- •С.Е. Алдешов
- •050111 - Информатика мамандығы студенттері үшін
- •1. «Мультимедиа» ұғымы. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері.
- •2. Мектепте компьютерлiк технологияларды пайдалану.
- •Мультимедиа ресурстарын әзірлеуге арналған бағдарламалық құралдар
- •Педагогикалық-программалық құралдар (ппқ), олардың топтамасы.
- •Құжат құру, сақтау және қасиеттер бөлімі
- •Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Motion Tween анимациясын бағытталған қозғалыс үшін пайдалану. Motion Guide Layer. Қабаттардың Layer Properties панелінде көрсетілетін қасиеттері.
- •MacroMedia Flash құралдарымен суреттер салу жолдары және мәтінмен жұмыс
- •Әдебиеттер
- •Қозғалыс анимациясы.
- •Графикалық символды жасау.
- •Графиканы позицияландыру құралдары мен панельдері.
- •Align (Выравнивание –Теңестіру) панелі.
- •Түстердің қасиеттері және заңдылықтары.
- •Кеңістік және қайталанатын кадрлар.
- •Қадам бойынша анимация. Кадрларды көшіру, орнын ауыстыру және жою.
- •Анимациялық фильмнің құрылымы.
- •Action Script тілінде бағдарламалау
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Графиканы позицияландыру құралдары мен панельдері.
Позицияландырудың бірнеше тәсілі бар:
1. Соның ішінде ең қарапайым және табиғи тәсілі – сызғыштарды пайдлану. Сызғышты View – Rules командасымен шығаруға болады. Сонда сызғыштар жұмыс өрісінің сол жағынан және жоғарғы жағынан орналасады. Бастапқыда сызғыштар пиксельмен беріледі. Мұны Properties панеліндегі Size батырмасының көмегімен басқа өлшем-бірлікке ауыстыруға болады. Properties панелінің сол жақ панелі бұрышында арнайы мәтіндік өрістерде 4 сан көрсетіледі: мұнда ерекшеленген объектінің ені (W-Width) және биіктігі (H-Height) және объектінің нүктелерінң коорджинаталары (X,Y) көрсетіледі. Бұл координата жұмыс жолының жоғарғы бұрышынан бастап саналады.
2. «Қара бағыт» құралымен тіркемелеу барысында (буксировка) графикалық объектілердің позицияландырудың тағы бір қарапайым тәсілі – оларды магниттеу болып табылады. Іске қосылуы View – Snap to objects (Просмотр – Привязка к объектам) командасы бір графикалық объектіні екіншісіне магниттеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдай «қара бағыт» батырмасын таңдауда Options бөлімінде магнит кескіні бар батырманың белсенді болуына әкеледі.
3. Көмекші бағыттауыш сызықтар объектілерді позицияландырудың үлкен мүмкіндіктерін ашады. Тышқан көрсеткішін координата сызығына қойып жылжытсақ, тік және көлденең сызықтар пайда болады. Осы сызықтар бағыттауыш сызықтар деп аталады және графиктік объектілерді салу барсында көрінеді, ал дайын анимациялар көрінбейді. Бағыттауыш сызықтарды экраннан алып тастау үшін View – Guides – Snow Guides командасы орындалады.
4. Позицияландырудың өте пайдалы құралы ретінде координаталық торды пайдалануға болады. Координаталық тор дегеніміз – эквидистантты орналасқан бағыттауыш сызықтардың жиыны. Координаталық тор View – Grid командасы арқыды беріледі. View – Grid – Edit Grid командасы арқылы координаталық тордың сызықтарының түсін, ұяшықтардың және көлденең өлшемдерін өзгерту. Осы тік және көлденең өлшемдер 7,20-дан 288,00 дейін өзгере алады.
Align (Выравнивание –Теңестіру) панелі.
Align панелі графиканың объектілерінің симметриялы орналасуын немесе жұмыс кеңістігінде бірдей таралуын қамтамасыз етеді. Шақырылуы: Window – Align немесе ерекшеленген графиктік үзіндінің жанама менюінен Panels – Align командасы көмегімен. Align панелінің батырмалары 4 топқа жинақталған:
1. Align (Выравнивание) тобы теңестірулерді орындайтын 6 батырмадан тұрады: алғашқы 3-еуі көлденең теңестіруді, соңғы 3-еуі тік теңестіруді орындайды.
2. Distribute (Распределение) тобы ерекшеленген объектілердің мінезделетін объектілерінің бір-бірімен бірдей қашықтықта таратыла орналасуына жауап береді.
3. Match Size (Общий размер) тобы 3 батырмадан тұрады, бұл батырмалар барлық ерекшеленген объектілерді біріңғай өлшемге, яғни ең ірі объектінің өлшеміне сәйкес келетін өлшемге әкеледң.
4. Space (Пространство) тобы объектілер арасындағы тік немесе көлденең қашақтықиарын теңестіруге арналған.
Түстердің қасиеттері және заңдылықтары.
Түс – нақты жиіліктегі электромагниттік тербелістерді адамның көзінің қабылдауымен байланысты субъективті ұғым. мұндағы жиіліктер 4,3*1014 Гц-7,5*1014 Гц аралығында жатады, яғни толқынның 700мм-400мм аралығындағы ұзындығына сәйкес келеді. Осы тербелістердің жиіліктерінің диапазоны, яғни толқындар ұзындығы «жарық диапазоны» деп аталады. Электромагниттік тербелістердің нақты жиілігіне байланысты адамның көзі қандай да бір нақты түсті көре алады.
Жарық диапазонының электромагниттік тербелістерінің жиіліктерін арттыра отырып, қызыл түстен күлгін түске дейінгі түстердің тізбегін көре аламыз. Осы тізбектің негізгі түстері негізгі үш түске (қызыл, жасыл және көк) негізделген түстерді сипаттау жүйесі RGB түстер моделі (жүйесі) деп аталады. Осы 3 түстің негізінде мынадай математикалық теңдеулерді жазуға болады:
R+G=Y (қызыл+жасыл=сары)
G+B=C (жасыл+көк=көгілдір)
R+B=M (қызыл+көк=күлгін)
RGB түстер моделін аддитивті модель деп те атайды (add - добавлять, складывать).
Бұл модель түстер ағының қосатын барлық орындарда қолданыс тапты. Мысалы: теледидар, компьютер.
Түстер кубының көлемінде бекітілген түстер реңінің жалпы саны әр негізі түстің ашықтығының градация санына байланысты. Мысалы, әрбір негізгі түс туралы ақпаратты сақтауға 1 байттан бөлетін болсақ, онда оның 256 градациясын беруге болады.
Ашықтың шкаласында 256 градация болсын, 0-ден 255-ке дейін. Онда координаталар басындағы 0-дік ашықтық – бұл қара түс болады, яғни жарықтың болмауы.
RG жазықтығында қызыл және жасыл түстердің кез келген реңдерінің араласу нәтижесі көрсетілген. формальды түрде осы реңдердің саны 2552-на, яғни 65000-ға тең. диагоналінда 0-ден бастап қызыл және жасылдың жоғары ашықтылық градиациясының араласу нәтиижесіне дейінге сары түстің ашықтығының барлық реңдері.
RB және BG жазықтықтарының мазмұны осындай болады. Бір жазықтықтың диагоналінде көгілдір түс реңдері, ал 2-сінде көгілдір түстердің реңдері орналасады. Осы жазақтықтың арасында 2552, яғни 17 минималды түстер реңдері болатын түстер кубы орналасқан. Бұл түстер кеңістігі 3 байтты немесе 24-битті түсті кеңістік деп аталады. Осы жағдайда түс тереңдігі 24 битке тең болады.
CMY түстер моделі субстрактивті модель деп аталады. (Subtract-вычитать) немесе «полиграфиялық триада деп аталды. Сол себептен полиграфияда қолданылатын негізгі модель болып табылады.
CMYК моделі (Cyan Magenta Yellow Black)
HSB моделі (H-hue – цветовой тон, S-saturation – насыщенность, B-brightners - яркость).
HSB моделі цилиндрлік координатадағы түстер кеңістігін көрсетеді. цилиндрдің негізін түстер диалогы құрайды.
