- •5В120100, 05120200, 5в070100 мамандықтарына арналған
- •19. Адам тәрізді маймылды атаңыз?
- •20. Сүтқоректілердің омыртқалары қандай омыртқа түріне жатады?
- •9. Ланцетниктін су, көмірқышқыл газын және жыныс клеткалары шығаратын дене тесігін атаңыз?
- •12. Қос өкпелі балықтардың өкілін атаңыз?
- •14. Шеміршекті балықтар класының кластармақтарын атаңыз?
- •1. Жасыл эвгленаның қоректену әдісі қандай?
- •2. Қандай қарапайымдар өзінің даму барысында иесін айырбастап тұрады?
- •3. Қоян кокцидиясы қарапайымдылардын қандай класының өкілі?
- •25. Ұшатың құстардың аналық бездерінің қай жақ бөлімі нашар дамыған?
- •19. Кентанаулы маймылды атаңыз?
- •20. Сүтқоректілердің омыртқалары қандай омыртқа түріне жатады?
- •9. Ланцетниктін су, көмірқышқыл газын және жыныс клеткалары шығаратын дене тесігін атаңыз?
- •14. Шеміршекті балықтар класының кластармақтарын атаңыз?
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасы
«Құрастырған»
кафедра аға оқытушы, в.ғ.к.
Н.Ә.Ахметбеков
«Зоология» пәнінен емтихан тест тапсырмалары
5В120100, 05120200, 5в070100 мамандықтарына арналған
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасының отырысында қаралып, мақұлданды.
хаттама №……. "…….."……………………2014 ж.
Кафедра меңгерушісі:
в.ғ.к., аға оқытушы .......................................................................Н.А.Ахметбеков
(қолы,аты-жөні)
АСТАНА 2014
ҚР Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Морфология және физиология кафедрасы
«Зоология» пәнінен емтихан тест сұрақтары
1-нұсқа
1. Жасыл эвгленаның қоректену әдісі қандай?
А.Клеткалық В.Автотрофты С.Гетеретрофты Д.Миксотрофты Е.Диффузды
2. Қандай қарапайымдар өзінің даму барысында иесін айырбастап тұрады?
А.Безгек плазмодиясы В.Кокцидиялар С.Инфузория кебісшесі Д.Жасыл эвглена
Е.Вольвокс
3. Қоян кокцидиясы қарапайымдылардын қандай класының өкілі?
А.Талшықтылар В.Споровиктер С.Инфузориялар Д.Жалғанаяқтылар Е.Жәндіктер
4. Амебалардың зәршығару органоидын атаңыз?
А.Жиырылғыш вакуоль В.Жинағыш вакуоль С.Қылаулатқыш Д.Мальпигии түтігі Е.Нефридия
Саркодалардың қозғалу органоидтары?
А.Жалғанаяқтар В.Кірпікшелер С.Талшықтар Д.Параподиялар Е.Қылтаңдар
Гидраның көбею әдісі қандай?
А.Споралар арқылы В.Жыныссыз әдіспен С.Жыныстық әдіспен Д.Бүршіктену арқылы Е.Бүршіктену және жыныстық жолмен
7. Маржан полиптерінің систематикадағы орны?
А.Қарапайымдылартипі
В.Ішекқуыстылар типі
С.Былқылдақ денелілер типі
Д.Жалпақ құрттар типі
Е.Буылтық құрттар типі
8. Тұшы су гидрасының дернәсілі қалай аталады?
А.Онкосфера В.Финна. С.Планула Д.Корацидий Е.Мирацидий
9. Ішекқуыстылардың құрлысындағы ішкі қабатын атаңыз?
А.Эктодерма В.Мезодерма С.Энтодерма Д.Мезоглея Е.Кутикула
10.Бауырсорғыш құрттың даму кезеңіндегі дернәсілдін атауы?
А.Онкосфера В.Мирацидий С.Корацидий Д.Ценур Е.Церкоид
11. Сиыр цепеньнің даму кезеңіндегі негізгі иесін атаңыз?
А. Ірі қара мал
В. Иттер
С. Адам
Д. Құстар
Е. Үй жануарлары
12. Ланцетниктін бұлшық еттерін қалай атайды?
А. Миосепталар
В. Миомерлер
С. Біріңғай салалы
Д. Көлденен салалы
Е. Аралас
13. Дөңгелекауыздылардың тыныс алу мүшесі:
А. Желбезек қапшығы
В. Желбезек саңылауы
С. Желбезек тесігі
Д. Кеңірдек пен өкпелер
Е. Өкпе
14. Омыртқалылар типтармағының Анамнии тобына жататын жануар түрін атаңыз?
А. Дельфин
В. Скат
С. Морж
Д. Аңдатор
Е. Сирен
15. Шеміршекті балықтардың негізгі кластармақтарын атаңыз?
А. Тақтажелбезектілер, химерліктер
В. Химерліктер, шеміршек-сүйектілер
С. Шеміршек-сүйектілер, тақтажелбезектілер
Д. Қауырсынқанаттылар, қостыныстылар
Е. Қостыныстылар, саусақ қанаттылар
16. Құстардың ас қорту мүшелерінде қай мүшесі эволюция барысында жойылған?
А. Тістері
В. 12 елі ішек
С. Қарын үсті безі
Д. Қарын
Е. Тілі
17. Өлексемен қоректенетін насекомдарды қалай атайды?
А. Фитофагтар
В. Зоофагтар
С. Некрофагтар
Д. Гетрофактар
Е. Етжегіштер
18. Төс сүйектері дамымаған бауырыменжорғалаушыны атаңыз?
А. Жылан В. Кесіртке С. Тасбақа Д. Қолтырауын Е. Гаттерия
19. Сүйекті балықтардың гидростатикалық мүшесін атаңыз?
А. Бүйір сызығы В. Торсылдағы С. Желбезектері Д. Қабыршақтары Е. Құйрық қанаттары
20. Туникаттардын туникасының химиялық құрамы жағынан ұқсас?
А. Өсімдіктердін клетчаткасына ұқсас
В. Өсімдіктердін ұлпасына ұқсас
С. Өсімдіктермен жануарлардын клетка құрамына ұқсас
Д. Жануарлардын тері жабындысына ұқсас
Е. Бір клеткалы жануарлардың клеткасына ұқсас
21.Өзен шаянының жақ аяқтарының саны нешеу болады?
А. 1 В. 2 С. 3 Д. 4 Е. 5
22. Насекомдардың кеуде бөлімі қанша сегменттін қосылысынан пайда болған? А.3 В. 6 С.8 Д.12 Е.13
23. Туника деп ататалатын тері жабындысы хордалы жануарлардын қай түрлерінде болады?
А. Дельфинде В. Акулада С. Кесірткеде
Д. Ланцетникте
Е. Асцидияда
24. Бассүйекксіздердің зәр шығару жүйесін атаңыз?
А. Протонефридия В. Метанефридия
С. Жамбас бүйректері Д. Дене бүйректері
Е. Нефридиялы
25. Латын тілінде буынаяқтылардын атауы?
А.Arhtropoda
B.Arachnoidea
C.Insecta
Д.Crustacea
Е.Malocostracea
Тест құрастырған:
кафедра аға оқытушысы в.ғ.к. Н.Ә.Ахметбеков
ҚР Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасы
«Зоология» пәнінен емтихан тест сұрақтары
2-нұсқа
1. Финна дегеніміз не?
А.буылтық құрттардың личинкасы
В.жұмыр құрттардың личинкасы
С.сорғыштардың личинкасы
Д.цепеньдердің дамуының бір кезеңі
Е.жауын құрттың личинкасы
2. Қой ми құрты туғызатын ауру атауы:
А.описторхоз В.фасциолез С.кокцидиоз Д.эхинококкоз Е.ценуроз
3. Сиыр цепенінің даму кезіндегі негізгі иесін ата?
А.Адам В.Ит С.Мысық,сиыр Д.Қой,ешкі Е.Ірі қара мал
4. Буылтық құрттардың дене қуысын атаңыз?
А.Алғашқы В.Аралас С.Екінші қайтара пайда болған Д.Паренхималы дене Е.Кеуде
5. Гермофродитизм дегеніміз не?
А.Аталық және аналық жыныс мүшелерінің бір ағзада орналасуы
В. Жыныстық диморфизмнің дамуы
С. Аталық жыныс мүшесінің толық дамымауы
Д. Аналық жыныс мүшесінің толық дамымауы
Е. Жатыны жетілген қос жынысты жануар
6. Ас қорыту мүшесі дамымаған таспа құрттардың өкілін атаңыз?
А.Ақ планария В.Бауырсорғыш С.Мысық сорғышы Д.Сиыр цепені Е. Аскарида
7. Жануарларға тоғышар құрттардың жұмыртқаларының ішке түсу жолын атаңыз?
А. Пісіп жетілмеген жұмыртқа арқылы
В. Сырқы ортада пісіп жетілген инвазиялық жұмыртқа арқылы
С. Дегельминтизация жасағанда
Д. Жануарлар арқылы
Е. Насекомдар арқылы
8. Аскариданың дамымаған ішкі мүшелерін атаңыз?
А.Тыныс алу,қан айналу
В.Нерв, тыныс алу
С.Тыныс алу,қан айналу,нерв
Д.Зәр шығару, ас қорту
Е.Нерв және зәр шығару
9. Турбелляриялар (кірпікшелі құрттар) класының өкілін атаңыз?
А.Фасциола В.Мысық қос езу сорғышы С.Қой ми құрты Д.Ақ планария Е.Қанды қос езу сорғыш
10. Алтықармақшасы бар таспа құрттардың жұмыртқа ішінде дамыйтын ұрығын қалай атайды?
А.Онкосфера В.Адолескария С.Церкария Д.Ооциста Е.Мирацидий
11. Төменгі сатыда дамыған шаянтәрізділердін түрлерін атаңыз?
А. Дафния, циклоп В. Өзен шаяны, теңіз шаяны С. Диаптомус, крап Д. Крап, құршаян Е. Құршаян, циклоп
12. Буынаяқтылардың күрделі көздеріндегі кішкене көзшелерді қалай атайды?
А. Омматидалар В. Рабдом С. Статоцисталар Д. Фасеткалылар Е. Жай көзшелер
13. Көпақятылардың тыныс алу мүшесін атаңыз?
А. Кеңірдектер В. Желбезектер
С. Қапшықтәрізді өкпелер Д. Демтүтіктер
Е. Бүкіл денесімен тыныс алады
14. Өрмекшітәрізділерді зерттейтін зоологияның саласын атаңыз?
А. Арахнологи В. Ихтиология С. Герпетология Д. Энтомология Е. Паразитология
15. Мал қиымен қоректенетін жәндіктерді қандай жәндіктерге жатқызады?
А. Капрофагтарға В. Фитофагтарға С. Зоофагтарға Д. Герпетофагтарға Е. Неофагтарға
16. Айқұлақтын бақалшағының сыртқы қабатының атауын ата?
А. Перламутралық В. Конхиолинді С. Призмалық Д. Қабыршақты Е. Хитинді
17. Басаяқты ұлудың жақсы жетілген cезім мүшесін атаңыз?
А. Естіу В. Көру С. Иіс Д. Қармалағыштар
Е. Жалғанаяқтар
18. Айқұлақтын бақалшақтарын жабатын бұлшық еттерін атаңыз?
А. Жйырылғыш В. Қиғаш және протрактор С.Ретрактор және протрактор Д.Көлденен салалы және сақиналы Е. Біріңғай салалы және проторактор
19. Асцидияның дене жабындысын атаңыз?
А. Эпителии В. Кутикула С. Хитин Д. Эпидермис Е Туника
20. Шеміршекті балықтардың алдыңғы миының иіс бөлімшесі қандай тітірккендіргіштерді қабылдайды?
А. Химиялық В. Дәмді С. Иісті Д. Судың тербелісін Е. Судын ағының
21. Рептилилиялардың бел-омыртқаларының саны: А. 7 В. 22 С. 1 Д. 12 Е. 14
22. Құстардың жүрек қарыншасында артерия және вена қаны араласама?
А. Араласады В. Араласпайды С. Жартылай араласады Д. Тек қана вена қаны ағып өтеді Е. Дұрысжауап жоқ
23. Құстардың жұмыртқасының қабығы жұмыртқаларын қай жерге салғанда қалың болады?
А.Шөп арасына салғанда В. Төбеге С. Ағаш басына Д. Ұяға Е. Жерге, тастың арасына салса
24. Сүтқоректілердің ұрық іші суға толы қапшықты қалай атайды?
А. Амнион В. Алантоис С. Қағанақ
Д. Амниот Е. Анмании
25. Жұмыртқа салып көбейетін сүтқоректілердін латын тіліндегі атауы:
А
.
Prototheria
В. Marsuplaalla
С. Placentalia
Д. Insectivora
Е. Chiroptera
Тест құрастырған:
кафедра аға оқытушысы в.ғ.к. Н.Ә.Ахметбеков
ҚР Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасы
«Зоология» пәнінен емтихан тест сұрақтары
3-нұсқа
1. Кірпікшелі-кебісше қортылмаған азықты денесінен қалай шығарады?
А.Пелликула арқылы В.Кутикула арқылы С.Қылаулатқыш арқылы Д. Аналь тесігі арқылы
Е. Жиырылғыш вакуоль арқылы
2. Тұщы су гидрасының тіршілік ортасы?
А.Мұхиттар, теңіздер В.Ұсақ тоғандар С.Топырақ Д.Ауада Е.Өзендер, баяу ағатын тоғандарда
3. Көп клеткалы жануарларда ағзаның екі қабатты даму кезеңі қалай аталады?
А. Бластула В. Бластея С. Морула Д. Зигота Е. Гаструла
4. Өзен шаянның денесінің бөлімдері?
А. Баскөкірек және құрсақ В. Бас, кеуде және құрсақ С. Бас және құрсақ Д. Денелері бір тұтас болады Е. Бас, кеуде және құйрықтан
5. Өсімдіктерде тіршілік ететін тоғышар жұмыр құрттарды атаңыз?
А.Тікенбастылар В. Аскаридалар С. Трихинелалар Д. Инетікенділер Е. Бауыр кірпікшелер
6. Ішекқуыстылар типінің жүйесіне жататын кластарың атаңыз?
А. Гидроидтықтар, сцифоидтықтар, маржан полиптері, ескек аяқтылар
В. Сцефоидтықтар, маржан полиптері, жалғанаяқтылар
С. Губкалар, ескек аяқтылар, сцифоидтықтар
Д. Маржан полиптері, кірпікшелілер, ескек аяқтылар
Е. Ескек аяқтылар, сорғыштар, таспалылар
7. Жауын құрттының сыртқы жабындысы қалай аталады?
А. Бір қабаты кутикула В. Хитин С. Бір қабаты эпителий Д. Гиподерма Е. Тері ет қабшығы
8. Сырттан ауру тудырушы және тоғышар формалардың енуінен сақтандыратын ветеринариялық іс шаралар жүйесін қалай атайды?
А. Дегельментизация В. Карантин С. Асептика Д. Антисептика Е. дератизация
9. Буылтық құрттардың дене қуысын атауы?
А. Алғашқы дене қуысы В. Екінші қайтара пайда болған дене қуысы С. Аралас дене қуысы Д. Паренхималық Е. Дұрыс жауабы жоқ
10. Сколекс дегеніміз не?
А. Таспа құрттын бас бөлімі В.Таспа құрттың буңақтары С. Таспа құрттың ұзын денесі Д.Таспа құрттың нерв жүйесі Е.Гиподерма,тері ет қапшығы
11. Анамнии жануарлар тобына жататын хордалы жануарлар кластарын атаңыз?
А. Құстар, сүтқоректілер, қосмекенділер
В. Бауырыменжорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар
С. Балықтар, қосмекенділер, дөңгелекауыздылар
Д. Балықтар, бауырыменжорғалаушылар, сүтқоректілер
Е. Сүтқоректілер, құстар, дөңгелекауыздылар
12. Бассүйексіз желілер типтармағына жататын желілер түрін атаңыз?
А. Ланцетник
В. Бақа
С. Асцидия
Д. Минога
Е. Миксина
13. Личинкалыхордалылардың дене жабындысын атаңыз?
А.Пелликула
В. Эпителии
С. Кутикула
Д. Туника
Е. Бір қабаты эпителии
14. Жануарлар әлеміндегі асцидиялардың систематикадағы орны:
А. Шеміршекті балықтардың түрі
В. Жақсүйексіздердің түрі
С. Бассүйексіздердің түрі
Д. Личинкалыхордалылардың түрі
Е. Сүйекті балықтардың түрі
15. Мамыр қоңызының дернәсілінің қоректенуі насекомдардың қандай қоректену түріне жатады?
А. Капрофагтар
В. Некрофагтар
С. Зоофагтар
Д. Фитофагтар
Е. Макрофагтар
16. Акуланың дене пішіндері қандай болады?
А. Қылыш тәрізді В. Жалпақ С. Биік, екі бүйірі қысыңқы Д. Созылыңқы, торпеда тәрізді Е. Денелері созылыңқы
17. Құстардың денесіндегі қауырсындары бар жерін қалай атайды?
А. Птерилия
В. Аптерия
С. Эпидермис
Д. Полигамия
Е. Моногамия
18. Жалпақ кірпікшелі құрттарды латын тілінде атаңыз?
А.Turbellaria
B.Arachnoidea
C.Insecta
Д.Crustacea
Е.Malocostracea
19. Балықтардың омыртқа жоталары қандай бөлімдерге бөлінеді?
А. Мойын, кеуде, құйрық В. Кеуде, құйрық С. Мойын, құйрық Д. Сегізкөз, құйрық
Е. Дене, құйрық
20. Сүйекті балықтар қай мүшесімен дыбыс шығарады?
А. Желбезектерімен В. Торсылдағымен С. Кеуде қанаттарымен Д. Арқа қанаттарымен Е Қабыршақтарымен
21. Миноганың тыныс алу мүшесі:
А. Желбезек қапшығы В. Желбезектер
С. Өкпе қапшығы
Д. Желбезек саңылаулары
Е. Өкпелер
22. Шеміршекті балықтардың қабыршағының атауы?
А. Сүйекті В. Плакоидты С. Хитинді
Д. Қабыршақты Е. Гетероцеркальді
23. Бақаның мюллеров каналының қызметі қандай?
А. Жұмыртқа жолы В. Зәр жолы С. Ұрық жолы Д. Қортылмаған азық шығатын жол Е.Дұрыс эжауап жоқ
24. Торсылдағы бар балықтардың торсылдағында қандай газдар болады?
А. Азот, оттегі, көмірқышқыл В. Азот, оттегі, неон С. Азот, көмірқышқыл, хлор Д. Хлор, зарин, зоман Е. Зарин, зоман, оттегі
25. Балықтардың негізгі экологиялық топтарын ата?
А. Теңіз, тұшы су, өткіншік, жартылай өткінші балықтар
В. Өткіншік, теңіз, өзен, өтпейтін балықтары С. Өзен, көл, теіңіз, тоған балықтары
Д. Көл, тоған, өзен, мұхит балықтары
Е. Тоған, мұхит, теңіз балықтары
Тест құрастырған:
кафедра аға оқытушысы в.ғ.к. Н.Ә.Ахметбеков
ҚР Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасы
«Зоология» пәнінен емтихан тест сұрақтары
4-нұсқа
1. Жалпақ құрттардың қандай мүшелері дамымаған?
А.Қан айналым,зәр шығару
В.Қан айналым,тыныс алу
С.Ас қорыту,жыныс жолдары
Д.Ас қорыту,тыныс алу
Е.Қан айналым,жыныс жолдары
2. Трихинелланың даму кезіңдегі аралық иесін атаңыз?
А. Дамуы аралық иесіз өтеді В.Ит, қасқыр,түлкіт С.Жылқы, түйе,қоян Д.Қой, шошқа, сиыр Е.Адам, ит, қасқыр
3. Жұмыр құрттар (филогенетикалық) шығу тегі жағынан қай құрттар типінің класына жақын?
А.Кірпікшелі жалпақ құрттар В.Буылтық құрттар С.Сүліктер Д.Аз қылтандылар
Е. Таспа құрттар
4. Жалпақ құрттың дене жабындысын ата?
А. Хитинді – кутикула В. Бір қабаты эпителий С. Куткула – тері ет қапшығы Д. Гиподерма- кутикула Е. Тері - хитин
5. Жануарлар әлемінде жүйеге бөлу жұмыстарында бинарноменклатурасын жасаған ғалымды атаңыз?
А. Сеченов
В.Ламарк
С.Линей
Д.Дарвин
Е.Скрябин
6. Медузаның тіршілік ортасы:
А. Мұхиттар және теңіздер
В. Теңіздер және құрлықтар
С. Құрлықтар және тұщы сулар
Д. Тұщы сулар және мұхиттар
Е. Жануарлар ішінде
7. Құршаянның тіршілік ету түрі:
А. Жеке өмір сүреді В. Жыртқыштар С. Түнгі жыртқыштар Д. Топтасып тіршілік етеді Е. Дұрыс жауап жоқ
8. Көпаяқты жәндіктін алдыңғы аяқтарының қызметі?
А. Жақаяқтың В. Жүру және қазу
С. Жүзгіш аяқтың Д. Жүргіш аяқтың
Е. Қазғыш аяқтың
9. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын атаңыз?
А.Мамалогия В. Малокология С. Энтомолгия Д. Паразитология Е. Орнитология
10. Балықтардың қай құлағы дамыған?
А. Ортаңғы, ішкі В. Ортаңғы және сыртқы С.Сыртқы және ішкі, ортаңғы Д. Тек қана ішкі Е. Есту мүшелері дамымаған
11. Барлық ұлуларға тән белгі:
А. Мантиясының болуы В. Бақалшақтарының болуы С. Барлықтары суларда тіршілік етеді Д. Нерв жүйелері дамыған Е. Аяқтарының болуы
12. Латын тілінде буылтық құрттарды атаңыз?
А.Turbellaria
B.Arachnoidea
C.Insecta
Д.Crustacea
Е.Annelides
13. Қосмекенділердің жүректері неше камераға бөлінген?
А. 2 В. 4 С. 3 Д. 1 Е. 2 немес 3
14. Тасбақаның жоғарғы жақ сауытын қалай атайды?
А. Пластрон В. Карапакс С. Хитин Д. Тасбұрыш Е. Сүйекті сауыт
15. Қызғылт қоқи қаз көбею үшін ұшып келтетін ҚР-ның қорығын атаңыз?
А. Алматы В. Наурызым С. Барсакелмес
Д. Қорғалжын Е. Көкшетау
16. Сұңқарлар тұқымдысының түрін ата?
А. Лашын В. Қырғи С. Қара бүркңт Д. Кәдімгі жамансары Е. Қара құмай
17. Қарапайымдарды зерттейтін ғылымды атаңыз?
А.арахнология В.ихтиология С.орнитология Д.герпетология Е.протозоология
18. Жасыл эвгленаның қозғағыш мүшесі?
А.Параподия.В.Псевдоподия С.Талшық Д.Кірпікше Е. Жалған аяқ
19. Рептилилердің эволюция барысында сол жақ өкпесі атрофияға ұшыраған түрін атаңыз?
А.Қолтырауын В.Сұр кесіртке С.Жылан Д.Құбылмалы Е.Гаттерия
20.Эхинококктін неше сорғышы бар?
А.1 В.2 С.3 Д.4 Е.5
21. Ланцетті сорғыш құрттардың даму кзеніндегі аралық иесін атаңыз?
А.Қой В.Құрлық ұлуы С.Құстар Д. Құмырсқа Е.Балықтар
22. Адолескарий дегеніміз не?
А.Цестодалардың дамуы
В.Бауыр сорғыштардың личинкасының даму кезеңіндегі соңғы кезеңі
С.жұмыр құрттардың даму кезеңі
Д.гидраның личинкасы
Е.жұмыр құрттардың личинкасы
23. Сүтқоректілердің экологиялық топтарың атаңыз?
А.Жер бетінде мекендейтіндер, жер астында мекендейтіндер, су аңдары, ұшатындар
В.Ұшатындар, жер астында мекендейтіндер, жүзетіндер С.Жүзетіндер, жер бетінде мекендейтіндер, ұшатыгдар Д. Ұшатындар, жер астында мекендейтіндер Е.Су аңдары, ұшатындар
24. Балықтардың миынан неше жұп нерв денеге тарайды?
А.11
В.12
С.10
Д.9
Е.15
25. Құстардың денесіндегі бездерді атаңыз?
А.Құйымшақ
В.Тері
С.Май
Д. Барлық бездер дамыған
Е. Бірде бір без болмайды
Тест құрастырған:
кафедра аға оқытушысы в.ғ.к. Н.Ә.Ахметбеков
ҚР Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Морфология және физиология кафедрасы
«Зоология» пәнінен емтихан тест сұрақтары
5-нұсқа
1. Жылқы аскаридасының даму кезенінңдегі аралық иесін атаңыз?
А. Адам В.Ірі қара мал С. Қой Д. Ит Е. Даму сатысы аралық иесіз өтеді
2. Спорогония деген не (қарапайымдыларда)?
А.Споралылардын жыныссыз көбеюі
В. Споралылардың жынысты көбеюі
С. Қарапайымдылардың денесінің екіге бөлінуі
Д. Қарапайымдылардың бүршіктенуі
Е. Гаметалардын пайда болуы
3. Цепеньдердің бас бөлімінің атауы?
А. Проглотида В. Сегмент С. Буылтық
Д. Стробила Е. Сколекс
4. Қылаулатқыш дегеніміз не?
А. Инфузориялы-кебісшенің қортылмаған азықты шығаратың орны В. Инфузориялы-кебісшенің зәр шығаратың саңылауы С. Инфузориялы-кебісшенің аналь тесігі Д. Инфузориялы-кебісшенің нерв жүйесі Е. Инфузориялы-кебісшенің қозғалысы.
5. Жауын құрттың ұрықтануы қалай өтеді?
А. Сыртқы
В. Өзін-өзі ұрықтандыру арқылы
С. Аталық жыныс сұйықтығын бір құрт екіншісіне айырбастау арқылы
Д.Бүршіктену арқылы
Е. Тірі туатындар
6. Рептилияларды зертейтің зоология саласын атаңыз?
А. Гельминтология В.Паразитология С.Протозоология Д.Ихтиология Е.Герпетология
7. Лигуланың даму кезеңіндегі аралық иесін атаңыз?
А.Су және қақ құстары В. Ұсақ шаяндар С.Балықтар Д. Адам Е. Үй жануарлары
8. Гирудиннің маңызы?
А. Қан клеткаларын түзеді
В. Қанды тез ұйытады С. Қанды тез тасымалдайды Д. Қанды ірітеді
Е. Қанның ұюына қарсы тұрады
9. Метацеркария деген сөзді қалай түсіндіресіз?
А. Ланцетті сорғыш құрттың дернәсілінің дамуының соңғы сатысы
В. Таспа құртардың дернәсілі С. Жылқы аскаридасының дернәсілі Д. Құрттың атауы Е. Буылтық құрттардың дернәсілі
10. Буылтық құрттар қандай класстарға бөлінеді?
А. Сорғыштар, таспа құрттар, сүліктер
В. Сүліктер, азқылтанды құрттар, сорғыш
С. Көпқылтандылар, азқылтандылар,сүліктер
Д. Азқылтандылар және сүліктер
Е. Нематодалар және сүліктер
11.Амфицильді омыртқа дегенді қалай түсінесіз?
А. Қанаттары екіге иілген
В. Артқы жағы дөнес, алдыңғы жағы иілген
С. Алдыңғы жағы иілген, артқы жағы дөнес
Д. Ертоқым тәрізді
12. Омыртқалылар зоологиясын оқытатын зоология саласын ата?
А. Териология В. Малокология С. Ихтиология Д. Орнитология Е. Карцинология
13. Мезонефрос дегенімізді қалай түсінесіз?
А. Дене бүйректері В. Жамбас бүйректері С. Ішектер Д. Тыныс алу мүшесі Е. Нерв
14. Туника дегеніміз не?
А. Личинкахордалылардың жабындысы В. Ұлпа клеткалары С. Аталық және аналық ануарлар қатынастары Д. Ішектін ішкі жабындысы Е. Қарапайымдылардың жабындысы
15. Полиандрия дегенді қалай түсінесіз?
А. Көпаталық жануарлардын бір аналықта болуы
В. Көпаналықтардын бір аталықта болуы
С. Бір үйірде бірнеше аталықтың болуы
Д. Қосжынысты жануар
Е. Бір аталықта бір аналықтын болуы
16. Аптерия дегеніміз не?
А. Жыртқыш құстардың тіршілік түрі
В. Құстардын денесіндегі қауырсындардын болатын жері
С. Қолға үйретілген құстар
Д. Құстардын денесіндегі қауырсындардын болмайтын жері Е. Құстарды қолда үйрету
17. Омыртқалы жануарлардын негізгі ас қорту бездерін ата?
А. Бауыр және қарын үсті безі
В. Эндокринді без
С. Қалқанша безі
Д. Лимфа бездері
Е. Қарын үсті безі
18. Қосмекенділердін шығу тегі:
А. Саусаққанаттылар
В. Шеміршекті-сүйекті балықтар
С. Сүйекті балықтар
Д. Қауырсынқанаттылар
Е. Шеміршекті балықтар
19. Ең алғашқы кесірткетәрізділер кластармағының түрін атаңыз?
А. Стегоцефальдар В. Гаттерия С. Сирен
Д. Саламандар Е. Құртша
20. Құр бақаның тыныс алуы қалай жүзеге асырылады?
А. Терісі және өкпелері арқылы
В. Өкпелерімен және кеңірдектері арқылы
С. Демтүтіктермен
Д. Өкпелерімен
Е. Бүкіл денесімен
21. Ішекқуыстыларды латын тілінде атаңыз?
А.Coelenterata
B.Arachnoidea
C.Insecta
Д.Crustacea
Е.Annelides
22. Кресті өрмекшінің неше жүретін аяқтары бар?
А. 7 В. 4 С. 6 Д. 3 Е. 5
23. Хорданың қалдықтары қай хордалы жануарларда омыртқа жоталар арасында сақталып қалады?
A. Балықтарда
B. Сүтқоректілерде
C. Құстарда
D. Қосмекенділерде
Е. Рептилияларда
24. Амниотты хордалылар тобына жататын жануарларды атаңыз?
А. Сүтқоректілер, құстар В. Балықтар, дөңгелек ауыздылар С. Қосмекенділер, бауырыменжорғалаушылар Д. Құстар, балықтар Е. Баурыменжорғалаушылар, бас сүйексіздер
25. Хордалылар типінің неше мың түрі ғылымға белгілі?
A) 40
B) 35
C) 25
D) 30
Тест құрастырған:
кафедра аға оқытушысы в.ғ.к. Н.Ә.Ахметбеков
ҚР Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы факультеті
Морфология, микробиология және биотехнология кафедрасы
«Зоология» пәнінен емтихан тест сұрақтары
6-нұсқа
1.Алғашқы қан айналу жүйесі қай жануарларда дамыған?
А.Жұмыр құрттар В.Жалпақ құрттар С.Буылтық құрттар Д.Буынаяқтылар
Е.Басаяқты ұлулар
2.Лейшмания қарапайымдар типінің қай класына жатады?
А.Талшықтылар В.Споралылар С.Спаразоидтар Д.Жалған аяқтылар Е.Кірпікшелілер
3. Амебаның қоректенуі?
А.автотрофты В.гетеротрофты С.миксотрофты Д.клетка ішінде
Е.бүкіл денесімен
4. Құстардың есту сүйегінің саны нешеу? А. 3 В. 2 С. 1 Д. 4 Е. Дұрысжауап жоқ
5. Былқылдақ денелілердің жыртқыштық түрде өмір сүретін түрін атаңыз?
А. Кальмар В. Шырышты ұлу С. Айқұлақ Д. Бауыраяқты ұлу Е. Кеме құрты
6. Көпаяқтылар класының түрін атаңыз? А. Сколопендра В. Қара тарақан С. Дафния Д. Шегіртке
Е. Сегіз аяқ
7. Ескек аяқтылар отрядының түрін атаңыз? А. Циклоп В. Өзен шаяны С. Бүрге Д. Кит биті Е. Биттер
8. Жәндіктерді зерттейтін зоология саласын атаңыз? А. Арахнология В. Энтомология С. Карцинология
Д. Арахноэнтомология Е. Паразитология
9. Ланцетті қос езу сорғышының қосымша иесін атаңыз?
А.балық В.құмырсқа С.су ұлуы Д.кенелер Е.циклоп
10. Көпқылтанды құрттардың дене сегментациясы қандай?
А.Гетерономды В.Гомономды С.Денелері бірнеше бөлікке бөлінген
Д.Денелері бірнеше бөлікке бөлінбеген Е.Дұрыс жауабы жоқ
11. Дигенетикалық сорғыштарды латын тілінде атаңыз?
А.Coelenterata
B.Arachnoidea
C.Insecta
Д.Crustacea
Е.Trematoda
12. Эхинококктын даму кезеніндегі негізгі иесін атаңыз?
А.Адам В.Ірі қара мал С.Қой Д.ит Е.Ұлулар
13.Инфузорияның пелликуласының астындағы атпа жіпшелері?
А.қалақай клеткалары В.рабдиттер С.трихоцисталар Д.статоцисталар
Е.дұрыс жауабы жоқ
14. Бауыр сорғышының даму кезеңдегі сатыларын ата?
А.мирацидий-спороциста,церкарий
В.мирацидий-циста-редий-церкадий-адолескарий
С.жұмыртқа-мирацидий-спороциста-редия-церкария-адолескария
Д.жұмыртқа-мирацидий-редий-спорациста
Е.жұмыртқа-мирацидий-редий-церкадий-адолескарий
15. Қарапйымдыларды зертейтің ғылым:
А. Протозоология В. Гельминтология С. Териололгия Д. Ихтиология Е. Орнитология
16. Құстардың денесінің сыртын қандай қауырсын жауып тұрады?
А. Қалыпты В. Қалам қауырсын С. Желпеуіш Д. Мамық Е. Қақпа
17. Көл бақаның дернәсілін қалай атайды?
А. Итшабақ В. Шабақ С. Глохидия Д. Торохофора Е. Планула
18. Құлақты тюленьдер тұқымдасының түрін ата?
А. Тюлень В. Морждар С. Кит Д. Дельфин
Е. Теңіз мысығы
