- •Тақырыбы: «Материалдар».
- •10.1. Материалдар типтері
- •10.1.1. Түпнұсқа материалдар
- •10.1.2. Құрамдас материалдар
- •10.2. Текстуралық карталар
- •10.2.1. Текстуралық карталар типтері
- •10.2.2. Проекциялық координат жүйесі
- •10.3. Текстураны материалдарға қолдану
- •10.3.1. Картаны Материалдар редакторына жүктеу
- •10.4. Материалдарды сахна денелеріне меншіктеу
- •10.4.1. Денені оны көркемдеуге даярлаймыз
- •10.5. "Пісірілген" текстураны өалыптастыру
10.2.2. Проекциялық координат жүйесі
Сахна денелерін текстуралық карта материалдарымен көркемдеу үшін осы материалдараға арнап проекциялық координаттарды (mapping coordinates) қалыптастыруды талап етеді. Олар карта бейнесінің белгілі бір пішіндегі дене бетіне орналасуын, бағдары мен масштабын беруге қажет.
Проекциялық координат осьтері и, v және w, арқылы белгіленеді, мұндағы и көркемделудегі дененің көлденең, v — тік өлшемін, aл w — тереңдігін білдіреді. Алғашқы екі екі ось картаның жазық бейнесінің өлшемдерін, ал үшіншісі оның тереңдігін сипаттайды, егер карта үш өлшемді болса.
Текстуралық картаны дене бетіне проекциялау механизмі мынадай. Алдымен басқарушы элементі центрі келісім бойынша дене центрімен беттестін, белгілі бір пішіндегі проекциялау контейнері (mapping gizmo) болатын проекциялық координат типі беріледі. Карта бейнесі бастапқыда осы контейнердің бетіне апарылады, содан кейін одан көркемделудегі дене бетіне проекцияланады. Проекциялау контейнерінің параметрлерін таңдау жолымен дене бетіне проекцияланған нәтижелеуші бейненің түрін кең аумақта реттеуге болады.
Стандарт пішінді дене қалыптастырғанда проекциялық координат құру режімін беруге болады (командалық тақтасының Parameters орамының Generate Mapping Coords. жалаушасы). Бұл жағдайда денеге оның пішініне өте жақсы сәйкес келетін координат типі меншіктеледі. Денені текстуралық карта материалымен көркемдеп болған соң оның бетіне осы координат жүйесіне сәйкес осы карталарды проекциялау жүреді. Егер бұл жүйе немесе оның параметрлері көңілден шықпаса, оны келесі екі тәсілдің бірімен өзгертуіңізге болады:
берілген картаның параметрлерін баптау жолымен;
көркемделудегі бір немесе бірнеше UVW Map (UVW-проекция) модификаторларын қолдану жолымен.
Осы тәсілдердің екіншісінің біріншісіне қарағанда проекциялық координаттарды басқару мүмкіндігі үлкен.
Координат типтері
3ds Max 9-да негізгі жеті типтегі (жүйедегі) проекциялық координат қарастырылған оларды UVW Map модификаторы көмегімен қалыптастыруға болады. Ол координаттар:
Planar (Плоские) координат типі текстуралық карта бейнесін жазық бетке проециялау үшін қолданылады. Проекциялау контейнері жазық тік төртбұрыш пішінде болады;
Cylindrical (Цилиндрические) координат типі цилиндрлік денеге жақын пішіндегі денеге қолданылады. Карта бейнесі осындай дененің тік осін айнала оралады да, содан кейін бүйір бетіне проекцияланады. Бұдан басқа жеке көшірмелері, текстуралары цилиндр денесінің қима ұшына көшірмелене алады, ол үшін Сар. Жалаушасы қондырулы болу керек. Проекциялау контейнері цилиндрлік пішінде болады;
Spherical (Сферические) координат типі пішіні сфераға жақын денелерді көркемдеуге арналған. Проекциялау контейнері сфералық пішінде болады;
Shrink Wrap (Обтягивающие) координат типі органикалық тектегі объектіге тән күрделі дұрыс емес пішінді денеге қолданылады. Бұл жүйе сфералыққа жақын, одан өзгешелігі – мұнда текстуралық карта бейнесінің барлық бұрыштарын бір нүктеге келтіру жүреді. Проекциялау контейнері сфералық пішінде болады;
Box (Прямоугольные) координат типі тік бұрышты параллелепипедке жақын пішінді денеге қолданылады. Проекциялау контейнері тік бұрышты параллелепипед пішінде болады;
Face (Координаты граней) координат типі текстуралық карта бейнесінің масштабталған жеке көшірмелерін дененің барлық жақтарына орналастыруды жабдықтайды;
XYZ to UVW координат типі текстура өрнегінің үш өлшемді карта материалымен көркемделген дене бетінде осы дененің модификаторлардың көмегімен деформациялану кезінде өзгеруін жабдықтайды (осы режімді іске асыру үшін қосылған үш өлшемді карта үшін Материалдар редакторы терезесінде Coordinates орамының Source тізіміндегі Explicit Map Channel пунктін таңдау керек). Проекциялау контейнері жоқ болады.
