Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать

81.Сумен жылыту жүйесінің гидравликалық есебінің негізгі ережелері

Жылыту жүйесі құбырларының гидравликалық есебі аксонометриялық сүлбе құрастырылғаннан кейін жүргізіледі. Бұл сүлбеде есепті учаскелер және жылу, су шығындары анықталады.

Гидравликалық есептің мақсаты:

  1. Құбырлардың оптималды диаметрлерін анықтау.

  2. Учаскелердегі жоғалатын қысымды анықтау.

Жылыту жүйесінің учаскелеріндегі жоғалатын қысым:

, Па (3.1)

мұнда, құбыр ұзындығындағы жоғалытын қысым, Па;

жергілікті кедергілерде жоғалатын қысым, Па;

Жергілікті кедергілер ретінде: вентиль, ысырма, үштарам, креставина, екі жақты реттегіш краны, бұрылыс және т.б.

, Па (3.2)

мұнда, 1м ұзындықта меншікті жоғалатын қысым, Па/м (кесте немесе номограмма арқылы анықталады).

, Па (3.3)

мұнда, динамикалық қысым, жылдамдыққа байланысты анықталады, Па.

жергілікті кедергілердің қосындысы, әр учаскеге бөлек есептеледі.

Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі есепті магистральға – айналымды сақинаға жүргізіледі. Есепті сақина ретінде ең ұзын және ең жоғары орналасқан сақина қабылданады. Жылыту жүйесінде айналым сақина жүйесі: екі құбрлы жүйеде – аспаптың санына; бір құбырлы жүйеде – тік желілердің санына.

Құбырдың оптималды диаметрін таңдау үшін қажет:

1. Есепті су шығыны: кг/с (3.4)

мұнда, учаскедегі жылу жүктемесі, Вт;

жылу сыйымдылығы, суға 4,189Дж/кг оС;

жылыту жүйесінің беретін құбырындағы судың температурасы;

жылыту жүйесінің қайтатын құбырындағы судың температурасы;

2. Есепті айналымды сақинаның орташа меншікті қысым жоғалуы:

, Па/м (3.5)

мұнда, үйкелісте жоғалатын қысымды ескеретін коэффициент: екі құбырлы жүйеде – 0,35; бір құбырлы жүйеде – 0,5;

Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі кесте ретінде жүргізіледі.

  1. Есеп айыратын сыртқы метеорологиялық жағдайлары. Ішкі метеорологиялық жағдайларының қамтамасыз ету көрсеткіштері.

Желдету және ауаны баптау техникасында күнтізбелік жыл 3 мерзімге бөлінеді:

  • жылдың суық мерзімі – күн саны отын жағу мерзімінің күн санына тең

  • жылдың жылы мерзімі –

  • жылдың ауыспалы мерзімі – күн саны жоқ. Қазақстан елінің барлық географиялық орындары үшін ауыспалы мерзімінің сыртқы ауаның метеорологиялық жағдайлары бірдей. Ауаның температурасы

Жылдың суық және жылы мерзімдері үшін сыртқы ауаның метеорологиялық жағдайлары географиялық орынға байланыстырылған және А,Б-категория топтарына бөлінеді.

Жылдың суық мерзімі. А категориядағы параметрлері – ең суық мерзімінің сыртқы ауаның орта есепті температурасы, осы температураға және жылдың ең суық айындағы 13 сағатқа байланыс орта есепті ауаның салыстырмалы ылғалдылығына сәйкестендірілген жылу мөлшері

Сыртқы ауаның Б категориясындағы параметрлері – ең суық 5 тәуліктің орта есепті сыртқы ауа температурасы, осы температураға және ең суық айдың 13 сағатына байланыстырылған ауаның салыстырмалы ылғалдылығына сәйкес жылу мөлшері

Жылдың жылы мерзімі А параметрлері – сыртқы ауаның температурасы оған сәйкес жылу мөлшері, географиялық орында осы температурадан, жылу мөлшерден жоғары шамалары 400 немесе одан кіші сағат мерзімінде байқалатындай болсын.

Сыртқы ауаның Б параметрлері – температура және жылу мөлшері, географиялық орында осы шамалардан жоғары температуралар, жылу мөлшері көрсеткіштер 220 және одан кіші сағат мерзімінде байқалатындай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]