Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать

48. Қоршаушы құрылымдардың жылутехникалық есебі.

Жылутехникалық есептің негізгі мақсаты қоршаудың ішкі жоғарғы бетіндегі температураның санитарлық-гигиеналық талаптарын қанағаттандыратын, қоршау конструкцияларының қалыңдығын таңдау мен анықтау, сонымен қатар, қоршаудың жылу беруінің нақты коэффициентін анықтау болып табылады.

Әрбір ғимараттың сыртқы қоршау конструкциясы жылутехникалық талаптарға сәйкес болу керек. Жылутехникалық есеп барлық сыртқы қоршауларға суық жыл мерзімі үшін құрылыс ауданына байланысты ғимараттың эксплутациялық талаптарына сай жүргізіледі.

Сыртқы қоршауларды жобалау жылу мөлшерінің шектеулі қағидаларына салынған жылу кезеңі кезіндегі және ішкі бет жанының сыртқы қоршауының температурасының жоғарылауына байланысты сыртқы бетте конденсат құрылмайды. Қоршаушы құрылымның жылу таратуға келтірілетін кедергісі Ro жобалауға алынады. Толық Ro жылу беру кедергісі тең немесе жылу беру кедергісінен санитарлы-гигиеналық талапқа сай минималды артық болу керек. Бұл сыртқы қоршауға арналған қажетті шарт болып табылады. Бұл шарт қажетті болып табылғанмен Ro-ді анықтау үшін техникалық экономикалық көрсеткіштерді ескеру қажет. Егер де жылу беру кезінде әкелінген кедергі энергия үнемдеу шартынын минималды санитарлық- гигиеналық талабынан артық болса,онда есептік жылу беруде энергия үнемдеу шарттарына әкелінген кедергіге тең болу қажет. Осы жағдайда Ro санитарлық-гигиеналық талапқа минималды артық жылу беру кедергісімен сай және экономикалық қатынаста орынды болады.

Жылыту жүйелерін жобалау және пайдалану үшін жылутехникада жылу таратудың үш түрі болады: сәулелік, конвективтік тасымалдау және жылу өткізгіштік. Энергияны сақтау және түрлендірудің жалпы заңдылығының бір саласын жылу құбылыстарына қолдануға болады.

Сыртқы қоршаулардың жылу техникалық есептеуін өткізу үшін бөлмелердің тағайындалуы мен пайдалану жағдайларын білу қажет, себебі олардың ішкі ауа температурасы ti, С, ылғалдылығы , % санитарлық нормалар және ережелерімен беріледі. Қоршаудың ішкі бетіндегі температурасы tR, ылғалды нүктедегі температура tр–дан артық болуы керек, кем дегенде 2-3 С.

Жылутехникалық есепте берілген қоршауыш конструкциялардың жылу беру кедергісін [4] және жылытатын қабаттар қалыңдығын анықтау. Санитарлық-гигеналық және жайлылық шартына сәйкес келетін қоршауыш құрылымдардың жылу таратуға керекті кедергісі (жарық мөлдірлігі есептелмейді) комфорттық жағдайларға байланысты, м2 · 0С/Вт, мына формула бойынша анықталады:

, м2, 0С/Вт, (1)

Мұндағы:

tі – ішкі ауаның есептік температурасы, 0С, [2];

tс – қамтамасыз етілетін ең салқын бес күндіктің орташа температурасына тең сыртқы ауаның есепті қысқы температурасы, 0С, ең суық бес тәулітегі 0,92 [3];

n – сыртқы ауаға қарағанда қоршаушы құрылымдардың сыртқы беттерінің орнына байланысты қабылданатын коэффициент [4] ;

∆tс – ішкі ауа температурасы және қоршайтын құрылымның ішкі беттер температурасының арасындағы нормативтік температуралық айырма, кестеден алынады .2*[4];

αі – қоршайтын құрылымдардың ішкі жылу беру беттерінің коэффициенті, Вт/(м2 · 0С), кестеден алынған. 4*[4].

(ЖМТГ) мына формула бойынша анықтаймыз: Жылутехникалық есептеуінде қажетті жылу өткізгіш кедергісін есептейміз:

Жылыту мезгілінің градус-тәулігін

, (2)

Мұндағы:

tі – алдынғы (1) формуладағы;

tж.ұ. – салыстырмалы мерзімнің орташа температурасы, 0С [4];

Zж.ұ. – салыстырмалы мерзімнің ұзақтығы, тәу. [4].

Көп қабатты қоршаушы құрылымның, сонымен бірге біртекті қоршаушы құрылымның жылулық кедергісі R, м2, С/Вт, былайша анықталады:

, (3)

Мұндағы:

 - қабат қалыңдығы, м;

 - материал қабатындағы жылу өткізгіштің есептік коэффициенті, м2 , 0С/Вт, қосымшадан алынған. [4]. Қоршаушы құрылымның жылу таратуға кедергісіRо, , термиялы қабат кедергісінің суммасы және ішкі жылу қайтару кедергісі және сыртқы үсті мына формула бойынша анықталады:

, (4)

Мұндағы:

αc – сыртқы қабырғаның үстіңгі жылу қайтару коэффиценті(қысқы жағдайлар үшін Вт/(м2 · 0С), 6* кестеден [4] бойынша алынған.

αі – (1) формулада пайдаланылған.

Жылытатын қабаттың қалыңдығы:

=0,05м. (5)

Анықталған санды 1 см жуықтап аламыз. Қабат қалыңдығын жуықтап алғаннан кейін жылу беру қоршауышының фактілік кедергісін анықтаймыз:

, (6)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]