Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать

29. Ауа өткізгіштерді қолайлы бағыттау, ауа таратқыштарды орналастыру және

олардың санын анықтау.

Бөлмелердегі ауа өткізгіштерді тиімді жолдармен бағыттауға байланысты арнайы талаптар

  1. Ғимараттағы ауа өткізгіштердің сұлбасы тұйық түрдегісіндегі қабылданады;

  2. Дәстүрлі биіктіктердегі бөлмелерде ауа өткізгіштер төбеге жақын орналастырылады;

  3. Ауа өткізгіштері бойынша ауаның тасымалдауы былайша:

  • егер, желдету жүйесі жалпы ауа алмастыру құю механикалық арналыға жататын болса, онда ауаның бағыты сырттан алынған таза ауаны өңдейтін қондырғыдан ауа өткізгіштермен бөлмелердегі ауаны тарататын құрылғыларға дейін;

  • егер,желдету жүйесі жалпы ауа алмастыру шығару механикалық арналыға жататын болса,онда ауаның бағыты бөлмелердегі ауаны соратын құрылғылардан,өткізгіштер бойынша төбеде орнатылған ауаны шығару қондырғыға дейін;

  1. Бөлмедегі ауа өткізгіштердің бағыттары жобасы,өткізгіштерде ауаны құю және ауаны шығару құрылғыларды орналастыру кешенді нұсқасы,бөлмедегі ауаны толығырақ алмастыруға орынды болу қажет немесе бөлмедегі ауа ағындары аэродинамикасы тиімді болған жөн.

Ғимарат бөлмелеріне таза ауаны құятын және пайдаланған ауаны шығаратын құрылғылардың сандарын есептен шығару

Қаралынатын құрылғылар түрі реттеуіш жалюзилері бар торлар

1 – ауа құю немесе шығару ауданы;

2 – құрылғының тік және көлденең ауа шығынын және бағытын реттеу қанаттары (жалюзилер);

3 – құрылғының шеті;

құрылғының геометриялық өлшемдері,

Құрылғылар санын есептеу формуласы:

құрылғылар саны;

бөлмеге құйылатын немесе шығарылатын ауа шығыны, ;

нормаланған құрылғы бетіндегі ауа ағынының жылдамдығы,

құрылғының ауаға арналған геометриялық ауданы,

құрылғы бетіндегі ауа ағынына таза ауданы коэффициенті, .

30. Сұйытылған көмірсутекті газдар

Сұйытылған газ деп – қоршаған ауа температурасы мен атмосфералық қысымда газ күйінде болып, ал сол температурада қысым жоғарылаған кезде сұйық күйге енетін көмірсутекті газдарды айтады. Сұйытылған газды құрайтын пропан, бутан алкандар қатарына жатады. Олар СnH2n+2 өрнегімен белгіленеді.

Мұндағы, n – көмірсутек саны. Мысалы: n = 2, С2Н6 – этан;

n = 3, С3Н8 – пропан;

n = 4, С4Н10 – бутан.

Алкандар – түссіз зат, иісі мұнайдың иісіне келеді және суда мүлде ерімейді. Олар басқа заттармен қиын байланысқа түседі. Сұйытылған газдардың қолайлығы – оларды сұйық күйде сақтап, тасымалдап газ күйінде қолданылады. Қолданылатын сұйытылған газдарға ең басты пропан, бутан және этан жатады. Үй-жай, тұрмыстық тұтынушыларға сұйытылған газдардың үш түрі жіберіледі.

1. Қыстық техникалық пропан-бутан қоспасы - СПБТЗ (пропан мөлшері 75%-тен кем болмауы керек).

2. Жаздық техникалық пропан-бутан қоспасы – СПБТЛ (бутан 60% аспауы керек, пропан 34%, этан 6%) СПБТЛ.

3. Техникалық бутан БТ (бутан 60%, этан 6% кем болмауы керек).

Негізгі газ пропан болып табылады, оны 350С температурада қолдануға болады.

Газ қоспаларының қысқы және жазғы болып бөлінуі, сыртқы ауа температурасына байланысты. Осы температураға байланысты газ қоспалары және олардың қысымы да өзгеріп тұрады. Қыс мерзімінде газбен жабдықтау жүйелеріндегі қолданылып отырған сұйытылған газ буларының қасиетті қысымын сақтап отыру үшін, оның құрамындағы жеңіл пропанның мөлшері көп болғаны дұрыс. Жазда пропан мөлшерін азайтады. Мысалы, қыста пропан мөлшері 75% кем болмауы керек. Олай болмаған жағдайда төменгі температурада сұйық газдың буларының қысымы өте аз болар еді. Жазғы кезде пропан мөлшерін 34%-ға дейін азайтады. Газбен жабдықтау жүйелерінде ең қолайлы температуралық қасиетіне байланысты пропан жоғары бағаланады. Бұл газды – 350С + 450С температураларда қолдануға болады. Осы қасиетке байланысты пропан толтырылған баллондарды үй сыртында қолдануға болады. Сұйытылған газдарды қолданған кезде бұл газдардың ерекше қасиеттерін ескерген жөн.

1. Сұйытылған газдардың көлемдік ұлғаю коэффициенттері үлкен, сыртқы ауа температурасы сәл жоғарылаған кезде қоймадағы газ көлемінің ұлғаюы басталады. Сондықтан баллондарды қоймадағы сұйық газбен толтырғанда, олардың жоғарғы бөлігінде бос кеңістік (15%) қалдырады.

2. Сұйытылған газдар ауадан біршама ауыр болады. Олардың тығыздығы 2-2,5 кг/м3.

Сұйытылған газбен жабдықтау кезіндегі есептеулер арнаулы кестелер мен диаграммалар бойынша жүргізіледі. Мұнда газды белгілі температураға байланысты бу қысымын Р, салмаққа шаққандағы көлемі (υбу, υс), екі фазадағы сұйық және газ тығыздықтары (gбу, gс), жылу сақтау қабілеті (энтальпия), булану жылулығы және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]