- •Биомеханика пәніне кіріспе.
- •Қозғалтқыш аппарат биомеханикалық жүйе ретінде.
- •Адам қозғалысының биомеханикалық сипаттамасы.
- •Рычаг және маятник тәрізді бөліктері.
- •Сүйек пен буындардың механикалық қасиеті
- •Биомеханикалық тест және оқытушының бағалауы.
- •Тесттің сапасы
- •Педагогикалық бағалау
- •Адамның қимыл-әрекетін оқытатын механиканың заңдары және оны қолдану негіздері.
- •Қозғалыстың негізгі кинематикалық шарасы, шапшаңдық және жылдамдық.
- •Механиканың үш заңы.
- •Күш сапасының биомеханикалық мінездемесі.
- •Жеке қозғалыстың жылдамдығы.
- •Қозғалыс жиілігі.
- •Әрекеттің латентті уақыты.
- •Күштің өзгеру жылдамдығы немесе күш градиенті (кг)
- •Қозғалыс әрекетінің биомеханикалық аспектілері.
- •Дифференциалды биомеханика.
- •Қозғалыс жасын белгілеу теориясы.
- •Жеке биомеханика
- •Жүру мен жүгірудің кинематикасы. Жұмыс істететін бұлшық еттердің топографиясы.
- •Жүру мен жүгірудің динамикасы.
- •Өзін-өзі тексеруге берілген тапсырма.
- •Жүру мен жүгірудің энергетикасы.
- •Суда жүзу биомеханикасы.
- •Жүзу кинематикасы.
- •Жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
- •Жүзу энергетикасы.
- •Еңбек пен спорттағы кейбір қимылдарды талдау.
- •Жүгіріп ұзындыққа секіру.
- •Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.
- •Бұлшық еттердің биодинамикасы.
- •Бұлшық ет жұмысының көптүрлілігі.
Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.
Дәріс жоспары:
Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.
Түрегеп тұру қалпы. Адам түрегеп тұрғанда тұрақсыз, тұрақтану және теңдік жағдайында болады. Түрегеп тұрған кезде екі аяқтың табан және оң табан мен сол жақ табанның еденмен және кеңістікпен жанасу алаңынан тірек ауданы түзіледі. Тұру қалпы теңдей болған жағдайда ауырлық орталығының тік сызығы дененің орта жазықтығынан және шамамен тірек ауданының ортасынан өкше сүйегімен табан сүйектерінің бастарына тура келеді. Бақайларда, тірек ауданында болса да, өздерінің бүгетін бұлшық еттері жиырылған жағдайда ғана тірек ауданы ретінде қатысады. Тірек ауданы аяқ басындағы өкше дөңесінен алдыңғы жақта-бірінші және бесінші табан сүйектерінің бастарынан түзілген дегенмен орталығы ортаңғы табан сүйектері болып табылады. Өйткені табанның бірінші және бесінші сүйектері ортаңғы сүйектерге қарағанда, олардан әлдеқайда қозғалғыш. Сол себептен тірек ауданына қысымды шеткі сүйектерге емес, ортаңғы сүйектерге көбірек түсіреді.
Тірек ауданы бір аяқпен тұрған кезде, әсіресе аяқтың басымен немесе конькидің ұшымен тұрғанда көп азаяды. Дененің теңсіздік қозғалыстарының тербелісі де күшейеді. Дененің салмақ орталығын көтеретін және түсіретін тең қозғалыстар, тірек ауданынан салмақ орталығының тік сызығын бір жаққа қарай ығыстырмай дене тепе-теңдігін сақтайды.
Түрегеп тұру қалпының үш түрі бар. Оларға анропометриялық қалып (қалыпты күй) еркін тұру (қолайлы күйі) және тік түру қалпы (қайқайған тік күйі) жатады.
Антропометриялық қалып кезінде дененің жалпы салмақ орталығы аяқ пен қолдың ірі буындарының көлденең біліктері және дененің жекеленген бөліктерінің салмақ орталықтары маңдай жазықтықта орналасады.
Антропометриялық қалып әр түрлі өлшеулерге негіз болып табылады. Атап айтқанда оны бойдың (дененің) ұзындығын өлшегенде пайдаланады. Тексеретін адамды бой өлшегіш немесе қабырғаға: желкесін, жауырынын, бөксесі және өкшесін тигізіп барынша тік тұрғызған күйіңде зерттейді. Антрометрлік қалып тәнтануда дененің құрылысын және оның қозғалыстарын оқып үйренудің басталуы негізі болып табылады. Осы аталған қалыпты оқып үйренген кезде қол басы сыртқа бұрылып, алақан алға қарап тұрады деп келісілген.
Еркін тұру қалпында жалпы салмақ орталығы ұршық буыны бөлігінің жанынан, ал тізе және тілерсек буындарының көлденең білік алдынан өтеді. Бұл қалыпта бұлшық еттердің жұмысы аз болады. Өйткені еркін тұруға аталған буыңдарының байлам аппаратының құрылымы көбірек жәрдем етеді. Еркін тұру қалпы кезінде мықын артқа қарай қисаяды, ал онымен бірге бүкіл тұлға артқа қарай ұршық буынының көлденең білігінің маңында айнала алмайды. Өйткені, мықын-ортан жілік байламын тартып тұрады. Тізе буыны көп жазылмағандықтан және салмақ орталығы буынның алдыңғы жағынан өтетіндей көрінгенімен, буынның бүйір және арі жақтағы байламдары жібермейді, осы қалып кезінде тілерсек буыны аймағында, салмақ күшінің әрекеті балтырды алға қарай бүгуі қажет. Бірақ топай сүйектің шығыры алға қарап кеңейе түсуінен оң жақ және сол жақ тобықтар аралығында қысылады да бұл қозғалысты тежейді, Сонымен бірге тілерсек буынының айналасындағы бұлшық еттері және жіліншектердің сыртындағы күшті жетілген бұлшық еттер, балтырдың алға қарай бүгілуіне қарсы қызмет етеді.
Тік тұру қалпы кезінде жалпы ауырлық орталығының білігі аяқтың барлық ірі буындарының көлденең біліктерінің алдынан өтеді. Бұл қалып кезінде тұлға ұршық буынынан алға қарай бүгіледі. Бірақ бұған ұршық буынының артқы бетіндегі бұлшық еттерінің жиырылуы кедергі келтіреді. Аяқтың бүл қалпы кезінде, еркін тұру қалпы кезіндегіге ұқсас болады. Талданған үш қалыптың ішіңдегі ең қолайлысы- еркін тұру қалпы.
Сол себептен де біз оны өмірде жиі пайдаланамыз. Дененің тірек ауданы біркелкі пайдаланылмайтындықтан антропометриялық қалып қолайсыз, өйткені алдыңғы жақта тірек беті көбірек, ал арт жақта азырақ болады. Соның салдарынан дене тепе-теңдік қалыптан тез ауып кетеді. Бұған қоса бұл қалып кезіңде тілерсек буынының алдыңғы және артқы беттеріндегі бұлшық еттердің қызметтері болғанымен олар біркелкі дамып жетілмеген. Сондықтан да алдыңғы жақтағы еттер тобы қатты жиырылады, ал артқы топтағылар елеусіз түрде ғана жиырылады. Қақайып тік тұру қалпын ақтау үшін, бұлшық еттер барынша күшті жиырылады да, тез шаршайды, сөйтіп бұл кейде ұзақ пайдалануға қолайсыз.
Адам тіп-тіке түрған кезінде ауырлық орталығы, тірек ауданының алдыңғы бөлігінен және бақайлар аймағынан өтеді, соның салдарынан тірек ауданы біркелкі пайдаланылмай қалады. Тік тұрған қалыптың басқа қалыптардан артықшылығы, адам осы күйде оңай жүріп кете алады. Түрегеп тұру қалпының қайсысы болса да бұлшық еттердің жиырылу қызметіне тікелей байланысты.
Отыру қалпынан, түрегеп тұру қалпына ауысуы тыныс есіндегі қозғалысты күшейтіп газ алмасуды тездетеді және ректің минуттық лүһілін арттырады, Дене шынықтыру мен спорт тәжірибесінде бастапқы қалып ретінде тік тұру мен еркін қалыптарының аралықтарында болатын орташа аралық қалып кезінде, тұлға қайқайып тұру қалпы кезіндегідей болмаса да, аз алға шығып тұрады.
Спорттық тік тұруда, бүкіл бұлшық еттер жиырылады, солардың ішінде: арқа, құрсақ және аяқ бұлшық еттерінің әсіресе санның төрт басты бұлшық етінің жиырылуы артады.
Жынысына қарай, ер адамдармен әйелдердің денесінің салмақ орталықтарын салыстырсақ, ер кісілерге қарағанда әйелдердің денесінің жалпы салмақ орталығы төмен орналасқан яғни төзімділік әйелдерге жоғары. Ересек адамдарда дененің салмақ орталығы төмен орналасса, ал жастарда ол жоғары орналасқан, дененің төзімділігі төмен. Аласа адамдарға, қарағанда ұзын адамдарда дененің салмақ орталығының орналасу орнының жоғары келетіндігінен олардың денесі онша тұрақты болмайды.
Бұл жағдайларды білу арқылы, қандай қалыптағы адам яғни ұзын, қысқа, түзу, еңкіш адам, қайсысы өнімді жұмыс атқара алатынын күні бұрын анықтауға болады.
Дененің салмақ орталығы бойы мен жерге перпендикуляр түсірілген сызық ауырлық түзуі делінеді. Дененің тірек ауаны деп екі табан мен олардың арасындағы кеңістікті айтады. Адам денесінің тұрақтылығы, жоғарыда айтылған салмақ орталығынан басқа оның тірек ауданына да байланысты. Тірек ауданы оскен сайын дене тұрақтылығы артады. Екі аяқтың арасы алшақтаған сайын тірек ауданы да артады. Егер тірек ауданы артып, ауырлық түзу сызығы тірек ауданының орталығына жақын орналасса, дене соғұрлым тұрақты болады. Ал ауырлық түзуі тірек ауданынан ауытқып кетсе, дененің тепе-теңдігі бұзылады, тұрақтылығы азаяды. Осы дененің биомеханикасын іске асыратын, буындармен байламдар және бұлшық еттер жәрдемімен болатын түрлі қозғалыстарға тоқталу.
Тірек-қимыл аппаратының биомеханикалық жүйесі, биомеханикалық зерттеуде дене мүшелерінің құрылысымен қызметінің барлық ерекшеліктерін қарастырып жату мүмкін емес. Қозғалысты оқып үйрену үшін дененің үлгісін жасайды Қозғалыс жасау барысында биомеханикалық жүйе өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Биомеханикалық жүйе бұл, адам денесінің жеңілдетілген көшірме үлгісі, сол бойынша қимыл қозғалыстардың заңдылықтарын оқып үйрену.
Биомеханикалык жүйе бұл-тірі мүшелер тобының механикалық қозғалыс заңының жалпы сипаттамасы бойынша қозғалысты басқарады.
Кинематикалық тізбек. Еркін қозғалатын дене бөліктері биокинематикалық тізбек құрайды. Оған қосылған күш сығымдап қозғалысты өзгертеді.
Дене бөліктерінің қосылуы. Биокинеіматикалық жүп-бү і екі бөлек сүйектің бір-бірімен еркін байланысуы, қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай бұлшық еттердің басқаруын анықтау. Алдын-ала берілген белгілі бір жүйедегі қозғалыс, енді бірінің мүмкіндіктері шексіз оларды еркін қозғалыс сатысымен суреттейді. Әрбір биомеханикалық жұп көп білікті буын жасап көптеген механикалық жұмыс атқарады.
Биокинематикалық тізбек-бұл биокинематикалық жұптардың бірінен соң бірі тізбектеліп байланысуы. Тұйық тізбекте буын соңы бос болмайды, ашық тізбекте буын соңы бос болады.
Тірек қызметін атқаратын сүйектер тізбек қүұрайды бір бірімен шеміршек арқылы байланысып, ал тізбектер көбінесе жұп құрайды, мысалы 12 жұп қабырға, 2 тоқпан жілік, 2 кәрі жілік, 2 асықты жілік т.б.
Биокинематикалық тізбек бөлігінде қосылған күш оны иін тәрізді қозғалыс жасатады. Сүйек иіндері буындарда еркін байланысқан, қосылған күштің көмегімен қалпын өзгертіп әрі сақтай алады.
Адамның қозғалысының механикадағы 4 алтын заңы. "Иық иініне қосылған күштің жұмысы келесі иыққа ауысады. Бұл жерде күшті ұтудың екі себебі бар, біріншіден - буынға жақып орналасқан /бекіген/, екіншіден-бүұлшық еттердің сүйектің бойымен бұрыш жасай тартылуы. Осыған орай сүйек иіндеріне қосылған бұлшық еттердің тартылу күші қозғалыстың жылдамдығымен үдеуіне едәуір зорлық тудырады.
Жылдамдықты ұту және буындардың қатайуына бұлшық еттердің күші керек.
Дәріс№15.
