- •2 Жүк нысанының параметрлерін есептеу және мұнай және мұнай өнімдірін тасымалдау технологиясы
- •2.1 Құйылатын заттардың сипаттамасы
- •2.2 Цистерналардың сипаттамасы
- •2.3 Мұнай өнімдерін құю және құйып алу тұрғысынан қарағанда жылжымалы құрамның құрылысы мен конструкциясы
- •2.4 Мұнай өнімдерін құю, құйып алу пункттері және олардың техникалық жарақтануы
- •2.4.1 Сұйықтықтарды құю немесе құйып алу эстакадалары
- •2.5 Сұйықтықтарды құю және құйып алу технологиясы
- •2.6 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды құйып алуды жеделдету әдістері
- •2.6.1 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды тасымалдау құралдары
- •2.6.2 Аса тұтқыр және қатып қалатын сұйықтықтарды құйып алу технологиясы
- •2.7 Құйылатын сұйықтықтарды тиеу-түсіру жұмыстарының барынша өнімді әрі үнемді технологиясы мен механикаландырылуын таңдау мысалдары
2.4 Мұнай өнімдерін құю, құйып алу пункттері және олардың техникалық жарақтануы
Мұнай өнімдерін құю (құйып алу) пункттері жалпы жұрт пайдаланбайтын орындарда – мұнай өңдеу зауыттарының кірме жолдарында, мұнай базалары мен қоймаларында орналасады.
Мұндай пункттер мұнай базалары мен мұнай қоймаларына бөлінеді.
Мұнай базалары – бұл мұнай өнімдерінің тұрлі атауы мен сортының едәуір мөлшерін қабылдайтын, сақтайтын және босататын құрылыстар кешені. Мұнай базалары жабдықтау ұйымдарының қарамағында болады. Олар қайта тиейтін және тарататын базаларға бөлінеді.
Мұнай қоймалары – бұл кәсіпорындар мен көлік ұйымдарының құрамына кіретін қоймалар немесе сақтау орындары. Мысалы, локомотив депосында да қоймалар болады.
Мұнай базаларының аумағында мынадай аймақтар болады:
- мұнай өнімдерін құю және құйып алу аймағы, теміржол тарамдары (кірме, тиеу-түсіру, жалғастыру және т.с.с.), автокөлік кірмелері мен жолдары, құю-құйып алу колонкалары мен эстакадалары және насос қондырғылары көзделген;
- мұнай өнімдерін сақтау аймағы, мұнда мұнай өнімдеріне арналған резервуар паркі, қажет болған жағдайда резервуардағы өртті сөндіруге арналған көбік шығаратын көбік-аккумулятор және көбік-реактив стансалары орналасады;
- жедел босататын аймақ, мұнда мұнай өнімдерін шағын көлемде автоцистерналарға, контейнерлерге, бөшкелер мен бидондарға құйып береді;
- қосымша техникалық құрылыстар аймағы, оған электр стансасы немесе трансформатор шағын стансасы, қазандық, су насосы шеберханасы, механикалық шеберхана, материалдық қойма және т.с.с. кіреді;
- әкімшілік-шаруашылық құрылыстар аймағы;
- жаңбыр суын тазартатын құрылыстар және төгілген мұнай өнімдерін жинау аймағы.
Мұнай базалары сыйымдылық (ыдыс) ретінде мынадай болуы мүмкін:
- жер бетіндегі сыйымдылық, бұларда резервуардың түбі немесе қойма үйінің едені жанасып жатқан алаңмен бір деңгейде немесе оның көзделген белгісінен жоғары орналасады. Резервуардың немесе қойма үйінің айналасындағы 3 м аймақ алаң деп аталады;
- жер астындағы сыйымдылық, мұнда резервуардағы сұйықтықтың ең жоғары деңгейі жанасып жатқан алаңның көзделген белгісінен кемінде 0,2 м төмен болады;
- құрама сыйымдылықтар.
Мұнай және мұнай өнімдерін оларды сақтайтын цистерналармен тасымалдауда вертикаль темірбетон және металл резервуарларды қолданады. Ақшыл мұнай өнімдерін (бензин, лигроин және керосин) темірбетон резервуарларда, ал майларды – металл резервуарларда сақтайды.
Ең қарапайым қойма – бұл цистерна тәрізді жер бетіндегі бак (резервуар), ол қызып кетпеу үшін күн сәулесінен қорғайтын бояумен боялған (2.2 -сурет).
Сақтау кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында ақшыл мұнай өнімдерінің булануына мүмкіндігінше жол бермеу үшін қалқымалы қақпақты 2 жеңіл материалдан жасайды. Құятын немесе құйып алатын келте 5 түтікке (вентильге) құбыр 6 жалғанады. Бақылау терезесі 3 құю деңгейін бақылауға арналған.
Қадауша (колонка) сұйықтықты құюға және құйып алуға арналған
(2.3-сурет). Мұнай өнімдері таратқыш құбырлар – коллекторлар 1 жүйесі арқылы қоймаға келеді.
Колонкаға (2) сору құбыры (3) бекітіледі, бұл құбыр иілгіш шлангімен (5) қосылған. Мұнай осы шлангі арқылы цистернаның қазанына 6 келеді. Колонкада құйып алатын құрылғымен келте түтікпен (7) жабдықталған, ол түтік колонкаға (2) жалғасқан, ал оған иілгіш шлангілі (5) сору құбыры (3) бекітіледі. Мұнай осы шлангі арқылы цистернаның қазанына (6) келеді.
Жүк айналымының көлемі шамалы стансаларда цистерналарға сұйықтықтарды жеке колонкалардан немесе арнайы резервуарлардан құяды.
