- •С.Е. Алдешов
- •050111 - Информатика мамандығы студенттері үшін
- •1. «Мультимедиа» ұғымы. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері.
- •2. Мектепте компьютерлiк технологияларды пайдалану.
- •Мультимедиа ресурстарын әзірлеуге арналған бағдарламалық құралдар
- •Педагогикалық-программалық құралдар (ппқ), олардың топтамасы.
- •Құжат құру, сақтау және қасиеттер бөлімі
- •Қозғалысты қамтамасыз ететін қабат құру. Motion Tween анимациясын бағытталған қозғалыс үшін пайдалану. Motion Guide Layer. Қабаттардың Layer Properties панелінде көрсетілетін қасиеттері.
- •MacroMedia Flash құралдарымен суреттер салу жолдары және мәтінмен жұмыс
- •Әдебиеттер
- •Қозғалыс анимациясы.
- •Графикалық символды жасау.
- •Графиканы позицияландыру құралдары мен панельдері.
- •Align (Выравнивание –Теңестіру) панелі.
- •Түстердің қасиеттері және заңдылықтары.
- •Кеңістік және қайталанатын кадрлар.
- •Қадам бойынша анимация. Кадрларды көшіру, орнын ауыстыру және жою.
- •Анимациялық фильмнің құрылымы.
- •Action Script тілінде бағдарламалау
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Заманауи педагогикалық мультимедиалық технологиялар пәнінен
ЛЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Шымкент – 2012
Ф.7.11-19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
С.Е. Алдешов
заманауи педагогикалық Мультимедиалық технологиялар ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
050111 - Информатика мамандығы студенттері үшін
О
Шымкент, 2012
1-лекция. «Мультимедиа» ұғымы. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері. Мектепте компьютерлiк технологияларды пайдалану. Ақпараттық технологиялармен компьютерлiк телекоммуникациялармен жұмысты қамтамасыз ететiн программалық құралдарды топтау.
«Мультимедиа» ұғымы. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері.
Мектепте компьютерлiк технологияларды пайдалану.
Ақпараттық технологиялармен компьютерлiк телекоммуникациялармен жұмысты қамтамасыз ететiн программалық құралдарды топтау.
1. «Мультимедиа» ұғымы. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері.
- оқу материалдары – кестелер, графиктер, сызбалар; транспоранттар, слайдтар; мәтіндік, графикалық, дыбыстық, анимациялық, бейнелік ақпараттар т.б.
- оқу материалдарын ұсыну құралдары: теледидар, бейнемагнитофон, мультимедиалық-, бейнелік-, оверхед- проекторлар, компьютер, интерактивті сенсорлық тақталар т.б. Оқу материалдарын ұсынушы мұндай құрылғыларды мультимедиалық құралдар деп айтуға болады.
Мультимедиалық технологиялар саласындағы мамандардың пікірінше, бұл саланың дамуын анықтайтын факторлардың бірі – дербес мультимедиалық компьютерден желілік жүйеде жұмыс істейтін мультимедиалық кешендер ортасына өту процесі. Қашықтан оқыту жүйесінің техникалық жабдықталуы компьютерлік желілер мен мультимедиалық технологиялардың қолданылуымен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда компьютерлік желілер жөнінде біршама түсінік қалыптасқанымен, мультимедиалық технологиялар туралы біздің түсінігіміз мардымсыз. Осыған байланысты бұл технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдарын қарастырамыз.
Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін оқытудың мақсатына, мазмұнына, формасына, құралдары мен әдістеріне сәйкестілігі тұрғысынан анықтауға болады. Ал, мұны жүзеге асыру кибернетика ғылымының зерттеу әдістеріне сүйену негізінде орындалады. Кибернетика – қоғамдағы, тірі организмдердегі, күрделі машиналардағы процестердің жалпы заңдылықтарын басқаратын, олардағы ақпаратты беретін ғылым. Кибернетика басқару жүйесіндегі ақпараттық процестерді зерттейді. Жүйелік тәсілдің тиімді нұсқаларының бірі – морфологиялық әдіс. Жүйені талдау және ұйымдастырудағы морфологиялық әдістің әдіснамалық негізгі ерекшеліктерін қарастырайық. Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Қазіргі кезге дейін ғылым дамуы мынадай кезеңдерден өтті: 1) ғылыми жүйелік тәсілдің сипаттамасы зерттеу нысаны ретінде анықталды; 2) зерттеу нысанына „терістеу және құрылымдау” деп аталған ғылыми әдіс қолданылды. Оның негізгі идеясы: оқытылатын жүйе жөніндегі жаңа ұғымдар мен анықтамалар бұрынғы ұғымдар мен анықтамаларды тексеру негізінде пайда болады; 3) жүйелі талдаудың дамуына байланысты терістеу және құрылымдау әдісінің орнына „талдау және құрылымдау әдісі” қолданылуда. Жүйені зерттеудің бұл әдісін пайдалану кезінде шешілетін мәселенің ұғынықты, шешімді үлгісі жасалып, оны ары қарай дамыту жолдары қарастырылады .
Жалпы, педагогикалық зерттеу нысанына қолданылатын жүйе мынадай құрылымдардан тұруы керек:
- оқытудың мақсатын анықтайтын әлеуметтік жүйеден;
- оқытудың мазмұнын анықтайтын ғылыми білімдер негізіндегі ақпараттық жүйеден;
- нақты бір оқу пәнін оқытудың жалпы және жеке әдістерін дамыту жүйесінен;
- оқыту процесін ұйымдастырушылық жүйесінен.
Педагогикалық әдістерді мынадай сипаттамаларына байланысты жіктеуге болады:
- Оқытылатын материалдардың құрылымдық-мазмұндық көрсеткіш-теріне;
- Оқу материалдарын ұсынудың практикалық әдістеріне;
- Білімді қабылдау кезіндегі оқушылардың немесе студенттердің бойындағы интеллектуалдық және психикалық өзгерістерге;
Оқыту нәтижелерін тексеру әдістеріне т.б.
Дидактикалық шарттар:
а) Сабақтың мазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.
Ескере кететiн тағы бiр жайт, бұл шартты қанағаттандыру үшiн бiз алдымен, мультимедиалық технологияларды өзiнiң педагогикалық iс-әрекетiнде толық пайдалана алатын болашақ мұғалiм мамандарын жоғары оқу орындарында кәсiби даярлауды жолға қоюымыз керек.
ә) Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру.
Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет. Мысалы, компьютерде модельденген демонстрациялық тәжiрибелер, зертханалық жұмыстар студенттер мен оқушыларға заңдылықтар мен құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан түсiне бiлуге бейiмдейдi. Бiр жағдайда олар көзбен көруге мүмкiн болмайтын құбылыстарды экранда бақылауға мүмкiндiк берсе, екiншi жағдайда, ғылымда күрмеуi қиын мәселелердi графика, анимация, бейнекөрiнiс түрiнде бақылап, шешiмiн табуға көмектеседi. Сонымен қатар, мультимедиалық технологиялар оқытудың сабақ барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдiстерiн жетiлдiрудi және оқу-тәрбие процесiн қызықты әрi мазмұнды етiп жүргiзудi жолға қояды. Оқытушының жұмысын жеңiлдетедi. Бұл, оқытушы сабақтан тыс қалады деген сөз емес, оқытушы қай кезде де оқыту процесiндегi басты тұлға болып табылады.
Осыған байланысты, оқыту процесiнде кездесетiн мәселелер мен оны тиiмдi шешудегi мультимедиалық технологиялардың маңызын кесте түрiнде келтiре кетейiк (кесте 4). 2.
