Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_biomekhanika-1_1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.91 Кб
Скачать

Биомеханикалық тест және оқытушының бағалауы.

Ағылшын тілінен аударғанда test – «байқау», сынау деген мағына береді. Биомеханикада тест дегеніміз адамның техникалық тактикалық дәстүрлерінің деңгейін қосымша сынақтан өткізіп байқау, деген сөз.

Былайша айтқанда тест бұл қосымша өлшем. Екі жағдайда тесті, өлшеммен ауыстыра аламыз:

  1. Бақылауға алынған денеден, тікелей өлшем алуға қол жеткізе алмаған жағдайда.

  2. Бақылауға алынған жағдай, толық ашық болмаған кезде.

Мысалы: Күрес үстіндегі балуанның бұлшық еттерінің жұмысын дәр күрес үстінде өлшей алмайтынымыз. Сондықтанда тәжірибе немесе жаттығу кезіндегі өлшем бірліктерін пайдаланамыз.

Тестті қорытындылап оқытушы пайдалана алу үшін оны өзінің тәжірибелік жағдайна яғни оқытушы өзінің бағасына сүйеніп дұрыс баға қояды. Бұл үшін оқытушының бағасын көрсететін әртүрлі арнайы кестелер жасалған.

Тесттің сапасы

Тесттің дәлдігі, өлшем бірліктің дәлдігінен басқаша бағаланады. олшем дәлдігін тексерген кезде оның өте дәл әдісімен алынған баспа өлшемінің қортындысымен салыстырады. Көп жағдайда тесті тексергенде өте дәл алынған басқа тестің қортындысымен тексеру мүмкіндігі болмайды. Сондықтанда тесттің қортындысын тексермейді оның сапасын тексереді. Бұл тексеруді тест басталмай тұрып бастау керек тестің сапасы оның жариялылығымен сенімділігіне тәуелді.

Жариялылық бізге бақылауға түскен денені бағалаған кезде тесттің қаншамалықты керек екендігі түсіңдірледі. Мысалы: Қозғалыстың бір ерекшелігін және оның техникалық дайындығын тексергенде. Жариялылықты кейде келелілік деп те атайды (ағылшын тілінде Valiol- әрекеттесу күші бар дегенді білдіреді.

Мүгедек - әрекетсіз, әрекет жасай алмайтын дене. Жариялылықты былай бөлуге болады мағыналы (ойлы) және империкалық (өлшем, тексеру арқылы анықтайды). Мағыналы жариялылықты жүйелі ой арқылы, әркімнің мүмкіндігіне қарап баға беру арқылы анықтаймыз. Мысалы: биіктікке секіру-жариялы көрсеткіш өйткені гимнастық техникалық шеберлігін бақылау арқылы біле аламыз, ал көздің түсі-жариялы емес. Көп жағдайда жариялылық коэфициентін анықтауға негізделген, эмперикалық жариялылықтың істерін анықтау қажет болады.

Жариялылық коэффициенті - бұл тест қортындысымен жариялылық өлшем критериінің арасындығы кореляция коэффициенті; жариялық критериі дегеніміз:

1. Спорт жарыстарында көрсеткен көрсеткіштердің қортындысы.

2. Спорттағы машықтану деңгейі.

3. Теске түскен сапаның қортынды бағасы.

Биомеханикалық бақылау кезінде тек жоғарғы жариялылығы бар тестерді пайдаланған жөн. Көркем гимнастикада биомеханикалық бақылаудан мысал келтірейін. Ойыншылар шпагатқа секіру жаттығуын жасаған кезде секіру сапасы бақылау бойынша бағаланып, биомеханикалық мінездемесін өлшейді: тебілу күші, тірек және ұшу фазасының ұзақтығы. Ойыншының итерілу күші неғұрлым жоғары болса, секіру сапасыда соғұрлым жоғары болады.

Жариялау коэффициентінің көрсеткіші 0,70 тең. Теорияда мұндай жариялылық тесті қанағаттанарлыққа бағаланады. Егер жариялылық коэффициенті 0,85-ке тең немесе жоғарғы болса, өте жақсы деп есептейді.

Тесттің сенімділігі-бұл белгілі бір топ адамдардың, белгілі қалыптағы жағдайы берілсе оны бірнеше рет қайталап тесттен өткізгенде көрсеткіштерінің бірдей шығуы.

- өте жақсы коэффициент көрсеткіші 0,95 немесе одан жоғарғы.

- жақсы 0,90 < гп < 0,95

- Қанағаттанарлық 0,80 < гп < 0,95

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]