- •2 Жүк нысанының параметрлерін есептеу және мұнай және мұнай өнімдірін тасымалдау технологиясы
- •2.1 Құйылатын заттардың сипаттамасы
- •2.2 Цистерналардың сипаттамасы
- •2.3 Мұнай өнімдерін құю және құйып алу тұрғысынан қарағанда жылжымалы құрамның құрылысы мен конструкциясы
- •2.4 Мұнай өнімдерін құю, құйып алу пункттері және олардың техникалық жарақтануы
- •2.4.1 Сұйықтықтарды құю немесе құйып алу эстакадалары
- •2.5 Сұйықтықтарды құю және құйып алу технологиясы
- •2.6 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды құйып алуды жеделдету әдістері
- •2.6.1 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды тасымалдау құралдары
- •2.6.2 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды құйып алу технологиясы
- •2.7 Құйылатын сұйықтықтарды тиеу-түсіру жұмыстарының барынша өнімді әрі үнемді технологиясы мен механикаландырылуын таңдау мысалдары
2.6 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды құйып алуды жеделдету әдістері
2.6.1 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды тасымалдау құралдары
Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарға, яғни нашар құйылатын сұйықтықтарға мазут, жағармайлар, қатты мұнай-битумдар, мұнай коксі мен балауызы, мұнай пегі және басқа да физикалық-химиялық қасиеттері осыған ұқсас заттар жатады.
Қатты мұнай-битумдарды, мұнай коксі мен балауызын, мұнай пегін, яғни құрамында парафиннің мөлшері көп өнімдерді жабық, ашық және жайдақ вагондармен тасымалдайды.
Мазутты, жағармайларды және басқа да аса тұтқыр сұйықтықтарды құйып алуды жеңілдету үшін сыртқы жылыту жейдесі (құндағы) бар цистерналар жасалған. Жейде қазанның төменгі жағына орналасқан. Ол қазанның қабырғасы мен сыртқы табанынан түзілген, бұл екеуін бұрыш прокаттан тұратын қанқа байланыстырады. Жүк көтерімділігі 67 тс цистернаның қыздыру беті 40 м2, ал вагонның салмағы – 24,47 тс. Бұл цистернаның құйып алу тетігінде нығыздағыш резеңке сақинаның орнына мыс сақина қолданылған, бұл қазанға құйылатын сұйықтық температурасының жоғары болуына және оның тұтқырлығына байланысты. Мұндай цистерналардың артықшылығы – құйып алу уақытының айтарлықтай қысқаруы, күшті бумен қыздырудан туатын сұйықтықты су басу процесінің жоқтығы, бу шығынының азаюы. Аса тұтқыр сұйықтықтарды құйып алуда ғана пайдаланылатын жейденің әсерінен салмақтың бір тс-ға артуы – цистернаның кемшілігі.
2.7-сурет. Бункерлі жайдақ вагон: 1 – бу келетін қос қабырғалы (бу жейделі) бункер; 2 – қазанды бұру механизмдері бар тіреу; 3 – қазандар бекітілген арқалық немесе ось; 4 – бункердің қақпағы
Жылдың жылы мезгілінде мазуттың температурасы +25оС, суық кезеңде +5оС болуы тиіс. Битумды бу жейдесі (инж. А.А.Скорбященскийдің конструкциясы) бар бункерді ашық вагондармен, термос-цистерналармен және арнайы контейнерлермен тасымалдайды. Шанақты ашық вагон дегеніміз 3 немесе 4 шанағы (қазан – цистерна – бөшке) бар 4 осьті жайдақ вагон болып табылады.
2.7-суретте көрсетілген өлшемдер бір қазанының көлемі 13,370 дм3 болатын 35а үлгісіндегі қазанға қатысты. Бұрын бір қазанның көлемі 11,3 м3 болатын 4 қазанды шанақты ашық вагондар шығарылатын. Қазіргі шанақты ашық вагондар бір қазанының көлемі 18,3 м3 болатын 3 қазаннан тұрады. Мұндай вагонның бүйірінен қарағандағы көрінісі 8.8-суретте көрсетілген.
Бункерлі жайдақ вагондар негізінен битумды, яғни құрамында парафин көп мөлшерде кездесетін мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған.
Бункерлі жайдақ вагондарға сұйықтықты ернеуінің жоғарғы жиегіне 250 мм жеткізбей құяды. Құйылған сұйықтықтың температурасы құю кезінде 150оС-ден аспауы тиіс. Битум t = +80оС-де қатып (қоюланып), сұйық массаның ішіндегі сұйық «ядроны» есептемегенде монолитке айналады (2.08-сурет).
2.8-сурет. Бункерлерді жайдақ вагонның бүйірінен қарағандағы көрінісі: 1 – шанақтың айналу осі; 2 – шанақ; 3 – қос қабырға (бу жейдесі); 4 – қақпақ; 5 – сұйық «ядро»; 6 – тиелген шанақ массасының центрі; 7 – бос шанақ массасының центрі
