Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать
  1. Желдету, ауаны баптау жүйелерге қойылатын санитария-гигиеналық және технологиялық талаптары. Желдету, ауаны баптау ұғымдарына түсініктер.

Ғимараттардың бөлмелерінде адам тіршілігіне, әсіресе өндіріс технологиялары үрдістеріне байланысты әр түрлі зияндылар бөлінеді-артылған жылу, ылғал, газдар, зат булары, тозаң т.б. Бөлініп жатқан зияндылар бөлме ауасының химиялық және физикалық жағдайларын өзгертеді. Мұндай ішкі метеорологиялық жағдайларда, біріншіден, адамның хал-күйі, денсаулығы аса нашарлауы мүмкін. Сол себепті желдету және ауаны баптау жүйелеріне қойылатын санитария-гигиеналық талабы бойынша, аталған жүйелер іске қосылғанда бөлме ауасының сапасын нормаларға сәйкестендіруге арналған. Өндіріс ғимараттардың бөлмелерінде атқарылатын технолоиялық үрдістер тиімді, өнім сапасы жоғары болуы үшін ауаның тазалығына, температурасына және басқа көрсеткіштерге ерекше мәне берілуі қажет. Бұл желдету және ауаны баптау жүйелеріне деген технологиялық талаптары болып табылады. Ішкі метеорологиялық жағдайлары нормаға сәйкестігі, технологияларға байланысты аса күрделі өндіріс салалары мысалдары-радиотехникалық, электровакуумдық, химия-фармацевтикалық өндірістер және мұндайларға жатқызылатындар: жіп иіру, мата жасау комбинаттары, қоғамдық ғимараттардан болуы мүмкін бірегей ғимараттар.

Желдету – ғимарат бөлмелерінде рұқсат етілген нормадағы ішкі метеорологиялық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында сырттан алған ауаны қондырғыда өңдеп, ауа өткізгіштермен тасымалдау, бөлмлерге құю, осы ауамен бөлмелердегі зияндыларды сіңіру және ластанған ауаны тазартудан кейін немесе тазартусыз сыртқа шығарудың қондырғылар,құрылғылар,бұйымдар кешені.

Ауаны баптау – ғимарат бөлмелерінде қолайлы ішкі климатты қамтамасыз ету мақсатында сыртқы ауаны қабылдау, жылулық-ылғалдылық өңдеуден өткізу, ауаны тасымалдау, бөлмелерде тарату және бөлмедегі зияндыларды ауамен сіңіргеннен кейін пайдаланған лас ауаны тазартудан кейін немес тазартусыз сыртқа шығару күрделі кең автоматтандырылған қондырғылар, құрылғылар, бұйымдар кешені.

  1. Ғимарат бөлмелерінің зияндылары – зиядыларына сипаттама. Тозаң өндірістік зиядыларға сипаттама.

Ғимаратта бөлінетін зиянды газ, бу, аэрозоль мөлшері біріншіден өндірістің технологиялық үрдісі түріне, пайдаланудағы шикізат, өнімнің аралық технология аяғындағы түріне байланыс. Газ, бу бөлме ауасында сол физикалық жағдайда қалады немесе сұйық түрдегі қатты зат бөлшектері түрдегі аэрозольға ауысуы мүмкін.

Аталған зияндылардың адам ағзасына, денсаулығына кері әсер етуі мынадайларға байланысты: зияндының қауіптілік тобына, зияндының ауадағы концентрациясына, адамның зиянды заты бар ауада жұмысқа қосылу уақыт мерзімі.

Зиянды заттың ауадағы рұқсат етілген шекті концентрациясы өлшем бірлігі бойынша текше метр ауадағы зияндының масса шамасы – Ішкі ауаға байланысты көрсеткіші түсіндірілуі: мұндай ауадағы зиянды концентрациясында адамның ұзақ мерзімді (кәсіптік өмір баяны бойынша) іске қосылуы ағзаның потологиялық өзгерістеріне, денсаулық төмендеуіне, яғни кәсіптік ауруларды пайда болуына ықпал етпейді.

Көміртек оксиді түсі, иісі жоқ, тығыздығы ауа тығыздығынан кіші, отынды толық жақпауына байланысты пайда болатын газ. Тығыздығы ауа тығыздығынан төмен болған соң бөлме көлемінде тез таралады. Газдың қарапайым тәжірибеде атауы иісті газ. Көп мөлшерде өндірістегі Мартен, Домна, термикалық, металдарды құю, ұста цехтерінде ауаға бөлінеді. Жылу көздері имараттарында, гараж ішкі көлемдеріне көп мөлшерде бөлінетін басты зиянды. Адамның ағзасына кең әсер етуі – қан гемоглабинін шырмау етеді, сол себепті гемоглабиннің оттекті қабылдауға, тасымалдауға төмендейді немесе мүлдем жоғалады.

Ішкі ауада -ның рұқсат етілген шекті концентрациясы, санитарлық нормалардың бұл газға деген ескертпесі бойынша дейін қабылдануы мүмкін, егер жұмыс мерзімі 1 сағаттан аспайтын болса. Сондай-ақ дейін қабылданады, егер жұмыс мерзімі жарты сағаттан (30 мин) аспайтын жағдайда. Ең үлкен егер жұмыс мерзімі 15 мин болса. Ескертпеде -ға байланысты концентрациялардағы зиянды газ ортасында жұмысқа қайта қосылу кемі 2 сағаттан кейін рұқсат етіледі.

120

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]