Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зам мульт техн лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.5 Mб
Скачать

Қозғалыс анимациясы.

Берілген траектория бойынша қозғалу.

  1. Траекторияны беру үшін Insert =>Timeline => Motion Guide командасын орындаңыз. Нәтижесінде үнсіздік бойынша Guide Layer 1 атқа ие болатын ағымдағы қабаттың үстінде арнайы қабат пайда болады.

  2. Траектория қабатын тышқанмен шертіңіз және «қарындаш» құралының көмегімен жапырақтың орын ауыстыруы жоспарланған сызықты сызыңыз.

  3. Бірінші кадрға көшіңіз және пайда болған Properties панелінде Snap (қозғалыс траекториясымен байланысын көрсетеді) жалаушасын ерекшелендіріңіз.

Snap жалаушасын ерекшелегеннен кейін, жапырақтың центрі траекториямен беттеседі. Arrow құралын қолдана отырып, жапырақты қисық сызықты қозғалыс бойына орналастыруға болады, бірақ жапырақты траекториядан алып, оның жанына орналастыратын болсақ, ол кейін тартылып, траекторияға қозғалысына «жабыса» беретін болады.

  1. Соңғы кадрға көшіп, жапырақты қозғалыс траекторясының соңғы нүктесіне орналастырамыз. Фильмге көлемдік қосу үшін Flip Horizontal трансформациясын пайдаланамыз.

  2. Ұшақ немесе құстың ұшуын анимациялаңыз (олар әр уақытта тұмсығымен жоғары қозғалуы керек). Flash арқылы қозғалыстың мұндай түрін беру өте оңай. Orient to Path жалаушасын ерекшелендірсек, құстың қозғалысы қалыпты күйде болады.

  3. Фондық сурет қосамыз, ол үшін оған жаңа қабат қосу керек. Ол үшін қабаттың үстінде тышқанның оң жағын шертіп, жайылмалы мәзірден Insert layer жолын таңдаймыз.

  4. Фильмнің объектілерін жөндейміз (фондағы суретте құс күнді айналып ұшуы үшін, оның ұшу траекториясын және күн мен құстың көлемдерінің қатынасын өзгертеміз).

  5. Анимацияға қозғалмалы объект қосыңыз, мысалы бұлт. Бұлт үшін жаңа қабат құрып, онда оның қозғалыс трансформациясының анимациясын беріңіздер. Бұлт сценаға ұшып кіруі үшін, оны суреттегідей орналастырамыз.

Форма өзгеруінің автоматты анимациясы

Форма өзгеруінің анимациясын тек фигураларға қолдануға болады, бірақ топтарға да, даналарға (экземпляр) да, растрлық бейнелерге де қолдануға болмайды. Бұл объектілерге форма өзгеруінің анимациясын қолдану үшін оларды алдымен оны құраушыларға бөлу (break apart) керек.

    1. Суретте көрсетілгендей алма формасындағыдай және түсіндей тұйық контур сызыңыздар.

    2. Салынған объектінің қабатының атына шертіңіз (бұл жағдайда қабат аты үнсіздік бойынша Layer 1) – қабат ерекшеленеді, ал төменде Proporties тақтасында Tween терзесі пайда болады, онда Shape пунктін таңдаймыз.

    3. Соңғы кадрға қосыңыз – форма өзгеру 30 кадрда орындалсын. Кілттік фреймді 30-шы кадрға орналастырыңыз және онда алмұрт формасындағы тұйық контурды орналастырыңыз. Бастапқы және соңғы кадр тек қана формасымен ғана емес, бояудың түсімен де ерекшеленетініне назар аударыңыз. Форма өзгеруінің автоматты анимациясында анимация жылдамдығын баяулатуға немесе тездетуге болады. Қабатты ерекшелеп, Ease терезесі жанындағы үшбұрышты шерту арқылы жылдамдығын реттейміз. Қозғалысты тездету үшін -100-ден -1-ге дейінгі теріс сандарды, ал түрлену үрдісін баяулату үшін 1-ден 100-ге дейінгі теріс сандарды береміз. Easing параметріне мысалы +100 беру арқылы жаңа фильм аламыз.

    4. Blend түсірілмелі мәзірінен Distributive нұсқасын таңдау арқылы аралық фигуралар тегісірек болады (Angular – фигуралар бұрышталып келеді).

Форма анимациясында хинттерді қолдану

Егер кейбір морфинг логикасын сақтау керек болса, онда қай облыстары мирасқа қалатынын (наследоваться) бағдарламада көрсету керек. Бұл мақсатпен Flash бағдарламасында хинттер (shape hints) – бақылау маркерлері қолданылады, бұлардың көмегімен форма өзгеру үрдісін басқаруға болады. Хинттер арқылы алғашқы және соңғы фигураларда өзіне - өзі көшетін нүктелер белгіленеді. Хинттерді әріптер арқылы белгілейміз («а» бастап «z» дейін).

  1. Алғашқы кілттік кадрды ерекшелеп, Modify => Shape => Add Shape Hint командасын орындаймыз, нәтижесінде фигурада «а» әрпі бар қызыл дөңгелек түрінде алғашқы хинт пайда болады. Хинтті бұтақтың жоғарғы нүктесіне жылжытамыз.

  2. Соңғы кілттік кадрға көшеміз, мұнда фигура контурында «а» әрпі бар жасыл дөңгелек түріндегі соңғы хинт пайда болғанын көреміз. Хинтті алғаш белгіленген нүктемізге сәйкес келетіндей жылжытамыз. Соңғы кадрдағы қисыққа хинтті қойғанымызда алғашқы кадрдағы хинттің түсі өзгереді (қызылдан сарыға) – бұл хинттердің арасында сәйкестік орнағанын көрсетеді.

  3. Жаңа хинттер қосу арқылы бұл үрдісті қайталаймыз (3). Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін хинттерді фигураның үстіңгі сол жақ бұрышынан бастап сағат тіліне қарама-қарсы бағытта орналастырған дұрыс.

  4. Нәтижесінде шынайы, трансформациялы фильм аламыз.

  5. Хинттерді көзге көрінетін немесе көрінбейтіндей View => Show Shape Hints командасы арқылы орындауға болады. Хинтті жою үшін Modify => Transform => Remove All Hints командасын таңдаймыз. Бұл командаларды тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы орындаған ыңғайлы.

Растрлық бейнелердің автоматты түрдегі анимациясы

Егер растрлық бейнені растрлық бояуы (заливка) бар контурға айналдырсақ, онда контурдың форма өзгеру анимациясын орындауға болады.

  1. Сахнаға растрлық суретті импорттаймыз.

  2. Modify => Break Apart командасын екі рет қолданамыз, содан кейін Tween өрісіне Shape анимация типін таңдаймыз және анимацияның соңғы кадрына кілттік кадр қоямыз.

  3. Соңғы кадрға Modify => Transform => Envelope командасы арқылы мүмкін болатын Envelope транформация режимін қолданамыз.

  4. Фильмнен көріп отырғанымыздай растрлық бейнеде ешқандай өзгерістер жоқ, тек векторлық контурда форма өзгеру байқалады, мұның арқасында көрерменге өзгеретін контурмен шектелген растрлық бояудың кейбір бөліктері ғана көрінеді. Сондықтан форма өзгеру анимациясы растрлық бейнеге, сондай-ақ форма өзгеру анимациясы мәтінге қолдануға болады деп айтсақ дұрыс емес.

  5. Форма өзгеру анимациясын мәтінге қолданудың алдында, алдымен мәтінді бояуы (заливка) бар контурға айналдырамыз. Алғашқы кадрда сөзін тереміз, содан соң Break аpart командасын екі рет қолдану арқылы мәтінді бояуы (заливка) бар контурға айналдырамыз.

  6. Форма өзгеру анимациясын қолданамыз (соңғы кадрда «Звезда» сөзін графикаға айналдырамыз). Нәтижесінде «Star» сөзі «Звезда» сөзіне трансформацияланатын фильм аламыз. Шын мәнінде мұндай трансформация (алғашқы және соңғы кадрда символдар саны әр түрлі) ондай әсерлі болып көрінбейді. Егер алғашқы және соңғы кадрда символдар саны бірдей болса және символдан символға түрлену жүріп жатса, ал символдан символға трансформацилануда хинттер қолданылса, онда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.