- •Тақырыбы: «Материалдар».
- •10.1. Материалдар типтері
- •10.1.1. Түпнұсқа материалдар
- •10.1.2. Құрамдас материалдар
- •10.2. Текстуралық карталар
- •10.2.1. Текстуралық карталар типтері
- •10.2.2. Проекциялық координат жүйесі
- •10.3. Текстураны материалдарға қолдану
- •10.3.1. Картаны Материалдар редакторына жүктеу
- •10.4. Материалдарды сахна денелеріне меншіктеу
- •10.4.1. Денені оны көркемдеуге даярлаймыз
- •10.5. "Пісірілген" текстураны өалыптастыру
Дәріс № 10
Тақырыбы: «Материалдар».
Бұл тарау материал қалыптастыру және оны сахнаның геометриялық денесіне қолдану проблемасына арналған.
Материал (material) – бұл денеге қоршаған ортадағы белгілі бір физикалық табиғаты бар нақты объектілердің ұқсастығын беру үшін оның бетіне меншіктейтін сипаттамалар жиынтығы. Материал сипаттамаларына мыналар жатады:
диффузиялық1 шашырау, айна жарқылы және көлеңке аймақтарындағы материал беті түсі;
жарық сәулелерінен түсетін жарық дағы ашықтығының шамасы мен ашықтығы;
материалдың жарық шығаруы мен тұнық еместігінің (не прозрачности) деңгейлері;
жарық сәулелерінің шағылысу және сыну коэффициенттері;
материал бетінің рельефтілігі;
басқа қасиеттер.
Материалдың кез келген компоненті біртекті және біртекті емес болады. Біртекті компоненттің материалдың бүкіл бетіне немесе жарықтану деңгейі анықталған жеке аймақтарына таралатын бекітілген қасиеттері бар болады. Біртекті емес компонент өзінің қасиетінің берілген материалмен көркемделген дене бетіне проекцияланатын өзіне жалғанған (подключенный) бейнеге тәуелділігімен сипатталады. Мұндай бейнеде әдетте нақты материал текстурасын ұқсататын қайталанатын өрнек бар болады және осыған байланысты текстуралық карта (texture map), карта немесе текстура2 деп аталады. Карта материалдың өзі жалғанған компонентін толық немесе жекелей алмастырады.
Сонымен, материал беттің белгілі оптикалық, көрсетушілікті немесе геометриялық қасиеттері бар компоненттер жиынтығынан тұрады. Осы компоненттердің әрқайсысы біртекті (текстуралық картасыз) немесе біртекті емес (бір немесе бірнеше картамен) болуы мүмкін.
Біртекті карта үшін оның базалық параметрлері, сонымен бірге оған жалғанған карта параметрлері беріледі. Олардың ішіндегі маңыздылары:
материалдың сәйкес компонентінің қасиеттерін құруда картаның қатысу үлесі;
көркемделетін дене бетіне карта бейнесінің проекциялану тәсілі мен параметрлері.
Ескерту. Қолданыстағы материалдың сәйкес компоненттеріне текстуралық картаның әсер ету нәтижесін проекция терезелерінде бейнелеудің маңызды ерекшелігі – ол мұндай компоненттердің көпшілігі үшін бұл әсер мүлде бейнеленбейтіндігі немесе тозумен бейнеленетіндігі. Сондықтан текстуралық карталы материалдарды қалыптастыру немесе қолдану процесінде осы материалдармен көркемделген дененің нақты түрін бақылау үшін сахнаны периодты визуализациялап отыру керек.
3ds Max 9 программасында материалдармен жұмыстың кең мүмкіндігі бар. Онық құрамына материалдарды құру мен қолданудың арнайы құралдары, сонымен қатар материалдар кітапханасының көптеген файлдары (кеңейтілімі mat) мен текстуралық карта файлдары (олардың бәрінде JPG растрлік формат бар болады) кіреді. Материалдар кітапханасы программаның негізгі бумасына іштестірілген materiallibraries бумасында, ал карталар жиынтығы mats бумасында сақталады.
Көлемді модельдеу техникасы мен өнерінің маңызды бөлігі материалдармен жұмыс істей алу дағдысы. Мұндай дағды критерийі сахна денесін көркемдеудің сапасы мен әртүрлілігі, шындық нақтылықты ұқсатудың жоғары ақиқаттылығы, сонымен қатар көркемдеу процесіне жұмсалатын күш пен уақытты минимумға әкелу.
