны «ғылыми тілге негізделген әдістер» десе жөн болар еді, өйткені білім жеке сөзбен емес тұтасынан алынған тіл арқылы беріледі. Сөз – көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу;б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс;Сөз – көрнекі – сарамандық әдістер тобына:а) оқушылардың үлестіріліп берілген материалдармен жұмысы;ә) химиялық тәжірибелер орындау;б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;в) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады; Оқу материалының мазмұнына қарай суреттеу, түсіндіру немесе мәселе тұрғысынан сипатты болуы мүмкін. Оның құрылымы үш бөліктен тұрады: кіріспе, баяндау және қорытынды.Кіріспе бөлімге кіретіндер: мәселе қою, баяндаудың мақсатын және маңызың түсіндіру арқылы оқушылардың ынтасын және ықыласың тудыру.Мәселенің жеке бөліктерің және бояндау жоспарын хабарлау.Баяндау бөлімі: жоспарға сәйкес ретімен баяндау. Мұғалім алдымен әр мәселені сұрақ түрінде қойып, оқушылардың назарын аударады, содан соң баяндайды, оқушылардың қалай қабылдағанын, түсінгенін бақылайды және бекітеді. Әр мәселе айтылған ретпен баяндалған соң ғылыми мәліметтердің өмірдегі, өндірістегі, социалистік құрылыстағы маңызы көрсетіледі.Қорытынды бөлімде баяндалған материал қорытылады және жүйеге келтіріледі.Суреттеу, түсіндіру және мәселеге негізделген әңгіме кезінде оқушылардың таным әрекеті әр түрлі жүзеге асады. Мәселеге негізделген әңгіме іздестіру әдісіне жақындайды, оқушылар білімнің алыну тәсілімен мына сызба нұсқа бойынша танысады: қайшылық жағдай туатын мәселе – шешу жолдарын қарастыру я гипотеза – оны дәлелдеу жолы – шешу – қорытынды. Мәселен, метанның электрондық құрылысымен таныстыратын мәселе негізінде әңгіме ек қайшылықты шешу арқылы жүзеге асырылады. Бірінші қайшылық көміртегі атомының құрылысы туралы оқушылардың білетіні мен метан молекуласының сандық құрылымы арасында туады. Көміртегі атомының электрондық құрылысына қарағанда сутегімен қарапайым қосылысының формуласы СН2 болуы керек, бірақ ол – СН4. Демек, көміртегі атомының сыртқы қабатындағы жұптасқан электрондар ковалентті байланыс түзуге қалайша қатысады? Бұл мәселені шешу үшін көміртегі атомының қалыпты және қозған күйі деген ұғымдар енгізіледі, олардың әрқайсысы символикалық сызбанұсқалар, электрон-толқындық модельдер арқылы көрсетіледі.
Әңгімелесу. Диалогтық (екі жақты) баяндауға жатады. Әдістің мәні – мұғалім сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайтарады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Баяндалғалы отырғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы кластардан, басқа пәндерден, өмірден және т.б. таныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сипаты және мақсатына қарай бұл әдіс хабарлама, эвристикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі. Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар:1.Әңгімелесудің мақсатын, негізгі міндетін оқушыларға жеткізу, белсенді қатысуға ынталандыру;2.Әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу және жіктеу, қойылу ретін және тұжырымдалуын ойластыру;3.Негізгі және қосымша сұрақтардың ара қатынасын анықтау;4.Жоспарланған сұрақтар бойынша әңгімелесу, кластағы оқушыларды жаңа білім алуға ұмтылдыру, үнемдеу;5.Әңгімелесудің мақсатынынан ауытқымау, уақытты үнемдеу;6.Әңгімелесудің нәтижесін жинақтап, қорытынды жасау.
11. Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу.Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру. Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар. Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:
• белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;
• білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.
12. Көрнекі көрсету эксперименті, оған қойылатын талаптар . Тәжірибені көрнекі көрсетудің әдістемесі. Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың сарамандық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Бұған негізінен оқушылар сынақ тәжірибесі, зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, сан есептері мен жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау жатады. Мұның бәрі – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау. Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі:
Заттар мен әрекеттер (заттар, құралдар, құбылыстар);
Көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақпішіндер);
Бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильдер);
Графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар);
Символикалық көрнекі құралдар.
Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер – көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері – сөз әдістері деп аталады.Сөз – көрнекі әдістер ішінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді көрнекі көрсету (көрнекі көрсету эксперименті). Ол: 1) оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделілігі; 3) эксперимент «қауіпті» болғанда; 4) аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу және құрал-жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады. Оқу-тәрбиелк міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке мынадай талаптар қойылады:
Көрнекілік – көрнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрінуі үшін арнаулы көрнекі көрсететін үстелде және үстелшеде, ірі ыдыстарда жасалады. Жасанды жарық, экран – кодоскоп қолданылады.
Қарапайымдылық – тәжірибе жасалатын құралдардың құрылысы күрделі болмағаны жөн, егер құрал күрделі болса, оқушылардың назары бөлінеді, құбылысты бақылауға кедергі жасайды.
Қауіпсіздік – көрнекі көрсетілетін тәжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болуы керек. Улы заттар түзілетін, қопарылыс беретін тәжірибелерді алдын-ала дайындауға, сақтық шараларын ескеруге жете көңіл бөлінуі керек.
Сенімділік – тәжірибе міндетті түрде шығуы тиіс. Күмәнді болған жағдайда мұғалім алдын – ала ескертуі керек.
Түсіндіру – көрнекі көрсетуді түсіндіру көрнекілікті сөзбен ұштастыру әдістері тұрғысынан шешіледі, ол көрнекі түсіндіру немесе зерттеу сипаты болуы мүмкін.
Осы талаптарға сәйкес тәжірибелерді көрнекі көрсетудің методикасы.
Тәжірибенің мақсатын хабарлау (немесе мәселе қою). Оқушылар тәжірибенің не үшін қойылатынын, нәтижесінде неге көзі жететінін анық түсінуі керек.
Құралды сипаттау, тәжірибенің жағдайлары, заттардың сипаттамалары.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастыру. Мұғалім нені қалай бақылау керегін түсіндіреді, реакцияның белгілеріне көңіл аударады.
Қорытынды және теориялық негіздеу.
Көрнекі көрсету тәжірибені білім, тәрбие беру және дамыту қызметін сөзбен ұштастырылу тәсіліне тікелей байланысты оның 4 түрлі болуы мүмкін:
Білімнің көзі тәжірибе, мұғалімнің сөзі оқушылардың өздігінен бақылауын бағыттайды;
Екінші жағдайда да білім тәжірибеден алынады, мұғалім құбылыстың тікелей бақыланбайтын жақтарын түсіндіреді, ол үшін оқушылардың бұрыннан бар білімін ескереді;
Сурет бойынша түсіндіру әдісі. Мұғалім алдымен сөзбен түсіндіріп, растау үшін тәжірибе көрсетеді.
Сурет бойынша түсіндіру әдісінің екінші жағдайында мұғалім көрнекі көрсету арқылы түсіндіріп, құбылысты оқушыларға белгілі теория тұрғысынан сипаттайды.
13.Зертханалық жұмыстар-мақсаты жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып-үйрену сабақтарында жасалады. Зертханалық тәжірибелер – тақырыпты меңгеруге және нақты білім алу мақсатында сабақтың кез-келген кезеңінде орындалатын химиялық экспримент сипаттайтын өздік жұмыс түрі. Сондай-ақ зерханалық тәжірибелер кезінде оқушылардың жеке жұмыстануына байланысты, эксперименттік ептілік пен дағды дамиды. Практикалық жұмыстар – тақырыпты немесе таруды аяқтағаннан кейін белгілі бір сабақта оқушылардың өз бетінше орындайтын химиялық тәжірибелер. Сарамандық сабақтың мақсаты- химиялық эксперимент жасау, химиялық реактивтерді қолдана білу арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын жетілдіре түсу, пысықтай түсу және алған дағдыларын тексеру. Практикалық жұмыс алынған білімді бекітуге және дамытуға, сонымен қатар эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруға және дамыта түсуге көмектеседі. Мектеп бағдарламасында жеке тақырыптар бойынша міндетті сарамандық сабақ өткізу қарастырылған, олар оқулықтың соңында берілген.Сарамандық жұмыстар 8-кластан бастап жүйелі түрде жүргіледі. Олардың тізбесі бағдарламада жеке тақырыптар бойынша берілген. Химялық эксперементтің сапасы мен тиімділігі мұғалімнің даярлығы мен ұйымдастыруына және оқушылардың әзірлігімен, зертханашының көмегіне байланысты.Мұғалімнің эксперементке дайындығы оқу-тәрбие үрдісінің міндетімен анықталады. Химияны оқытудың тиімділігі оқу материалын жоспарлаумен тығыз байланысты. Химялық эксперемент жоспарланады. Ол үшін оқу жылының басында оқу бағдарламасының перспективті жоспарында демонстрация, зертханалық тәжірибе, сарамандық сабақ, эксперементтік есептер шығару кезектілігі тақырып бойынша белгіленеді. Оқушылар меңгеретін эксперементтік білік дағдылары, кластан тыс жұмыстар кезінде бағдарламадан тыс орындалатын эксперементтің түрлері анықталады. Күні бұрын әрбір демострациялық эксперементті жасап көру керек, орындау техникасына жаттығып, реактивтердің сапасына көңіл аудару керек, қажет жағдайда реактивтерді алмастырып, приборларды түзету керек. Эксперементке әзірлік кезінде карточкаларды қолдануға болады. Олар тәжірибеге кере мағлұматтарды енгізеді: құралдың аты, реактивтер, керек жарақтар бір жағына, ал прибор суретін, құрылғы схемасы басқа екінші бөлігіндн болады. Бұлар жақсы сақталу үшін оны цаллофан канвертке салып немесе дәптердің екі бетіне жасап содан кейін картон немесе қатты қағазға клейлеп қояды.Бұл карточкалар эксперемент даярлаушы (демострация, зертханалық жұмыс, сарамандық сабақ және эксперементтік есептер) зертханашыға қажет, ал мұғалім оның жұмысын тексереді. Оқушылардың дайындығы дегеніміз олардың үй тапсырмаларын орындауы, оқулық бойынша эксперименттік жұмыстың теориялық мазмұнымен танысу жұмысты дұрыс атқару үшін кажет дағдылары мен білімді қайталау Оқытушының негізгі көмекшісі - зертханашы. Зертханашы оқытушы секілді темір ұстасы, , болатшы, ағаш шебері, қатырма істері бойынша жұмыс дағдыларын білу қажет. Ең бастысы, әйнек өңдеу, дайын бұйымдарды құрап жинауға байланысты жұмыстардыбілу қажет.
14. Жалпы білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін шешуге білім мен біліктілікті тексерудің ролі. Білімді, біліктілікті және дағдыны тексерудің әдістері мен амалдары. Білімді бағалаудың объектілігі. Бағаның тәрбиелік мәні. БIЛIМ МЕН БIЛIКТI ТЕКСЕРУДIҢ ОҚУ-ТӘРБИЕЛIК МАҢЫЗЫ. Оқытудың нәтижесiн шығару-оқыту барысындағы аса маңызды бөлiк. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдiстерi және ұйымдастыру фортексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрiздi бiлiм мен бiлiктi тексеру де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейдi. Оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексеру арқылы мұғалiм өз iсiне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жiберген кемшiлiктерiнiң себебiн ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына , ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдiстерiне өзгерiстер енгiзедi, жетiлдiредi. Бiлiмi мен бiлiктi күнделiктi , тоқсандық жылдық және қортынды тексеру арқылы оқушылар кластан класқа көшiрiледi, мектеп бiтiру емтихандарында сыналады. Ата- аналар балаларының үлгерiмi жөнiнде хабар алады. Әр оқушының жетiстiгi ата-анасын қуанышқа кенелетiн болса, кемiстiгi жiне артта қалуы дер кезiнде шаралар қолдануға мүмкiндiк жасайды. Сонымен оқушылардың бiлiмiн, бiлiгiн және дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алғанда бақылау, үйрету, бағдарлау, және тәрбиелеу мiндеттерiн атқарады. Мұғалiм оқытудың әр кезеңiнде оқушылардың өтiлген материалды қалай меңгергенiн бақылайды.Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтiлген жеке тақырып бойынша әр оқушының бiлiмi нақтылы анықталады. Тексеру жүйелi және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиiс . Тексеру үшiн қажеттi дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдiстерi мен түрлерi материалдың мазмұнына сәйкес алдын- ала әзiрленедi. Тексерудiң оқушыларды ынталандыратын, өз күшiне сенiмiн арттыратын сипаты болуы керек. Оқушылар тексерудiң қажеттiгi мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейiн көтерiлiп, өзiн-өзi бақылайтын, өз iсiне сын көзiмен қарайтын күйге келуi тиiс. Iзгiлiк пен демократияландыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бiрi.Тексерудiң түрлерi мен әдiстерi әр мұғалiм жүзеге асыра алатындай қарапайым және оңтайлы болуы керек. Сонымен бiрге бiлiмдi тексеру мен бағалау кезiнде ақиқаттан алыстамаудың әдiлеттiлiк пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелiк маңызы зор екенiн айрықша айтпаса болмайды. Методикалық әдебиеттерде оқушылардың бiлiмi мен бiлiгiн тексерудiң дидактикалық мақсаттарына қарай күнделiктi, дүркiндi және қортынды тексеру деп жiктейдi. Күнделiктi тексеру жеке сабақтарда , дүркiндi тексеру бiр тақырыпты өткен соң, қортынды тексеру тоқсанның соңында , жыл аяғында жүзеге асырылады. Бұлардың әрқайсысы өткiзу әдiстерi немесе бiлiмiнiң алыну формасы бойынша ауызша сұрау, жазба жұмыстар және эксперименттiк тапсырмаларға бөлiнедi. Бұлардың өзi одан әрi жекелеп сұрау, топтық сұрау және жаппай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзiмдi бақылау жұмыстары, ұзақ мерзiмдi бақылау жұмыстары , жазбаша үй тапсырмасы, жеке дара көрнекi көрсету эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жұмыстары, үй экспериментi болып тарамдалады. Бiлiм мен бiлiктi тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп жiктеледi, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, сұрақтар тiзбесi, билеттер, электрленген кестелер, құралдар, модельдер, сызбанұсқалар, т.б. Осы кездегi педагогикалық және методикалық әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексеруге тиiстi бiлiктер мен дағдыларды үш топқа бiрiктiруге болады. Бiрiншiсi –оқу жұмысын ұйымдастырумен байланысты бiлiктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс iстей бiлу; беретiн жауабының жоспарын жасау ; айтқанын дәлелдей бiлу, өзiн-өзi бақылау және талдау. Екiншiсi –оқушылардың даму өрiсiн көрсететiн қисынды бiлiктер мен дағдылар: анализ және синтез жасай бiлу; салыстыру; жiктеу;жалпылау; негiзгiсiн таба бiлу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай бiлу, оны дәлелдеу, қортындысын шығару. Үшiншiсi-еңбек iстей бiлумен байланысты бiлiктер мен дағдылар: еңбек iстей бiлумен байланысты бiлiктер мен дағдылар: еңбек iстеуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана бiлуi; реактивтермен жұмыс iстей бiлуi, сақтық шараларын орындауы; тәжiрибе жасау техникасын меңгеруi; құбылыстарды бақылай бiлуi; бақылауды тiркеп жазуға икемдiлiгi; уақытты тиiмдi пайдалануы, жұмыс орының тазылығы. Бағалау кезінде оқушылар жауабының сапалық көрсеткіштері ескеріледі, олар: тереңдігі, толықтылығы, саналылығы, жіберген қателіктерінің саны мен сипаты. Оқушы жауабының тереңдігі теориялық деңгейінен көрінеді. Оқушылар минералды қышқылдардың қасиеттерін-электролиттік диссоциациялану, органикалық қышқылдардың қасиеттерін электрондық теория тұрғысынан түсіндіре білу керек. Біздің бақылауларымызға қарағанда мектеп бітірушілердің кейбіреулерінің білімі атом-молекулалық деңгейінде калып қояды. Оқушы жауабының саналылығы алған білімінен, қолдана білу дәрежесінен байқалады. Оқушы білімінің толықтылығ бағдарлама деңгейімен анықталады.
15. Оқушылардың білімі мен білігін ауызша тексеру, оған қойылатын талаптар. Ауызша сұрау, оның жетістіктері мен кемшіліктері. Мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптарына қойылатын талаптар.Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай сұраудан тұрады. Ауызша сұрақ қоюдың артықшылығы мұғалім оқушының жауабын көзбе - көз тындап, талдайды және бағалайды. Әр оқушының дара ерекшеліктерін, қабілетін, есін, ынтасын, ойлауын, сөйлеу мәнерін жетік біліп алуына мүмкіндік туады. Ауыша сұрау білімді тексерудің барынша қиын түрі болып есептеледі, себебі оқушылардың үй тапсырмаларын қалай дайындап келгеніне байланысты анықталады. Ауыша сұрау жеке дара жауап алу, қатарынан жаппай жауап алу, тығыздатылған (құрама) жауап алу болып белінеді. Қысқа мерзімді ауызша сұрау жаңа сабақты түсіндіруден бұрын тірек білімді еске түсіру үшін, сабактың соңында жаңа материалды бекіту үшін жүргізіледі. Ұзақ мерзімді ауызша сұрау белгілі бір тақырыптан оқушылардың алған білімін, қайталау пысықтау және тексеру максатын кѳздейді. Ауызша сұрақ қою кезінде ең маңызды әдістемелік мәселені және қалай сұрайтынын анықтау. Тәжірибесі аз мұғалімдер түсіндірілетін жаңа сабаққа қатысты болмаса да осының алдында ѳтілген сабақтың материалдарын сұрайды, окушылар еске сақтағанын ғана айтып беретін жалпылама сүрақтар қояды. Ауызша сұрау бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тиімділігін арттыратын әдістері бар. 1. Сұрақ қою, жауап беретін окушыны тыңдау. Сұрақ алдымен жалпы класқа беріледі, әр оқушы ѳзінің психикалық жағынан жауап қайтаруға әзірлейді. Бірінші сұрақты дайындауға уақыт аз бѳлінетіндіктен жауап беруге тәуір оқитын оқушы шақырылады. Ол тақтаға жетіп әзірленгенше сыныпқа екінші сұрақ беріліп, екінші оқушы жекелеп жауап беруге әзірленеді. Осылай, сұрақ жоспарына сәйкес, келесі оқушылар шақырылады, бірінші оқушы жауабын бастайды. 2. Оқушының жауап беруге әзірленуі. Сұрақтың мазмұнына сәйкес оқушы жауап беру жоспарын жасайды, тақтаға химиялық формулаларды, реакция теңдеулерін, есеп шығару амалдарын жазады. Тәжірибе жасау тапсырылған болса, қажетті реактивтерді, аспаптарды, әр оқушының эәзірлігін және сыныпты қадағалайды, қажет жағдайда ескертулер жасайды, сыныпқа арнайы тапсырма береді. 3. Жауапты тыңдау. Бұл- аузша сұрақ қоюдың ен жауапты және қиын кезеңі. Әдетте оқушылар тақтада жауап берген оқушыны зейін салып тыңдамайды, бос отырады немесе ѳзіне ұнайтын бірдеңелермен айналысып кетеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін мұғалім сыныпқа қалай тыңдау керектігін айтып, тапсырмалар береді: A) жауаптың жоспар бойынша жүйелі берілуін қадағалау; Ә) қандай ескертпелер және толықтырулар жасауға болатынын межелеу; Б) жауап туралы пікір айту; B) жауапқа баға беріп, неге олай бағаланғанын түсіндіру; Г) оқушының жауабын анықтай түсетін және толықтыратын сұрақтар қою; Д) тәжірибені дұрыс жасап, қорытындылау. Жолдасының жауабына пікір айту (б) күрделі жүмыс, пікірде жауаптың толықтығы, тереңдігі, дәлелділігі, есептің шығарылу тәсілі, тәжірибенің қалай қойылғаны талданады. Мұны жүзеге асыру үшін оқушы ѳз білімін басқа оқушының жауабымен салыстырып, айырмасын таба білуі керек. Бүған оқушылар біртіндеп үйретіледі. Жолдастарының жауабын бағалау да (в) оқушыдан парасатты, білімді және әділ болуды қажет етеді.
16. Оқушылардың білім імен білігін эксперименттік тексеру .Эксперименттік дағдыны тексеруге қойылатын талаптар.Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру. Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген экспериментік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген. Бұлардың оқушыларды қалай игергені көрнекті көрсету арқылы, тәжірибе жасату және зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқылы анықталады. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім кѳрсеткен тәжірибені білімін тексеру кезінде оқушы қайталайды, мұғалім мына мәселелеге қѳңіл аударады және бақылайды: тәжірибенің мақсатын білуін қажетті заттар мен жабдықтарды таңдап алуын, құрал құрастыруын, тәжірибе жасауын және құбылыстарды бақылауын, құбылысты түсіндіруін және химиялық тілмен жазуын.Қысқаша талдаудан кейін оқушының білігі мен дағдысына баға қойылады. Оқушылардың экспериментгік білігі мен дағдылары зертханалық тәжірибелер және сарамандық жұмыстар кезінде тексеріледі. Ол үшін мұғалім тәжірибенің мазмұнын талдап, оқушыларда болуға тиісті біліктер мен дағдылардың тізбесін жасайды. Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру және бақылау сарамандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма эксперимент есептері түрінде беріледі. Оқулық және оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар; 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық шешуі; 3) қажетті сызба - нүсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табуы және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті; 6) түсіндіру және қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жүмыс орнын таза үстауы; 9) жүмыс орнын тэртіпке келтіруі; 10) жазбаша есебі. Мүғалім келтірілген біліктер мен дағдылардың орындалу сапасын талдауға және зертханалық жүмыс кезіндегі бақылауларға сүйеніп, әр оқушының жүмысын бақылайды.
17. Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру. Оқушылардың білім мен білігін қорытып тексеру.Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру. Жазбаша тексерудің артықшылығы аз уақыт ішінде көп оқушының білімі мен білігін, химиялық сауаттылығын, алған білімін қолдану жайын анықтауға мүмкіндік береді.
Бір мезгілде ѳткізетін жазбаша тексеру арқылы оқушылардың ѳтілген материалды қандай дәрежеде меңгергені, жіберетін қателерінің мазмұны және кѳлемі анықталады. Жазба жұмыстарын жүргізгенде оқушылардың химиялық құбылыстарды сипаттай білуі, құралдардың аттарын және жұмыс істеу тәсілдерін білуі, химиялық символиканы, физика мен математикадан алынған шамалардың таңбаларын білуі, заңдардың және ұғымдардың анықтамасын, оларға сүйеніп есептеулер жасай білуі, деректерді түсіндіру үшін теорияларды пайдалануы, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты сызбанұсқа түрінде көрсете білуі, т.б. тексеріледі. Оқушылардың білімін жазбаша тексеру химиялық диктант, қысқаша мерзімді бақылау, ұзақ мерзімді бақылау, баяндама және шығарма түрінде жүзеге асырылады. Қысқа мерзімді бақылау жүмыстары (15-20 мин.) үй тапсырмасын тексеру үшін, жаңа материалды қабылдауға әзірлеу немесе оқушылардың оны қалай түсінгенін анықтау үшін, жалпы түрде айтқанда нақтылы материалдан оқушылардың білімін анықтау үшін жүргізіледі. Химиялық диктант, көбінесе, химиялық символикаға негізделеді. Оқушылардың бір ұғымды, мәселен валенттілікті, тотығу дәрежесін, химиялық номенклатураны, химиялық символдарды, формулаларды, теңдеулерді, т.б. қандай дәрежеде менгергенін анықтау үшін жаздырылады. Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау. Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қорытынды тексеру олардың білімін есепке (зачет) алу және емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Химиядан орта мектепте оқушылардың білімін есепке алу кѳп жылдардан бері қолданып келе жатса да әдістемесі нақтылы талданбаған. Ең алдымен әр сыныпта ѳткізетін сынақ санын және тақырыптарын анықтайды. Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмұны анықталады. Үшіншіден, оларды тексеретін сұрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бұған жай және мәселелі сұрақтар, сан және сапа есептері келтіріледі. Тертіншіден, материалдың мазмұнына қарай сынақ ауызша немесе жазбаша өткізіледі. Сынак кезінде белгіленген сұрақтар бойынша бір оқушы жауап береді, қалғандары тыңдап, түзетулер жасайды немесе бір сұраққа барлық оқушы жауап береді. Кейде, әсіресе, қорытындылау сабақтары кезінде 3-4 оқушы ауызша сұралады, 8-10 оқушы эксперимент есептерін, 8-10 оқушы сан есептерін шығарады. Бұл әдістердің әрқайсысының озіне тән артықшылықтары және кемшіліктері бар. Келтірілген әдістердің біріншісінде сұралғаннан басқа оқушылар белсенділік танытпайды, кейбір оқушылар ғана тексеруден өтетіндіктен көпшілік оқушылар жөнді әзірленбейді. Екінші әдіспен білім тексеруге уақыт коп кетеді, барлық сұрақты қамту қиынға түседі. Үшінші әдісте оқушы бір жағынан ғана тексеріледі. Мұның қайсысында болса да оқушының тақырыпты толық менгергені жөнінде нақтылы пікір айту мүмкін емес. Сондықтан тексеру әдістерін бір-бірімен шатастырып, түрлендіріп отыру керек. Сынақ оқушылар білімін есепке алудың басым түріне жатады, оны емтиханға айналдыруға болмайды. Әдетте, сынақ (зачет) алу 1-2 сағатқа созылады, сабақ үстінде өтқізіледі. Оқушыларды толық қамту үшін жартылай жазбаша химиялық диктант, бақылау жұмысы, жартылай әңгімелесу түрінде ѳткізілуі мүмкін. Химиядан мектеп бітіру емтихандары оқушылардың білімінің, білігінің дағдысының сапасын анықтап, мемлекеттік бақылау жасау үшін бірыңғай билеттер жүйесін қолдану арқылы өтқізіледі. Емтихан билеттерінде оқушылардың теориялық білімі (бірінші сұрақтар), химиялық элементерді және олардың қосылыстарын сипатай білу (екінші сұрақ), сан және экспериментгік есептерді шығару біліктері мен дағдылары (үшінші сұрақтар) тексеріледі. Билеттерде есептердің типі кѳрсетіледі, оларға сәйкес нақтылы есептерді мұғалімнің өзі таңдайды. Олардың мазмұны жергілікті материалдарға байланысты құралғаны дұрыс. Емтиханға әзірлену қорытынды қайталау, типтік есептерді шығару түрінде жүзеге асырылады. Мұнда химияның бір саласының ішіндегі, әр салаларының арасындағы (бейорганикалық химия, органикалық химия, жалпы химия) байланысты тудыруға, негізгі ұйымдардың даму сатыларын анықтауға және бір жүйеге түсіруге баса назар аударылады. Бақылаудың барлық түрлеріндегі оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын бағалау нормалары бағдарламада кѳрсетілген, соны басшылыққа алу керек. Бағалау кезінде оқушылар жауабының сапалық корсеткіштері ескеріледі, олар: тереңдігі, толықтығы, сапалылығы, жіберген қателіктерінің саны мен сипаты.
18. Сабақ-химияны оқытудағы басты ұйымдастыру формасы. Сабақтың жіктелуі, құрылымы. Химия сабағына қойылатын талаптар.Мектептегі оқу жүмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтіксабақтар, топсеруендер, сыныптан тысжұмыстар, ондірістік оқусарамандығыжәнет.б. жатады. Осылардыңішіндегі ең негізгісі - сабақ. Химияныоқытудың білім ментэрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі. Сабақ үгымының негізгібелгілері:оқушылардыңтүрақтықұрамымен, оқу жоспарына сэйкес жасалған сабақкестесі меноткізіледі; уақытыкесілімді - 45 минут; оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық міндеттерді шешеді. Ѳткізу эдістеріалуантүрлі. Кезкелген сабақмақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары жэнеэдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім ментэрбие беру жэне дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалықжэнеэдістемелікмақсаттарқойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктегенэлеуметіксұранысыбойыншаанықталады. Қазіргікездехалыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігінарттыруды,алғанбілімінѳздігіненжэнетворчестволықтұрғыдақолданабілугеүйретудіқажететіпотыр. Сабақтыңдидактикалықмақсатыоқытубарысыныңбуындарынасэйкесанықталады, оларғажататындар: а) оқушылардыжаңабілімдіқабылдауғадайындау; э) жаңабілімдіқабылдау; б) алынғанбілімдіқорытындылау; в) білімді бекітужэнежетілдіру; г) білімдіқолдану; д) білімдітексеружэнебағалау. Сабақтың эдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдардыжэнетеориялардынақтылайды. Химия сабақтарының жіктелуі Химияны оқыту эдістемесінің оқулықтарымен оқуқұралдарындахимиясабақтарытиптерге, түрлергежэненұсқаларғажіктеледі. Жіктеудің негізіретіндеоқытубарысыныңдидактикальщміндеттері, оқытуэдістері, материалдықмазмұны, оқушыныңтаным эрекетінің тэсілдеріалынады. Химиядансабақ беру эдістемесіндедидактикалықміндетібойыншахимиясабақтарын 5 типкебѳледі; 1) жаңа білім менбіліктіигеру (жаңаматериалдыоқыпүйрену); 2) теориялық білім менбіліктіжетілдіружэнеқолдану; 3) білімді қорыту жэнежүйегетүсіру; 4) бақылау-есепкеалу; 5) аралассабақтар. Ѳзгеэдістемелердесабақтың типі үшке дейін ықшамдалған. 1-тип. Жаңаматериалдыоқыпүйренусабақтары. Неғізгідидактикалықбуыны - оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандарысоғансэйкесжүзеғе асырылады.2-тип. Оқушылардыңбіліміменбілігінжетілдірусабакршры. Бүған оқушылардың алғанбілімінқайталаужәнебекіту, қорытындылаужэнежүйегетүсірусабактарыкіреді. 3-тип. Оқушылардың білімінжэнебілігінтексеру, есепкеалужэнебагалаусабақтары. Мүндажоғарыдакелтірілгеноқубарысыныңсоңғыбуындары (г, д) жүзеге асады.Химиясабақтарыныңкұрылымы. Эртипке жататын сабақтың озіндікқүрылымыболады, ол оқу барысы буындарынын озара байланысыбойыншаанықталады. С.Г. Шаповаленкожана білім, білікжэнедағдыкалыптастырусабақтары 4-5 боліктентүрадыдепесептейді. Олар; 1) оқушылардытүгендеу; 2) сабақтыңмақсатынайту, корнекті корсету жасау, зертханалық жүмыстаржүргізунемесесозэдістеріарқылыжаңаматериалдытүсіндіру; 3) үйгетапсырма; 4) баяндалға білімдік орыту, оқушылардың қалайтүсінгенінтексеружэнебекіту (сүрау, есепшығару). Жаңа сабақты түсіңдіру оқушылардыңкі таппеноздігіменістейтінжүмыстарыменүштастырылғандабесболіктентүрады.Қазіргіэдістемедеэртүрлі типі жэнеқүрылымы бар сабақтарғақойылатынжалпыталаптарбелгіленеді: 1. Сабақтың жалпыпедагогикалық, дидактикалық жэне әдістемелік мақсаттарын нақтылыайқындау;2. Сабақтың мазмұнындидактикалықнегізгесай, бағдарламажэнеоқушыларғасэйкестаңдап, химияғылымының соңғыжаңалықтарыментолықтыру; 3. Сабақтаѳтілетін оку материалынѳмірмен, ендіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығы ментығызұштастыружэнекэсіптікбағдарберетіндеректердіенгізу; 4. Сабақтың тэрбиелік эсерін арттыру. Оқушылардағылымикѳзқарасқалыптасуына, қоғамдағы ѳз орнынтабуына, табиғатыаялау, ізеттілік, басқа да адамгершілікқасиеттердіңорнығуынажэрдемдеседі; 5. Сабақ үстіндегі оқушылардыңбелсенділігінарттыру, ақыл ойын дамыту; 6. Пэнаралық байланыстыжүзегеасыру; 7. Сабақтыңэрбѳлігінтиімдіѳткізетінэдістердітаңдапалу, олардың дидактикалық, мақсаттарғажэне оку материалының мазмұнынасайкелуінқамтамасызету; 8. Оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарыныңүлесінартыру. Оқушылардыңжаппай, топтықжэнежекеістейтінжұмыстарыныңара-қатынасындэланықтап, тиімдіұйымдастыру; 9. Сабақтыңкұрылымындұрыстаңдап, эр бѳліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзегеасыру, уақыттыұтымды пайдалану; 10. Оқушылардың жаңаматериалдыигеруін, негізінен, сабақта жүзегеасыру, тапсырмасынбарыншаынгайлату, жұмысбастылықтыболдырмау; 11. Сабақта оқушылардың байыпты, ынталы жұмыс істеуінқамтамасызету.
19. Кластан тыс жұмыстардың манызы. Химиядан жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың түрлері, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін
айқындау;
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін анықтау және оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексеру.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік бередіЖетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.
20. Оқушылар білімін тест бойынша бақылау, оның жақсы жақтары мен кемшіліктері. Тесттік тапсырмалар құратыруға қойылатын талаптар. Тесттік тапсырмалардың түрлері.
Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау. Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады. Тестілердің түрлері: •Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу. •Арнайы қабілетті тестілеу. •Үлгерімді,тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер. • Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер. Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды. Тест құрастыруға қойылатын талаптар: • білім стандартына сәйкестігі; • қате жауаптарды енгізу; • дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек; • дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру; • бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі. Тест – ғылыми негізделген, бейімделген, кәсіби құрастырылған, күрделілігі мн орындау уақыты мөлшерленген, кең түрде байқаудан өтіп стандартталған, тапсырмалар жиыны мен нұсқауипатына, бағытына, мазмұнына байланысты тесттің әртүрлі түрлері болады. Тесттер-(ағылшын тілінде test-сынақ, тексерілген жұмыс)-зерттеу мағынасын білдіреді. Оны 1894жылы американ ғалымы Дж.Райс жасады. Тест арқылы оқушы сұрақтың жауабын жалпылыма емес, нақты білетін болады.
1.Толықтыру тест.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді, формуланы немесе индексін қойып жазуға болады.
Күрделі заттар: .........
Оксидтер:...................
Негіздер:....................
4.Таңдамалы тест
Тестін бұл түрінде оқушылар дұрыс жауабын таңдайды.
Сілтілік металдар қай топта орналасқан?
а) 7ә) 1 б) 2
KCO3-тегі хлордың тотығу дәрежесін жаза) +5 ә) +3б) +4
5.Сәйкестік тест
Бірінші бағанада сұрақтар, екінші бағанада жауаптар беріледі
Ең жеңіл газ Cl2
Сілтілік металл KCl
Лантаноид H2
6.Реттілік тест
Берілген сұраққа сәйкес ретімен жазады
Валенттігіне сәйкес жазыңыздар
Р, С, В, О, К
Қаныққан көмірсутектерді ретімен жазыңыздар
С4Н10, С3Н8, С5Н12, С2Н6, СН4
7.Аралас тест
Бұл бірнеше тесттен араласып құралған тест түрі
21. Химиядан оқу жұмыстарын жоспарлаудың міндеттері мен маңызы. Жоспарлаудың түрлері –жылдық және тақырыптық жоспарлар, сабақ жоспары. Тақырыптық жоспар жасауда мұғалімнің жұмысы.
Сабақтарды жоспарлау. Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар жэне эр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы эр тақырып сабақтарға болінеді, нэтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде эр сабақтың орны, озіндік келбеті анықталады. Қосымша эдебиеттер жэне эдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, эдістері мен қүралдары белгіленеді. Қазіргі эдістемеде жэне мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың эр түрлі қүрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту әдістемесінің сарамандық сабақтарында ѳтетін сабақтың уақыты, реттік номірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмүны (модельдеу), сан есептері, корнекі корсету және зертханалық эксперименттік ескертулер корсетілген. Студенттерге арналған эдістеменің тақырыптық жоспарында сабақтың реті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері жэне сан есептерінің типі, пэнаралық және пэн ішіндегі байланыс, корнекі құралдары қамтылады. Тақырыптық жоспардың барлық мектептерде қолданылатын біркелкі түрін үсынудың қажеті бола қоймас, ол мүғалімнің пайдалануына қолайлы, сабақтар жүйесінің алдын ала ескеруді қажет ететін аса маңызды мэселелерін қамтыса жеткілікті. Күнделікті жоспардың мазмүны сабақтың типіне, қүрылымына, қүралдары мен эдістеріне қарай іріктеліп алынады. Жаңа білім беру сабағының күнделікті жоспарында мыналар корсетіледі: 1) сабақтың тақырыбы; 2) Сабақтың білім мен тэрбие беру және дамыту мақсаты; 3) Пайдаланылған әдебиеттер;4) Құрал-жабдықтары; 5) Құрылымы: а) кіріспе бѳлімде тексерілетін үй тапсырмасы мен тірек білімнің мазмұны мен эдістері; ә) негізгі бѳлімде түсіндірілетін материалдың жоспары, ұғымдар, заттардың формулалары жэне кұбылыстардың реакция теңдеулері, тэжірибелер мен кѳрнекі құралдардың орны жэне пайдалану эдістері; 6) қорытынды бѳлімде үй тапсырмасының мазмұны, орындау, эдістері, жаңа білімді бекіту жэне қолдана білу үшін қойылатын сұрақтар, орындалатын жаттыгулар жэне ейептер, ѳздігінен істейін жұмыстар.
22. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны
Сабақты құруға қойылатын талаптар: 1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі. 2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы. 3. Идеялылығы мен ғылымилығы. 4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары. 5. Жаңа материалдар беру. 6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау. 7. Өмірмен байланыс. 8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық коммуникациялық құралдарын пайдалану. 9. Кітаппен жұмыс істеу. 10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы. 11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру. 12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік. 13. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы. 14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту. 15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту. 16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу) 17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру. 18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі 19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация. 20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру. 21. Сабақ өткізу қарқыны. 22. Мұғалімнің педагогикалық әдебі. 23. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті. 24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу. 25. Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс. 26. Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық. 27. Грамматиканы, лексиканы оқу. 28. Оқу техникасы. 29. Сөйлеу және жазу мәдениеті. 30. Көркем шығармаларды оқу. 31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.
Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
• бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
• бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;
• тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;
• негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;
• сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
• тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;
• сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
• сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;
• техникалық оқыту құралдарын тексеру;
• мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
• сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;
• білім, іскерлік, дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу; • білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті тексеруді жоспарлау;
• үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;
• сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;
• тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;
• сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады. Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уақытты мұқият талдайды. Жобалау - Бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.
Сабаққа дайындық мазмұны:
1. Сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.
2. Жеке сабақтарды жоспарлау.
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау.
4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.
5. Сабақ мазмұнын анықтау.
6. Білім беру әдістерін белгілеу.
7. Сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау.
8. Сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу.
9. Бекіту жаттығуларын дайындау.
10. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау.
11. Үй тапсырмасын түсіндіру.
12. Сабақтың жоспар конспектісін жасау. Сабақ жоспарында жазылатындар: 1.Күні.2.Айы,жылы. 3.Сыныбы.4.Тақырыбы.5.Мақсаты.6.Сабақ типі, құрылысы. 7.Оқыту әдіс-тәсілдері. 8.Көрнекі құралдар. 9.Өздік жұмыстар. 10.Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні. 11.Қойылатын сұрақтар.12.Үйтапсырмасы. Мұғалім оқу жадығатын жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жадығатын анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.
Сабақ жоспарының үлгісі:
• сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі;
• сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып;
• оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;
• сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;
• оқу материалының мазмұны;
• әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері
• сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
• үйге тапсырма.
Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко ... 298-бет)1. Нақты тұжырымдалған тақырып. 2.Сабақ мақсаты: а)дидактикалық; ә)тәрбиелік; б)дамытушылық. 23. Химиядан топсеруен. Химиядан топсеруен түрлері. Топсеруенді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Химиядан топсеруен түрлері. Кешенді топсеруен. Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен,өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырылады. Оқушыларға политехникалық білім,еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі. Топсеруен өткізетін обьектілер химия бағдарламасының талабына сай,жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады.Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химия өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады. Оларды мөлшермен алынған тізбесі мынадай болуы мүмкін. VIII класс. Оттегі алатын қондырғы.Тұз қышқылының өндірісі.Су тазалайтын станциялар. Дәріхана. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар және өлкетану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электростанциялары.IX класс. Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндіретіндер заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме,кірпіш және шыны өндіретін заводтар. Әк сөндіретін завод. Суыту мекемелері. Шойын,болат және алюминий өндіретін заводтар. Электрохимия өндірістері. Өрт депосы. Аналитикалық химия зертханасы. X класс. Мұнай және табиғи газ өңдейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық және гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы.Целлюлоза өндірісі. XI класс. Пластмасса,синтездік және жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермалары. Мектептің мүмкіндігіне қарай осы обьектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі,бір топсеруеннің мерзімі екі сагаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау,өткізу және қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатынын ұйымдастыру және танымдық жұмыстардың барлық түрлері,орындалу мерзімі,тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мұғалім топсеруен обьектісімен жан-жақты танысып,оқу тәрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды,технологиялық әрекеттерді,қондырғыларды дәл анықтап,олармен таныстырылудың методикасын анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешанді топсеруен бірнеше пәннен – химия,физика,география,биология,тарих,т.б. ұйымдастырылады.Мұнда бір обьект әр жағынан қарастырылып,оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады және уақыт үнемделеді.Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін ұйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады. Мәселен,оттегі өндірілетін цехқа топсеруен жасау үшін арнайы сабақта оттегін зертханаларда және өнеркәсіпте алу тәсілдері қарастырылады.Оттегі көп мөлшерде ауадан алынатыны,ол үшін ауаның құрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды пайдалану қажеттігі айтылады.Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен өткізіледі: 1) оттегі алатын шикізат және оны дайындау;2) оттегін алудың өндірістік барысы; 3)оттегінің қолданылуы; 4)өндірістік бақылау.Оттегін өндіретін цех машина залынан,газгольдер және газ толтыратын бөлмелерден,слесарьлық шеберханадан тұрады. Бұлардың құрылысы және жұмыс істеу негіздерімен танстырғанда топсеруен жүргізуші оқушылардың білімін,жас ерекшеліктерін ескереді. Ол үшін мұғалім топсеруеннің жетекшісімен алдын-ала кездесіп,түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алу қажет,бұл маңызды шарттардың бірі.Әдетте өндіріс маманы техниканың ұсақ мәселелеріне мұқият тоқталып айтады да,оқушылар жалығып,топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сондықтан топсеруеннің обьектісін мұғалімнің өзі түсіндіргені жөн. Топсеруеннің алғашқы нәтижесі келесі сабақта шығарылады.Мұғалім топсеруен обьектісі бойынша оқушылардың көоген білгендерін нақтылайтын сұрақтар әзірлеп келеді.Оқушылар өздерінің жазып алғандары бойынша жауап қайтарады.Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырады,қосымша мағлұматтар береді.Бұдан соң мұғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ,конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізеді.Оқушылар жазбаша рефераттар,баяндамалар,өндіріс сызбанұсқасын,макеттер,модельдер және басқа безендіру материалдарын әзірлейді,қабырға газетін шығарып,көрме ұйымдастырылады.
24.Химиядан факультатив сабақтардың білімдік –тәрбиелік мәні. Факультативтік курстардың мазмұны мен құрылымы. Факультатив сабақтардың түрлері және оларды ұйымдастыру.Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей,біріңғай бағдарламалармен оқытылған кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген құштарлығы,көбірек білгісі келетіні байқалып жүреді.Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.Бұлардың кәдімгі сабақтан айырмасы- тереңдетіп оқитын. Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Бірінші-орта мектепте өтілетін химия салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар:жалпы химияның негіздері, Органикалық заттардың құрылысы мен қасиеттері. Екінші- химияның халық шаруашылығында қолданылуына байланысты арнайы факультативтер: Өнеркәсіптегі химия , ауыл шаруашылығындағы химия, Химиялық анализдің негіздері. Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты,бағдарламасын, оқу құралдарын Білім министірлігі бекітеді.Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғары мектептің мұғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнерәсіп және ауыл шаруашылығы мамандары жүргізеді. Факультативтік сабақтар оқу кестесі бойынша өткізіледі, оларды мектеп басшылары бақылайды.Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша тыңдап алғанымен, үзбей қатысуға және үлгеруге міндетті.Мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі. Факультативтік сабақтар дәріс, әңгімелесу,оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, т.б. арқылы өткізіледі.Оқушылар өздігінен жұмыс ретінде рефераттар, баяндамалар мен кестелер әзірлейді, құралдар құрастырылады,анықтамалармен және ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттермен танысады.Факультативтік курстар оқу материалындағы өлкелік деректердің үлесін арттыруға, кәсіптік бағдар беру арқылы жергілікті қажеттіліктерді неғұрлым толық өтуге жағдайлар жасайды. Оқушылардың химия пәніне деген құштарлығы химиямен жеке танысуга талпыну кезінде айқындалады. Оқушы факультатив сабағында мектеп бағдарламасымен шектеліп қойады, олар химияға арналған ғылыми көпшілік әдебиеттерді, журналдарды оқиды, сабақтан тыс уақытта химия бөлмесінде, ал кейде үй зертханасында эксперимент жұмыстарымен айналысады. Химия пәнінен жүргізілетін факультативтерді негізінен үш топқа бөлуге болады.
1/Жоғары деңгейдегі факультативтердің мақсаты ол негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі, сондықтан да жеке сыныптар көрсетіліп,белгілі сағаттар бөлінген.
2/Қолданбалы факультативтер ауыл шаруашылығы мен химия өндірісінің негіздерін үйретуді көздейді.Химиялық талдау негіздерінен мағлұматтар береді.
3/Арнаулы курс факультативті химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды, бөлімдерді тереңдетіп қарастыруды мақсат етеді.
25.Химиялық есептер –химияны оқытудың бір құралы. Химиялық есептер түрлері. Сан есептерінің оқу тәрбиелік маңызы, олардың жіктелуі. Оқу жылына орай оқушылардың есептеу біліктерін үйренуіне қойылатын талаптар. Мектеп курсындағы химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің біріне саналады. Сан есептері химияның ғылым ретінде қалыптасуына алғашқы зерттеулерде қолданылғаны белгілі. Есеп шығару – оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы. Оқу үрдісінде есептер шығару химияны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарау керек, өйткені есеп шығару химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды қалыптастырып, байытуға оқушылардың химиялық ойлауын өрістетуге, білімдерін іс-жүзінде қолдануға, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік, т.б. қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: а) жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды ұйрету; ә) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; д) политехникалық ұстанымдарын іске асыру; е) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады.Есеп оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Мектеп курсында химиялық есептер негізгі екі топқа бөлінеді:Сан есептері;Сапалық және сынақтық тәжірибелік есептер;
Бұларды шығару үшін химиялық тәжірибелер пайдаланылады; бұл химиялық тәжірибелердің кейде зерттеу сипаты да болуы мүмкін. Сапалық және сынақ-тәжірибелік есептердің типтері: Сынақ-тәжірибелік есептердің негізгі типтері мынадай:
Химиялық құбылыстарды байқау және оны түсіндіру;
Заттарды алу;
Химиялық заттарды бірінен-бірін ажырата білу;
Берілген заттарда қоспаның бар екенін анықтау және затты қоспадан тазарту;
Заттардың өздеріне тән реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеттері мен құрамын анықтау;
Заттар мен құбылыстарды типтерге және жеке кластарға жатқыза білу;
Берілген мөлшердегі ерітінділерді даярлау;
Сынақ-тәжірибелік сан есептері;
Химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.
Сынақ тәжірибе есептерін оқушылардың таным әрекеттерінің сипатына қарай күрделендіріп те немесе жеңілдетіп те беруге болады. Ол мұғалімнің қолындағы әдіс. Кейбір авторлар сынақ-тәжірибе есептерінің түрін аналитикалық тәсілдерді пайдалану арқылы шамадан тыс көбейтіп жүр, оның қажеті жоқ. Сынақ-тәжірибе есептерін шығарудың тәсілдері де көп, бірақ логикалық тәсілдер талдау мен синтез индукция мен дедукция, салыстыру, қорытындылау, жүйелеу, дерексіздендіру, т.б. кең пайдаланылады. Орындайтын жұмыстар белгілі жоспар бойынша жүргізіледі. Химия бағдарламасында оқулықтарда қосымша әдістемелік әдебиеттерде сынақ – тәжірибе есептерінің кейбір түрлері қарастырылған ол түзетулер мен толықтырулар ендіруді қажет етеді. Сынақ-тәжірибе есептерінің ең жиі кездесетін кейбір типтері әдістемелік әдебиеттерде бар, мұғалім соларға арқа сүйеуі керек.
1.Орта мектепте химия курсы аса маңызды бастапқы химиялық ұғымдарды қалыптастырудан басталады.Химиялық элемент, химиялық реакция, зат бірімен бірі тығыз байланыты ұғымдар жүйесі. Зат ұғымы оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене ұғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасаған бірнеше физикалық денелер, әр түрлі заттардан істелген бір физикалық дене көрсетіледі. Мысал ретінде, шыныдан, карденнен, темірден, алюминийден және басқа металдардан жасалған, оқушыларға белгілі немесе таяудағы сабақтарда танысатын химия кабинетінің құрал жабдықтары көрсетіліп аталады. Нәтижесінде физикалық денелер неден тұрса соны зат деп атайды деген қорытындыға келеді. Заттарды бір бірімен салыстыру арқылы олардың қасиеттеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды. Ары қарай, заттардың қасиеттерін зерттеу таза зат және қоспа ұғымына әкеледі, қатты мен сұйық заттардың қатты және сұйықтағы еритін немесе ерімеитін қоспалары көрсетіледі. Соның нәтижесінде оқушылар әр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын, оның біреуі негізгі зат, екінші қосымша деп аталатынын біледі. Қоспаның қасиеттерімен танысу үшін темір мен күкірттің қопасын зерттейтін зертханалық жұмыс өткізіледі. Оқушылар алдымен күкіртті, содан соң темірді, ақырында екеуінің қоспасын байқайды. Зертханалық жұмыстан шығатын қорытынды: қоспада оның құрамына кіретін әр заттың қасиеттері сақталады. Сондай ақ зертханалық және көрнекі көрсетілетін тәжірибелер кезінде оқушылар химиялық стаканмен, сынауықтармен, құтылармен, жай дәне бөлгіш құйғымен, сүзгі қағаздарымен т.б. жұмыс істеуге үйренеді. Тұндыру, сүзу, буландыру, құрғату, айдау тәсілдерімен қыздыру аспаптарымен танысады.Заттың негізгі қасиеті таза затқа тән екені белгілі. Осыдан таза зат бірдей молекулалардан құралады деген пікір қалыптасады. Элементтер жөніндегі білім жүйесі: таңбалары, периодтық жүйедегі орны, изотоптары, атомдық құрылысы, қосылыстардың формасы, пішіні, т.б. Сонымен қатар заттардың құрамын білуге мына ұғымдар көмектеседі: грамм атом, грамм молекула, атомдық масса, молекулалық масса, валенттілік, ион, протон, нейтрон, электрон, ядро, т.б. Заттардың кез келген өзгерістері құбылыс деп аталады, ол екі түрлі: физикалық және химиялық. Бір заттардан екінші жаңа заттар түзілетін өзгерістер, химиялық құбылыстар делінеді, оларды химиялық реакциялар деп атайды. Химиялық теңдеу зат массасының сақталу заңына сүйеніп жазылады, химиялық реакцияны сандық және сапалық жағынан сипаттайды. Тақырыптың соңында химиялық реакциялардың типтері өтіледі. Жіктеудің негізіне бастапқы және реакциядан шыққан заттардың саны мен құрамы алынады. Қосылу реакциясы туралы ұғым қалыптастыру үшін күкірт пен темірдің әрекеттесуі көрсетіліп талқыланады. Айырылу реакциясымен таныстыру үшін судың электролизі еске түсіріледі, малахиттің айырылу реакциясының зертханалық тәжірибесі жасалады. Орынбасу реакциясын нақтылау үшін темір мен тотияйынның арасындағы реакция көрсетіледі. Кезеңдері:бірінші кезеңде заттар мен әр түрлі құбылыстарды тәеклей байқау және пайымдау. Нақты заттардың мысалдарымен танысу: оттек, сутек, т.б. Заттарды оқу арқылы «зат», «заттың қасиеті» жөніндегі мәліметтреді жүйелеу. Екінші кезеңі: заттар туралы теориялар мен белгілі заңдылықтарды пайдалану кезіндегі анықтамалық материалдарды қолдана білуге назар аудару. Үшінші кезең: заттар жөніндегі жеке ұғымдарды, басқа ұғымдарды түсіндіру кезінде пайдалану. Төртінші кезең: химияның алғашқы ұғымдарын, күрделі ұғымдарды түсіндіруге және дүниетанымдық көзқарастарды нақтылай көрсету кезінде қарастыру. Сонда ақ пәнаралық байланыстарды пайдалану.
4.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсінік қалыптастыру.Химияның алғашқы курсындағыоксидтер,негіздер,қышқылдар және тұздар оқытуәдістемесі.Бейорганикалық қосылыстар қүрамына қарай тѳрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және түздар. Бүлар туралы оқу материалы зат жэне химиялық реакция жѳніндегі алғашқы үғымдарды тереңдетіп, одан әрі дамытады. Оқушылар заттардың қүрамы, жіктелуі, табигатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы үғымдар алады. Эр класқа жататын заттардың жалпы жэне жеке қасиеттерімен тэжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіру эсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен жэне басқа заттармен жүмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады. Химиялық реакңиялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі жэне типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады. Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың қүрамы мен қасиеттері түрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер жэне түздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттік, химиялық формулалар жэне теңдеулер қүрастыру жѳніндегі білімі мен біліктері нығаяды. Оқу-тэрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едэуір мол орын беріліп келеді. Оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне түздар туралы алғашқы үғымдар қалыптасуынын үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бүл заттардың қүрамы мен кейбір химиялық қасиеттері атом- молекулалық ілім түрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң жэне периодтық жүйе, заттың қүрылысы етілгеннен кейін басталады. Эр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары жэне қасиеттері электрондық теорияның түрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (9-сынып) бейорганикалық қосылыстар туралы үғымдар электрон- иондық козқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың білімі жаңа сатыға котеріледі. Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін еткенде беріледі. Металдарға жэне бейметалдарға жататын жай заттардың оттеғімен тотығуының нэтижесінде күрделі заттар - оксидтер түзіледі. Тәжірибелерді бақылау нэтижесінде оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен түратыны, оның біреуі оттегі екені жонінде қорытындыға келеді. Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы үғым металл оксидтері жэне бейметалл оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зертгейтін зертханалық жүмыс откізіледі. Бақылау нэтижелері кесте түрінде жазылады. Алған білімді бекіту үшін оксидтердің химиялық формулаларын қүруға жаттығулар орындалады. Аталуы, формуласы жэне керісінше айналуы бойынша химиялық диктант жазылады. Бүл арада оксидтердің химиялық қасиеттері қарастырылмайды, генетикалық байланыстың бір буыны ғана - элемент -> оксид жүзеғе асады. «Сутегі. Қышқылдар. Түздар» тақырыбында бейорганикалық қосылыстардың екі класы жонінде бастапқы үғым қалыптасады. Қышқылдармен алғашқы танысу оқушылардың омір тэжірибесіне жэне индукциялық тэсілге негізделеді. Оқушылар лимон, қымыздық, сірке, сүт, т.б. қышқылдарды біледі. Бүған қосымша зертханалық жүмыс жасау арқылы жиі кездесетін түз жэне күкірт 183қышқылдарының индикаторларға, металдарға жэне металл оксидтеріне эсерін сынайды. Қышқылдармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларын, оларды ажырата білу тэсілдерін үйренеді. Қышқылдардың металдармен эрекеттесуі бэріне тэн қасиет еместігі туралы ұғым қалыптастыру үшін іс жүзінде жүретін (Mg, Ғе, Zn) жэне жүрмейтін (Си) реакциялардың тэжірибелері жасалып ңэтижелері нақтылы талданады. Негіздерді үйренуге оқушылар зор дайындықпен кіріседі. Негіздер жонінде алғашқы үғым судың активті металдармен реакциясының механизмін талдау арқылы беріледі: Н20+Ме->Ме(ОН)п+Н2 Осы сызбанүсқа арқылы негіздің қүрамы, индикаторға эсері, матаны бүлдіруі, физикалық қасиеттері түсіндіріледі, анықтама беріледі, гидроксотоп жэне оның валенттілігі туралы бастапқы үғым қалыптастырылады. Натрий, кальций жэне калий гидроксидтерінің қасиеттерімен таныс-тыратын оқулықпен жұмыс, зертханалық эксперимент, эңгімелесу откізіледі. Содан соң ерімейтін негіздің қасиеттерімен танысады. Алынған мэліметтер кесте түрінде жазылады: 1) аты, формуласы; 2) кұйі; 3) түсі; 4) суда ерігіштігі; 5) индикаторға эсері; 6) қышқылдармен әрекеттесуі; 7) қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі; 8) қыздырудың эсері. Соның нэтижесінде негіздердің бэріне ортақ қасиеті - қышқылдармен эрекеттесетіні жонінде қорытындыға келеді.
3.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы ұғымның қалыптасып, дамуы. Бағдарламадағы материалдардың оқытылу орны және көлемі. Миллиондаған қосылыстарды ортақ белгілері бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Бұлар туралы оқу материалы зат және химиялық реакция жөніндегі алғашқы ұғымдарды тереңдетіп, одан әрі дамытады.Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіре әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді.Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.Заттар мен құбылыстарды салысытыру, ұқсаастығы мен айырмашылығын табу, себеп-салдар байланысын ашу, жеке деректерден қортынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы жағдайда қолдана білудің қисынды тәсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандылығы мен бірлігі, бір- бірімен шарттастығы, құрамы мен қасиеттеріндегі қайшылықтары, санның сапаға ауысуы туралы ғылыми қөзқарастар қалыптасады.1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-класта басталып 8-класта аяқталды. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылды. VII класта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалды. Бұл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге және қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.1953-1962 жылдары Д.М. Кирюшкиннің VII класқа арналған оқулығында алдымен негіздер, қышқылдар содан соң оксидтер және тұздар оқылатын болды. Өйткені оксидтердің химиялық қасиеттері қышқылдарға және негіздерге қатынасы арқылы ғана берілуі мүмкін. 1970 жылдардың соңында химия бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілді. Бейорганикалық қосылыстар VII класта жеке тақырып ретінде оқытылмайтын болды. Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегі тақырыбына, қышқылдар мен тұздар су тақырыбына көшірілді. Олар туралы білім VIIІ класта қорытылып бір жүйеге түсірілді. Ең соңғы жаңартылған бағдарламада білімді қорытындылау VII класқа ауыстырылды. Бейорганикалық қосылыстардың мазмұны, оқылу реті, методикалық тәсілдері бірнеше рет өзгергенімен алғашқы ұғымдарды қалыптастыруды теориялық деңгейі атом- молекулалық ілімнің сатысында қадып отырды. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын, иондық механизмін қарастыру мүмкін болмады. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы және кейбір химиялық қасиеттері атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң және периодтық жүйе, заттың құрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары және қасиеттері электрондық теорияның тұрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (ІХ класс) бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон- иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың біліімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сәйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.
6. Периодтық заң және периодтық жүйе орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Химия курсындағы периодтық заңның орны мен маңызы. Оқушыларды периодтық заңды оқып үйренуге дайындау. Периодтық заңды қорыту. Алғашқы сабақтарда ғылыми жіктелудің маңызы, оның химияда қалай жүзеге асқаны, элементтерді металдар және бейметалдар деп жіктеудің жеткіліксіздігі, олардың арасында айқын шекара жоғын көрсететін амфотерлі элементтер бар екені жөнінде түсінік беріледі. Металдар және бейметалдар түзетін жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері кесте түрінде жазылады. Онда сыныптан басқа металдардың қатты, металдық жылтыры болатыны, жылуды және электр тогын жақсы өткізетіні, тапталғыштығы, созылғыштығы, негіздік оксидтер және негіздер түзетіні, ұшқыш сутекті қосылыстары болмайтыны көрсетіледі. Бейметалдар сұйық, газ және қатты, бірақ жылтыры болмайтын, көпшілігі жылуды және электр тогын нашар өткізетін, қышқылдық оксидтер, қышқылдар және ұшқыш сутектік қосылыстар түзетін заттар ретінде сипатталады. Оксидтер мен гидроксидтердің сипаты талданады. Талдау кезінде нағыз металдар түзетін қосылыстардың негіздік, нағыз бейметалдар түзетін қосылыстардың қышқылдық сипаты барына назар аударылады. Бұдан соң мырыш гидроксидінің қышқылдар және сілтілер ерітінділерімен әрекетесуінің зертханалық жұмысы ұйымдастырылады. Жұмыстың нәтижесі мырыш гидроксидін: а) қышқылдарға, ә) негіздерге жатқызуға болама? деген сұрақ бойынша қорытындыланады. Оқушылар мырыш гидроксиді қышқылмен әрекетттесіп негіздік, сілтімен әрекетесіп, қышқылдық қасиет көрсететіні жөнінде пікірге келеді, реакциялардың теңдеуін жазады. Мырыш оксидін алып тәжірибелер қайталанады, реакция теңдеулері жазылады. Бұл тәжірибелерден оқушылар қорытынды жасайды. Химиялық элемент қосылыстарының амфотерлі қасиет білдіруі оның металдар мен бейметалдар арасынан орын алатынын білдіреді, металдардан біртіндеп бейметалға ауысу байқалады.Химиялық элементтер түзетін жай заттар және химиялық қосылыстар туралы ұғым элементтердің табиғи топтарын өткенде дамытылады. Элементтер табиғи топтарға қасиеттерінің ұқсастығы және түзетін заттарының сипаты бойынша біріктірілген. Периодтық заңды қорытып шығару үшін атомдық массалары 1- ден 40- қа дейінгі химиялық элементтердің карточкаларымен өздігінен жұмыс ұйымдастырылады. Элементтерді атомдық массаларының өсуі бойынша қасиеттері ұқсас элементтер бірінің астына екіншісі келетіндей етіп орналастыруға тапсырма беріледі. Карточкалармен жұмыс істегенде оқушылар литийден неонға, натрийдан аргонға дейінгі элементтердің атомдық массаларының артуына қарай: а) оттегі бойынша валенттіліктерінің өсуін; ә) сутегі бойынша валенттіліктерінің кемуін; б) жай заттар қасиеттерінің өзгеруін; в) оксидері сипатының өзгеруін; г) гидроксидтері сипатының өзгеруін салыстырады. Жай заттарды көрнекі көрсету арқылы металдық және бейметалдық қасиеттерін салыстырғанда агрегаттық күйіне, түсіне, металдық жылтырына, электр және жылу өткізгіштігіне назар аударылады. Соның нәтижесінде жай заттар физикалық қасиеттерінің өзгеруі атомдық массалардың шамасына периодты тәуелділікте болады деген қорытындыға келеді. Элементтердің оттегі және сутегімен әрекеттесуін көрсететін химиялық қасиеттерін салыстыру да дәл осындай тұжырымға әкелді.
10. Валенттілік үғымының қалыптасуы және дамуы.Валенттілік ұгымы химия ғылымының дамуында маңызды роль атқарады, ал атом-молекулалық ілім салтанат құруының маңызды буыны болды, эквивалент жэне еселік қатынас заңдарын түсінуғежэрдемін тигізеді. Химиялық тектестіқтің мэнін ашуға мүмкіндік берді. Химиялық қүрылыс теориясы жасалуының алғы шарттарының бірі болды. Периодтық идеясының қалыптасуына септігін тиғізді.Химия ғылымы тарихында валенттілік үғымы дамуының тѳрт кезеңі атап отіледі; 1) үғымның шығу жэне қалыптасу кезеңі (1850-1850), 2) қүрылымдық теория кезеңі (1861-1895); 3) координациялық теория жэне үлес валенттілік кезеңі; 4) электрондық теория кезеңі.Бүл кезеңцер химияны оқыту барысында белгілі дэрежеде қайталанады.Валенттілік үғымы оқушыларға химиялық тілді саналы меңгеруге, химиялық реакциялардың нэтижесінде шығатын күрделізаттардың қүрамын болжай білуге комектеседі.Валенттілік мектептегі химия курсында 1958 жылға дейін 7-сыныптағы «Сутегі. Су» тақырыбында оқытылып келді. Алдыңғы үш тақырыпта кездесетін химиялық формулаларды оқушылар жаттап алуға мэжбүр болды. Сондықтан валенттілік үғымын ертерек пайдалану үшін алдымен «Оттегі. Оксидтер», содан соң «Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбына ауыстырылды. Валенттілікті бірден электрондық теория түрғысынан оқыту туралы үсыныстар жиі кездесіп жүрді, бүл мэселе Н.С.Ахметов, Л.М.Кузнецова оқулығында жүзеге асты. Мектеп сарамандығында қолданылған жэне қазір пайдаланылатын химия бағдарламалары мен оқулықтарында алдымен валенттіліктің эмпирикалық түсінігі беріледі, содан соң электрондық табиғаты түсіндіріледі.«Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбында валенттілікпен таныстыру үшін екі сабақ откізіледі. Бүған дейінгі сабақтарда оқушылар атом, химиялық элемент, химиялық элементтің таңбалары, қүрам түрақтылық заңы жэне химиялық формула үғымдарымен танысады. Осылардың ішінен жаңа материалды саналы түсінуге қажетті тірек білімді еске түсірген соң мүғалім оқушыларға химиялық таңбалары таныс элементтердің сутегімен қосылыстарының формулаларын тақтага жазып, сапалық және сандық құрамын анықтауға тапсырма береді: HCI Н2О NHj СН4 Валенция - латын сѳзі, қазақша күш деген магынаны білдіреді Элементтің атомсаны менваленттілігінің кѳбейтіндісі валенттілік бірлігінің жалпы саны деп аталады. Қосылыстағы бір элемент валенттілік бірлігінің жалпы саны екінші элемент валенттілігі бірлігінің жалпы санына тең болады, мысалы метандағы сутегінің тѳрт атомында 4-1=4 бірлік бар.Элементтердің валенттілігін сутегі, оттегі немесе валенттілігі белгілі басқа элемент бойынша табады. Осыдан кейін химиялық формула бойынша валенттілік табуға жаттығулар орындалады. Анықтама ретінде пайдалану үшін келесі сабақтарда кездесетін химиялық элементтердің валенттіліктерін кесте түрінде береді.Кейбір элементтердің валенттіліктері тұрақты, басқаларының валенттіліктері ауыспалы болатынына назар аударылады.
11. Химиялық реакция үгымының атом-молекулалық ілім түргысынан дамуы. Химиялық реакция туралы бастапқы үғым «Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбында қалыптасатыны 11-тарауда айтылды. М ^ д а химиялық реакциялардың физикалық қүбылыстардан айырмасы, жүзеғе асу жағдайлары, сыртқы белгілері туралы, қосылу, айрылу жэне орын басу реакциялары жайында алғашқы қарапайым түсінік беріледі. Оқушылар реакцияның сандық сипаттамаларымен танысады.Келесі оттегі, сутегі элементтерін және олардың химиялық қосылыстарын ѳткенде, бейорганикалық заттардың манызды
кластары туралы білімді қорытындылағанда бүл түсінік кеңейіп одан эрі дамытылады.Оттегі тақырыбында оқушылар бастапқы заттардың біреуі ретінде оттегінің жай заты қатысатын химиялық реакциялардың жүру жағдайларымен, мэні, энергетикасы және типтерімен танысады. Затгардың оттегімен қосылуы тотығу деп аталатыны, тотығу басталу үшін жылу берілетіні, басталганнан кейін жылу шығарылатыны, реакцияның жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер бойынша
есептеулер туралы алғашқы үғым алады. Ауамен салыстырғанда таза оттегінде реакцияның шапшаң жүретініне, кейбір айрылу реакцияларының жылдамдығына эсер ететін арнайы заттардың (катализаторлардың) қатысуымен жүзеге асатынына кѳздері жетеді.Оттегімен қосылу кезінде кѳп мѳлшерде жылу бѳлінетіндіктен жанатын заттардың кѳпшілігінің отын есебінде қолданылуымен жэне отын түрлерімен танысады. Отынның алынған массасынан қанша жылу бѳлінетінін есептейді. Оттегін алумен байланысты оқушылар айырылу реакцияларының нақтылы мысалдарын қарастырады. Ю.В.
Ходаков жэне т.б. оқулығында оттегі алынуының - бір, Г.Е. Рудзитис, Ф.Г. Фельдман оқулығында бес мысалы талданады.
Әдістемелік тиімділігі жағынан алғанда мектептен алынып қалған сынап (II) оксидінің, үш зат түзілетін перманганаттың айырылу реакцияларының теңдеулерін жазудың қажеті шамалы. Судың, сутегі асқын оксидінің, егер кѳрсетілетін болса гана Бертолле түзы айрылу реакцияларының теңдеулерін талқылау жеткілікті. Сутегін жэне қышқылдарды ѳткенде оқушылар орынбасу реақциясы жонінде білімін нығайтып, алмасу реакциясы туралы жаңа үғым алады. Мүғалім бүл екі реакцияның үқсастығы мен айырмашылығына оқушылардың назарын аударады. Мүны маңызды эдістемелік мәселенің бірі деп қарау керек, ѳйткені кіретін жэне түзілетін заттар санының бірдей болуына байланысты оқушылар
орынбасу және алмасу реакцияларын шатастырып жүреді. Бүл тақырыпта металдардың акгивтік қатары жонінде берілетін үгымға сүйеніп, оқушылар металдар мен қышқылдар арасындағы реақциялардың жүру мүмкіндігін болжап үйренеді және
болжауларын тэжірибелер арқылы тексереді. Сутегінің оттегінде жануын талқылағанда реақцияның жылу эффектісі үғымы
дамытылады, қопарылыс және экологиялық таза отын жонінде алғашқы түсінік беріледі. Қышқылдардың химиялық қасиеттерін откенде реакция кезінде түсін ѳзгертетін заттар - индикаторлар қарастырылады. Мыс (II) оксиді мен сутегінің арасындағы орынбасу реакциясын кѳрнекі кѳрсеткенде тотығуға кері - тотықсыздану реакциясы түсіндіріледі. Бүл арада есте болатын нэрсе, тотыгу - бір тақырыпта, тотықсыздану - екінші тақырыпта, олардың анықтамалары зат деңгейінде беріледі. Бүдан оқушыларда тотығу мен тотықсызданудың эрқайсысы ѳз алдына жүре алатын дербес реакциялар деген үғым тумауын қадагалау керек.
Негізгі білім мазмұны. Электрондық көзқарас тұрғысынан және иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының даму. Зат және химиялық реакция - химия ғылымының анықтамасына кіретін іргелі ұғымдар, өзге аса маңызды ұғымдар осы екеуінен туындайды. Заттар химиялық эелементтердің қосылыстары болып табылатындықтан, бұлардың қатарына химиялық элемент ұғымын да жатқызады. Химиялық реакциядлар кезінде бастапқа заттар реакция өнімдеріне айналады. Бұл айналулар элемент атомдарының арасында жүзеге асады. Орта мектептің химия курсының алғашқы сабақтарында заттар және олардың қасиеттері жөнінде түсінік берілісімен химиялық реакция туралы ұғым қалыптастырылады. Содан соң зат және реакция туралы білім, элемент және атом ұғымдарын енгізу үшін пайдаланылады. Бұдан кейінгі оқу материалдарында осы үш ұғым жарыса қалыптасып, бірін – бірі толықтырып, кеңейтіп және өрбітіп отырады. Химиялық реакциялардың басталуы мен жүруі реакцияласушы жүйенің күйіне, ондағы заттардың құрылысына байланысты. Кәдімгі жағдайда кесек күйіндегі заттар бір – бірімен әрекеттеспейді, реакция басталуы үшін қажетті жағдайлар тудырылуы керек, олар: заттарды майдалау немесе еріту арқылы жанасу беттерін ұлғайту, қыздыру, жарық және электр энергиясын беру, т.б. Электрондық теория тұрғысынан түсіндірілетін химиялық реакциялардың ең маңызды тобы – тотығу , тотықсыздану реакциялары. Тотығу тотықсыздану реакциялардың мәнін төрт тұрғыдан қарастырады: 1) электрондар алмасуы; 2) электрондар тығыздығының өзгеруі; 3) элемент атомдары тотығу дәрежелерінің өзгеруі; 4) стихиометриялық валенттіліктьің өзгеруі. Оқулықтар мен оқу методикалық құралдарында осы төртеуі де кездеседі. Бұл олқылықтарды болдырмаудың негізгі жолы - алмасу реакцияларының иондық механизмін оқушылардың жете түсінуі. Иондық реакциялардың мәнін түсіндіретін теориялық көзқарастың негізгі ұғымдары: ион, катион; анион, ион алмасу, заттың иондық құрамы, нашар диссоциацияланатын зат, сатылап диссоциациялану, гидролиз, т.б. Бұл ұғымдарды саналы игеру нәтижесінде оқушылар мыналарды білім алады:1. Иондық және полюсті ковалентті байланысы бар заттар суда ерігенде иондар түзіледі. Тондар арасындағы химиялық реакциялар тұнба, газ және нашар диссициацмяланатын заттар түзіледі.
2. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі кестесіне қарап, тұнба түзілетіні және түзілмейтіні алдын ала болжауға болады. Ю.В.Ходаков (1988ж) оқулығында 10 анион мен 15 катиондардан түзілетін қосылыстардың суда ерігіштігі берілген. Кестеден шығатын қорытынды: а) азот қышқылының яғни нитрат анион және ацетат анион 15 катионның ешқайсысымен тұнба түзбейді; ә) хлорид ион тек күміс (Ag+) және қорғасын (Pb2+), катиондарымен тұнба береді; б) сульфат анион барий катионымен (Ba2+), иондар жеткілікті мөлшерде болса Ag+, Са2+, Pb2+ катиондарымен тұнба түзеді; в) кремний қышқылы суда ерімейді, натрий және калий силикаттарынан басқа тұздары тұнбада жүреді; г) сульфид, сульфат, карбонат, фосфат аниондарының аммоний, натрий және калий катиондарынан басқа қосылыстары тұнбаға түседі; ғ) негіздерден сілтілік және сілтілік жер металдары мен амоний сілтілерінен басқалары суда ерімейді. Ерігіштік кестесін
13. Иондық теория тұргысынан химиялық реакция ұгымының дамуы. Иондық реакциялардың мэнін түсіндіретін теориялық кѳзқарастың негізгі ұғымдары: ион, катион, анион, ион алмасу, заттың иондық құрамы, нашар диссоциацияланатын зат, сатылап диссоциациялану, гидролиз, т.б. Бұл ^ымдарды саналы игеру нэтижесінде оқушылар мыналарды біліп алады: 1. Иондық жэне полюсті ковалентті байланысы бар заттар суда ерігенде иондар түзіледі. Иондар арасындағы химиялық реакциялар тұнба, газ жэне нашар диссоциацияланатын заттар түзеді. 2. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі кестесіне қарап, тұнба түзілетінін және түзілмейтіні алдын ала болжауға болады. Ю.В. Ходаков (1988ж) оқулығында 10 анион мен 15 катионнан түзілетін қосылыстардың суда ерігіштігі берілген. 3. Түрақсыз қышқылдардың аниондарына (S'^, 80з'^, СОз'^) сутеғі катионы немесе гидроксоний ионы эсер еткенде газ түзіледі. 4. Нашар диссоциацияланатын заттарға су, элсіз қышқылдар .мен негіздер жэне нашар еритін түздар жатады. 5. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын білу кѳптеген реакциялардың бір механизммен жүретінін түсінуге жэрдемдеседі, Осы заңдылыкқа сүйеніп заттарды ажыратып танитын, сапалық қүрамын анықтайтын, т.б. эксперимент есептері шығарылады. 6. Оқушылар алмасу реакцияларының молекулалық, толық иондық жэне қысқаша иондық теңдеулерін жазып жаттығады. Натрий сульфиті мен тұз қышқылының арасындағы реақцияның теңдеулері: молекулалық НагЗОз + 2НС1 =2NaCl + Н2О+ S02t Толық иондық 2N a4 SO/' + 2Н" +2d'=2Na^ + 2СГ + Н2О+ S02t Қысқаша иондық 80з^’ + 2Н"^= Н2О+ S02t 7. Ерімейтін негіз, қышқыл жэне тұз қатысатын реакциялардың мэнін түсіндіруге жэне иондық теңдеулерін дұрыс жазуға баса назар аударғаны жѳн, мысалы: а) іСи(ОН)2+2Н^ + S04^"= + S04^'+ 2Н2О ^Cu(OH) 2+2Н^ = + 2Н2О э) ^Н28іОз +2Na4 20H =2NaV 8іОз^'+ 2Н2О 1Нг8іОз +20Н' =8іОз^'+ 2Н2О б) 4^СаСОз +2Н^ +2Ш з‘ = Са^Ч2НОз'+ 2H20+C02t іСаСОз +2Н^ = Са^Ч 2H204-C02t Бастапқы екі реакцияның қысқаша иондық теңдеулерінен бейтараптану реақциясы сутегі катионы мен гидроксид анионының арасында жүріп, негіз жэне қышқыл тұнбаларының иондарға ыдырайтыны керінеді. Соңғы реақцияда қарбонат ионды сутек катионы байланыстырып, тұрақсыз кѳмір қышқылы түзіледі, ол кѳміртек (IV) оксиді мен суға айырылады. 8. Ион алмасу жүзеге асатын реакциялардың толық жэне қысқаша иондық теңдеулерін жазып үйренетін жатгығуларды біртіндеп қиындату, олардың мазмұны мынадай болуы мүмкін: а) дайьш күйінде берілғен молекулалық теңдеуді толық жэне қысқаша иондық теңдеулер күйінде жазу; э) бастапқы заттары ғана берілген реақцияның молекулалық, толық жэне қысқаша иондық теңдеулерін жазу; б) іс жүзінде жүретін атаулары ғана берілғен заттар арасындағы реакцияның үш түрлі теңдеулерін жазу; в) атаулары берілген заттар арасында алмасу реакциялары жүретінін немесе жүрмейтінін болжау, жүретіндерінің реакция теңдеулерін молекулалық жэне иондық түрде жазу; г) бастапқы заттардың біреуі жэне шығатын заттардың біреуі ғана берілгенде реакция теңдеулерін құрастыру; ғ) иондардың ерітіндіде қатарынан жүру мүмкіндігін табу; д) берілген катионы жэне анионы бойынша бірнеше теңдеу құру; е) берілген иондарды тұнбаға түсіретін бірнеше теңдеу жазу; ж) кѳрсетілген иондардың ерітіндіде барын білдіретін теңдеулер жазу; з) берілген затты мүмкін эдістермен алудың молекулалық және иондық теңдеулерін құру; и) қанық ерітінді мен берілген электролит арасындагы алмасу реакцияларының мүмкіндігін анықтау жэне реакция теңдеулерін жазу. 9. Оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Тапсырмаларды қиындығына қарай жіктеп беру. Карточкалармен, перфокарталармен, кѳрнекі құралдармен жэне оқулықтармен ѳздігінен жұмыс істету. 10. Химиялық экспериментті кеңінен пайдалану. Ерітінділер арасындағы реакцияларды сынауықтарда және аз мѳлшердегі реактивтермен зертханалық тэжірибелер түрінде ѳткізу. іздеу жэне зерттеу сипаты бар жұмыстарды кебірек таңдау. Ѳтілген деректі материалдар негізінде эксперимент есептерін шығарту, оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға баса назар аудару.
15. Ерітінділермен алғашқы таныстыру. Оқушылар судың еріткіш қасиеті жэне ерітінділер туралы қарапайым түсінікті табиғаттану курсынан жэне күнделікті түрмыстан біледі. Ерітінділер химиялық жағынан жүйелі түрде 8-сыныптағы «Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбында оқытылады. Бүл тақырыптың мақсаты судың еріткіш қасиетіне сүйене отырып, ерітінді үғымын саралау, қоспа мен химиялық қосылыс арасынан ерітінділердің алатын орнын кѳрсету. Ерітіндіден туындайтын еріғіш, ерігіштік, ерігіштік коэффициенті, ерітіндінің концентрациясы, қанық ерітінді, қанықпаган ерітінді, сүйық, қою ерітінді үғымдарын нақтылы қалыптастыру, ерітінділердің ѳнеркэсіп, ауыл шаруашылығы, табиғат жэне түрмыстағы маңызын ашып кѳрсету. Ерітінділер туралы алғашқы үғым қоспалар мен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тэжірибе арқылы қалыптастырылады. Оқушылар оздеріне үлестіріліп берілген немесе қорнекі қорсетілген Дисперстік жүйелерді зерттеп, қесте түрінде жазады. Тэжірибе нэтижесінде оқушылар эр текті қоспалар біраз түрганда жеке құрамдас боліктерге жіктеледі, ерітінділер бір текті жэне тұрақты деген қорытындыға келеді. Бір тектілігі мен тұрақтылыгы - нағыз ерітінділердің аса маңызды қасиеттері. Ерітінді үғымы - зат жэне химиялық реакция үғымдарынан кейінгі ең маңызды үғым. Заттардың кѳпшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Ѳнеркэсіпте, табиғатга жэне күнделікті түрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор. Ерітінділерді білу кѳптеіен заттардың (сілтілер, қышқылдар, оксидтер, түздар) қасиеттерін терең түсінуге, алмасу жэне тотығу-тотықсыздану реакцияларының мэнін айқындауға, химиялық реакциялардың қайтымдылығы жэне химиялық тепе-теңдік жонінде білімді дамытуға жэрдемдеседі. Сондықтан деректі жэне теориялық материалдардан оқушылардың эзірлігі жеткілікті деңгейге кѳтерілген соң электролиттік диссоциациялану тақырыбы ѳтіледі
16. Электролиттер теориясының орта мектеп қурсындагы орны және оқыту әдістемесі. Ерітінділер туралы оқу материалы 1954 жылға дейінгі бағдарламаларда 8 жэне 10-сыныптарда жеке тақырып ретінде оқытылып келген, 1954/55 жылы дербес тақырып түрінде қарастырылмай, басқа тақырыптардың ішіне енгізілді. 1960 жылдан бастап, арнайы тақырып ретінде 7 және 9-сыныптарда ѳтілді. 1986/87 оқу жылынан бастап 8 және 9-сыныптарда оқытылатын болды. 8-сыныптағы оқу материалының мазмұны, негізгі ұгымдарын қалыптастыру мәселелері осының алдында баяндалды. Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудьщ іс жүзінде қалыптасқан екі эдістемелік тэсілі бар. Бірінші тәсіл - ерітінділердің электр ѳткізгіштігін сынаудан бастап диссоциациялаудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл - алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электрѳткізгіштігін сынау. Бірінші эдістемелік тәсілді пайдаланғанда химиялық байланыстардың тинтері және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жѳніндегі оқушылардың білімі еске түсіріледі. Иондық немесе полюсті қовалентті байланысы бар бұл заттардың электр тогын ѳткізу себебін түсіндіру үшін иондарға ыдырау механизмі түсіндіріледі. Электрѳткізгішті сынаудан басталатын бұл эдістемелік тэсілді қолданғанда кейбір оқушыларда электролиттердің иондарға ьщырауы электр тогының эсерінен жүзеге асады деген пікір туады. Бұл қателікті болдырмау үшін екінші эдістемелік тэсілді пайдаланады. Химиялық байланыстар жэне заттардың құрылысы туралы тірек білім еске түсірілгеннен кейін мынадай мэселе қойылады: заттар ерітілмеген күйінде химиялық реакцияларға кірісе ме? Оқушылардың болжамын дэлелдеу үшін бірнеше тэжірибелер жасалады. }-тэжірибе. Сынауықта 3 - 4 мл концентрлі күкірт қышқылына мырыштың 2 - 3 түйірін салады. Реакция жүргені байқалмайды. Қышқылды суда ерітіп, 2 - 3 түйір мырыш салады. Газ кѳпіршіктері бѳлінеді, реакция қуатты жүреді. 2-тәжірибе. Концентрлі сірке қышқылын ацетонда ерітіп, метилоранж қосады. Ештеңе байқалмайды. Сірке қышқылын суда ерітіп, метилоранж ерітіндісін тамызады. Ерітінді қызыл түске боялады. 3-тәжірибе. Қатты күйіндегі кальций гидроксидімен фенолфталеинді араластырады. Ѳзгеріс байқалмайды. Кальций гидроксидін суда ерітіп, үстіндегі мѳлдір ерітіндісін бѳліп алады да. фенолфталеин тамызады. Ерітіндіде таңқурай жемісінің (малина) түсі пайда болады. 4-тджірибе. Қатты күйіндегі натрий сульфаты мен барий хлоридін араластырады, ештеңе байқалмайды. Түздарды суда ерітеді және ерітінділерін араластырады, ақ түнба түзіледі Бүл тэжірибелерден оқушылар қатты қүйіндегі заттар бір- бірімен эрекеттеспейді, еріген заттар арасында ғана алмасу реакциялары жүзеге асады деген қорытындыға келеді. Содан кейін ғана эр түрлі заттар ерітінділерінің электрѳткізгіштігі сыналады. Электролиттер және бейэлектролиттер жонінде түсінік беріледі.
Электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі үгымдарын қалыптастыру. Баяндалып откен екі әдістемелік тәсілді жүзеге асырғанда қойылған кѳрнекі корсету жэне зертханалық тәжірибелерді бақылаудан оқушыларда кейбір ерітінділердің электр тогын откізіп, енді біреулерінің откізбейтіні, химиялық реакциялардың еріген заттар арасында ғана жүретіні неліктен деген сүрақ туады. Бүл сүраққа жауап беру үшін мына үғымдар қалыптастырылады: ерітіндіде иондар түзілу механизмі; диссоциациялану дэрежесі жэне оған сүйылтудың әсері, күшті жэне элсіз электролиттер, элемент атомы мен ионының айырмашылығы, электролиттер арасындағы алмасу реакциялары және олардың ақырына дейін жүру жағдайлары; түздар гидролизі, бейорганикалық қосылыстар қасиеттерінің иондық қүрамына тәуелділігі. Электролиттердің иондану механизмін түсіндіру үшін бүл қүбылыстағы су молекуласының ролі қарастырылады. Иондық кристалдарды бұзу үшін энергия жұмсалады, иондар гидраттанғанда энергия бѳлінеді, ол оң және теріс зарядталған иондар гидраттану энергиясының қосындысына тең болады. Ерудің жалпы жылу эффектісі Q: Q=(Qk+ Qa- ) - Qo Ок+ Qa- - иондардың гидраттану энергиясы, Qo кристалл тордың энергиясы. Электролиттердің иондарға ыдырауын қарастырудан оқуіпылар жасайтын қорытынды: 1) еріген немесе балқыған күйінде электролиттердің иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады; 2) иондарға ыдырау су молекуласының қатысуымен жүзеге асады; 3) иондар су молекуласымен гидраттану реакциясына түседі, соның нэтижесінде гидраттар түзіледі. Мэселен, күкірт қышқылы сумен моногидрат жэне дигидрат түзеді; 4) диссоциациялану кезінде еритін зат бѳлшектерінің арасындағы иондық жэне полюсті ковалентті байланыстар үзіледі, иондар мен су молекуласының арасында химиялық байланыс түзіледі. Айтылғандардың негізінде электролиттік диссоциациялану теориясының неғізгі қағидалары түсіндіріледі. 1. Электролитгер ерігенде оң жэне теріс зарядталған иондарға ыдырайды, оң иондар зарядтарының қосындысы теріс иондар зарядтарының қосындысына тең болады. 2. «Ион» гректің «кезеген» деген мағынаны білдіретін сѳзінен шыққан. Иондар - заряды бар атомдар немесе атомдар тобы. Олар ерітіндіде ретсіз қозғалып жүреді. Тұрақты электр тогын ерітінді арқылы ѳткізгенде оң зарядталған иондар катодқа тартылады да катиондар, теріс зарядты иондар анодқа тартылатындықтан аниондар делінеді. 3. Катодта жэне анодта электр тогының эсерінен тотығу жэне тотықсыздану процестері жүзеге асады. 4. Электролиттік диссоциациялану - қайтымды процесс. Иондардың концентрациясы артқанда иондануға кері процесс - мольдену жүзеге асады. Электролиттік диссоциацияланудың негізгі қағидаларымен танысқан соң барлық электролиттер иондарға толық ыдырай ма деген мэселе туады. Бұл мэселені шешу үшін диссоциациялану дэрежесі туралы үғым қалыптастырылады. Ол үшін түз жэне сірке қышқылының концентрациялары бірдей ерітінділерінің электр ѳткізғіштігі сыналады. Түз қышқылында электр шамының жарық жанғаны байқалады, демек оның ерітіндісінде электр тогын тасымалдайтын иондардың кѳп болғаны. Концентрлі сірке қышқылының электр ѳткізгіштігін сынағанда электр шамы жанбайды. Біртіндеп су қосқанда, алдымен шамның жанғаны, соңынан жарығының күшейгені байқалады. Концентрлі қышқылда иондар аз болады, сүйылтқанда иондарға ыдыраған молекулалар саны кѳбейіп, электр ѳткізгіштік артады. Тағы да біраз электролиттердің электр ѳткізуін сынау арқылы оқушылар эр түрлі электролиттер ерітінділеріндегі иондар саны бірдей болмайтынына кѳз жеткізеді. Олардың мѳлшерін белгілеу үшін диссоциациялану дэрежесі үғымының енгізілгенін айтады. Диссоциациялану дэрежесі (а) иондарға ыдыраған бѳлшектердің ерітуғе алынған бѳлшектердің жалпы санына қатынасымен кѳрсетіледі. Ол электролиттердің күшін сан жағынан сипаттайды. Барлық сілтілер, азот қышқьиіы, күкірт қышқылы, бромсутек қышқылы, иодсутек қышқылы күшті қышқылдарға жатады, олардың диссоциациялау дәрежелері 30 пайыздан жоғары, а- 20 пайызға жуық фосфор қышқылы мен күкіртті қышқыл орта күші бар электролиттерге, а -1,4% сірке қышқылы, 0,1% күкіртсутек қышқылы әлсіз қышқыддарға жататыны айтылады. Суда еритін тұздардың бэрі күшті электролиттер. Диссоциациялану дәрежесі туралы білімді бекіту үшін жаттығулар орындалады. Оларда берілген ерітіндіде иондардың массасы немесе концентрациясы бойынша диссоциациялану дәрежесі табылады немесе мольдік концентрациясы, кѳлемі жэне диссоциациялану дәрежесі керсетілген ерітінділердегі иондардың массасы, т.б. анықталад
17. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену әдістемесі. Элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену кезеңдері,жоспары. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер және олардың қосылыс тары туралы білім құрайды. Оқушыларды химиялық элементтермен таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға жылжитын аса маңызды негіздері қолданылады. Осы негіздерге сәйкес элементтерді және олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент және олардың қосылыстарымен танысу. 2) элементтердің табиғи текстарі жөнінде ұғым қалаптастыру; 3) периодтық заң және периодтық жүйені оқыту; 4) периодты заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қалыптастыру; 5) химиялық элементер туралы білімді жинақтап қорыту. Химиялық алғашқы ұғымдардан кейін жеке элементтерден оттегі және сутегі индукциялық тәсілмен өтіледі. Бұл элементтер кең таралған, қосылыстарға оқушыларға табиғаттану, биология және физика курстарынан жақсы таныс болғандықтан таңдап алынады. Оқушыларға оттегіні ауада кездесетіні, ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаратыны, өсімдіктердің фотос интезі кезінде көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратыны, оттегінің алынуы жануды қолдайтыны және физикалық қасиеттері белгілі. Сөйтіп, химиялық элементпен алғашқы таныстыру мына жоспар бойынша жүзеге асырылады: а) химиялық таңбасы және атомдық массасы;ә) табиғатта кездесуі; б) бос күйінде алынуы; в) жайзатының қасиеттері; г) маңызды химиялық қосылысының құрамы және қасиеттері;
ғ) қосылыстарындағы валенттілігі; д) халық шаруашылығындағы маңызы.
Осы жоспарға сәйкес оттегі мен сутегінің элементтері оқылып, олар түзетін маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, тұздар және негіздер туралы білім беріледі. Бұл білім элементтерді оқып - үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.Екінші кезеңде өзара өте ұқсас химиялық элементтердің үш тобы - галогендер, сілтілік металдар және инертті газдар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игеруге нақтылы әзірлік жасалады.Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін ұштастыратын жалпы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылған химиялық элементтер арасында көлбеу және тік байланыстардың мәнін түсінеді. Элементтердің периодқа, қатарға, топқа және топшаға орналасуының негіздерін әрқайсысының ерекшеліктерін игереді. Химиялық элементерді ашу және жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында периодтық заңның ашылғанын біледі. Табиғаттың ұлы заңын ашу үшін танымдық ой өрісі кең, сіңісіп кеткен кертертпа пікірлерге батыл қарсы шығатын ғалым керек болғанын, Д.И. Менделеев осы талаптарға сай келгенін түсінетін дәрежәге көтеріледі. Д.и. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе химиялық элементтерді және оларды оқып - үйренудің теориялық негізіне айналады. Төртінші кезеңде VІІІ - ІX кластарда топ және топшалар бойынша оқылады. Алдымен ΙΙΙ - ΙV негізгі топшаларда орналасқан бейметалдар, содан соң металдардың жалпы қасиеттері, I - III негізгі топшаның металдары, соңында қосымша топшаларда орналасқан металдарда өтіледі.
18. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын Д.И.Менделеевтің периодтық заң және периодтық жүйесіне дейін және кейін оқыту әдістемесі. Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң – табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның құрылысын анықтауға, жаңа элементерді ашуға және синтездеуге жол-жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.Периодтық заң және периодтық жүйе – орта мектептегі химия курсының теориялық негізі. Бұлардың негізінде құрылған химияның мазмұны ғылыми жағынан шынайы, жүйелі және түсінікті болып келеді. Сондықтан белгілі методист Д.М. Кирюшкин химияны оқытудағы периодтық заңның маңызын биологиядан сабақ берудегі эволюциялық ілімнің маңызымен қатар қойды.Периодтық заң және атом құрылысы өтілген соң химия курсының теориялық деңгейі артады. Оқушылардың түсінуінше химия суреттеме ғылымнан теориялық ғылымға айналады. Химияны оқып- үйренуде дедукцияның маңызы күшейеді. Ғылыми болжамның құдіретіне оқушылардың сенімі артады. Ашылмаған химиялық элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттері туралы Д.И. Менделеевтің батыл болжамдарының тәжірибеде расталуы оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады. Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты.Бірінші тәсіл химия ғылымының даму қисынына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсіндіретін атом құрылысы туралы мәліметтер анықталды. Д. И. Менделеев периодтық заңды тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, ішкі мәнісін түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа көзқараспен толасатынына кәміл сенді. Сондықтан Д. И. Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшін алдымен периодтық заң және периодтық жүйе толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық заң және периодтық жүйе электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды.Екінші тәсіл- біріншіге керісіншіге жүзеге асырылды. Алдымен атом құрылысы туралы оқу сатериалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады.Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң және атом құрылысы туралы негізгі мәліметтер 8- класта қарастырылады да 11- кластағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.
