Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать

61.Ғимараттың абоненттік кіреберісінде жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерді кешенді қосу сұлбалары.

Кешенді жүйелерді тіркеу сұлбаларының қарапайым түрі,пайдалануға ұсынылады,егер ғимараттың салыстырмалы жылу қуаты мынадай шамаларда болса: ;

және бұл сұлба пайдаланудағы орталық сапалы жылуды беру үрдісі елдімекеннің жылыту жүйелеріне бағытталған жағдайда.Сұлба бойынша сыртқы желілерді ғимаратқа берілген жылу тасымалдағыш абоненттік кіреберісте 2 ағынға бөлінеді.Бірі-тікелей жылыту жүйесіне тасымалданса,2-сі-ы.с.қ. жылытқышына бағытталады.Жылыту жүйеден және жылытқыштан істен шыққан жылу тасымалдағыштар шамасында қамтамасыз ету.Тәуліктегі су пайдалануы орта есепті немесе максимум мерзімінде су жылытқышы беретін шығынға аккумулятордан алынатын су шығыны қосылады.Бұл тәуліктің екінші мерзімінде сораптың іске қосу қажеттілігі жоқ.Яғни ол тоқтатылады.

СС-су сыйымдылығы,ТР-температура реттеуіші,ШР-шығын реттеуіші.

62. I-d диаграммадағы адиабатиялық және изотермиялық ылғалдандыру үрдістері.

Адиабатикалық ылғалдандыру

Суды тоңазытып ауаға сеуіп жатса, онда тоңазытқансудың шағын өлшемді тамшылары буға ауысып өңделетін ауаның ылғалды термометр температурасын қабылдайды(tы.т.). Сол себепті жүргізіліп жатқан ылғалдандыру үрдісі адиабатикалық ылғалдандыру болып табылады. Мысалы өңделетін ауаның бастапқы жағдайлары I-d диаграммасында 1 нүктесімен анықталатын болса, адиабатикалық үрдісінің аралық жағдайы 2 нүктесімен анықталуы мүмкін. Үрдістегі ауаның жылу мөлшері өзгеруі жоқ тұрақты I-const, яғни I1=I2.

Үрдіс ерекшелігі ылғалды ауаның су булары қосылуларына байланысты ылғалды ауаның жасырын жылу мөлшері бөлігі артып жатқанда, ауаның анық жылу мөлшері төмендейді. Сол себепті I-const, болса да, ауаның температурасы төмендейді. d2>d1, I-const, t2<t1 және ылғалды ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өсуі орын алады φ21.

Адиабатикалық ылғалдандырудың шекті жағдайы ауаның су буларына қанығу (3 нүктесі) φ=100%. Ауаның бұл жағдайдағы температурасы ылғалды термометр температурасына тең.

φ=100%> φ21 t3= tы.т.

Адиабатикалық ылғалдандыру үрдісі желдету және ауаны баптау жүйесінің (желдету қондырғыларының, баптауыштардың, кондиционерлердің) форсункалы (тоңазыту) камераларында жүзеге асырылады.

Форсункалы камерадағы өткізіп жатқан ауаға тоңазытылған судың 1-3% бөлігі ауаға буланады, басым бөлігі камераның түбіне түсіп жатады. Егер форсункалы камерадағы су массасын осылай ұзақ мерзімді айналдырып жатса (судың рециркуляциясы), онда пайдалынылып жатқан су өңделетін ауаның ылғалды термометр температурасын қабылдайды, яғни ылғалдандыру үрдісі адиабатикалық түрде жүргізіледі.

Изотермикалық ылғалдандыру

Ауаға температурасы осы ауаның температурасына тең бу құйылып жатса, онда ауаның ылғалдылығы артып жатады, температурасы тұрақты, өзгермейді, яғни үрдіс изотермикалық үрдіс болып табылады. I-d диаграммада өңделетін ауаның басты жағдайлары нүктесі 1, ылғалдандырудағы аралық жағдайлары нүктесі 2.

Үрдісте ауаның температурасы тұрақты t-const, және салыстырмалы ылғалдылықтар шамалары артады d2>d1, φ21, және жылу мөлшері өсуі орын алады I2>I1. Ылғалдандырудың шекті жағдайы ауаның су буларына қанығуы φ3=100%

d3>d2>d1 φ3=100%> φ21

I3>I2>I1

Изотермикалық ылғалдандыру үрдісі өңделетін ауаға температурасы 100°C астам аса ысыған буды құюмен жүзеге асыруы мүмкін. Үрдісте ауаның температурасы өзгермеуі мынаған байланысты. Аталған будың жасырын жылу мөлшерімен салыстырғанда анық жылу мөлшері температурасына байланысты аса кіші. Яғни будың температурасы ауаның температурасы өсуіне практикалық әсер етпейді.

Изотермикалық ылғалдандыру үрдісі пайдалануы жіп иіру саласындағы өндірістік ғимарат бөлмелерінде мысалы жүзеге асырылады. Бұл өндірістердегі аталған үрдіс жергілікті қосымша ылғалдандыру деп аталғаны бар. Аталған үрдісте бөлме ауасы орындарынан бүркумен беріліп жатқан су тамшылары бастамасында адиабатикалық ылғалдандыруға тап болады. Бірақ бөлменің артылған жылу шамасына байланысты үрдісте ауа температурасы бастапқы температураға оралып жатады. Яғни жалпыда үрдіс изотермикалық ылғалдандыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]