Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_biomekhanika-1_1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.91 Кб
Скачать

Адам қозғалысының биомеханикалық сипаттамасы.

Дәрістің жоспары:

  1. Адам қоғалысының биомеханикалық сипаттамасы.

  2. Адам денесінің бөліну моделі.

  3. Адамның дене салмағы геометриясы.

  4. Бұлшық ет механикасы.

Адамның қимыл аппараты бұл, өзін-өзі басқаратын механизм 600-дей бұлшық еттен, 200-дей сүйектен, жүзден астам сіңірлерден тұрады. Бұл сандар шамамен алынған, себебі кейбір сүйектер бір-бірімен байланысып, ол кейбір бұлшық еттердің бірнеше бастары бар немесе көптеген тармаққа бөлінеді.Адамның қозғалысты басқаруы, адам миының күрделілігімен салыстырмалы, табиғаттың берген сыйы. Миды зерттеу оның элементтерінен басталады, сол сияқты биомеханикада алдымен қозғалыс аппаратын, қозғаушы элементтерден бастап зерттейді. Қозғалыс аппараты дене бөліктерінен тұрады. Бөлім көршілес орналасқан екі буынның арасындағы дене бөлігінен мысалыға: саусақ, қар, білек т,б. тұрады. Адам денесінің бөліну моделі. Бас 6,9%Тұлғаның жоғарғы бөлігі 15,9% Қар- 2,7%. Тұлғаның ортаңғы бөлігі – 16,3%. Білек- 1,6%. Тұлғаның төменгі бөлігі – 11,2% Қол басы -0,6% Сан – 14,2 % Балтыр- 4,3% Аяқ басы – 1,4%

Оң жақта – дене мүшелеріне және салмаққа бөлу.Сол жақта дене бөліктеріндегі салмақ орналықтарының орналасу орны.

Адамның дене салмағының геометриясы.

Салмақ геометриясы дегеніміз, дененің жалпы салмағын дене бөлітеріне және ішкі құрылыстарына бөлу. Бұл жағдайда, туристер жолға шыққанда орта және үлкен жастағы адамдармен жаттығу жасарда ескеріп отыру керек. Жасы ұлғайған сайық, буын қапшығындағы сұйықтықтың бөлінуі төмендейді. Осыған байланысты сүйектердегі үйкеліс күшінің арту қауіпі бар.

Бұлшық ет механикасы. Бұлшық еттер қимыл қызметтерін атқарып, адам денесіндегі механикалық энергияның негізгі көзі болып саналады.Дененің сыртқы орталықта қимылдауы, оған бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы да осы бұлшық еттердің жұмысының нәтижесінде организмде бірнеше күрделі өзгерістер пайда болады. Бұлшық ет жұмысы (жиырылуы, босаңсуы,қатаюы, т.б) жүйке жүйесімен реттеліп отырады. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде, дене не оның бір мүшесі бір орыннан – екінші орынға қозғалса, оны динамикалық, ал егер қозғалмаса (қайтіп орнында қалса) статистикалық жұмыс деп аталады. Бұлшық еттің жұмысы жиырылу қасиетіне байланысты болып келеді. Олар жиырылған кезде ет талшықтары қысқару мен қатар жуандайды.

Гук заңы бойынша, бұлшық ет созылуы, созушы күштің көлеміне байланысты емес. Бұлшық еттің қаттылығы және беріктігі. Бұлшық еттің қаттылығы – бұл бұлшық етке түскен күшке қарама-қарсы тұру мүмкіндігі, енді қаттылық коэффицентіне тоқталамамыз:

Бұлшық ет беріктігі, созушы күштің үзу, мүмкіндігінің көлемі арқылы анықталынады. Бұлшық еттер атқаратын қызметіне қарай (бір уақытта қызмет атқаратын еттер) синергистер, (бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқаратын еттер ) онтогонистер, (бір қалыпта қатайтып ұстайтын еттер) фиксаторлар, деп үшке бөлінеді.

Адам денесінің биомеханикасын зерттеу, дененің салмақ орталығын, тірек ауданын, дененің тұрақтылығын және түлі қозғалыстарда дененің тепе теңдігін сақтау заңдылықтарын анықтаудан басталады. Салмақ (m-) - бұл денедегі немесе бөліктеріндегі заттырдың жиынтығы (кг). Салмақ артқан сайын, дене мығым болады. Ондай дененің тыныштығын бұзу, немесе оның қозғалысын өзгерту қиындау болады.

Дененің гравитациялық қасиетін салмақпен анықтайды, дене салмағы (Ньютонда) еркін құлаған дененің шапшаңдығы. Денені қозғалысқа келтіретін барлық күштердің түзуі, бір нүктеде қилысса оны дененің салмақ орталығы деп атаймыз. Гравитация жазықтығында (ауырлық күші әсер еткенде) салмақ орталығы, ауырлық орталығымен теңеседі. Дене бөліктеріндегі,барлық ауырлық күштерінің бір нүктеге бағытталуы, ауырлық орталығы деп аталады. Дене бөліктеріндегі салмақ орталықтарын жеке-жеке анықтау арқылы, дененің жалпы салмақ орталығын анықтауымызға болады. Бұл дененің кеңістікте әрқилы қимыл-әрекет жасауына байланысты, дененің салмақ орталықтарының орны орны да ауысуы мүмкін.(секіру,жүгіру,айналу т.б) Адамның денесі шамамен 70 бөліктен тұрады. Салмақ геометриясын анықтау үшін оның бәрін қамту қажет емес. Біз осының 15-бөлігін алып қарасақ жетеді. Жеке-жеке дене мүшелері. Бас 6,9%Тұлғаның жоғарғы бөлігі -15,9% Қар- 2,7%. Тұлғаның ортаңғы бөлігі – 16,3%. Білек- 1,6%. Тұлғаның төменгі бөлігі – 11,2%, Қол басы -0,6% ,Сан – 14,2 %, Балтыр- 4,3%, Аяқ басы – 1,4%. Бұл сандар зерттелген көп адамдардан алынған орташа көрсеткіш. Жеке бір адамның геометриялық салмағын анықтау үшін, алдымен оның бойының ұзындығымен, салмақ ауырлығын аламыз. Адамның дене бөліктерінің моделі.

В.Н.Селуянов дене бөліктерінің самағын төмендегі теңдеумен анықтаған

-дененің бір бөлігінің салмағы (кг), H-дененің ұзындығы (см); -регрессия теңдеуінің коэффициенті, олар әрбір дене бөліктерінде әр түрлі болады.

Дене бөліктерінің салмағын анықтаудың теңдеулік коэффиценті

Бұл таблицаны қалай пайдаланамыз, мысалыға: бойы 170 см,салмағы 60 кг адамның қол басының слмағын анықтаймыз.

Қол басының салмағы -0,12+0,004*60+0,002*170=0,46кг. Дене бөліктерінің салмағын анықтау арқылы қимыл кезінде салмақ орталығының қайда орналасқанын анықтауымызға болады. Сол сияқты:

Қозғалыс жиынтығын анықтау,дене салмағының сызықтық жылдамдыққа теңдей әсер етуі.(m.v)

Кинетикалық моментті анықтау (j.w)

Дененің жеке бөліктері немесе жалпы дененің жылдамдығын басқарудың оңай немесе қиын екендігін бағалау.

Дененің төзімділігін анықытау.

Дәріс № 4.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]