Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зам мульт техн лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.5 Mб
Скачать

Кеңістік және қайталанатын кадрлар.

Бағдарламаны жүктеу барысында жаңа бос файлдардың терезесінде кадрлар сызғышының 1-ші нөміріне әзірге бос кілтті кадрдың жалғыз символы орналасады. Ол дөңгелешемен белгіленген. Яғни осы жағдайда жұмыс аймағы ешқандай кескіннің жоқ екендігін көрсетеді. Сәйкесінше басқа да кадрлар жоқ. Кадрлар сызғышын толтыратын басқа позициялар келешектегі кадрлардың үлгісін көрсететін символдар болып табылады. Егер қара скрепка сайманын ерекшелеп белсенді етіп және кадрлар сызғышындағы кілтті кадрлар символдарын ерекшелейтін болсақ, онда кадр өзінің толық мазмұнымен ерекшеленеді. Егер одан кейін F5 пернесін бассақ, онда ерекшеленетін кадрдың оң жағынан қайталанатын (дублированный) кадр жасалынады. Қайталанатын кадрларда өзінің жеке мазмұны болмайды, ол тек өзінің сол жағында орналасқан кілтті кадрге сілтеме ретінде болады, бұл фильмді ойнату барысында қайталанатын кадр ағымдағы кадр болатын жағдайда экранда өзінің сол жағында тұрған кілтті кадрдың мазмұнын көрсететін кескін пайда болады. Қорыта айтқанда, қайталаушы кадар кескінінің қайталаушы жұмысын мейлінше жеңілдетеді.

Қайталанатын кадр тізбегін F6 немесе F7 пернелерін қолданып жасауға да болады. F6 пернесін қолдануда қайталаушы кадрлар тізбегі жаңа кілтті кадрлармен анықталады. Бұл кілтті кадр тізбегінің басында орналасқан кілтті кадрдың көшірмесі болып табылады. Ал F7 пернесін қолданғанда қайталанатын кадрдың тізбегі жаңа бос кілтті кадрмен аяқталады.

Қадам бойынша анимация. Кадрларды көшіру, орнын ауыстыру және жою.

Кадрдың сызғышта орналастыру ретін оңай өзгертуге болады. Бірнеше кадрлармен бірден жасауға болады. Ол үшін:

  1. Кадрлар сызғышындағы қажет кадрларды ерекшелеу керек;

  2. Көлденең мәзір жолынан мына командаларды орындау керек: Modify-Frames-Reverse (Өзгерту – Кадрлар – Кері рет).

Кадрларды жою үшін ерекшелеп Remove frames командасын орындау керек. Кез келген ерекшеленген кадрлардың тізбегін (тізбек кілтті кадр және қайталанатын кадр тізбегін құрайды). Shift+F6 пернелерінің көмегімен қайталанатын кадрлар тізбегін тіркемелеуге болады. Бұл жағдайда жасалған қайталаушы кадрлардың мазмұны өзіне жақын тұрған кілтті кадрдың мазмұны қайталанатын болады. Кадрларды көшіру және қиып алу командаларының көмегімен ерекшеленген кадрлардың тізбегін өзгертуге болады. Бұл командалар Edit мәзірінде орналасқан. Мысалы шеңбер бойымен қозғалатын түрлі түсті шар анимациясын жасау.Екінші мысал: түрлі түсті шардың құбылып отыруы анимациясын жасау.

Анимациялық фильмнің құрылымы.

Қабат (Слой) жекелеме кескіндерден тұратын топталған, (өзінің уақыты бар шкаласы анимациялардан) фильмның блогы. Қабаттар әр түрлі деңгейде орналасуы мүмкін. әр түрлі қабаттардың мазмұнын және дайын фильмдерден көруге болады. Қабаттарды жасау, орналастыру, көшіру, белсенді ету және жою инструменттері Time line сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан басқару элементтері арқылы жүзеге асырылады. Қабат аты бастапқыда Layer1 деп беріледі. Қабат атының оң жағында 3 батырма орналасқан: екеуі нүкте түрінде, біреуі түрлі түсті шаршы түрінде берілген. Батырманың үстінде олардың мағыналарын көрсететін бейнелеу символдары бейнеленген. Мысалы, көздің кескіні берілген. Суреттің астында орналасқан нүкте батырмасы қабат кадрларындағы бар объектілерді көрінетін немесе көрінбейтіндей етеді. Ал құлып суреті бар батырма қабатқа кіруді шектейді және осы құлыптың көмегімен кез келген кадрын өзгертуге тыйым салады. Түрлі түсті шаршы қабат кадрының мазмұнын бейнелеунің көп түрлі режимін іске қосады. Фильм қабатының жиынынан тұруы мүмкін Time line панелінде қабаттардың біреуіне тышқанды шертіп, оны ерекшелеуге болады. Осы ерекшеленген құлыптық кадрларды өзгертеді.

Құлыппен жұмыс жасаудың кейбір батырмалары. Бұл батырмалар Time line панелінен төмен орналасқан:

  1. Insert layer – қабатты қою, жаңадан қабат үшін қажет.

  2. Insert layer folder – қабаттар үшін бүманы жасау.

  3. Delete layer – қабаттарды жою.

Flash фильмдерді логикалық бөліктерге бөлуден сцена Scene ұғымы қолданылады. Сцена ретінде фильмнің жекелеме эпизодтарында осы эпизодтардың арасында бір-бірінен өтуде қолданылады.

Форма анимациясы жұмысы өрісінде анимайия объектісінің баяу өзгереді. Мұндағы объектілер ретінде бірнеше фрагменттерден тұратын әдеттегі көп түсті суреттерді айтады.

Панельдер

Flash интерфейсі фильм терезесі, инструменттер панелі және т.б. панельдерден тұрады. Бұл элементтердің программа терезесінде орналасу ретін қалауымызша баптауға болады.

Flash программасында келесі панельдер бар:

1. ToolBox (Инструменттер панелі)

2. Stage (Жұмыс облысы)

3. Align (Туралау)

4. Color Swatches (Түстер каталогы)

5. Transform (Түрлендіру)

6. Debugger (отладчик – жөндеуші)

7. Reference (Анықтама)

8. Accessibility (Доступность – ыңғайлылық)

9. Component Parameters (Компоненттер параметрі)

10. Answers (Жауаптар)

11. Timeline (Уақыт шкаласы)

12. Property Inspector (Қасиеттер инспекторы)

13. Color Mixer (Түс миксері)

14. Info (Ақпарат)

15. Actions (Әрекет)

16. Movie Explorer (Фильм сілтеуіші)

17. Output (Берілгендерді шығару)

18. Components (Компоненттер)

19. Library (Кітапхана)

Property Inspector панеліндегі параметрлер контексті тәуелді болып табылады, яғни қай объектінің белгіленіп тұрғанына тікелей байланысты. Property Inspector панелі объектілерді жылдам баптауға мүмкіндік береді.

Панельдерді біріктіру

Бірнеше панельдерді біріктіру үшін панельдердің сол жақ жоғарғы бұрышынан ұстап келесі панельге тарту керек. Тышқан көрсеткіші қажетті жерге келгенде «қол» белгісі бар пиктограмма пайда болады. Егер біріктірілген панельдердің бірін жасыру қажет болса, оны сол жақ бұрышынан біріккен панельдерден тысқары шертіп, жабу түймесін шерту керек. Біріккен панельдердің тек жоғарысында ғана жабу түймесі болады, оны шерту біріккен барлық панельдерді жауып тастайды.

Flash-те үнсіз келісім бойынша әзірленген панельдер жиыны бар. Оларға қол жеткізу үшін Window→Panel Sets командасын орындап, Default ішкі менюінен Designer (Дизайнер) және Developer (жасаушы, разработчик) панельдер жиынынын қолдануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы өзіне қажетті панельдер жиынын әзірлей алады. Ол үшін қажетті жиынды құрастырып, Window→Save Panel Layout командасын орындау керек.

Құжат атрибуттарын баптау

Құжат атрибуттары немесе фильм қасиеттерімен жұмыс істеу үшін Property Inspector немесе Modify Document командасын орындау керек. Қасиеттер инспекторында фильм жасалу барысында үнсіз келісім бойынша тағайындалатын параметрлер орналасады, оларға қол жеткізу үшін сценалық (сахна) объектіден тыс жерде шерту жеткілікті. Size (өлшем) батырмасын басқанда Document Attributes сұхбаттық терезесі шығады. Мұнда жұмыс облысының өлшемін, келісім параметрлерін, фондық түс, кадрларды алмастыру жиілігін, сызғыштың өлшем бірлігін баптауға болады. Publish (жариялау) батырмасын шерткенде Publish Setting (жариялау параметрі), ал Background (Фон) түймесі жұмыс облысына беруге болатын түстер каталогын шығарады. Фильмді ойнату жылдамдығы секундына өтетін кадрлармен (frame per seconds – fps) өлшенеді, бұл мәнді тікелей Frame Rate (кадрларды алмастыру жиілігі) өрісіне енгізуге болады.

Уақыт шкаласы

Дәстүрлі фильм тәрізді Flash видеоклипі уақыт бірлігінде өтеді. Flash фильмінің мазмұнын басқару орталығы Timeline (уақыт шкаласы) болып табылады. Ол уақыт өтуімен әртүрлі кадрлар және кілттік кадрдың мазмұндарын көрсетуіне жауап береді. Timeline-да фильмді құрайтын барлық қабаттар мен кадрлар орнықтырылған және ағымдағы кадр индикаторы болып табылатын оқу тиегі орналасқан.

Кадрлар. Қозғалыс эффектісін туғызу үшін комбинацияланатын жекелеген статистикалық кванттар немесе уақыт моменттері кадрлар деп аталады. Кадрлар фильм кадрының орналасу реті мен олардың ойнатылу жылдамдығын және фильмнің жалпы ұзақтығын анықтайды. Кадр қою үшін Insert→Frame (Кірістіру→Кадр) командасын орындау керек немесе F5 басу керек.

Кілттік кадрлар. Кілттік кадрлар анимациядағы өзгерісті хабарлайды. Кадрларда өздеріне дейінгі кілттік кадрларда бейне қайталанады, тек жаңа кілттік кадрдан өткен соң ғана фильмнің мазмұны өзгере алады.

Кілттік кадр қою үшін Insert→Keyframe (Кірістіру→Кілттік кадр) командасын немесе F6 батырмасын басу жеткілікті. Кез келген кілттік кадрларда бұған дейінгі кілттік кадрдың мазмұны болады. Бұл пайдаланушыға алғашқы бейнеден өзге жерден өңдеуге мүмкіндік береді. Бос мазмұнды кілттік кадр қою үшін Insert→Blank Keyframe (Кірістіру→Бос кілттік кадр) немесе F7 бассақ болғаны. Уақыт шкаласында бос кілттік кадрлар бос шеңбермен, ал мазмұны бар кілттік кадрлар боялған шеңбермен сипатталады.

Қабаттар және қабаттар папкасы

Қабаттар фильмнің мазмұнын біріктіруге мүмкіндік береді. Әр қабатты фильмнің жекелеген жолағы деп қарастыруға болады. Егер кез келген бір қабаттың белгілі бір бөлігі бос болса, онда ол өзінен төмен орналасқан қабаттың мазмұнын көрсетеді, ең жоғарғы қабаттың мазмұны басқа қабаттың мазмұнын көрсетпей тастайды.

Қабаттар мазмұнды жүйелеуге және бөлуге мүмкіндік береді. Әртүрлі қабаттарда орналасқан бейнелерді басқару жеңілдеу болады. Объектілерді әртүрлі қабаттарда орналастыру әр объектіні өзінше жекелей анимациялауға мүмкіндік береді, осылайша күрделі анимацияға қол жеткізуге болады. Қабаттардың саны дайын фильмнің көлеміне ешқандай әсерін тигізбейді.

Қабаттарды жасау барысында Flash оларды автоматты түрде нөмірлеп, атау беріп отырады. Қабаттардың атын өзгерту үшін уақыт шкаласының сол жағында орналасқан қабаттың атын (мысалы: Layer1) екі рет шерту керек. Қабаттарға ат беру кезінде оларды объектінің орналасу көрсеткіші ретінде қызмет көрсететіндей етіп, мүмкіндігінше қысқа ат беру керек, яғни қабат атының мазмұндық мәні болуы керек.

Әр қабаттың оң жағында орналасқан пиктограммалар қабатты жасыру, құлыптау және оларға мазмұнды контурлар түрінде көрсетуді ұйымдастырады. Ағымдағы уақытта жұмыс істемей тұрған қабаттарды құлыптап қойған жөн, бұл абайсыз өзгертулерден сақтайды. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып қабаттағы құлып бейнесін шерту керек, бұл кезде ағымдағы қабаттан басқа қабаттың барлығы құлыпталады. Дәл сол сияқты экранда белсенді емес қабаттарды көрсетпей тастау үшін Alt пернесін басып қабаттағы «көз» пиктограммасын шерту керек. Қабат аты және пиктограмма бағандары арасында орналасқан «қалам» белгісі қабаттың ерекшеленіп тұрғанын және өңдеуге болатынын көрсетеді. Жасырын тұрған қабатты өңдеуге болмайды. Жасырын қабатты өңдеу әрекеті орындалса, сызылып тасталған «қалам» белгісі пайда болады. Қабаттардың орналасу ретін өзгерту керек болса, қабат атында тышқанды шертіп, оны жаңа орнына қарай тарту керек. Бір мезетте бірнеше қабаттарды ерекшелеу үшін Shift пернесін пайдалану керек.

Уақыт шкаласы терезесінің төменгі жағында орналасқан пиктограммалар - жаңа қабат қосуға, бағыттаушы қабат қосуға немесе қабаттар папкасын жасауға мүмкіндік береді. Бағыттаушы қабаттар объектілерді туралауға мүмкіндік береді. Кез келген қабатты бағыттаушы қабатқа айналдыру үшін Add Motion Guide (қозғалысты бағыттаушыны қосу) пиктограммасын шерту керек. Flash фильмінде бағыттаушы қабаттар көрсетілмейді.

Бірнеше кадрларды өңдеу және калькалау

Фильм облысында бір мезетте тек бір кадр көрсетіледі. Туралау процесін жеңілдету үшін, бір мезетте бірнеше кадрларды көрсету мақсатында калькалау функциясы пайдаланылады. Уақыт шкаласының төменгі жағында орналасқан үш пиктограммада бір-біріне енгізілген квадраттар түрліше орналасқан. Onion Skin (Калькалау) батырмасын шерткеннен кейін бір мезеттте бірнеше кадр көрсетіледі.

Ағымдағы кадр түсі қанық, ал қалғаны сұр түспен беріледі де, редактрлауға жатпайды. Көрінетін кадрлар санын Start Onion Skin және End Onion Skin маркерлерін жылжыту арқылы басқаруға болады.

Onion Skin Outlines (Контурлық калькалау) батырмасын шерткенде калькіленетін кадрлар мазмұны контурлар түрінде беріледі. Калькіленетін барлық кадрларды редактрлеу үшін Edit Multiple Frames (Барлық кадрларды редактрлеу) батырмасын шерту керек, пайда болған опциялар тізімінен маркерлерді ағымдағы кадрдың өзгеруіне байланысты жылжитындай етіп баптауға және калькіленетін кадрлар санын таңдауға болады.

Инструменттер панелі

Инструменттер панелі 4 бөліктен тұрады: Tools (Инструменттер), View (Түр), Colors (Түстер), Options (Параметрлер). Кейбір инструменттердің модификаторлары Options бөлімінде көрініс табады. Tools бөлімінде ерекшелеу, сурет салу, бояу және объектілерді өзгерту инструменттері орналасады.

Arrow инструменті (Тілше) объектілерді ерекшелеу үшін пайдаланылады. Бір рет шерту арқылы объектіні ерекшелеуге, ерекшелеу облысын салуға болады, екі рет шерту бояу облысын және штрихтау облысын анықтау үшін пайдаланылады. Arrow инструментіне «V» пернесін басу арқылы да қол жеткізуге болады. Arrow инструментінің үш модификациясы бар: 1. Snap to Objects (Объектіге байланыстыру). Тышқан курсорының соңында сақина пайда болады. Ол қандай да бір объектіні екіншісіне қарай жылжытып, сонымен үлкейе береді. Объект ерекшеленіп тұрғанда Smooth (сглаживание) және Straighten (түзету) модификаторы белсенді болады. Бейнені доғалдандыру үшін нүкте қосу немесе оның бұрышын шығару нүкте қосу үшін, бейне контурының қажетті бөлігін ерекшелеп, тиісті модификацияны басу керек.

Subselection инструменті (Бөлшектік ерекшелеу) арқылы түзулер бөліктері немесе сурет контурлары ерекшеленеді. Сонымен қатар оны түзулермен объектілер контурларында нүктелерді көрсету үшін пайдаланылады. Оларды болашақта бейнені өзгерту үшін де қолданады.

Line – түзулерді салу үшін қолданылады. Shift пернесін басып тұру арқылы көлденең, тік және диагональ бойынша түзулер салуға болады.

Lasso – дұрыс емес формалы облыстарды ерекшелейді. Инструмент тышқан көрсеткішіне тәуелді, соңғы нүктені салып болып тышқан батырмасын босатқанда ғана облыс сызылады. Оның үш модификаторы бар. Жоғарғы екеуі: Magic Wand (Сиқырлы таяқ) және Magic Wand Settings (Сиқырлы таяқ параметрлері), олар растрлық бейненің көрсеткішін түс диапазонына сай жекеленген бөлігін белгілеуге мүмкіндік береді. Мұның маңызды параметрлері - сиқырлы таяқтың сезімталдығы, яғни көршілес пиксельдердің түс контурасын анықтау деңгейі. Мәні неғұрлым төмен болса, ерекшелеу соғұрлым нақты болады. Polygon Mode модификаторы ерекшеленген облыстың көпбұрыш болатынын көрсетеді.

Pen (перо) – түзу және қисық сызықты бөліктерден тұратын траекторияларды салу үшін пайдаланылады.

Text – мәтінді енгізу басын анықтайтын орын беріледі. Параметрлері қасиеттер инспекторында бапталады.

Oval – шеңберлер және эллипстерді салу үшін пайдаланылады. Шеңберлер салу үшін Shift пернесін басып тұру керек.

Rectangle – тіктөртбұрыштар мен квадраттар салу үшін пайдаланылады. Квадрат салу үшін Shift пернесін ұстап тұру керек. Инструменттердің тіктөртбұрыштың бұрыштарын доғалдандыру радиусын анықтауға мүмкіндік беретін Round Rectangle Radius (тіктөртбұрыштың бұрыштарын доғалдандыру радиусы) модификаторы бар.

Pencil – тегіс емес түзулерді салу үшін қолданылады. Тышқан көрсеткішінің соңынан ілесе отырып салынады. Pencil Mode модификаторымен салу барысында траектория түзеу және доғалдандыру режимін анықтайды.

Brush (қылқалам) – Flash-те бояудың ең жақсы инструменті. Оның модификаторы бояу режимін, қылқалам формасын және өлшемін, сонымен қатар бояу түсін құлыптауды баптайды. Brush Mode (қылқалам режимі) штрих немесе бояу үстінен бояуға мүмкіндік береді немесе объектінің бөліктерін қорғау үшін қолданылады. Paint Fills (Бояуды бояу) суретті бояйды немесе бос бөліктері ғана боялады, ал штрихтар және контурлар өзгеріссіз қалады. Paint Behind (Арт жағын бояу) суретте объекті боялмайды, тек бос облыстар боялады. Paint Selection тек ерекшеленген облыс боялады. Paint Inside (Контурдың ішін бояу) объектілердің іші боялады.

Free Transform (Еркін түрлендіру). Rotate және Skew (Айналдыру және көлбеулеу), Scale (масштабтау) модификаторларынан тұрады.

FillTransform (Бояуды түрлендіру) – градиенттік және растрлық бояуды реттеу үшін пайдаланылады.

InkBottle (Сияқұйғыш) – бұрыннан бар контурды өзгерту үшін пайдаланылады.

Paint Bucket (Бояу) – бұрыннан бар бояуды өзгерту үшін пайдаланылады.

Evedropper (Пипетка) – бір объектінің штрих немесе бояу атрибуттарын көшіріп, тікелей екінші объектіге пайдалануға мүмкіндік береді.

Eraser (Ластик) – жұмыс облысындағы объектілерді өшіруге арналған.

Erase Mode (Ластик режимі) – өшіруге жататын элементтерді көрсету үшін пайдаланылады. Erase Normal (қарапайым өшіру), Erase Fills (тек бояуды өшіру), Erase Strokes (тек шртихтарды өшіру), Erase Selected Fills (тек ерекшеленген аумақтағы бояуды өшіру), Erase Inside (объектінің ішін өшіру).

Faucet (кран) – бір рет шерту арқылы барлық бояулар мен штрихтарды алып тастау үшін пайдаланылады. Eraser Shape – ластик формасы.

View бөлімі. Жұмыс аумағын көру немесе оның байланысын жылжыту үшін Hand (қол) және Zoom (масштаб) инструменттері қолданылады. Үлкейту және кішірейту үшін M немесе Z пернелерін пайдалануға болады. Басқа инструментпен жұмыс істеп жатқанда Hand-ты пайдалану үшін Space Bar-ды басып ұстап тұрамыз.

Colors бөлімі. Штрихтар және бояудың түсін белгілейді. Егер сахнада ешқандай объект ерекшеленіп тұрмаса онда Stroke (штрих) және Fill (бояу) өрістерде анықталған мәндер бұдан кейін салынған инструменттер үшін орындалатын болады. Өрістердің Black and White батырмасы үнсіз келісім бойынша алынған қара штрих ақ бояу режимін қайтарады. No color – сәйкесінше не штрих, не бояуды өшіреді. Swap Colors (Түстерді алмастыру) – ерекшеленген объектінің контурымен бояудың түсін бір-біріне алмастырады.

Ыстық пернелер және оларды баптау

Кез келген программа секілді көптеген панельдер мен меню командаларына оғай қол жеткізуді ұйымдастыратын «ыстық» пернелер немесе пернелер комбинациясы бар.

№ Инструмент «Ыстық» перне

1 Arrow V

2 Subselection A

3 Line N

4 Lasso L

5 Pen P

6 Text T

7 Free Transform Q

8 Fill Transform F

9 Ink Bottle S

10 Paint Bucket K

11 Eyedropper I

12 Eraser E

13 Hand H

14 Zoom M,Z

№ Панель Ыстық перне

1 Tools Ctrl+F2

2 Timeline Alt+Ctrl+F2

3 Property Inspector Ctrl+F3

4 Answers Alt+F1

5 Align Ctrl+K

6 Color Mixer Shift+F9

7 Color Swatches Ctrl+F9

8 Info Ctrl+I

9 Scene Shift+F2

10 Transform Ctrl+T

11 Actions F9

12 Debugger Shift+F4

13 Movie Explorer Alt+F3

14 Reference Shift+F1

15 Output F2

16 Accessibility Alt+F2

17 Components Ctrl+F7

18 Component Parameters Alt+F7

19 Library F11

13-лекция. FLASH-мәзір құру.

  1. Button символы. Объектілерді туралау.

  2. Grid командасын пайдалану.

  3. Align панелі. ActionScript ұғымы.

  4. Actions панелімен жұмыс.

  5. Script Assist панелі.

Қазіргі кезде мультимедиа – технологиялар оқу үрдісіндегі ақпараттандырудың келешегі бар бағыттарының бірі. Мультимедиа және телекоммуникациялық технологиялар жалпы білім беру жүйесінде принципті тұрғыда жаңа әдістемелік жолды ашады.

Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған үлгі бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады. Сабақта мультимедиялық технологияларды пайдаланғанда оның құрылымы өзгермейді. Онда сабақтың негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталады, тек уақытша сипаттамалары өзгеруі мүмкін. Оқушыларды мультимедиялық сабақтардың өткізілуінің жаңашылдығы қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақтарда оқушылардың компьютер алдындағы қорқынышы жоғалады, оқылып жатқан материалға қызығушылық пайда болады, қызығушылықпен тапсырмаларды орындайды, ойларын өз сөздерімен жеткізуге талпынады. Оқушылар пән бойынша оқулықпен, сөздіктермен және де басқа да әдебиеттермен өздігімен жұмыс істеуге үйренеді. Практикалық әрекеттер жасау кезінде, өзін-өзі бақылау байқалады.

Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда білім беру жүйесінде мультимедиа технологияларды қолдану келесі артықшылықтарға ие:

  • түрлі-түсті графиканы, анимацияны, дыбыстық сүйемелденуді, гипермәтінді пайдалануға рұқсат етеді;

  • әрқашан жаңарту мүмкіншілігі бар;

  • басып шығаруға және көбейтуге аз шығын кетеді;

  • интерактивті веб-элементтер орналастыру мүмкіндігі бар, мысалы, тесттер немесе жұмыс дәптерлерді;

  • дәйексөз алу үшін бөліктерді тасымалдауға немесе көшіруге мүмкіндік бар;

  • гиперсілтемелердің көптігіне байланысты материалды бір қалыпты емес өтуіне мүмкіндіктер бар;

  • білім беру сайттарында немесе электрондық кітапханаларда қосымша әдебиеттермен гипербайланысты орнатады.

Мультимедиалық технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады, оқу процесін жүргізуді қызықты етеді, шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады, осыларға қоса, мемлекет мектептерге қойып отырған әлеуметтік тапсырыс деңгейіне де сәйкес келеді.

Өйткені мектептерде оқыту жүйесінің жаңа талаптарына сай барлық пән мұғалімдері жыл сайын компьютерлік сауаттылық дайындық курсынан өтеді. Барлық мектептерде информатика, мультимедиа және толық жабдықталған мультимедиалық физика кабинеттері бар. Мультимедиа кабинеттерінде интерактивті тақталар орнатылған.

Мультимедиялық технологияларды келесі түрде пайдалануға болады:

  • слайд арқылы тақырыптың негізгі кезеңдерін қысқаша көрсету ретінде;

  • мұғалімнің түсіндіруін сүйемелдеу ретінде;

  • ақпараттық - оқыту нұсқау ретінде;

  • білімді бақылау ретінде.

Ал, мультимедиялық сабақтар келесі дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • пән бойынша базалық білімді меңгеруге;

  • меңгерген білімді жүйелеуге;

  • өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыруға;

  • жалпы білімге және жекеше информатикаға уәжін қалыптастыруға;

  • оқу материалы бойынша оқушыларға өзіндік жұмыс жасау кезінде оқу-әдістемелік көмек көрсетуге.

Көптеген жағдайда мультимедиа-құралдарын пайдалану педагогтардың еңбектерін қарқындатуға, сонымен қатар оқушыларды оқыту тиімділігіне оң әсері бар.

Оқыту процесiнде кездесетiн мәселелер мен оны тиiмдi шешудегi мультимедиалық технологиялардың маңызы 1 кестеде келтiрілген.

Кесте 1. Мультимедиалық технологиялардың оқытудағы мүмкiндiктерi

Оқыту процесiнде кездесетiн қиындықтар

Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиiмдiлiгiн арттыру мүмкiндiктерi

Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетiстiктер

1

Объективтi күрделi материалдарды оқыту

Оқу материалын бөлшектеп ұсыну

Оқушылардың оқу материалына қызығушылығы артады

2

Түсiнiк-ұғымдардың абстрактылығы, жалпылау, салыстыру, орнықтыру қажеттiлiгi

Нақты ұғым қалып-тастыру, салыстыру, жалпылау кезiндегi иллюстрациялау

Нақтыдан абстракцияға, жекеден жалпыға ауысу жеңiлдiгi

3

Тез немесе жай өтетiн процестердi оқыту

Бейнепроекциялық құрылғылар көмегiмен табиғаттағы процесс-тердiң жүруiн бақылау

Құбылыстар мен процестердi оқыту кезiнде уақытты тиiмдi пайдалану

Сонымен қатар, компьютер мүмкіндіктері мен мұғалім білімін біріктіре алатын мультимедиялык жүйелерді пайдалану арқылы электрондық оқулыктар жасауға болды, олар сабақты бұрынғыдан гөрі көрнекі, кызықты түрде өткізіп, оқушыларға жаңаша мәлімет беруге жағдай туғызады. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар колдануына да мүмкіндігі бар.

Жалпы орта білім беруде мультимедианы пайдаланудың артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады:

  • мектепте өткізуге мүмкін емес және қиындық туғызатын күрделі, қымбат және қауыпты тәжірибелерді модельдеу мүмкіндігі;

  • визуалдық абстракциялық ақпараттық процесстерді динамикалық негізінде көрсету;

  • микро және макропроцесстерді және объектілерді көру;

  • ақпарат және ақпараттық технологиямен байланысты, оқуға бағытталған арнайы оқу тәртіптерін дамыту, кіргізу, оқыту;

  • информатикамен байланысы жоқ, көптеген дәстүрлі мектептердің оқыту жүйесіне өзгертулер енгізу;

  • қосымша мотивациялық рычагтардың дифференциациясы және индивидуализациясы арқылы мектепте оқыту әсерлілігін көтеру;

  • оқыту үрдісінде жаңа формалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру;

  • мұғалімі мен оқушының қызметінің мазмұнын өзгерту;

  • жалпы білім беру жүйесінің механизмін арттыру.

Сонымен, мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге калыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудін интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілденн жақсы жақтарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

ActionScript ұғымы

Жалпы мектепте білім беруде кәсіптік пәндерді жекелей оқыту ең басты бағыттардың бірі болып саналады. Ал ол кәсіптік пәндерді оқыту үшін, пәннің мазмұнына лайық оқу-әдістемелік құралдар қажет. Macromedia Flash 8 программасын мектепте оқушыларға информатикадан білім беруде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Macromedia Flash 8 суретшілер мен дизайнерлер үшін де қажетті таптырмас құрал ретінде есептеледі. Ол Web – сайттағы проектілі анимациялар мен дыбыстар беру үшін қолданылады.

Action Script - бұл Macromedia Flash-тегі скриптті (сценарий) тіл. Оның басты қызметі – клиптерді интерактивті ету болып табылады. Action Script тілі объектіге бағытталған бағдарламалау тілдері тобына жатады. Объект ретінде кез келген берілгендер мәтіндік түрде немесе графикалық қойылым түрінде беріліп, Action Script-те символға түрлендіріледі. Action Script-тен басқа сценарилер тілі ретінде JavaScript немесе VisualBasicScript тілдері қолданылады. Ол тілдердің Action Script-тен айырмашылығы – олар HTML тілінде жазылып, WEB-броузер арқылы көрсетіледі. Ал Action Script-те объектілер иерархия түрінде кескінделіп (құрылымданып), Flash-плеер программасында бірден орындалады. Жұмыстың міндетіне студенттерді, кәсіптік білім беретін мектептерде оқушыларды ActioScript бағдарламалау тілі туралы жалпы түсінік қалыптастырып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде жүзеге асыру іскерліктерін қалыптастырып және машықтандырып үйрету кіреді.