Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 10_Материалы_Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.84 Кб
Скачать

10.2. Текстуралық карталар

Жоғарыда көрсетілгеніндей текстуралық карта (просто карта) материалдың белгілі компонентіне осы компоненттің қасиеттерін берілген материалмен көркемделген дене бетіне проекциялау әдісімен басқару мақсатымен қосылатын бейнені береді.

Карта қалыптасу тәсілі бойынша растрлік және процедуралық болып бөлінеді. Растрлік карта ретінде боялған нүктелерден (пикселдерден) тұратын кәдімгі растрлік бейне немесе осындай бейне сериялары қолданылады. Бірінші жағдайда растрік формат файлында, екінші жағдайда видеофайлда сақталады.

Процедуралық карта картаны материалға қосу кезінде қолданушы параметрлерін реттей алатын берілген өрнекті өндіру алгоритмін береді. Ол растрлік картадан гөрі өлшемі аз, кеңейтілімі .срр болатын файлда сақталынады.

10.2.1. Текстуралық карталар типтері

Арналуы бойынша текстуралық карталар 3ds Max 9-та бес типте болады: екіөлшемді, үшөлшемді, құрамдас, түс модификациясы және басқалар. Бұл карталардың барлығын 3ds Max 9-та қарастырылған сахна визуализациясының үш блогінің кез келгені қолдана алады. Сахнаны жарықтандырудың жоғары сапалы имитация эффектісін жабдықтайтын mental ray типті визуализаторды қосқанда, алтыншы типке жататын 70 карта қол жетушілікте болады. Басқа карталардан белгішісінің сары түсімен ажыратылатын бұл карталар кез келген карталарды қолданылады.

Осы программада қарастырылатын картаның бес типінің сипаттамасын берейік.

Екіөлшемді карталар

Екіөлшемді текстуралық карталар (2D maps) табиғи және жасанды нақты материалдар бетінің өздеріне тән суретін, сонымен бірге сахна фоны кескінін имитациялауға арналған. Растрлік және процедуралық болатын екі өлшемді карталардың ерекшелігі – ол карта бейнесін сахна денесі бетіне проекциялауда дене жақтарының жалғанатын жерлерінде немесе берілген бейненің шекараларында түйіспеудің болуы мүмкін.

3ds Max 9 құрамына екі өлшемді картаның жеті түрі кіреді, олар:

  • Bitmap (Растровая) — келесі бейнелердің біреуін беретін растрлік карта:

  • Қолдануға болатын форматтардың (BMP, GIF, JPG, MPEG, PNG, PSD, TIFF и др.) біреуінің файлында сақталынған растрлік бейне;

  • АVI немесе МOV форматтарының бірінде сақталынған видеоклип кадрлары бейнелерінің сериялары;

  • Checker (Шахматный узор) — тор көздері боялған немесе әртүрлі типтегі басқа текстуралық карталар бейнелері болатын шахмат өрнегін өндіретін процедуралық карта;

  • Combustion — 3ds Max 9 үйлесімде қолданатын Discreet combustion программалық модулін қондыру шартымен растрлік төсемеге сурет салумен интерактивті қалыптастырылатын растрлік карта;

  • Gradient (Градиент) — сызықты немесе радиальды градиент типтерінің біреуі таңдалынуы мүмкін үш базалық түспен берілген қарапайым градиентті бейнені (немесе қосылған басқа карталар бейнелерін) беретін процедуралық карта;

  • Gradient Ramp (Градиентная шкала) — градиенттің алты типінің біреуі таңдалынуы мүмкін тәуелсіз базалық түстермен берілген күрделі градиентті бейнені беретін процедуралық карта;

  • Swirl (Завитки) — орнына басқа текстуралық карталарды қосуға болатын, екі базалық түс реңімен боялған шиыршық (завитка) түріндегі өрнекті өндіретін процедуралық карта;

  • Tiles (Мозаика) —мозаиканың алдын ала берілген параметрлерін реттеуге болатын жеті өрнегінің біреуін жасауға мүмкіндік беретін процедуралық карта.

Үш өлшемді карталар

Үш өлшемді текстуралық карталардың (3D maps) мынадай қасиеттері бар. Карта өндіретін өрнек берілген дене қалыптасқан материалдың тұтастық иллюзиясы қалыптасатындай болып, көлемді дене бетіне проекцияланады. Мұндай карталар үшін проекцияланған бейненің шеттерінің түйіспеуі болмайды. Үшөлшемді карталардың барлығы процедур­алық болады. 3ds Max 9 құрамына 15 үшөлшемді карта кіреді, олар:

  • Cellular (Ячеистая) — құм, гранит немесе пенопласт сияқты табиғи немесе жасанды объектілерді жақсы имитациялайтын ұяшықты текстураны өндіруге мүмкіндік береді;

  • Dent (Вмятины) — дененің рельефті бетіндегі жаншылуды (вмятина) жақсы имитациялайтын кездейсоқ дақты өндіретін карта;

  • Falloff (Спад) — көркемделген дененің кейбір фрагментіне тиісті нормальдың берілген координат осіне немесе екпінді проекция терезесінің жазықтығына жасайтын көлбеулік бұрышына тәуелді проекцияланған бейненің сұр түс реңіне боялатын карта. Материалдың тұнық еместік (не прозрачность) деңгейін берілген материалмен көркемделген тұнық (прозрачность) дененің неғұрлым табиғи түріне жету мақсатымен реттеу үшін қолданылады;

  • Marble (Мрамор) — мрамор түріндегі өрнекті өндіретін карта, мрамор үшін базалық екі түсті таңдауға болады, сонымен бірге оларға басқа картаны қосуға болады;

  • Noise (Шум) — таңдалынған екі түс немесе текстура негізінде кездейсоқ біртекті еместігі бар өрнек қалыптастыратын карта;

  • Particle Age (Возраст частиц) — әрбір шығарылатын бөлшек түсін оның сахнада болу уақытына байланысты өзгертуге мүмкіндік жасайтын бөлшектер жүйесін көркемдеуге арналған материал құрамында қолданылатын карта;

  • Particle Mblur (Смаз движущихся частиц) — бөлшектің алдыңғы және артқы шеттерінің бояу түсін олардың жүру бағытына қатысты өзгертуге мүмкіндік жасайтын бөлшектер жүйесін көркемдеуге арналған материал құрамында қолданылатын карта;

  • Perlin Marble (Перламутровый мрамор) — Marble картасынан мрамордың өндіретін өрнегімен ажыратылатын карта;

  • Planet (Планета) — глобустағы құрлық пен су аймақтарын жақсы елестетін реттеуге болатын әртүрлі түстегі кездейсоқ дақтарды өндіретін карта;

  • Smoke (Задымление) — Noise картасынан жарық сәулелерімен жарықтанған тұман немесе түтінді елестетуге қатысатын өзінің арналуымен ажыратылатын карта;

  • Speckle (Крапинки – дақ) — ұсақ біртекті еместігі (құм немесе гранит типті) бар дәнді құрылымдағы материалды елестетін карта. Фон мен біртекті еместік екі түсін таңдау, сонымен бірге оларды басқа текстуралық кртаға алмастыру қарастырылған;

  • Splat (Брызги краски) — Speckle картасынан бояуды аэрографпен шашыратқаннан кейін пайда болатын ірі дақтарды еске түсіруімен өзгешеленетін карта;

  • Stucco (Штукатурка) — сылақ немесе апельсин қабығын еске түсіретін тегіс емес бет рельефін елестету үшін қолданылатын карта;

  • Waves (Волны) — су бетіндегі толқынды елестетеін карта, сондықтан бұл картаны материалдың рельефтік компонентін басқару, сонымен қатар толқын параметрлерін анимациялау үшін қолдану қажет;

  • Wood (Дерево) — ағаштың бүтін бөлігінен даярланған ағаш бұйымдарының бетін елестетін карта.

Құрамдас карталар

Құрамдас текстуралық карталар (compositor maps) өзіне бірнеше түсті немесе басқа карталарды біріктіруге арналған. 3ds Max 9 құрамына осы типтегі келесі төрт карта кіреді:

  • Composite (Многослойная карта) — егер қарастырылған болса, бейнесі мөлдірлік (прозрачность) альфа-каналымен бірге TIFF форматындағы растрлік типтегі файлда сақталатын екі немесе одан да көп карталарды біріктіретін карта. Альфа-каналмен маскаланған бұл бейнелерден осы картаның тұтас бейнесі құрылады;

  • Mask (Маска) — бір текстураны басқа текстураның бейнесімен маскалауға арналған карта;

  • Mix (Смеситель) — берілген екі түсті немесе екі басқа текстуралық картаны берілген пропорцияда араластыруға арналған карта;

  • RGB Multiply (RGB-перемножение) — RGB түстік форматының екі басқа текстурасының осы карталардың бейнелерінің сәйкес пикселдерінің каналдық ашықтығының көбеюімен бірігетін карта.

Түс модификациясының карталары

Түс модификациясының текстуралық карталары (color modifiers) материалдар пикселдерінің түстерін реттеуге мүмкіндік береді:

  • Output (Выход) — өзіне қосылған процедуралық картаның түстік коррекция параметрлерін аттас орам көмегімен баптауға арналған карта, әдетте процедуралық карта растрлік екі өлшемді картамен жұмыс кезінде ғана жетушілікте болады;

  • RGB Tint (Оттенки RGB) — оған қосылатын басқа картаның түстік коррекциясына арналған карта;

  • Vertex Color (Цвет вершин) — сахна көрсетушілігінде дененің торлы қабықшаларының төбелерінің бояу түстерін бейнелеуге мүмкіндік беретін карта.

Басқа карталар

Басқа текстуралық карталар (other maps) санына келесі алты карта жатады:

  • Camera Map Per Pixel (Карта камеры на пиксел) — басқа қосылған картаны таңдалынған түсіру камерасының орналасу бағытына проекциялауға мүмкіндік беретін карта. Оның көмегімен көрсетушіліктегі сахна бейнесін қажетті форматта құруға болады, бұл бейнені сәйкес графикалық редакторда өңдеуге, содан кейін оны сахна денесіне проекциялап "ширма" ретінде болады;

  • Flat Mirror (Плоское зеркало) — жазық қырлары бар денелерді көркемдеу мақсатымен оларда сахнаның басқа денелерінің айналық бейнелену қасиетін іске асыру үшін материалдың Reflection (Отражение) компонентіне қолданылатын карта;

  • Normal Bump (Рельефность из нормалей) — пішіні ұқсас және рельефсіз басқа денелерді көркемдеуде дене беті рельефін елестетін дененің "пісірілген" нормальдарімен қосуға мүмкіндік беретін карта;

  • Raytrace (Трассируемая) — көрсетушіліктегі сахна бейнесінің жоғары күмәнсіздігін жабдықтайтын сәулелердің із қалдыра түсу (трассировка) алгоритмін қолданумен жарықтың айналық бейнелену және сыну эффектісін өндіретін карта;

  • Reflect/Refract (Отражение/Преломление) — материалдың қоршаған денені айналық бейнелейтін немесе берілген мөлдір (прозрачность) материалдан өтетін жарық сәулелерін сындыратын қасиетін елестететін карта;

  • Thin Wall Refraction (Рефракция в тонкой пластине) — мөлдір (прозрачность) материалдың жұқа қабатынан өтетін жарық сәулесінің сынуын елестететін карта.