Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать

Жағдайлары әр түрлі ауаларды араластыру үрдісі

Желдету және ауаны баптау жүйелерінде жиі кездесетін үрдіс. Мысалы сырттан қабылданған таза ауаға бөлмелерден сыртқа шығарылып жатқан ішкі ауаның бір бөлігін қосып араластыру, осы араласты бөлмелерге құю (рециркуляция пайдаланудағы желдету және ауаны баптау жүйелері).

Араластыру үрдісінің I-d диаграммадағы сұлбасын жасауы араластырылатын 2 ауаның диаграммада нүктелерін белгілеумен басталады. Мысалы, G шығындағы бірінші жағдайдағы ауаның нүктесі 1, ал G*no екінші жағдайдағы ауаның диаграммадағы нүктесі 2.

2 жағдайдағы ауаларды араластыру үрдісі I-d диаграммада 1 және 2 нүктелерді қосатын түзумен сипатталады және аралас ауаның жағдайы 3 нүктесі орналасуы осы түзуде.

3 аралас ауаның жағдайларын анықтайтын нүктесінің араластырылатын ауалары 1,2 нүктелерден l1-3 және l2-3 арақашықтықтары осы ауалардың шығындарына кері пропорционалды(кері тәуелділікте).

;

Осы ереже бойынша 3 нүкте орнын табу үшін араластыру түзу сызығының ұзындығы n+1-ге бөлінеді. 1 нүктесінен n-ді бөліп тастау керек немесе 2 нүктесінен бөлінеді.Араластырудағы ерекше үрдісі - I-d диаграммада араластырылатын ауалардың нүктелерін қосқанда, түзудің φ=100% қисық сызығын қиып шығуы. Бұл дегені екі ауаны араластырғанда пайда болған араластан ылғал бөліну немесе тұман орын алу.

Жоба бойынша 1,2 түзудегі орналасқан шартты аралас 3' нүктесі жоғарыда аталған ереже бойынша анықталады. Араластың нақты жағдайларын анықтайтын нүкте су буларына қаныққан φ=100% қисығында орын алады. Бұл орынды табу үшін жасанды аралас нүктесі 3'-тен I-const сызығы бойынша оңнан солға φ=100%-ға дейін жылжу қажет. 3 нүктесі негізінде 3' нүктесі жағдайындағы ауаның ылғалды термометр температурасын сипаттайды. Аралас ауадан 1кг-нан бөлінген ылғал шамасы

∆d=d3'-d3 г/қ.а.кг;

Егер аралас шығыны G+n*G=(1+n)*G болса, онда араластан бөлінген ылғал шамасы:

W= (1+n)*G* (d3'-d3)*10-3 , кг/сағ;

70. Судағы жылумен жабдықтау жүйелерінің рұқсат етілген арындар(қысымдар) үрдістер.

Жылу желілерінің (құбырлары) және оларда орналасқан жабдықтарға максималды рұқсат етілген қысымдар беріктіктеріне байланыстырылған. Болат құбырларының сортаменттарына байланыс 1,6÷2,0МПа немесе 160÷200 су.бағ.м.

Жылу желілернің кері құбырындағы минималды рұқсат етілген қысым шамасы жылутасымалдағыштың есеп айыратын температурасына сәйкес су булары қанығу қысымынан төмен болмағаны талап етілген. Есеп айыратын температурада судың қайнамауына жағдай жасап минималды қысымды қамтамасыз ету.

Егер τ′1=150ºC Pmin=3.8кгс/см2 Hmin=38 су.бағ.м.

τ′1=140ºC Pmin=2,7кгс/см2 Hmin=27 су.бағ.м.

τ′1=130ºC Pmin=1,7кгс/см2 Hmin=17 су.бағ.м.

Жылу желілернің тіке құбырына ысыған су жылу көзіндегі суды жылытатын қазаннан беріледі. Осы қондырғыға арналған максималды рұқсат етілген арын шамасы 250 су.бағ.м. Қазаннан өткізілген судың арын жоғалуы максималды 30 су.бағ.м. Яғни қазаннан шығудағы теоритакалық максималды арын болуы мүмкін 250-30=220 су.бағ.м. Егер құбырдағы максималды арын шамасы 160 су.бағ.м. болып қабылданса онда кері есеп жасаумен қазанның максималды рұқсат етілген шамасы былайша шектеледі 160+30=190 су.бағ.м.

Ысыған суды дайындайтын қазанда жылутасымалдағыштың температурасы желілердің су температурасынан жоғары болуы мүмкін. Бұл жағдай қазанда отын жағуына байланысты артылған қосымша судың температурасы теоретикалық 30 ºC-пен анықталған: 150+30=180 ºC

140+30=170 ºC

130+30=160 ºC

Аталған температулараның су булары қанығу минималды рұқсат етілген арын шамалары,сәйкес, былайша қаматамасыз етілу қажет 92 су.бағ.м.

72 су.бағ.м.

53 су.бағ.м.

Арындар қазанның, биіктігі 15м, жоғары нүктесіне беріледі. Олай болса қазанның төменгі нәтижелеріндегі минималды арындар нәтижесәнде 92+15=107 су.бағ.м.

72+15=97 су.бағ.м.

53+15=68 су.бағ.м.

Сонымен пьезометрикалық график жобаланғанда қазанға арналған. Арын жобалары және тіке құбырдың арын сызығы жоғарыда аталған максималды және минималды шамалардың аралығында орын алуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]