- •Тақырыбы: «Материалдар».
- •10.1. Материалдар типтері
- •10.1.1. Түпнұсқа материалдар
- •10.1.2. Құрамдас материалдар
- •10.2. Текстуралық карталар
- •10.2.1. Текстуралық карталар типтері
- •10.2.2. Проекциялық координат жүйесі
- •10.3. Текстураны материалдарға қолдану
- •10.3.1. Картаны Материалдар редакторына жүктеу
- •10.4. Материалдарды сахна денелеріне меншіктеу
- •10.4.1. Денені оны көркемдеуге даярлаймыз
- •10.5. "Пісірілген" текстураны өалыптастыру
10.1. Материалдар типтері
3ds Max 9-да материалдардың арналуы мен олардың қолдану аймағын сипаттайтын көптеген типтердің материалдарымен жұмыс қарастырылған. Барлық материалдарды құрамы бойынша үлкен екі топқа бөлуге болады: түпнұсқалы (оригинальный) және құрамдас. Түпнұсқалы материалдарда басқа материалдар (іштестірілген) болмайды, ал құрамдас материалдарда болады.
10.1.1. Түпнұсқа материалдар
Түпнұсқа материалдар тобына бес типтегі материалдар кіреді. Олардың ішіндегі кең тарағаны Standard (Стандартты) материалы. Оның артықшылықтары:
реңдеп бояудың (тонированная раскраска) әдістерінің көптігі, ол физикалық табиғаты әртүрлі нақты объектілердің тегіс беттерін елестетеді;
компоненттер қасиеттерін әртүрлі біртекті емес етіп құруға арналған текстуралық картаны қосуға болатын материалдар компоненттерінің көптігі;
құрамдас материалдардың барлық типтеріне қолдану мүмкіндігі бар.
Стандарт материалдардың өздеріне қосылатын текстуралық картадан тәуелсіз бар болатын негізгі компоненттері:
Diffuse Color (Цвет диффузного рассеивания) — материалдың дене бетінен кез келген бағытта шағылысып таралатын жарық сәулесі түсіне жақын реңдеп бояу қасиеті;
Specular Color (Цвет зеркального отражения) — материалдың берілген түстің айналық жарқылын жарқыраған бетте қалыптастыру қасиеті. Жарқылдың өлшемі мен ашықтығы жылтырлық (глянцевитость glossiness) және жарқырау күші (specular level) параметрі көмегімен беріледі;
Ambient Color (Цвет подсветки) — жарықтандырғыштан жарық сәулесінің тік түспейтін көлеңкеленген аймақтағы материал түсі;
Self-Illumination (Самосвечение) — материалдың объектінің көлеңке түсін диффузиялық таралу түсімен алмастыру есебінен жарықтану елесін туғызу қасиеті;
Opacity (Непрозрачность) — материалдың өзінен өтетін жарық сәулесін ұстау қасиеті.
Стандарт материалдың текстуралық картамен жасалынатын қосымша компоненттері:
Refraction (Преломление) — материалдың сәйкес текстуралық карта көмегімен жарық сәулелерінің тұнық денеден (прозрачным) сынуын елестету қасиеті;
Reflection (Отражение) — материалдың карта көмегімен сахнадағы қоршаған объектілердің шағылысу кескінін немесе берілген картаның айналық материалдың бетіндегі бейнесін елестету қасиеті;
Bump (Рельефность) — материалдың өзінің бетіндегі ойпаттың және дөңестің елесін қолданыстағы текстуралық картаның ашық телімдеріне тәуелді жасау қасиеті;
Displacement (Смещение) — материалдың дене деформациясын оның торлы қабықшасының төбелерін нормаль бойымен ығыстыру жолымен қосылған карта пикселдерінің ашықтығына тәуелді елестету қасиеті.
Түпнұсқа материалдар тобына стандартты материалдан басқа тағы келесі төрт типтегі материалдар кіреді:
Architectural (Архитектурный) — өзін елестететін аналогтің физикалық қасиеттері берілетін материал. Бұл материалмен көркемделген дене реализміне фотометрикалық жарықтандырғыштарды және ауқымды жарық есебімен шағылысуды тасымалдау алгоритмін қолдануда максимальды жетуге мүмкіндік береді;
Ink 'n Paint (Раскраска) — қалам немесе қылқаламмен денені бояуды елестете отырып дене бейнесін стильдеуге мүмкіндік жасайтын материал;
Matte/Shadow (Матовый/Затеняемый) — геометриялық денелер үшін тұнық емес (не прозрачным) және олардан көлеңкені қабылдауға қабілетті бола тұрып өз бетінде сахна фонын жаңғырту қасиеті бар материал. Егер сахнаның алдыңғы жағына осындай материалмен көркемделген "шымылдық" қойса, онда ол сахнаның фондық бейнесімен тұтасады, мұнда "шымылдық" алдындағы дене көлеңкені берілген денеге береді, ал оның арты көрінбейтін болып қалады;
Raytrace (Трассируемый) — стандартты материалға жақын, айырмашылығы – ол жарық сәулелерінің шағылысу және сыну эффектісін із қалдыру әдісімен (трассировка – атылған оқ ізі) құруды жабдықтайды. Сахнаның қоршаған денелері шағылысатын тегіс типылданған (полированный) бетті, сонымен бірге жарық сәулесін өткізудің, сындыру мен шағылыстырудың әртүрлі қасиеттері бар әртүрлі тұнық (прозрачный) материалдардан жасалған нәрселерді модельдеуге мүмкіндік жасайды.
Ескерту. Барлық бес түпұсқа материал Все пять оригинальных материалов могут использоваться совместно с любым из трех блоков визуализации, предусмотренных в 3ds Max 9. Если же вы собираетесь визуализировать сцену с помощью визуализатора mental ray, обеспечивающего высококачественную имитацию эффектов освещения сцены, то тогда становятся доступными еще девять оригинальных материалов, отличающихся от других материалов программы желтым цветом своих значков.
