Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зам мульт техн лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.5 Mб
Скачать

Құжат құру, сақтау және қасиеттер бөлімі

Flash бағдарламасы Web-анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарлама. Қазіргі кезде Flash бағдарламасының көмегімен күрделі интерактивті бағытталған кескіндерді, динамикалық Web-беттерді, мультфильмдерді, ойындарды және т.б. ұйымдастыруға болады.

Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілмесі *.fla (Flash құжаты) және *.swf (Small Web-File- кіші Web-файл) типті болып келеді.

Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу жолы: ПускПрограммыMacromedia Macromedia Flash 8 (1-сурет).

1-сурет. Macromedia Flash 8 бағдарламасының жүктеу жолы.

Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады (2-сурет).

Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3-сурет).

Құрылған файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады.

3-сурет. Flash8 бағдарламасының жаңа құжаты.

«Tools» (Құрал саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде - объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4-сурет).

4-сурет. Объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары.

Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық: . Толығымен ерекшелеу батырмасы көмегімен объектіні ерекшелеудің екі жолы бар: бірінші жолда объектіні толығымен ерекшелеп аламыз , ал екінші жолда тінтуірдің сол жақ батырмасын объектіде үздіксіз екі рет шертеміз де қалаған бағытта орын ауыстыруымызға болады.

Жеке-дара ерекшелеу батырмасы көмегімен объектінің бұрыштарын белгілеген кезде тінтуір нұсқағышы тұсында іші бос кішкене тіктөртбұрыш пайда болады, ал қабырғаларына нұсқаған кезде тіктөртбұрыш қара түске боялады. Объект бұрыштарын өзгертуге болады, ал қабырғаны нұсқаған бойда сол жақ батырманы баса отырып, объектінің орнын ауыстыруға болады.

Екінші бөлімде объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар орналасқан, үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттер орналасқан, төртінші бөлімде құю және жиектеме жасау құрал–саймандар тақтасы орналасқан (5-сурет).

5-сурет. Құрал-саймандар тақтасы.

Үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттері көмегі арқылы объектінің бұрыштар санын өзгертуге қажетті батырмалар орналасқан. Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық. Қосымша қасиеттер бөліміне шерткен кезде шығатын сұхбаттық терезеде қажетті бұрыштар санын енгіземіз (6-сурет).

6-сурет.Қосымша қасиеттер бөлімі сұхбаттық терезесі.

6-лекция. Объектілермен жұмыс.

1. Кадрлардың түрлері.

2. Flash-анимацияның негізгі түсінігі.

Анимациялық әсерлер беру үшін «TimeLine» (Уақыт өлшемі қатары немесе Монтаждау үстелі) қолданылады. Дыбыстау нұсқағышы (қызыл түсті тіктөртбұрыш) анимациялық әсерлердің орындалу барысында нөмірленген кадрлар бойымен жылжып отырады (7-сурет).

7-сурет. Macromedia Flash MX бағдарламасы терезесі.

Анимацияланатын әрбір объект өзіндік қатпарларда орналасады. Қатпарларды қосуға, жоюға және орындарын ауыстыруға болады.

Импортталған графикалық бейнелерге де анимациялық әсерлер ұйымдастыруға болады. Құжатты импорттау «FileImportImport to Stage» (ФайлИмпорттауСахнаға импорттау) командасы көмегімен орындалады. Шыққан сұхбаттық терезеден қажетті файлды таңдап «Открыть» (Ашу) батырмасын баса отырып, объектіні құжатқа кірістіреміз.

Бағдарлама векторизациялау, яғни импортталған растрлық бейнені векторлыққа ауыстыру жұмысын орындауға болады. Ол «ModifyBitmapTrace Bitmap» командасы арқылы орындалады. Командадан соң шығатын сұхбаттық терезеде түстер және минималды зоналық мәндерді өз қалауымызша таңдауға болады (8-сурет).

8-сурет.Векторлау терезесі.

Векторлау барысында растрлық бейнедегі түсі жақын аймақтар бір түске айналып кетеді. «Color Threshold» (Түстік аймақ) бөлімінің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сәйкес түстер бір түспен алмасады. «Minimum area» (минималды аймақ) мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кішігірім түстес аймақтар өзгеріссіз қалады (9-сурет).

Векторланған бейне

Импортталған растрлық бейне

9-сурет. Векторлау нәтижесі.

Бағдарламада кез–келген фильм элементі Symbol (Символ) болып табылатын объект ретінде қарастырылады. Символдар типтері: Movie Cliр (Клип), Button (Батырма), Graрhic (Графика) және бұл типтердің әрқайсысының өзіндік қасиеттері бар, сонымен бірге мүмкін операциялар жиынтығы анықталған.

Фильмді ұйымдастыру жұмысын ыңғайлы ету үшін, оны бірнеше логикалық сахнаға (сцена) бөлуге болады. Жаңа сахна құру үшін «Window Design Panels Scene» (Окно Панель конструирования Сцена) командасы орындалады.

Macromedia Flash MX бағдарламасының ерекшелігі – экранда объектілерді басқару, яғни интерактивті әсерлер беру мүмкіндігі. Интерактивті анимация құру үшін ActionScript программалау тілінде сценарийлер жазылады. Экрандағы әрбір объект өзіндік қасиеттерге ие және бұл қасиеттер Proprties панелінде сипатталады.

Интерактивті қасиеттің бірден-бір элементі – басқарушы батырмалар. Батырмалар өзіне құрылған сценарий бойынша әртүрлі мақсаттар орындауы мүмкін.

Дайын болған Flash-фильмді бас мәзірдегі «ControlTest Movie (УправлениеТестировать фильм)» командасы көмегімен алдын-ала көруге болады. Сонымен кеңейтілмесі *.swf болып келген файлды жүктеу барысында іске қосылатын арнаулы Macromedia Flash Player терезесінде де көруге болады. Бұл терезеде «FileCreate Projector (ФайлСоздать проект)» командасының көмегімен Flash-фильм бірге сақталатын, кеңейтілмесі *.exe болып келетін файл құруға болады.

М ысалы: 10-суретте бірнеше объектілер келтірілген. Әрбір объектіні белгілеген кезде қасиеттер бөлігі өзгеріп отырады.

10-сурет.Қасиеттері әртүрлі обектілер жинағы.

7-лекция. Кітапхана (Library) панелімен жұмыс. Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Траектория бойынша анимация құру.

  1. Movie символдық типі және Motion Tween қозғалыс анимациясымен жұмыс. Rotate параметрін орнату және оны пайдалану. Клипті Bandwidth Profiler режимінде тестілеу.

  2. Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Motion Tween анимациясын бағытталған қозғалыс үшін пайдалану. Motion Guide Layer. Қабаттардың Layer Properties панелінде көрсетілетін қасиеттері.

  3. Траектория бойынша анимация құру. Orient to Pass параметрі. Guide типті қабатпен жұмыс.

Кез келген Flash фильмін құратын кезде объекті – бағытталған жолды қарастырамыз. Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше бір объект болып саналады, оның өзіне тән қасиеті және тек сол объектіге ғана қатысты болатын іс-әрекеттер болады. Мысалға, «текст» объектісі үшін, оның өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады. Оны көшіруге, өшіруге, қиуға, оларды гиперсілтемеге айналдыруға болады. Басқа объектілер туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда терминімен сипатталады. Символ дегеніміз, объектінің, анықталған қасиеттері бар, шаблоны. Символ, символдар кітапханасында (Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет қолданыла алады. Әрбір символдың жаңа көшірмесі символ дарасы (Instance) деп аталады. Бұл дараның қасиетіне қолданылған өзгеріс кезінде, кітапханадағы басқа да даралардың қасиеті автоматты түрде өзгереді.

Фильмде түрлі объектілер қолданылады. Әр элементтің іс-әрекетін сипаттау үшін, оларды әр қайсысын әр қабатқа (Layer) орналастырады. Flash құрушылары бұл қабатты түссіз қағазбен салыстырады. Осындай қағаздарды жинап сіз сахналық қойылым жасай аласыз. Қойылым (Scene) – Flash пен жұмыс істеуде кездесетін тағы бір термин. Әрбір қойылым қандай да бір анықталған қабаттар байланысынан тұрады. Жай фильмдер үшін, бір қабаттан тұратын жай ғана қойылымнан жасайды. Күрделі фильмдер әр түрлі дайындалған қойылымдардан тұрады. Бір қойылымнан екіншіге өту уақыт диаграммасын емес, басқа механизмді пайдаланды. Әйтпесе олар, орналасқан реті бойынша ойнала береді.Фильм егер көрік пен тартымды күрделі құрылымдармен ерекшелеу керек болса, ActionScript пайдаланылады.

Күрделі фильмдерді құру кезінде клип (Clip, немесе Movie clip) өте маңызды орын алады. Клип – бұл символдың арна йы түрі. Бұл мини-фильмге арнайы уақыт диаграммасы құрылады, және жеке параметрлері қондырылады (мысалға, кадрлар алмасу жиілігі). Клипті, фильмін басқа да элементтері тәрізді, кітапханаға, тағы да қолдану үшін, қосып қоюға болады. Әрбір дарасы үшін, есім беруге болады.

FLASH ФИЛЬМІН ҚҰРУДАҒЫ РЕТТІЛІК.

Windows қа арналған бағдарламаның көбісінде, оны жүктеген уақытында, автоматты түрде, бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға Word процессорын жүктеген уақытта, бос документ ашылады, бұл жерге сіз мәтін, графика немесе сурет қоя аласыз. Flash та да, дал осылай ұйымдастырылған. Алғаш жүктеген уақытта, автоматты түрде, жаңа фильм құратын (дәлірек айтсақ алғашқы қойылымын жасау үшін) терезе ашылады. Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін өзгерте алады.

Жалпы параметрлерін қондырғаннан кейін фильмнің алғашқы қойылымын жасай беруге болады. Объектілердің орналасу тәртібін анықтап алғаннан кейін оларды рет ретімен әрбір жаңа қабатқа орналастыра беруге болады. Қабат параметрлерін өзгерту фильмді құрудағы ең бір жауапкершілікпен қарайтын бөлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер) бір бірімен байланысып тұратындықтан, келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін, алдындағы қабаттарды қайта жөндеу керек болады. Мұнын еш қиындығы және қорқыныштылығы жоқ., бұл Flash бағдарламасына таңсық емес. Жаңадан қойылатын объектті кітапханадан алуға болады немесе жаңадан құруға болады. Flash сізге ойыңызда тұрған бейнені экран бетіне салу үшін барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бір бейненің объектілерін басқа суреттерден импорттап та алуға болады. Құрылған фильмді немесе жасап болып отырған іс әрекеттің жұмысын тексеру үшін, Flash тестіден өткізіп отыруға мүмкіндік береді. Әр жасалған өзгерістен кейін сақтап алып отыруды ұмытпаңыз.

Фильммен жұмыс жасап болғаннан кейін, ойланыңыз сізге бұл фильм неге керек? Егер тор бетіне салу үшін болса, онда жүктелу уақытын ескеруді ұмытпаңыз. Бұл үшін арнайы уақытқа тестілейтін қосымшасы бар Flash бағдарламасының