Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зам мульт техн лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.5 Mб
Скачать

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. -Астана, 2007.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2010. -30¬ б. И.Б.Мылова. Критерии наполнения сайтов образовательных учреждений.- СПб: СПбаППО, 2010.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 10

3. Нургалиева ГК., Тажигулова А.И. Педагогическая методология и технология информатизации среднего образования. - Алматы: НЦИ, 2011.

12 - практикалық сабақ. FLASH –те Web-анимациялар құру

Анимациялық эффектілер

Flash MX 2004 бағдарламасы аз мөлшердегі қимылдарды қолдана отырып, күрделі анимацияларды жасауға мүмкіндік беретін дайын анимациялық эффектілердің (timeline - эффектілер) тұрады. Сіз Timeline Effects функциясын мынандай объектілерге қолдана аласыз: мәтін, графикалық объектілер, формалар, топталған объектілер және графикалық символдар, расторлық бейнелер, батырмалар.

Объектіге анимациялық эффектілер қосқан кезде Flash автоматты түрде сәйкес қабаттар және барлық тасымалдау қимылдары мен формаларын жасайды, яғни берілген эффектіге қажеттілердің бәрі осы қабатта жүзеге асады. Жаңа қабатқа эффект ие болған ат автоматты түрде беріледі.

  1. Қандай да бір сөйлем немесе сөзді басып шығарып, оны Arrow құралының көмегімен ерекшелеңіз де, Insert =>Timeline Effects =>Effects =>Explode командасын орындаңыз. Нәтижесінде бір атты панель пайда болады, эффект параметрлерін барлық қатарын реттеудің мүмкіндігі пайда болады. Қажетті параметрлерді таңдап алғаннан кейін OK батырмасын басыңыз.

  2. Расторлық бейнелерді сахнаға File => Import =>Import to stage командасы арқылы шығарамыз және Blur эффектісін қолдана отырып, Insert => Timeline Effects => Effects => Blur командасын орындаймыз. Анимациялық эффектіні қайта редактрлеу үшін ассоцацияланған эффектілі объектіні ерекшелейміз. Пайда болған Properties терезесінде Edit батырмасын басамыз, нәтижесінде Blur панелі пайда болады.

  1. Үйеңкі жапырағын салыңыз, Timeline панеліндегі сәйкес кадр сұр түске боялады және оның ішінде нүкте пайда болады, ол кілттік кадр екендігін көрсете алады. Кілттік кадр – бұл кадрда құрамын орналастыру немесе өзгерту жүзеге асып отырады.

  2. Insert Keyframe командасын қолдана отырып, көршілес кадрге тышқанның оң жақ батырмасын басып оған тағы да бір кілттік кадр қойыңыз. Нәтижесінде бұл кадрда беттің көшірмесі пайда болады. Оны төменге орналастырып(Arrow құралын қолданып) және Modify =>Transform => Free Transform командасының көмегімен аударыңыз.

  3. 6-кадрде бет соңғы жағдайда болатындай, процедураны осы түрде қайталаңыз. Properties панеліне назар аударсақ, оның сол жағында объектінің типі көрсетіледі. Әрбір кадрде бет Shape (форма) типінің объектісі болып табылады.

SEF – файлы түріндегі (Flash – фильмдерге арналған Macromedia форматы) фильмді экспорттау үшін File => Export => Export Movie командасын орындаймыз. Алынған фильмді, Flash бағдарламасынан шықпастан Control => Test Movie командасын орындап көруге болады.

Автоматтандырылған анимация

  1. Экранда жасалған жапырақты Arrow құралымен ерекшелеп, Insert => Timeline => Create Motion Tween командасын орындайық, нәтижесінде жапырақ рамкіге алынады. Ал Properties панелінде ерекшеленген объект Grafic қасиетіне ие деген хабарлама шығады. Бұл анимациялық объект автоматты түрде графикалық символға өзгергендігін білдіреді. Енді оны еркін жағдайда Shape типті объект түрінде Arrow құралымен редактрлеу мүмкін емес.

  2. Егер Window => Library командасын орындайтын болсақ, онда кітапханада жаңа символ пайда болғанын көреміз және үнсіздік бойынша оған Tween 1 ат берілген. Символға басқа ат беру үшін оны екі рет шертіп, қалаған атымызды бере аламыз.

  3. Анимацияның соңғы кадріне көшіп (бұл 15-ші кадр болсын), кілттік кадр қоямыз (Insert Keyframe командасы арқылы). Екі кілттік кадрдың арасындағы барлық кадрлар ашық көк түске ие болды және бірінші кілттік кадрдан соңғысына қарай бағытталған Motion Tween анимациясын құруды көрсететін бағдарша пайда болады.

  4. Control => Test Movie командасын орындап, ақпарат алыңыздар.

  5. Жапырақ жазықтығынан айналып бұрылып құлаған жапырақтың иллюстрациясын көрсету үшін алдыңғы мысалды қайталаймыз, тек соңғы кілттік кадрды модификациялауда Modify => Transform => Flip Horizontal командасын қосыңыз.

  6. Жапырақ көрерменге жақындағандағы мысалды қарастырайық. Бұл үшін соңғы кадрда айнадай көрсету (Flip Horizontal) орнына жапырақтың өлшемін үлкейту керек. Қозғалыс бәсеңдетілгендей әсер қалдырмас үшін объект көрерменге жақындағанда оның жылдамдығын ұлғайту керек. Бұл әсерді пайдалану үшін, бірінші кадрды шертіп, Properties панелінен Ease бөлімін таңдаймыз. Егер Ease параметрінің оң мәні жылдамдықты бәсеңдетуге әкелсе, ал теріс мәні ұлғайтуға әкеледі. Объектінің максималды жылдамдығын таңдаңыз. Бірінші кадрды сценаның артына орналастыруға болады, онда жапырақ кадрға ұшып кіріп, көрерменге қарай жылжитын болады. Жапырақтың айналуын симметрияның аралас центрін маңайлайтындай етіп модельдеуге болады.