Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_biomekhanika-1_1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.91 Кб
Скачать

Қозғалтқыш аппарат биомеханикалық жүйе ретінде.

Дәріс жоспары:

1.Қимыл әрекеті процесін қарастыру.

2.Қозғалыс ұғымына түсінік.

3. Қозғалыс аппаратына үлгі.

Қимыл әрекеті процестері келесі топтарға бөлінеді. Қозғалысты басқаруды сыртқы бейнесіне қарап зерттеу. Біріншіден қандай қимыл – әрекет жасалатынын, қозғалыс қандай тәртіппен бірін-бірі қайталайтыны анықталады. Мысалы мектептегі дене шынықтыру сабағы бірнеше дене жаттығуларынан тұрады. Бастапқы жасаі дене шынықтыру сабағы бірнеше дене жаттығуларынан тұрады. Бастапқы жасаған жаттығулардың жасалу уақытымен, шапшаңдық көрсеткіші біртіндеп жақсарып жоғарылай түсе беруі керек. Қозғалыс тудыратын және өзгеретін себептерді анықтау, оған ойша бақылау жасай алмайсың, ол үшін диамикалық мінездеме жасалуы керек.Қимыл әрекеттің сыртқы көрінісін зерттей отырып кинематикалық мінездеме береміз. Әрбір дене бөліктеріндегі қимылдың ұзақтығын анықтау қажет, олардың графиктік кескіні хронограмма деп аталады. Қимыл әрекеттің хронограммасы – біріншіден спорттық тактиканың анализіне назар аударады. Әрбір қозғалыс бір-бірінен кинематикасы және динамикасы.

2. Жұмыс істейтін бұлшық еттердің топографиялық анықтамасы. Берілген жаттығуды орындау үшін, қандай бұлышқ ет қалай қатысатынын анықтау. Адам өзін дайындап жүрген жаттығуға, қандай бұлышқ еттің ұтымды қызмет атқаратынын анықтап алса, сол бұлшық еттерді шынықтыра түсу үшін, басқа дене жаттығуларын жасап қозғалыс координаталарын дамыту мүмкіндігін алады.

3.Жұмсалатын энергияны анықтау және жұмыс жасайтын бұлшық еттердің энергияны ұтымды жұмсауы.

Тиімді: (латын тілінен аударғанда «opitya» ең жақсы) барлық мүмкіндіктерден де ұтымды, спортта барлық уақытта әдіс айланың ең тиімді жақтарын қарастырады, тиімділік мүмкіндіктердің тізімінен ең жақсы жақтарды таңдау.

Икемділік қозғаушы қимыл – әрекет энергияға кері пропорцияналды, орындалған жұмыстың бір бөлігіне немесе жүріп өткен жолдың бір метріне, жұмсалған энергияны аяқтау. Кәсіпкерлік механикасы белгілі бір уақытта жасалған жұмыс неғұрлым көп болса, кәсіпкерлік механикасы соғұрлым жоғары. Мысалыға, спорттың ырғақты түрде кәсіпкерлік механикасысын уақытымен өлшейді, ал жалпы дене тәрбиесінде арақашықтықпен, адамның 12 минут ішінде жүрі, жүгіріп немесе жүзіп өтетін жолы. Нақтылықтың қозғаушы қимылда екі түрі болады: нақтылы мақсат, берілген қозғалыстың сыртқы нақтылау кәсіпкерлігі. Физикадағы механикалық заңдылықтардың көбі адам денесінің қозғалыстарында кездеседі. Мысалы механикада бір қалыпты қозғалу, динамиканың үш заңындағы қозғалыстар, статистикадағы дененің ауырлық орталығы, ауырлық күші, тірек ауданы, дененің теңдігін сақтау, жұмыс күші, дененің әлемдік тартылу күші т.б. көптеген заңдылықтарды атауға болады. Биомеханикалық заңдылықтарды үйрену, адамның өнімді еңбек қозғалыстарын қалыптастыру, спорт дене шынықтырудағы жаттығуларды мақсатқа лайықты белгілеу, емдеу, физкультурасын дұрыс қолдану және керкті жасанды мүше құрылысын дұрыс жасау мүмкін болады. Физикада осы айтылған заңдарды адам денесіндегі тірек- қимыл аппаратының ерекшеліктерін еске ала отырып дененің алуан түрлі тірек қимылдарына талдау жасайтын ғылымды биомеханика деп атаймыз. Бұл тірі дененің механикалық қызметін тексеретін ілім. Биомеханикалық заңдылықтарды үйрену, адамның өнімді еңбек қозғалыстарын қалыптастыру, спорт дене шыңықтырудағы жаттығуларды мақсатқа лайықты белгілеу, емдеу, физкультурасын дұрыс қолдану және керекті жасанды мүше құрылысын дұрыс жасау мүмкін болады. Биомеханика қимыл мүмкіндігін және қимыл қызметін тірі организмдерге зерттейді.Адам денесіндегі мүшелердің денеде орналасу тәртібін анықтап жазғанда адам тік тұрып, екі қолын түсіріп, алдына қараған күйінде белгілейді. Сонда адам денесін және мүшелердің жазықтыққа және білекке бөліп белгілеуге болады. Адам денесін тік етіп, үш жазықтыққа бөліп қырқады Сагитал (sagitta) жазықтық тік орналасқан.

Қозғалыс дегеніміз – барлық тірі организімге тән табиғи туынды және адамның жұмыс қабілетін көтеретін және өмірін ұзартатын аса маңызды шарт. Қозғалыс шеберлігі. 1) Адамның физикалық қасиеттерінің дамуына – күшіне қимыл тездігіне, төзімділікке, жылдамдыққа байланысты болады. 2) Организмнің қуатына, энергия мүмкіндігіне тәуелді.

Қорыта келгенде: Физикадағы механикалық заңдылықтардың көбі адам денесінің қозғалыстарында кездеседі. Биомеханикалық заңдылықтарды үйрену, адамның өнімді еңбек қозғалыстарын қалыптастыру, спорт дене шынықтырудағы жаттығуларды мақсатқа лайықты белгілеу, емдеу, физкультурасын дұрыс қолдану және керкті жасанды мүше құрылысын дұрыс жасау мүмкін болады.

Дәріс № 3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]