- •С.Е. Алдешов
- •050111 - Информатика мамандығы студенттері үшін
- •1. «Мультимедиа» ұғымы. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері.
- •2. Мектепте компьютерлiк технологияларды пайдалану.
- •Мультимедиа ресурстарын әзірлеуге арналған бағдарламалық құралдар
- •Педагогикалық-программалық құралдар (ппқ), олардың топтамасы.
- •Құжат құру, сақтау және қасиеттер бөлімі
- •Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Motion Tween анимациясын бағытталған қозғалыс үшін пайдалану. Motion Guide Layer. Қабаттардың Layer Properties панелінде көрсетілетін қасиеттері.
- •MacroMedia Flash құралдарымен суреттер салу жолдары және мәтінмен жұмыс
- •Әдебиеттер
- •Қозғалыс анимациясы.
- •Графикалық символды жасау.
- •Графиканы позицияландыру құралдары мен панельдері.
- •Align (Выравнивание –Теңестіру) панелі.
- •Түстердің қасиеттері және заңдылықтары.
- •Кеңістік және қайталанатын кадрлар.
- •Қадам бойынша анимация. Кадрларды көшіру, орнын ауыстыру және жою.
- •Анимациялық фильмнің құрылымы.
- •Action Script тілінде бағдарламалау
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Motion Tween анимациясын бағытталған қозғалыс үшін пайдалану. Motion Guide Layer. Қабаттардың Layer Properties панелінде көрсетілетін қасиеттері.
Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде.
Оқу пәнінің вариативті бөлігі мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім стандартына сәйкес қосымша оқыту бағдарламаларын енгізуге және іске асыруға бағытталған. Білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың дамуының жеке сипатын қамтамасыз етеді және оқушылардың тілектері мен ата-аналарының сұраныстарын ескере отырып құрылады. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында әртүрлі таңдау курстары ұсынылуда.
Осыған орай Macromedia Flash программасының мүмкіншіліктерін үйрететін таңдау курсын жүргізу – қазіргі таңдағы білім беру талаптарына сәйкес оқушыларды шығармашылдыққа, ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеуге ықпал етері сөзсіз.
Таңдау курсында: эффектілер мен анимация тәсілдері қолданылған қарапайым қосымша бағдарламаларды жасауды; фильмді басқаруда қарапайым скриптілерді құруды; *.swf форматында дайын жұмыстарды публикациялауға; Macromedia Flash программасы туралы қосымша мағлұматтарды өз бетінше табуға; интернет желісінде жұмысын орналастыруға оқушыларды үйретуге мүмкіндік береді.
Flash технологиясы ақпаратты жүйе өндірісінде кең қолданыс тауып отырған кезде, осы таңдау курсы қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау талабын қанағаттандырады.
Сіздерге «Macromedia Flash программасының мүмкіншіліктері» атты таңдау курстың бір сабаған ұсынып отырмын.
Тақырыбы: Анимацияның формалары.
Қарастырылатын сұрақтар:
• Объектіні трансформациялау (пішінін өзгерту).
Мақсаты: Объектіні трансформациялау түрінде анимация құру.
Пішінін (форма) өзгерту анимациясы қозғалыс анимациясына ұқсас.
Объектінің қасиетін өзгерту (орны, өлшемі, бұрылуы, түссіз /прозрачность/) анимациясынан басқа объектінің пішінін өзгерту анимациясын құруға болады.
Пішінін өзгерту анимациясында жұмыс бетінде объектілер біріктірілген болмауы тиіс (разгруппирован). Яғни, объект символ болмауы және бір жұмыс бетінде орналасқан бірнеше объектілер бірігіп, бір символ болмауы тиіс.
Пішінін өзгерту анимациясын құру жолы:
1. Әр түрлі объектілері бар екі бөлек негізгі кадрлар құрыңыз.
2. Бірінші кадрдан бастап екінші кадрға дейін белгілеңіз.
3. Properties алаңынан Tween: тізім батырмасынан Shape командасын қосыңыз.
Белгіленген кадрлардың арасы ашық жасыл түсті сияға боялады және арасында бағыттауыш қойылады. Егер бағыттауыштың орнына үзік сызық болса, онда жасаған әрекетте қате бар.
Пішінін өзгертуде нүктені белгілеу.
1. Әр түрлі объектілері бар екі бөлек негізгі кадрлар құрыңыз.
2. Бірінші кадрдан бастап екінші кадрға дейін белгілеңіз.
3. Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.
4. Бірінші кадрды белгілеп, Modify/Shape/Add Shape Hint командасын орындаңыз.
Объектінің үстінде латын әріптермен жазылған қызыл түсті нүктелер пайда болады. Олар пішінін өзгерту жағдайын белгілеу нүктелері (морфинг-точка привязки) деп аталады. Олардың орнын ауыстыруға болады.
5. Дәл осы әрекетті екінші негізгі кадрда жасаңыз. Содан кейін қызыл нүктелердің түсі өзгереді: бірінші кадрда – сары түсті, екіншісінде – жасыл түсті. Егер нүктелер осындай түстерге боялса, олар дұрыс қойылған.
Нүктелер объектінің жиек сызығында немесе құйылған сия (заливка) шетінде орналасуы қате деп саналады.
Керісінше қойылған барлық нүктелерді мүлдем алып тастау үшін Modify/Shape/Remove All Hints командасын орындау қажет. Ал белгілеу нүктелерді қосу/өшіру әрекетін орындау үшін View/Show Shape Hints командасын орындау керек.
Тапсырма.
• Мәтін құралын пайдаланып «А» әрпін жазыңыз.
• 15-кадр негізгі кадр болсын.
• 15-кадрдағы «А» әріпін алып, тастап орнына «Ә» әріпін жазыңыз.
• сол әрекеттерді жалғастырып, 30-шы кадрға «Б», 45-кадрға «В», 60-кадрға «Г» әріптерін енгізіңіз. Енгізілген әріптердің түсін өзгертіңіз.
• Соңғы кадрдағы «Г» әрпін белгілеп Modify/Break Apart бөлектеу командасын орындаңыз. Дәл осы әрекетті 45, 30, 15, 1-кадрларға орындаңыз.
• Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.
• Нәтижені көру үшін менюден Control/Test Movie командасын орындаңыз.
Ескерту: жасалған анимация Flash Movie (.swf) типінде сақталады.
Тапсырма.
• Әр түрлі суреті бар, әр түрлі пішінде құттықтау қағаза (открытка) қиындысын үш негізгі кадрға жасаңыз (объектіні суретпен құйыңыз).
• Кадрлардың барлығын белгілеп, Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.
• Бірінші кадрға пішінін өзгеру нүктесін (морфинг) қойыңыз: Modify/Shape/Add Shape Hint командасын орындаңыз.
• Құрастырылған анимацияны көріңіз.
Тақытыбы: Кітапхана (Library) панелімен жұмыс.
