Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУНАЙ Материал.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
696.01 Кб
Скачать

2.6.2 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды құйып алу технологиясы

Шанақты ашық вагондардың бу жейдесін түзетін қос қабырғасы болады. Бұл қабырғалар жартылай осьте айналып, ілмектер арқылы вертикаль қалыпта ұсталып тұрады. Әрбір шанақтың сыртқы қабырғасында «жейдеге» бекітілген, бу кіргізуге арналған келте түтік бар. Шанақтың жоғарғы бөлігін қос жақтаулы қақпақ жауып тұрады. Құйып алу пункттерінде шанақтың келте түтігіне шлангілер қосылады. Шанақты қыздыру үшін қабырғалардың арасындағы кеңістікке шлангімен бу беріледі. Кіргізу вентилін баяу аша отырып, буды абайлап жібереді. Қыздыру уақыты 30...40 мин. Бұл жағдайда бу битумның шанақтың қабырғасына жаңасып жататын жұқа қабатын ерітеді. Осыдан кейін бункер оңға және солға қарай 90о-қа бұрылады. Бункер аударылған кезде бұл сұйықтық қабылдағыш шұңқырға немесе алаңға жеке кесектер түрінде төңкеріліп түседі. Мұнай өнімдерін жеделдете құйып алу үрдісі осылайша өтеді.

Бункерлі жайдақ вагонның елеулі кемшілігі – салмағының ауырлығы.

Вагонның ішкі қаптауы зақымданып, бу жейдесіне битум толып қалатын жағдайда оны былайша шығарады:

- битумы бар бункерді ашық вагонды қыздыруға қою алдында әрбір бункердің бүйіріндегі сыртқы қаптауының ортаңғы бөлігінің орта тұсына бір жағынан өлшемі 100х150 мм тікбұрышты тесік ою керек, ал екінші жағына бункердегі штуцерге ұқсайтын штуцерді пісіріп бекіту үшін дөңгелек тесік жасайды. Тікбұрышты тесікті бункердің қыздырылған битумды құйып алу үшін еңкейтілетін жағынан ою керек;

- шанақты ашық вагонды тазартуға қоюдан кейін доңғалақтар жұбы бекітіледі, шанақ қазандыққа қарай тірелгенше еңкейтіліп бекітіледі, бу шлангісі штуцерге бекітіліп, бу жібереді және битум толығымен шығарылғанға дейін бу жейдесінде қыздырылады.

Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтардың мынадай ерекшеліктері бар:

1 – жайдақ вагондардағы бункерлердің бәрі бір мезгілде қыздырылады, ал олардан құйып алу кезекпен жүргізіледі (алдымен бірінші бункер, одан кейін екіншісі және соңында үшінші бункер босатылады). Бір мезгілде екі немесе одан да көп вагондарды босатуға тыйым салынады, өйтпеген жағдайда олар аударылып кетуі мүмкін;

2 – іші толған бункер массасының центрі оның айналу осінен жоғары, ал бос бункерде – төмен орналасады (8.8, в-сурет).

Масса центрінің бұлайша орналасуы тиелген бункердің аударылуын жеңілдетіп, бос бункердің бастапқы қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Бункерлі-вагондарды босатып болған соң жүкті қабылдаушы жүк қалдықтарын тазарту шараларын жасап, клапандардың қақпағын жауып және оларға пломбы салуы тиіс.

2.7 Құйылатын сұйықтықтарды тиеу-түсіру жұмыстарының барынша өнімді әрі үнемді технологиясы мен механикаландырылуын таңдау мысалдары

Курстық жұмысты орындау үшін ұсынылатын материалдарда келтірілген формулаларды пайдаланып, құйылатын сұйықтықтарға арналған көлік-жүк жүйесінің барынша өнімді әрі үнемді технологиясын таңдау төменде MathCad есептеу ортасында нақты мысалдармен қарастырылған.

Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру тиімділігінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу

Көлік-жүк жүйесінің берілген екі нұсқасының тиімдісін таңдауды техникалық-экономикалық тұрғыдан дәлелдеуді есептеу әдістерін меңгеру осы тақырыпты оқып-үйренудің мақсаты болып табылады.

Көлік-жүк жүйесі тиімділігінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері мыналар болып табылады:

- қоймаларды (қоймалар, теміржол тарамдары, биіктетілген жол, автожолдары, электр желісі және т.с.с.) салуға жұмсалатын бір жолғы шығындар (инвестициялар немесе күрделі қаржы) – К, тг және оларды осы заманғы механикаландыру және автоматтандыру құралдарымен жарақтандыру;

- жылдық ағымдағы шығындар – S, тг/жыл, механизаторлар мен жұмысшылардың жалақысы, амортизациялық қаржылар (тиеу-түсіру машиналарының бастапқы құнын толығымен қалпына келтіру және күнделікті жөндеу), күнделікті және күрделі жөндеу, электр энергиясы мен жанар, жағармай, салық төлемдері және жылжымалы (автомобильдер, вагондар, маневр локомотивтері) құрамды пайдалануға байланысты шығындар;

- келтірілген шығындар –Екш , тг/жыл, күнделікті шығындар мен нормативтік тиімділік коэффициенті – Екш осы инвестицияның ескерілген инвестициясының қосындысынан тұрады;

- инвестицияның өтемділік мерзімі –Төм , жыл, инвестициялар айырмасының (К12) салыстырылатын екі нұсқаның күнделікті шығындары айырмасына (S1-S2) қатынасы ретінде анықталады;

- жүк бірлігін механикаландырып өңдеудің өзіндік құны – С тг/т, жүк пунктінің ағымдағы жылдық шығындарының жылдық жүк ағынына қатынасы ретінде анықталады;

- тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек өнімділігі (жұмыс нормасы) –Жн , жылдық жұмыс көлемінің – механизаторлар мен жұмысшылардың тізімдегі санының қосындысына қатынасы ретінде анықталады;

- жүк операциясындағы вагондардың бос тұрып қалуы – tжо , сағ/бер.

Әдетте, жүк өңдеудің берілген көлемі үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырудың мүмкін болатын бірнеше (ең кемінде екі) нұсқасын белгілейді. Осыдан кейін әрбір нұсқаның нақты техникалық-экономикалық есебін жасайды.

Тиімді нұсқа:

, , болғанда, яғни келтірілген шығындардың ең азына қарай таңдалады;

  • , болғанда, яғни инвестицияның өтемділік мерзіміне қарай таңдалады.

Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарына және жаңа жүк пунктінің құрылысына бөлінетін күрделі қаржыны есептеу

Күрделі қаржы (инвестиция) К – механикаландыру құралдарына – , құрылыс ғимараттарына – және қосалқы жабдықтарға – жұмсалатын инвестициялардан тұрады, тг:

.

Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарына бөлінетін инвестицияларды есептеу

Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарына бөлінетін инвестициялар – , тг:

,

мұндағы М – есептелген тәуліктік жүк көлемін – атқаруға қажетті тиеу-түсіру машиналарының саны (контейнерлер үшін –Uтәу ),дана;

Ктм– тасымалдау мен құрастыруға жұмсалатын шығындарды қоса есептегендегі тиеу-түсіру машиналарының құны, машинаның көтерме бағасының 10...15 %-ы көлемінде қабылданады, т. г:

,

Ктқ – тиеу-түсіру машиналарын тасымалдау мен құрастыруға жұмсалатын шығындарды есептейтін коэффициент (1,1 ... 1,15 ретінде қабылдайды);

Ск– машинаның көтерме бағасы, тг (практикалық сабақтардың материалдары бойынша немесе В.А.Падняның Погрузочно-разгрузочные машины. М.: Транспорт, 1981, 448 с. деген кітабы бойынша қабылдайды);

Кинд – машинананың көтерме бағасының индексациясын есептейтін коэффициент (шамамен 20-ға тең деп қабылдауға болады).

Жаңа жүк пунктінің құрылыс ғимараттарына бөлінетін инвестицияларды есептеу

Жүк пунктінің аумағына (9.1-сурет) мынадай құрылыс ғимараттарын – қоймалар, кран жолы, теміржол тармақтары, автожолдары, жарық беру желісі, электр желісі, жанар-жағармай қоймасы, байланыс құралдары, су құбыры, канализация, бақылау-өткізу пункті, қызмет үйлері мен ғимараттары салынады.

Қажетті жағдайда аккумуляторлы батареямен жұмыс істейтін тиегіштер үшін зарядтау стансасын, вагон және автомобиль таразыларын салу көзделеді.

Негізгі құрылыс ғимараттарының тізбесі берілген жүктерге арналған жүк пункттерінің үлгі сызбалары негізінде белгіленеді.

Байланыс құралдары мен су-канализация желілерін жеткізуге, сондай-ақ қызмет үйлері мен ғимараттарына бөлінетін ин

вестициялар берілген екі нұсқада да бірдей деп жорамалданады. Сондықтан есептеулерде оларды ескермейді.

Осыларды басшылыққа ала отырып, жаңа жүк пунктінің құрылыс ғимараттарына бөлінетін инвестициялар мынадай болмақ, тг:

, (9.4.)

мұндағы:

Кқм – қойма құрылысына бөлінетін инвестиция, тг:

, (9.5)

мұндағы Сқ– қойма алаңының 1 м2 құрылысының бағасы, тг/м2 (қойманың түріне қарай қабылдайды – ТШГ қоймалары 275–530 тг/м2, жабық вагон 222 тг/м2, ашық жайдақ вагон 109 тг/м2, ашық ақтара тиеу алаңы 65 тг/м2, контейнер алаңы 150 тг/м2 – 1999 ж. мәліметтер);

Fқм– қойманың алаңы, м2;

Кинд – индексациялау коэффициенті (өзгермелі шама, 1,0 ретінде қабылдауға болады);

Ктж – теміржол тармақтарының құрылысына бөлінетін инвестиция, тг:

, (9,6)

мұндағы – теміржол тармақтарының саны, жүк пунктін дамытудың қабылданған сызбасы бойынша анықталады, дана (әдетте );

nтж– бір теміржол тармағының ұзындығы, м ( ретінде қабылдайды);

Lтж– кірме жолдың ұзындығы – жобаланатын қоймадан жұмыс істеп тұрған стансаға дейінгі қашықтық, м (100–150 м ретінде қабылдайды);

Cтж– 1 м теміржол тармағы құрылысының құны, тг/м (1999 ж. баға бойынша 410 тг/м ретінде қабылдайды).

Кбб – бұрмалы бағытқа бөлінетін инвестициялар, тг:

, (9.7)

мұндағы – бұрмалы бағыттардың саны, жүк пунктін дамыту сызбасы бойынша анықталады, дана (әдетте пбб = 2);

Сбб– бір бұрмалы бағыттың құны, тг/дана (26000 тг/дана ретінде қабылдайды);

Ккж– егер кран темір жолдағы төрттағанды немесе бұрмалы кран болса, кран жолдары құрылысына немесе егер кран аркалы болса, эстакада салуға бөлінетін инвестициялар, тг:

, (9.8)

мұндағы – кран жолдарының немесе эстакадалардың саны, дана ( ретінде қабылдайды);

– бір кран жолының немесе эстакаданың ұзындығы, м ( ретінде қабылдайды);

– 1 м кран жолының құны, тг/м (170 тг/м ретінде қабылдайды);

– бір м металл немесе темірбетон эстакаданың құны, тг/м (металл эстакаданы 2120 тг/м, темірбетон эстакаданы – 1070 тг/м ретінде қабылдайды);

– төкпелі жүктерді (көмір, инертті құрылыс материалдары) түсіруге арналған биіктетілген жол құрылысына бөлінетін инвестиция, тг:

, (9.9)

мұндағы – көтеріңкі жол құрылысының құны, тг, жүкті үйіндіден қатарлап жинау, тәулігіне келетін жүк мөлшеріне қарай анықталады (мысалы, т/тәу болғанда, биіктетілген жолдың ұзындығы 132 м, 2,0 м биіктікте – блокты көтеріңкі жол құрылысының құны 639300 тг, ал эстакадалы да – 638400 тг, 2,5 м биіктікте тиісінше 679000 және 694700 тг; ал т/тәу кезіндегі биіктетілген жолдың ұзындығы 240 м, биіктігі 2,0 м болғанда, блокты биіктетілген жолдың құны 1044100 тг, ал эстакадалы жолда – 1039000 тг, 2,5 м биіктікте тиісінше – 1087900 және 1110600 тг – 1999 ж. мәліметтер бойынша);

– жұмысшыларға арналған қосымша құрылыстың құны, тг ( ретінде қабылдайды, мұндағы – арқалы кранның көтерме бағасы, тг);

– автомобиль жолдарын салуға бөлінетін инвестиция, тг:

, (9.10)

мұндағы – автомобиль жолының ұзындығы, м ( ретінде қабылдайды);

  • – автокөліктің бұрылуына және бақылау-өткізу пунктіне дейін жетуіне арналған автомобиль жолының ұзындығы, м (50 м ретінде қабылдайды);

– жүк пунктінен жұмыс істеп тұрған автомобиль жолына жанасатын жерге дейінгі қашықтық, м (100–150 м ретінде қабылдайды);

– автомобиль жолдарының ені, автокөліктің жүріс қатарына қарай қабылданады, м (бір қатарда 11– 13 м ретінде және екі қатарда 20–25 м ретінде қабылдайды);

– 1 м2 автомобиль жолының құны (1999 ж. мәліметтер бойынша 90–200 тг/м2 ретінде қабылдайды);

– электр желісін салуға бөлінетін инвестициялар, тг:

, (9.11)

мұндағы – электр желісінің ұзындығы, жүк пунктінің сызбасы бойынша анықталады, м ( ретінде қабылдайды);

– жүк пунктінен трансформатор шағын стансасына дейінгі қашықтық, м (50–100 м ретінде қабылдайды);

– тиеу-түсіру машиналарын бір немесе бірнеше қатарға орналастыру саны, дана (әдетте бір қатар ретінде, яғни = 1 ретінде қабылдайды;

– жаңа жүк пунктінің қоршауын салуға бөлінетін инвестиция:

, (9.12)

мұндағы – жүк пункті қоршауының ұзындығы, м ( +150 м ретінде қабылдайды);

– қоршаудың ені, м ( м);

  • – 1 м қоршаудың құны, тг/м (20 тг/м ретінде қабылдайды);

– жанар және жағармай қоймасын салуға бөлінетін инвестициялар, тг:

, (9.13)

мұндағы 5 – бес күндік жанармай қоры, тәу;

Шо – сағатына орташа отын шығыны, кг/сағ:

, (9.14)

мұндағы – қуат бірлігіне келетін сағаттық отын шығыны, кг/кВт-сағ (дизель отыны болғанда – 15 кВт-ға дейінгі қуатта – 0,23 кг-кВт-сағ, 16-40 кВт қуатта – 0,22 кг/кВт-сағ, 41-80 кВт қуатта – 0,21 кг/кВт-сағ, 81-150 кВт қуатта – 0,2 кг/кВт-сағ, 150 кВт-дан асқан қуатта – 0,18 кг/кВт-сағ ретінде, ал отын бензин болса – 15 кВт-ға дейінгі қуатта – 0,34 кг/кВт-сағ, 16-40 кВт қуатта – 0,3 кг/кВт-сағ, 41-150 кВт қуатта – 0,29 кг/кВт-сағ болады);

– двигательдерді қуатына қарай пайдалану коэффициенті:

, (9.15)

  • , , – тиісінше жүк, жүк ілгіш бірлігінің массасы және тиеу-түсіру машиналарының жүк көтерімділігі, тг ( және орташа тоннажды контейнерге арналған анықтамалықтар бойынша қабылданады:

,

мұндағы – орташа тоннажды контейнерге арналған жүк бірлігінің массасы, 3 т және 5 т контейнерлердің үлесін ескере отырып анықталған, шартты контейнер;

Ірі тоннажды контейнер үшін

,

мұндағы –10 және 20 немесе 24 тонналық контейнерлердің үлесін ескере отырып, ірі тоннажды контейнерлерге арналған жүк бірлігінің массасы, физ. конт;

– бір контейнердің орташа статикалық жүктемесі, т/физ. конт;

– бір тиеу-түсіру машинасының барлық двигательдерінің жиынтық қуаты, кВт (практикалық сабақтардың материалдарына сәйкес тиеу-түсіру машиналарының сипаттамасы бойынша қабылдайды);

– 1 т жанармайға келетін қойманың ауданы, м2/т (6 м2/т ретінде қабылдайды);

– ақтара тиеу алаңының құны, тг/м2 ( 1999 ж. мәліметтер бойынша 65 тг/м2 ретінде қабылдайды);

– 100 тонналық вагон таразыларына бөлінетін инвестиция, тг (100 тонналық таразы үшін 114000 тг/ дана ретінде, 5 тонналық бұранда таразылар үшін 2975 тг/дана – 1999 ж. мәліметтер бойынша және ескеріледі);

– іргетасы және таразы күркесі бар автомобиль таразыларына бөлінетін инвестиция, тг (1999 ж. мәліметтер бойынша 150000 тг/дана ретінде қабылдайды.);

– аккумляторларды зарядтайтын ЭП қондырғысын бір мезгілде орнатуға арналған орындардың санына қарай ЭП зарядтау пунктінің құрылысына бөлінетін инвестициялар, тг/дана (1999 ж. мәліметтері бойынша 4 орынға – 140000 тг/дана, 8 орынға – 175000 тг/дана, 12 орынға – 212000 тг/дана ретінде қабылдайды).

9.1.3. Қосалқы жабдықтар сатып алуға бөлінетін инвестицияларды есептеу

Жүк ілгіштер, табандықтар, ЭП аккумулятор батареялары, люк жапқыштар, дірілдеткіштер, қопсытқыштар және т.с.с. қосалқы жабдықтарға жатады.

Жүк ілгіш тетіктер табандықтағы немесе табандықсыз дара жүктерді, әмбебап контейнерлерді, ауыр салмақты жүктерді (станоктар, машиналар, жабдықтар және т.с.с.), темірбетон конструкцияларды (құбырлар, плиталар, және т.с.с.), табандық үстіндегі кірпіштерді, жұмыр ағаштарды, пакеттердегі кесілген материалдарды, үйінді жүктерді (көмір, инертті құрылыс материалдары), металл өнімдерін (прокат, шойын құйымы, пакеттегі металл сынықтары және т.с.с.) және арнайы контейнерлердегі жүктерді тиеп-түсіру үшін пайдаланады.

Жүк ілгіш тетіктерге бөлінетін инвестициялар – , тг:

, (9.16)

мұндағы – жүк ілгіштердің саны, дана ( );

– жүк ілгіш тетіктің құны, тг/дана (18000 тг/дана әмбебап контейнерлер үшін ЦНИИ-ХИИТ құрылымының автостопын, 25000 тг/дана (бүктемелі құрылымды) және 15000 тг/дана (тұтас құрылымды) ірі тоннажды контейнерлерге арналған спередерді, 800 тг/дана төрт буынды тростарды, егер ілгіштің жетегі бар және 10 000 тг/дана болса, қалған ілгіштер 15000 тг/дана, егер ілгіш жетексіз болса, грейфер 12000 тг/дана – 2001ж. баға бойынша).

Дара жүктерді тиеп-түсіруге арналған табандықтарды сатып алуға бөлінетін инвестициялар – , тг:

, (9.17)

мұндағы – дара жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын табандықтардың қажетті жұмыс паркі, дана:

, (9.18)

\

мұндағы – табандықтың айналымы, тәу ( ретінде қабылдайды);

– табандықтардың жөндеуде болу уақытын есептейтін коэффициент ( ретінде қабылдайды);

  • – бір табандықтың орташа жүктемесі, т ( т ретінде қабылдайды);

– бір табандықтың құны, тг/дана (1999 ж. мәліметтер бойынша 66 тг/дана ретінде қабылдайды).

Электр тиегіштер үшін аккумулятор батареяларын сатып алуға бөлінетін инвестициялар – , тг:

, (9.19)

мұндағы – аккумулятор батареяларының ауысымды жиынтықтарының саны, жиынтық ( жиынтық ретінде қабылдайды);

  • – аккумулятор батареяларының бір жиынтығының құны, тг/жиынтық (1998 ж. бағасы бойынша курстық жұмыста 4500 тг/жиынтық ретінде қабылдауға болады).

Биіктетілген жолдарда үйінді жүктерді түсіруде люк жапқыштарды, дірілдеткіштерді, қопсытқыштарды сатып алуға бөлінетін инвестициялар – , тг:

, (9.20)

мұндағы – люк жапқыштардың саны, дана ( дана ретінде қабылдайды);

  • – дірілдеткіштердің немесе қопсытқыштардың саны, дана (пд = М) ретінде қабылдайды);

, , – тиісінше люк жапқыштардың, дірілдеткіштердің, қопсытқыштардың көтерме бағасы, тг/дана (курстық жұмыста 1999 ж. бағасы бойынша тиісінше 500, 26190 және 2630 тг/дана ретінде қабылдауға болады).

Сонымен, тиеу-түсіру жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтарды сатып алуға бөлінетін инвестициялар мынадай болады:

дара жүктерге, тг:

; (9.21)

үйінді жүктерге, тг:

; (9.22)

барлық қалған жүктерге, тг:

. (9.23)

9.2. Көлік-жүк жүйесін механикаландыруға қатысты ағымдағы жылдық шығындарды есептеу

Ағымдағы жылдық шығындар – тг/жыл:

, (9.24)

мұндағы – әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін қаражатты, еңбекті қорғауға бөлінетін және басқа шығындарды есептейтін коэффициент (1,8 ретінде қабылдайды);

– механизаторлар мен жұмысшылардың еңбектеріне ақы төлеудің жылдық қоры, тг/жыл;

– машиналардың бастапқы құнын қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге бөлінетін амортизациялық қаражат, тг/жыл;

  • – ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар, тг/жыл;

– электр қуаты мен отынға жұмсалатын шығындар, тг/жыл;

– салық төлемдерінің шамасы, тг/жыл;

Кжал – жалпы және шаруашылық шығындарды есептейтін коэффициент (1,3 ретінде қабылдайды);

Sжқ – жылжымалы құрамды (автомобиль, вагон, маневр локомотивтері) пайдаланғаны үшін төленетін шығындар, тг/жыл.

9.2.1. Еңбекке ақы төлеудің жылдық қорын есептеу

Еңбекке ақы төлеудің жылдық қоры – Sеқ, тг/жыл:

, (9.25)

мұндағы , – тиісінше механизаторлар мен жұмысшылардың тізімдегі саны, тиеу-түсіру машиналарының санына қарай – М, бригаданың құрамына, машиналардың түріне (мысалы, ауыр салмақты жүктер үшін ) және ауысымның санына – қарай анықталады, адам:

; (9.26)

, (9.27)

– демалыста жүрген, ауырып қалған, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқаратын адамдардың орынбасарларын тағайындау қажеттігін ескеретін коэффициент (0,12 ретінде қабылдайды);

және – тиісінше механизаторлар (6 немесе 7 разрядты) мен жұмысшылардың (4 немесе 5 разрядты) сағаттық тарифтік ставкасы, тг/сағ (6-7 разряд үшін тг/сағ, 4-5 разряд үшін тг/сағ);

  • – әр түрлі қосымша, үстеме және сыйақыларды ескеретін коэффициент ( ретінде қабылдайды);

  • – жұмыс сағаттарының орташа айлық мөлшері, сағ/ай (167,6 ретінде қабылдайды);

12 – жылдық айлар саны, ай/жыл.

9.2.2. Амортизациялық қаражатты есептеу

Машиналардың бастапқы құнын қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге бөлінетін амортизациялық қаражат – , мынадай, тг/жыл:

, (9.28)

мұндағы – құрылыс ғимараттарына бөлінетін амортизациялық қаражат, тг/жыл:

,(9.29)

мұндағы , , , , , , , , – құрылыс ғимараттарының тиісті түрлеріне бөлінетін амортизациялық қаражат нормалары ( – жабық қоймалар, – ашық қоймалар үшін);

– кірме жолдар мен басқа да теміржол тармақтары, төрттаған кран жолдары, тас, бетон, темірбетон эстакадалар үшін:

– қара жолдар үшін;

– жұмыр және қиыршықтасты жолдар үшін;

– цемент-бетон жолдар үшін;

– электр желісінің аспа жолдары үшін;

– тас және металл қоршаулар үшін;

– өзге материалдардан жасалған қоршаулар үшін;

– механикаландыру құралдарына бөлінетін амортизациялық қаражат нормалары, үлес (0,103–0,124 ретінде қабылдайды);

– қосалқы жабдықтарға бөлінетін амортизациялық қаражат нормалары, үлес ( ретінде қабылдайды).

Тиеу-түсіру машиналары үшін анықтамалықтан (Падня В.А. Погрузочно-разгрузочные машины. Справочник. М.: Транспорт, 1981. С.381: жүк көтерімділігі 15 т дейінгі төрттағанды крандар үшін – 0,124 және 15–50 т дейінгі крандар үшін – 0,11; арқалы крандар үшін – 0,084; жүк көтерімділігі 16 т дейінгі теміржол крандары үшін – 0,109 және 16 т-дан астам теміржол крандары үшін – 0,074; электр тиегіштер үшін – 0,227; автотиегіштер үшін – 0,256; механикалық және электр грейферлерге – 0,238; автокрандар үшін – 0,155; жүк көтерімділігі 16 т дейінгі пневмодоңғалақты крандар үшін – 0,127 және 16–40 т дейінгі крандар үшін – 0,116; таспалы жылжымалы конвейерлер үшін – 0,249, құрастырмалы конвейерлер үшін – 0,249 және буынды конвейерлер үшін – 0,219; винтты (бұрандалы), ожаулы конвейерлерге және элеваторларға – 0,218; қырғышты және пластиналы транспортерлерге – 0,208; сусымалы және тозаң тәрізді материалдарға арналған түсіру машиналары мен түсіргіштерге – 0,20; пневматикалық тиегіштер үшін – 0,442; бөрене құлатқыштар, бөрене тасығыштар және транспортерлер үшін – 0,262) алынған амортизациялық қаражат нормасы – тиеу-түсіру машиналарының жыл ішінде жұмыс істеген нақты сағат санына қарай түзетіліп отыруы тиіс, жыл:

(9.30)

мұндағы – тиеу-түсіру машиналарының жыл ішіндегі жұмыс көлемі, т/жыл;

Егер сағ болса, онда жұмысшының нақты нормасы артады және былайша есептеледі:

. (9.31)

9.2.3. Ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындарды есептеу

Ағымдағы және күрделі жөндеуге бөлінетін шығындар – , тг/жыл:

, (9.32)

мұндағы , , – тиісінше құрылыс ғимараттарын, механикаландыру құралдарын, қосалқы жабдықтарды жөндеуге бөлінетін амортизациялық қаражат нормалары, үлес ( және ).

9.2.4. Электр қуаты мен отынға жұмсалатын шығындарды есептеу

Электр қуаты мен отынға бөлінетін шығындар – , тг/жыл:

, (9.33)

мұндағы – электр қондырғыларының қуатына немесе тиеу-түсіру машиналары двигательдерінің отынына жұмсалатын шығындар, тг/жыл;

– жүк пунктін жарықтандыруға жұмсалатын шығындар, тг/жыл.

9.2.4.1. Күш қондырғыларынан қуат алуға жұмсалатын шығындар

Электр двигательді тиеу-түсіру машиналары (төрттағанды және арқалы крандар) үшін, тг/жыл:

, (9.34)

мұндағы – двигательдерге жұмсалатын орташа сағаттық электр шығыны, кВт:

, (9.35)

мұндағы – бір тиеу-түсіру машинасындағы барлық электр двигательдерінің жиынтық қуаты, кВт (крандардың сипаттамасы бойынша алынады, мысалы КК-6 краны үшін – 51,4 кВт, ККС-10 үшін – 42 кВТ, КК-12.5 үшін – 45 кВт, КК-20 үшін – 105 кВТ);

– желідегі шығынды және қалпына келтіру қажеттеріне жұмсалатын электр қуаты шығынын ескеретін коэффициент ( ретінде қабылдайды);

– тиеу-түсіру машиналарын пайдалану уақытының коэффициенті ( ретінде қабылдайды);

– электр қуаты бірлігінің құны, тг/кВт-сағ (қаланың, ауданның немесе жергілікті жердің экономикалық дамуына қарай белгіленеді, мысалы 2001 ж. бағасы бойынша 0,7 тг/кВт-сағ ретінде қабылдауға болады).

Сұйық отынмен жұмыс істейтін двигательді тиеу-түсіру машиналары (автотиегіштер және темір жолдағы бұрмалы крандар) үшін, тг/жыл:

, (9.36)

мұндағы – двигатель отынының орташа сағаттық шығыны, кг/сағ:

, (9.37)

– қуат бірлігіне келетін сағаттық отын шығыны, кг/кВт-сағ (10.1.2.п. бойынша алынады);

– отын бірлігінің құны, тг/кг (2001 ж. баға бойынша бензинмен жұмыс істейтін АП-4045, 4014, 4026, 4046м үшін 6 тг/кг ретінде, АП-4018, АП-4014Д және дизель отынымен жұмыс істейтін темір жол жүрісті бұрмалы крандар үшін 9 тг/кг ретінде қабылдауға болады).

9.2.4.2. Қойманы жарықтандыруға жұмсалатын шығындар

Қойманы жарықтандыруға жұмсалатын шығындар – тг/жыл:

, (9.38)

мұндағы 0,001 – 1 Вт-ны кВт-ға айналдыру коэффициенті;

– меншікті жарықтандыру қуаты, вТ/м2 (жабық қоймалар үшін , ашық қоймалар үшін – ретінде қабылдайды);

– жыл бойы жарықтандыру ұзақтығы, сағ/жыл (үш ауысымды жұмыста 4600 сағ/жыл, екі ауысымды жұмыста – 2600 сағ/жыл, бір ауысымды жұмыста – 600 сағ/жыл).

9.2.5. Салық төлемдерінің шамасын есептеу

Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру нұсқаларын салыстыруда салық төлемдерінің шамасы осы төлемдердің бір ғана түрін – мүлік салығын ескеру арқылы есептеледі – Scm , тг/жыл:

Scm = 0,01SмүлК, (9.39)

мұндағы Sмүл – мүлік салығының ставкасы, % ( Sмүл % деп қабылдауға болады).

9.2.6. Жылжымалы құрамды пайдаланғаны үшін ақы төлеу шығындарын есептеу

Жылжымалы құрамды пайдаланғаны үшін ақы төлеу шығындары – вагондарды – , автомобильдерді – және маневр локомотивтерін – пайдаланғаны үшін ақы төлеу шығындарынан

тұрады, тг/жыл:

, (9.40)

мұнда:

, (9.41)

мұндағы – вагонның бос тұруына байланысты вагон-сағатының бағасы (тарифі), тг/ваг-сағ (2001 ж. баға бойынша барлық вагондар үшін орта есеппен алғанда 8,0 тг/ваг-сағ);

, (9.42)

мұндағы – автомобильдің бос тұруына байланысты автомобиль-сағатының бағасы (тарифі), тг/авт-сағ (2001 ж. баға бойынша барлық вагондар үшін орта есеппен алғанда 120,0 тг/авт-сағ);

  • – автомобильге нақты жүк тиеу нормасы, т;

  • – бір автомобильдің жүгін тиеу-түсіру уақыты, сағ;

, (9.43)

  • – маневр локомотивінің бос тұруына байланысты локомотив-сағатының бағасы (тарифі), тг/лок-сағ (2001 ж. баға бойынша барлық вагондар үшін орта есеппен алғанда 260,0 тг/лок-сағ деп қабылдайды).

9.3. Жаңа жүк пунктінің құрылысына жұмсалатын шығындарды есептеу

Келтірілген шығындар инвестициялар тиімділігінің нормативтік коэффициенті ескерілген инвестициялар мен күнделікті шығындар қосындысынан тұрады – , тг/жыл:

, (9.44)

мұндағы – инвестицияның жыл ішіндегі нормативтік коэффициенті. Бұл коэффициенттің шамасын тг/жылға тең деп қабылдайды.

9.4. Жүк бірлігін механикаландырып өңдеудің өзіндік құнын және оны кеміту жолдарын есептеу

Жүк бірлігін механикаландырып өңдеудің өзіндік құны – , тг/т немесе тг/конт дегеніміз – бұл жүк пунктінің жылдық жүк ағынына немесе контейнер ағынына – жатқызылған ағымдағы жылдық шығындары:

немесе . (9.45)

Жүктерді өңдеудің өзіндік құны –бұл тиеу-түсіру жұмыстары дистансасының жұмыс сапасының жинақтаушы көрсеткіші. Онда дистанса жұмысының нақты жағдайлары, тиеу-түсіру жұмыстарының техникалық жарақтануы, технологиясы мен ұйымдастырылуы бейнеленеді.

Жүк бірлігін механикаландырып өңдеудің өзіндік құнын мынадай жолдармен кемітуге болады:

жоғары өнімді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын (үнемді тиеу-түсіру машиналары мен робот техникасын) пайдалану, бұлар жүк пункттеріндегі көлік-жүк жүйесінің көлемін арттыруға және ауыр әрі қауіпті жұмыстарды атқаратын жүк тиеушілердің қажеттігін кемітуге мүмкіндік береді;

жүк операцияларына қатысатын вагондардың, автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының бос тұрып қалуын азайту;

жылжымалы құрамның жүк көтерімділігін пайдалануды жақсарту;

тиеу-түсіру жұмыстарының ұтымды технологиясын (мысалы, жүк операцияларын өзара ұштастыру) қолдана отырып, тиеу-түсіру машиналарына жұмсалатын электр қуаты мен отын шығынын азайту;

тиеу-түсіру операциялары кезінде жүктердің сақталуын қамтамасыз ету.

9.5. Тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек өнімділігін есептеу және оны арттыру жолдары

Бір адамның жылдық еңбек өнімділігі немесе жұмыс нормасы – Жн, т/адам жыл немесе конт/адам жыл:

, 9.46

мұндағы немесе – жүк пунктіндегі тиеу-түсіру машиналарының жылдық есептік жұмыс көлемі, т/жыл немесе конт/жыл;

  • , – бригададағы механизаторлар мен жұмысшылардың саны, адам.

Жүк пункті жұмысының өндірістік көрсеткіштерін жедел талдау үшін ауысым, тәулік, ай ішіндегі, кез келген уақыт аралығындағы еңбек өнімділігін есептеп шығаруға болады. Іс жүзінде мынадай көрсеткіш – ауысым ішіндегі еңбек өнімділігі немесе ауысымдық норма жиі пайдаланылады:

немесе (9.47)

мұндағы немесе – бір тиеу-түсіру машинасының ауысымдық нормасы, т/ау немесе конт/ау:

, (9.48)

мұндағы tтжу – тиеу-түсіру машиналарының ауысым ішіндегі таза жұмыс уақыты, сағ/ау:

(9.49)

– бригададағы адам саны, адам.

9.6. Берілген екі нұсқадан тиеу-түсіру жұмысын механикаландырудың ұтымды нұсқасын таңдау

Нұсқаларды көрнекі түрде бағалап, оңтайлы түрін таңдау үшін есептелген техникалық-экономикалық көрсеткіштерді 9.1-кестеге толтырады.

Өзге көрсеткіштері бірдей болатын жағдайда күрделі қаржыны – К аз қажет ететін және жылдық ағымдағы пайдалану шығындары – S аз болатын механикаландыру нұсқасы экономикалық тұрғыдан тиімді (оңтайлы) нұсқа деп есептеледі. Егер бір нұсқада инвестиция К1, екіншісінде – К2, ал жылдық ағымдағы шығындар тиісінше S1 және S2 болса, онда К2 > K1, ал S2 < S1 болуы мүмкін. Бұл жағдайда бірінші нұсқа тиімді болады.

9.6.1. Инвестицияның өтемділік мерзімін есептеу

Инвестицияның өтемділік мерзімі, яғни жылдық ағымдағы шығындарды үнемдеу есебінен инвестицияның өтелетін жыл саны – , жыл, – бұл , ал болатын кездің өзінде Екш1<Eкш2 шарты сақталғанда салыстырылатын екі нұсқада инвестиция айырмасының ( ), жылдық ағымдағы шығындар айырмасына ( ) қатынасы:

. (9.50)

Салыстырылатын нұсқалардың тиімділігін анықтау үшін, әдетте, есептелген өтемділік мерзімін нормативтік өтемділік мерзімімен салыстырады [ ]:

егер кейбір үрдістер мен операцияларды механикаландыру мен автоматтандыру құрал-жабдықтарды ішінара алмастыру арқылы жүргізілетін болса, онда [ ] = 2–3 жыл болады;

егер үрдістер мен операцияларды кешенді механикаландыру мен автоматтандыру технологиялық сызбаны қайта қарастырмастан жүр

гізілетін болса, онда [ ] = 4–5 жыл болады;

егер үрдістер мен операцияларды кешенді механикаландыру мен автоматтандыру технологиялық сызбаны толығымен қайта жабдықтап, қайта қарастыру арқылы жүргізілетін болса, онда [ ]= 6 жыл болады.

9.1-кесте

Рет

саны

Техникалық-экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

мөлшері

Нұсқалар бойынша көрсеткіштер айыр-масы (+ немесе -)

1 нұсқа

2 нұсқа

1

Бір жолғы шығындар (инвестициялар)-К:

барлығы,тг:

оның ішінде:

тиеу-түсіру машиналарына-Ктм

құрылыс ғимараттарына-Кққ

қосалқы жабдықтар-Кқж

2

Ағымдағы шығындар-S, тг/жыл

3

Келтірілген шығындар-Екш, тг/жыл

4

Жүк бірлігін өңдеудің өзіндік құны-

С, тг/т немесе тг/конт

5

Еңбек өнімділігі-Неө т/ад ау

6

Жүк операциясына қатысатын вагондар-дың бос тұрып қалуы-tтқ

<[ ] шарты сақталатын ретте инвестициялары көп нұсқа таңдалады. Егер >[ ] болса, онда инвестициялары аз нұсқаға басымдық беріледі.

Өтемділік мерзімі неғұрлым аз болса, жаңа жүк пунктін салудың экономикалық тиімділігі, сондай-ақ оның техникалық деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]