Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_biomekhanika-1_1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.91 Кб
Скачать

Жүру мен жүгірудің энергетикасы.

Жүру мен жүгіру кезіндегі механикалық энергия; дене қозғалыс жылдамдығы, дене бөліктерінің орналасуы мен олардағы кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қозғалыс жылдамдығы бойынша анықталады. Жүру мен жүгіру кезіндегі адамның энергия шығыны тек көлбеу қозғалысы кезінде ғана емес, сонымен қатар дененің Ж.С.О-ның тік және көлденең қозғалысында байқалады.

Циклдың фазаларына байланысты деннің кинетикалық және потенциялдық энергияларының көлемі өзгереді. Жүру мен жүгіруде бұл өзгерістер әр түрлі. Жүруде кинетикалық және потенциялдық энергия фазасы кері өзгереді. Мысалыға: аяқты тірекке қояр кезде максималдық кинетикалық энергия, минимальды потенциялдық энергиямен теңеседі, ол жүгіруде синфазано (мысалыға; ұшудың ең биік нүктесінде максималды кинетикалық энергия, максималдық потенциалды энергиямен теңеседі). 1метр жолға кеткен энергия шығыны, 1 метр жүгіруге кеткен энергия шығынынан аз, бірақ бұл тек төменгі жылдамдықта, 1м жүріп өткен жолға қарағанда, 1 м баяу жүгіруге кеткен энергия шығыны көп. Ал жоғарғы жылдамдықпен жүгіруде энергия шығыны үнемдірек. Шектеулі жылдамдық Фруда (ф) санымен төмендегі формула бойынша анықталады.

g - жердің тартылыс күштердің

Ә - адамның қозғалу жылдамдығы

Lo - тұрғандағы-дененің жалпы салмақ орталығының биіктігі.

Егер Фруда саны бірден кіші (Ф<1)болса жүру тиімді, ал ф>1 жүгіру тиімді. Энергетикалық шығын көп жағдайларға байланысты соның ішінде қадамның ұзындығы мен жиілгіде бар. Тиімді қадам ұзындығы мен жиілігіне қарағанда, тым ұзын немесе, тым қысқа қадамда 1м жолға кеткен энергия шығыны көп. Мысалыға: 4 м/с жылдамдықпен жүгіргенде қадам ұзындығының тиімді көлемнен 6% ауытқуы энергия шығынын көбейтеді.

Жүру мен жүгіруді тиімді ету.

Жүру мен жүгіруді тиімді ету үшін алдымен қажетсіз энергия шығынын жою керек. Жүру мен жүгіруді тиімді ету қарастырылатын негізгі міндеттер:

1) Адым ұзындығымен екпініндегі тиімді жылдамдықты таңдау. Адам ұзындығымен екпініндегі жылдамдық көрсеткіші жасына қарай өзгеріп отырады. Балалармен, егде кісілерде тиімділік көрсеткіш деңгейі, қозғалыс аппараты жақсы жетілген шақтағы, адамдарға қарағанда төмен. Бұл көрсеткіштерге әсер ететін факторлар: адамның денсаулығы, спорттық квалилтфикациясы, жаттығу дәрежесі, қажу, аяқ киімінің сапасы: және т .б.

2) Жалпы салмақ орталығының тербелісінің тігінен және көлбеуінен төмендеуі.

Жүру мен жүгіруде көлбеу жазықтықтағы жұмыс пайдалы, дененің тігінен және көлденеңінен қозғалуы қажетсіз қозғалыстарға жатады, сонда да бұл қозғалысты алып тастау арқылы жүру мен жүгіруді тиімді етеміз деу қате. Керісінше іпінен тербелістің мүлдем болмауы, энергия шығынын арттырады, себебі дене бүкірейіп қозғалыстың табиғи техникасы тоқырайды. Дене қозғалысындағы ашық энергия шығынын жою үшін, жамбастың бұрылу жұмысын жақсарту керек. Жамбастың бұрылу жұмысының қөмегімен, дененің тік және бүйір тербелестерін кемітеді, сонымен қатар қадам ұзарып, аяқтың тірекке тұруы жылдамдайды.

Тиімді жылдамдықпен қатар, қозғалыстың үнемді і рожесінің запасы аса маңызды. Тиімді жылдамдық диапозонынан, анаэробты босағаға дейін сәйкестік үнемді ережесінің запасы деп аталады. Деңгейден жоғарғы жылдамдықпен жүгіру, ағзада сүт қышқылының және басқада зиянды заттардың түзілуіне әкеледі, ал бұл организмді қатты қажытады, үнемді жылдамдықпен жүгіру, ауру немесе шаршамаған адамдардың организміне көмек, қалпына келтіру мақсатында беріледі. Жүгірудің деңгейлік қарқындылығы, спортта төзімділікті қалыптастырудың тиімділігі деп есептелінеді.

Дәріс № 11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]