Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать

26. Бөлмелердегі белгіленген еселік нормалар негізінде ауа шығындарын анықтау.

Ауаны құю немесе бөлмеден ауаны шығару еселік норма дегені мерзімі 1 сағатта бөлмеге құйылатын немесе шығарылатын текше метрмен есептелген ауа шығынының бөлменің геометриялық көлеміне бөлуден анықталатын шама көрсеткіші

ауа құюдың еселік нормасы,

ауаны шығарудың еселік нормасы,

Еселік нормаларды анықтау формулалары:

1 сағатта бөлмеге құйылатын,шығарылатын ауа шығыны,

бөлменің көлемі

Еселік нормалары ғимараттардың атауларына,олардың бөлме атауларына байланысты ҚНжЕ-де,арнайы әдебиеттерде беріледі. Осы анық еселік нормалар бойынша жобалаудағы ауа шығындарды есептен шығару үшін мынандай әрекет жасау қажет:

Ғимаратағы жалпы ауа балансы сақталынуы үшін (жағынан ауа қосындысы ауаны шығарудың қосындысына тең болуы қажет). Ғимарат бөлмелері бірнеше топтарға жарылады. Бір топтағы бөлмелерге қойылатын талап – есіктері оларды байланыстыратын жалпы бөлмеге шығатын болуы қажет. Бұл жалпы бөлме «жалпы шлюз» деп аталады. Жалпы шлюзге жататындар: коридор, фойе, холл, вестибюль, кейбір жағдайларда саты кеңістіктері.

Инженерлік әдісі бойынша еселік нормаларды пайдаланып топтағы бөлмелердің қосындысы ауа шығыны құю жағынан және бөлек қосындысы ауа шығыны шығару жағынан анықталады. Нәтижеленген екі шама салыстырылып, шамалардың айырымы есептелінеді. Егер, мысалы құю ауа шығыны қосындысы осындай мәні шығарудан үлкен болса, онда баланстағы жетпеген шығару шығыны жалпы шлюзде ұйымдастырылады. Керісінше, салыстырғанда шығару шамасы басым болса, онда жетпеген баланстың ауаны құюы шамасы шлюзде ұйымдастырылады. Еселік нормалары көрсеткіші негізінде басқа әдістермен есептен шығарылған ауа шығындары шамалары дұрыс, дұрыс еместігін дәлелдеу ыңғайлы. Анықталған ауа шығыны бөлменің көлеміне бөлініп және табылған шама нәтижеленеді.

27. Жоғары (орташа) қысымдағы газ желілерін гидравликалық есептеу әдісі

Бұл желілер айнала жабық және тұйық болып орындалады. Кішігірім қалаларда бір ғана, ал үлкен қалаларда бірнеше айнала жабық желілер қабылданады.

Орташа (жоғары) қысымдағы газ желілерін апатты жағдайға байланысты есептейді.

Газ желілерінде апатты жағдайда шығынды келесі өрнекпен анықтайды:

QA = Kқ · Qhd,і, м3/сағ (5.23)

мұндағы, Qhd,і – тұтынушылардың (өнеркәсіп мекеме, қазандықтар және т.б.) максималды есепті газ шығыны, м3/сағ; Кқ – апатты жағдайда тұтынушылардың газ шығынының төмендеуі (қамтамасыз коэффициент).

Гидравликалық есептеуді жүргізуге қажетті көрсеткіштер:

- тұтынушыларға қажетті есептеу газ шығыны Qe, м3/сағ;

- газдың бастапқы қысымы Рб, кПа;

- газдың соңғы қысымы Рс, кПа;

- желілер істен шыққан кезеңдегі тұтынушыларды қамтамасыз ету коэффициенті Кқ.

Айнала жабық желілерді гидравликалық есептеу.

Бұл желілерді есептеудің тұйық желілерді есептеуден айырмашылығы газ көзіне жақын бөліктердің істен шыққан кезеңін қарастыруында.

1. Газ желісінің нобайы сызылып, әрбір бөліктердің саны мен ұзындықтары анықталады.

2. Ең қолайсыз екі кезеңдер (газ көзінің оң және сол жақтарындағы бөліктер істен шыққандағы) белгіленеді.

3. Басты бөліктен істен шыққан кезеңдердегі (апатты жағдай) тұтынушыларға қажетті газ шығындары анықталады.

Qһd.A. = 0,59ΣKқ · Qі, м3/сағ (5.24)

мұндағы, 0,59 – желілердегі қосымша шығынның белгілейтін коэффициент; Qі – тұтынушылардың есептеу шығыны, м3/сағ.

4. Айнала жабық желілердің бір немесе көбі екі диаметрден құрылуы жұмыс сенімділігін арттырады деген тұрғыдан желілердегі жалпы есептеу шығынын анықтаймыз Qe = 0,59 · ΣQі,ш.

5. Ұзындыққа шаққандағы жұмсалатын қысымдар квадратын анықтау

(кПа)2/м (5.25)

мұндағы, Σlа.ж.ж. – айнала жабық желілер ұзындығы (істен шыққан бөлік ұзындығын есептегенде), м; 1,1 – жергілікті кедергілерде қысым жоғалу коэффициент.

6. Qe және көрсеткіштеріне қарап номограммадан (5.2-сурет) диаметр қабылданады.

Осы қабылданған диаметрге сәйкес екі кезеңге де есептеулер жүргіземіз. Қабылданған диаметрлер дұрыстығы екі кезеңге де мына теңдеумен тексеріледі

кПа.

Анықталған соңғы қысым алдын ала қабылданған дәрежеден көп болуы керек. Аз болған жағдайда кейбір бөліктер диаметрлері өзгертіледі.

7. Істен шыққан кезеңдерге қабылданған диаметрлерді қалыпты кезең де тексеру. Желідегі газдың түйісу нүктесі анықталып есептеулер қайталанады. Түйісу нүктесіндегі қателік δ төменгі қысымда анықталған жолмен есептелінеді. Қажет жағдайда түзету шығыны есептелінеді.

8. Тұйық тармақтарды гидравликалық есептеу

Есептеуді алғашқыда істен шыққан кезеңдерге жүргізіп, қабылданған диаметрді қалыпты жағдайда тексереміз. Істен шыққан екі кезеңдегі әрбір тармақтар басындағы қысым анықталады. Сол екі көрсеткіштің азына есептеуді жүргіземіз. Осы қабылданған диаметрлер мен соңғы қысым айнала жабық желі есептеуінде көрсетілгендей тексереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]