Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.17 Mб
Скачать

17. Газдың жылдық шығындарын анықтау

Тұтынушыларға қажетті газ шығыны әртүрлі әдістермен анықталады. Сол әдістердің ең көп қолданылатын газ шығынын жылдық көрсеткіші бойынша анықтау болып саналады.

Қаладағы газ тұтынушыларын мынадай топтарға бөлуге болады:

а) тұрмыстағы тұтыну;

б) коммуналдық және қоғамдық мекемелерде тұтыну;

в) жылыту, желдету үшін тұтыну;

г) өндірістік тұтыну;

Тұрғын үйлердегі газдың жылдық шығыны

Пәтерлердегі ыстық сумен жабдықталған тұтынушылар үлесі:

  • орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған пәтерлер – х1

  • газ қолданбалы су қыздырғыштармен жабдықталған пәтерлер – х3

  • ыстық сумен жабдықталмаған пәтерлер – х2.

Олай болса х123=1,0

Сонымен қатар газ шығынын анықтау үшін мынадай көрсеткіштер қажет:

- қаладағы тұтынушыларды газбен қамту –Уп ;

- қаладағы адамдар саны – ;

- тұтынушылар үлесіне сәйкес ҚНжЕ 2.04.08-87*-де көрсетілген жылу шығындарының мөлшері – q

Жалпы тұрғын үйлердегі газдың жылдық шығыны келесі өрнекпен анықталады:

, м3/жыл. (4.1)

мұндағы, Qкт – газдың жану жылулығы, кДж/м3.

Қоғамдық тамақтандыру мекемелеріндегі газдың жылдық шығыны.

, м3/жыл (4.2)

мұндағы, Zқ.т.м =0,3 – газбен қамтылатын тұрғындар үлесі; қ.т.м – газбен қамту; qқ.т.м – ертеңгі немесе кешкі және түскі асқа қажетті жылу мөлшері, МДж.

Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелердегі газдың жылдық шығыны

Кір жуу орындары

, м3/жыл (4.3)

Моншалардағы

, м3/жыл (4.4)

мұндағы, 100-мың кісіден қабылданатын кір бұйымдары, т; Zкжо, Zм – тұтыну-шылар үлесі. Бұл көрсеткіштерді пәтерлердегі ыстық суы жоқ тұтынушылар үлесінен сәл көбіректеу қабылдауға болады; Укжо, Ум – мекемелерді газбен қамту; qкжо, qм – мекемелерде жұмсалатын жылу мөлшері, сәйкес (МДж. т/құрғақ кір және МДж/шомылу); 52 – бір адамның жылдық моншаға бару саны.

Жалпы тұрмыстық қызмет көрсету мекемелердегі газдың жылдық шығыны.

, м3/жыл.

Денсаулық сақтау мекемелеріндегі газдың жылдық шығыны

Есептеуді 1000 тұрғынға 12 орын келеді деп жүргіземіз. Газ шығыны ас және ыстық су дайындау үшін анықталады.

, м3/жыл (4.5)

Наубайханалардағы газдың жылдық шығыны

Тәулігіне 1000 кісіге 0,6-0,8 т нан бұйымы шығарылады деп қабылдағанда, газ шығыны мынаған тең.

, м3/жыл (4.6)

Өнім өндірмейтін қызмет көрсету орындарындағы газдың жылдық шығыны

Бұл мекемелерге сауда орындары, шаштараз, тігін шеберханалары және т.б. жатады. ҚНжЕ 2.04.08-87* бойынша бұл мекемелердің қажетіне жұмсайтын жылдық шығын жалпы тұрғын үйлердің 5% шамада қабылданады.

, м3/жыл. (4.7)

Өнеркәсіп мекемелерінде газдың жылдық шығыны

, м3/жыл (4.8)

мұндағы, Qж – өнеркәсіп мекемелеріндегі жылдық жылу шығыны, кДж/жыл.

Жылыту, желдету және орталықтандырылған ыстық су дайындауға жұмсалатын газдың жылдық шығынын анықтаймыз

Тұрғын және қоғамдық үйлердегі газдың жылдық шығыны жылу ағымының жылдық мөлшері бойынша мынадай өрнектермен анықталады (ҚНжЕ 2.04.08-86*):

-тұрғын және қоғамдық үйлерді жылыту

, м3/жыл; (4.9)

  • қоғамдық үйлерді желдету

, м3/жыл; (4.10)

  • ыстық сумен жабдықтау

, м3/жыл (4.11)

мұндағы, nо – жылыту мерзімінің ұзақтығы (ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001* бойынша қабылданады); Z – жылу мерзіміндегі қоғамдық үйлердің желдету жүйесінің орташа есеппен алғандағы тәуліктегі жұмыс жасау сағаты (берілмеген жағдайда 16 сағат деп қабылданады); 350 – ыстық сумен жабдықталған жүйенің жылдағы жұмыс жасау тәулігі; η – жылу көзінің пайдалы әсер коэффициенті (η = 0,8-0,95 қабылданады.); – газдың төменгі құрғақ жану жылулығы, кДж/м3; Qжыл. – жылыту кезінде (tжыл) орташа жылу мөлшері, Вт; 1,1 – қазандықтың желілерінде шығындалатын жылу мөлшерін көрсететін коэффициент; Qhm – тұрғын және қоғамдық үйлердің жылыту мерзіміндегі бір аптаның орташа тәулік мөлшерінде ыстық сумен жабдықтауға арналған жылудың орташа ағымы, Вт; бұл да жоғарыдағыдай, тек сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының 8°С-тан жоғары мерзіміндегісі (жылу тоқталған мерзім), Вт; 1,1 – жылыту жүйелерінде жылдық жоғалуы.

Жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтауға жұмсалатын газдың жалпы жылдық мөлшері мынаған тең:

, м3/жыл

Ұсақ жылыту қондырғыларына жұмсалатын газдың жылдық шығыны

Тұрғын және қоғамдық үйлердегі ұсақ жылыту қондырғыларына жұмсалатын газдың жылдық шығыны қаланы жылыту-желдету шығынның(10-25%)-дан қабылданады және мына формуламен анықталады:

м3/жыл (4.18)

Қаладағы газдың жылдық шығынын анықтау

Төменгі қысымды газ желілеріне қосылатын тұтынушылардың жылдық газ шығыны:

, м3/жыл (4.19)

Жоғары (орташа) қысымды газ желілеріне қосылатын тұтынушылардың жылдық газ шығыны:

, м3/жыл (4.20)

Қоғамдық ғимараттарды, тұрғын үйлерге жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтауға жылдық шығынның қоса есептегенде қаладағы газдың жалпы шығыны келесі өрнекпен анықталады:

, м3/жыл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]