Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KP (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
808.45 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Электр энергиясы барынша қарапайым және арзан энергия түрі болып табылады. Электр энергиясының кең көлемде таралуы басқа энергиямен салыстырғанда оңай алу, түрлендіру және алыс ара қашықтыққа тарату мүмкіншілігіне негізделген. Электрмен қамтамасыз ету жүйесіндегі электр энергиясын түрлендіру және тарату үшін арналған электр құрылғы болып табылатын электрлік қосалқы станциялары басты рөл атқарады. Олардың электрмен қамтамасыздандыру жүйесінде аса маңызды орны бар. Сондықтан да электрлік қосалқы станциялардың жұмысын қарастыру сауатты мамандарды дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады.

Қандайда бір халық шаруашылық объектісін электрмен қамтамасыздандыру жүйесін жобалау кезінде ең бірінші кезекте төмендеткіш қосалқы станциясын игеруді қарастырады. Оларда подстанция жабдықтарын бір ізге салу арқылы қызмет көрсету және жобалау құнының арзандауына алып келетін типтік шешімдерді, сұлбалар мен элементтерді пайдалануға тырысады. Бірақ практикада қосалқы станцияларды жобалау кезінде орналасу ерекшеліктері мен басқа да жағдайларды еске алуға тура келеді.

Кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының дамуы электртұтынушылардың өсуімен тығыз байланысты.

Қондырылатын трансформаторлардың қондырғы қуатына сәйкестігі, қосалқы станциядан қоректенетін тұтынушылар қуаттары, сондай-ақ қондырылған жабдықтардың қазіргі кезең талаптарына сәйкестігін білу үшін тексеру қортындылары жүргізіледі. Тексеру үшін есептік жүктемелерін анықтау, трансформаторлар саны мен қуатын таңдау, таратушы желілер есебі, электр аппаратттары мен қосалқы станцияның тарату құрылғыларының ток жүретін бөліктерін таңдау, сұлбаларды таңдау жүргізіледі. Сондай-ақ пайдаланылып жүрген электрмен қамтамасыздандыру сұлбаларын, қосалқы станциялар жабдықтарын оңтайландыру сұрақтары тексеріледі. Осы мақсатта қуаттар есебі мен қысқа тұйықталу токтарының есебі жүргізіледі.

Қарастырылып отырған жұмыста қосалқы станция жабдықтарының сенімділігі және электр энергиясын тұтынушыларды үнемі электрмен қамтамасыздандыру қарастырылады.

Электрмен қамтамасыздандыру жүйесін тиімді шешу үшін бірнеше нұсқалар бойынша техника-экономикалық салыстырулар жүргізеді және олардың ішінен барынша экономикалық тиімді нұсқасы таңдап алынады (сенімділігі бойынша бірдей нұсқалар қарастырылады).

Курстык жұмысы студенттің өз бетінше орындаған аяқтаушы жұмысы болып табылады. Ол өзінің теориялық білімін практикада қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді: жобаның өз дәрежесінде орындалуы арнаулы пәндерден теориялық білімдерін жақсы меңгергендігін көрсетеді.

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Электр энергияны тұтынушылардың сипаттамасы

Энергожүйелер электрэнергия тұтынушыларының электрмен жабдықтаудың негізгі көзі болып қала береді, олардың қатарына энергияны көп тұтынатын өндірістік кәсіпорындар жатады.

Энергожүйенің электрлік бөлігінің негізгі элементтері - әр түрлі аудандық трансформаторлық және таратушы қосалқы станциялар, кәсіпорындардың және басқа объектілердің бас қосалқы станциялары (ГПП). Схемалар мен қабылданатын кернеулерге сәйкес олар өзара энергожүйенің аудандық электр торабы болып табылатын кернеуі 750, 500, 220, 110кВ электр берілісі желілерімен жалғанады. Кернеуі 35, 10 және 6кВ энергожүйенің таратушы тораптары өндірістік кәсіпорындардың сыртқы электрмен жабдықтаудың электрлік тораптары болып табылады.

Мемлекеттің жалпы баланста өнеркәсіп пен құрылыстың меншікті салмағы 70%-дан асады, сол себепті өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау мәселелеріне үлкен мән беріледі. Ол үшін энергожүйеден алынатын электрэнергияны тарату және тұтыну жүйесі тұтынушылардағы электр қабылдағыштардың негізгі талаптарын қанағаттандыратындай құрылуы керек.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі энергожүйенің барлық элементтерінің тоқтаусыз жұмыс істеуі арқылы, сонымен қатар жүйеде және тұтынушыларда қолданылатын бірқатар техникалық құрылғылар арқылы орнығады: релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары, автоматты түрде резервті қосу (АВР) және қайта қосу (АПВ), бақылау және сигнализация.

Электрмен жабдықтаудың сапасы берілген деңгейде кернеу мен жиіліктің мәнін ұстап тұрумен анықталады, сонымен қатар жоғарғы гармоника торабына мәндерді және кернеудің синусойдалы еместігін, симметриялы еместігін шектеумен анықталады.

Жетілдірілген электрэнергияны тарату жүйелерін жасау жолымен, комплектілі таратушы құрылғылардың және трансформаторлық қосалқы станцияның рационалды конструкциясы арқылы және электрмен жабдықтау жүйесінің тиімділігін жасау арқылы қол жеткізеді. Үнемділікке рационалды кернеуді, кабелдердің және сымдардың қимасының тиімді мәнін, трансформаторлы қосалқы станцияның саны мен қуатын, реактивті қуатты қарымталау құралдарын таңдау және оларды торапта орналастыру электрмен жабдықтаудың үнемділігіне әсер етеді.

Осы талаптар орындалғанда келесілер қамтамасыз етіледі: электрмен жабдықтау жүйесінің барлық элементтерін құрғанда және пайдаланымға жібергенде шығындар азаюы, халықшаруашылығының барлық салаларын электрлендіру жоспарын жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштермен орындалуы, өндірістік кәсіпорындардың сенімді және сапалы электрмен жабдықталуы. Нәтижесінде өнеркәсіпте және халықшаруашылығының басқа да салаларында еңбекпен қамтылуы көбееді, бұл деген бір жұмыскерге кететін электрэнергия мөлшері (МВт/(адам•жыл)), ал бұл еңбек өнімділігінің өсуін және оның механизациялау деңгейін қамтамасыз етеді.

Демек, еңбектің қамтылуының өсуі тек электрстанцияда электрэнергияны өндіруді жоғарылатумен ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың әр түрлі құрылғылары мен қондырғыларында рационалды пайдаланумен анықталады. Бұл жағынан өндірістің технологиялық процесінде алатын орнын, жабдықтың тоқтаусыз жұмыс істеуін және оған қызмет көрсетудің қауіпсіздігін ескерумен электр қабылдағыштары электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша категорияларға тарату рационалды болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]