Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать
  1. Тұрғын және қоғамдық үйлерде қолданылатын газдың есептеу сағаттық шығынын анықтау

Газдың сағаттық шығынын есептеу үшін екі әдіс қолданылады:

1. Газдың ең көп пайдаланатын мезгілдегі газ қондырғыларын бір уақытта іске қосу коэффициенті Ksim бойынша.

2. Газдың максималды сағаттық шығынының 1 жыл ішіндегі орташа сағаттық шығынына қатынасын көрсететін максималды біркелкісіз коэффициенті бойынша .

Бұл әдістер бір-бірімен байланысты. Бірінші әдісті қарастырайық. Есептеу сағаттық шығын бір уақытта іске қосу коэффициентін қолдану кезінде келесі өрнекпен анықталады.

, м3/сағ (4.27)

мұндағы, Кsim – бір тектес немесе бір топ газ құралдарының бір уақытта іске қосу коэффициентті жалпы құралдарын (газ аспаптарын) санына және тұрғын үйлердің жалпы санына байланысты ҚНжН 2.04.08-87* қабылданады; Ni – бір тектес немесе бір топ газ құралдарының саны; qnom – газ құралдарын немесе бір топ газ құралдарының номиналды газ шығыны.

Бұл әдіс бойынша бір тектес немесе бір топ газ құралдарының номиналды газдың шығынын Кsim коэффициентіне көбейтеде. Бір уақытта іске қосу коэффициентін қолдана отырып, газдың шығынын анықтау кезінде газ құралдарын пайдаланатын пәтердегі адам саны және қандай мақсатқа қолданатын жағдайлар (мысалы, тағам, істік су дайындау) есепке алынбайды. Бұл жағдай әдістік негізгі кемшілігі болып табылады.

Екінші әдіс (Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті) талдамасы бойынша біркеліксіз коэффициентінің қолдану қажет. Бұл жағдайда газдың есептеу шығыны тұрғын үйлерге мына өрнекпен анықталады:

м3/сағ (4.28)

мұндағы, Ni – пәтерлер түрінің саны; – жыл бойы тұтынған газдың максималды сағаттың біркелкісіз коэффициенті бойынша қабылданады. Газдың пайдалануына (тағам, ыстық су дайындау), адам санына және тұрғын үйдегі пәтерлердің жалпы санына байланысты; Qу,п – пәтерлердегі қолданатын газдың жылдық шығыны, м3/жыл.

  1. Жылыту аспаптары. Жылыту аспаптарына қойылатын талаптар

Сумен және бумен жылыту жүйелерінің негізгі элементтерінің бірі – жылыту аспаптары, олар жылутасымалдағыш жылуын бөлме ауасына беруге арналған. Жылыту аспаптарына жылутехникалық талап қойылады: аспап қабырғасының бірлік ауданы арқылы бөлмеге жылутасымалдағыштан неғұрлым көп мөлшерде жылу ағынын алып беруі қажет. Сонымен қатар, аспаптар механикалық төзімді, тасымалдауға ыңғайлы, су және бу өтпейтін болуы керек.

Бөлмелерге орнатылатын жылыту аспаптарына түрлі талаптар қойылады:

санитарлық–гигиеналық - бет температурасы салыстырмалы түрде төмен болуы, аспаптың көлденең бетіне шаң қонатындықтан, ауданы шектеулі болуы, аспап бетін шаңнан тазарту ыңғайлы болуы керек;

экономикалық – аспап құны салыстырмалы түрде арзан, аспапқа жұмсалатын металл шығыны аз болуы керек;

сәулеттікқұрылыс – аспаптың сыртқы түрі бөлме интерьеріне сай болуы, аспаптың бөлмедегі алатын ауданы аз болуы тиіс;

өндірістікмонтаждық – еңбек өнімділігін арттыру үшін аспаптарды дайындау және монтаждауды механикаландыру;

пайдалану бойынша – аспаптардың жылу беруін реттеу мүмкіндігі, аспап ішіндегі гидростатикалық қысымның шекті жұмыс жағдайында температураның тұрақты және қабырғаларынан су өтпеуі.

Жоғарыдағы талаптарға түгелдей жауап беру мүмкін емес, аспаптардың алуан түрлі болуыда сондықтан. Жасалған материалдарына байланысты жылыту аспаптары - темірден, жартылай темірден және темір емес деп ажыратылады. Темірден жасалған жылыту аспаптары негізінен шойын және болаттан болады, сонымен қатар мыстан, алюминийден және де басқа темірлерден жасалған құрылғылар болуы мүмкін. Ал темір емес жылыту аспаптарына бетоннан жасалған панель радиаторлар, төбе және еден панельдерінің ішінде пластмассадан, керамикадан тағы басқа құбырлардан жасалғандары жатады.

Жылыту аспаптарының келесі түрлері болады: радиаторлар, конвекторлар, панельдер, қырлы құбырлар, тегіс құбырлы аспаптар және калориферлер.

Радиаторлар – кең қолданатын жылыту аспаптары, олар шойыннан, алюминийден бөлек секциалар ретінде дайындалады (сурет 6.1). Радиатордың әр секция бір біріне ниппель арқылы қосылады, бөлмеге орналастыратын жылыту аспабының жылулық ауданына байланысты. Радиаторлар конвективті-радиациалық аспаптардың түріне қарайды.

Биіктігі жағының радиаторлар - биік (> 650 мм), орташа (200÷650 мм) және аласа (200÷400 мм) болып болінеді. Құрылғының биіктігі (<200 мм) «кенерелік» деп аталады.

Конвекторлар – қырланған құбырдан және қаптамадан тұратын конвективті (75 % артық жылу конвекциямен беріледі) аспаптар

Қырлы құбырлар – ашық орнатылатын, конвективті типтегі жылыту аспаптары, шойыннан дайындалады, жылыту жүйесіне жалғау үшін ұштарын фланецті қосылыс етіп жасайды

Тегіс құбырлы аспаптар – диаметрі 32 ÷ 100 мм құбырлардан ирек немесе колонна (регистр) түрінде жасалады

Ауажылтқыштар (калориферлер) - құбырдың бірнеше қатар қырларының арқасында едәуір жылыту ауданы бар ықшам жылыту аспаптары

Ауажылтқыштарда тасымалдағыш ретінде температурасы 95-70°С и 130-70°С су, немесу бу және этиленгликольды сүйық қолданады. Сонымен қатар ауажылтқыштар ретінде электрокалориферларда қолдануға болады. Ауажылтқыштар ауамен жылытудың жергілікті және орталық жүйелерінде қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]