- •Биомеханика пәніне кіріспе.
- •Қозғалтқыш аппарат биомеханикалық жүйе ретінде.
- •Адам қозғалысының биомеханикалық сипаттамасы.
- •Рычаг және маятник тәрізді бөліктері.
- •Сүйек пен буындардың механикалық қасиеті
- •Биомеханикалық тест және оқытушының бағалауы.
- •Тесттің сапасы
- •Педагогикалық бағалау
- •Адамның қимыл-әрекетін оқытатын механиканың заңдары және оны қолдану негіздері.
- •Қозғалыстың негізгі кинематикалық шарасы, шапшаңдық және жылдамдық.
- •Механиканың үш заңы.
- •Күш сапасының биомеханикалық мінездемесі.
- •Жеке қозғалыстың жылдамдығы.
- •Қозғалыс жиілігі.
- •Әрекеттің латентті уақыты.
- •Күштің өзгеру жылдамдығы немесе күш градиенті (кг)
- •Қозғалыс әрекетінің биомеханикалық аспектілері.
- •Дифференциалды биомеханика.
- •Қозғалыс жасын белгілеу теориясы.
- •Жеке биомеханика
- •Жүру мен жүгірудің кинематикасы. Жұмыс істететін бұлшық еттердің топографиясы.
- •Жүру мен жүгірудің динамикасы.
- •Өзін-өзі тексеруге берілген тапсырма.
- •Жүру мен жүгірудің энергетикасы.
- •Суда жүзу биомеханикасы.
- •Жүзу кинематикасы.
- •Жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
- •Жүзу энергетикасы.
- •Еңбек пен спорттағы кейбір қимылдарды талдау.
- •Жүгіріп ұзындыққа секіру.
- •Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.
- •Бұлшық еттердің биодинамикасы.
- •Бұлшық ет жұмысының көптүрлілігі.
Спорт - (фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Биомеханика (био... және механика) — адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика тірі тіндер, органдар және бүкіл организмнің механикалық қасиеттерін, оларда байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен жануарлардың іс-әрекетін, тыныс алуын, қан айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың, байламдардың беріктігін, т.б.) зерттейді.
Механика [грек. ''mechanіke'' (techne) – машина және машина жасау өнері] – материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым. Денелердің немесе олардың бөлшектерінің уақыттың өтуіне байланысты кеңістіктегі орындарының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Табиғатта мұндай қозғалысқа аспан әлеміндегі денелердің қозғалысы,Жер қыртысының тербелуі, мұхит-теңіздер мен ауадағы ағындар тербелісі; техникада – ұшу аппараттарының, көлік құралдарының, әр алуан механизм бөліктерінің қозғалысы, ғимараттар элементтерінің деформациясы, сұйықтықтар мен газдардың қозғалыстары, т.б. жатады. Әдетте, Механика деп Ньютонның механикалық заңдарына негізделген жарық жылдамдығынан әлдеқайда төмен жылдамдықпен қозғалатын кез келген материалдық денелердің қозғалысын сипаттайтын (элементар бөлшектерден басқа)классикалық механиканы айтады.
Инерция заңы – сыртқы күштер (өзара әсерлер) әсер етпеген немесе әсер етуші күштер өзара теңескен жағдайда, инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда, дене өзінің қозғалыс не тыныштық күйін өзгертпей сақтайтындығын тұжырымдайтын механиканың негізгі заңдарының бірі. Жекелей алғанда, бұл жағдайда материялық нүктетыныштық күйде болады не түзу сызық бойымен бірқалыпты қозғалады.
Статика (гр. statіke – салмақ, тепе-теңдік туралы ілім) – механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін саласы; механикалық жүйелердің тепе-теңдік күйін күш әсерімен зерттейтін механика бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.
Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos – қозғалыс)– механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.
Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары. Классикалық механиканың бөлімі.
Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді.
Жүзу , спорттық жүзу – спорт түрлерінің бірі. Спорттық жүзу жарыстары еркін (кроль), брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да басқа тәсілдерімен 50 метрден 1500 метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды (көркемдік) жүзу т.б. түрлері болады. жүзудің тұрмыстық, емдік, ойын түрлері де бар
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады.
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстарболып бөлінеді.
Жылдамдық - белгілі бір қысқа уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс және адамның денесі мен оның кейбір жеке бөліктерін сол қысқа уақыт ішінде тез ауыстыруға мүмкіндік беретін, адамның қимыл қозғалыс аппаратынының орталық пен перифериялық жүйке құрылымдарының көрінісінің бірлігі.
Дәріс №1
Биомеханика пәніне кіріспе.
Дәрістің мақсаты: Биомеханика саласы адамдармен, жауарлардың қозғалыс мүмкіндіктерін зерттеу ғылымы екендігін үйрету.
Дәріс жоспары:
1.Кіріспе
2.Биомеханика ұғымына түсінік
3.Биомеханика саласын зерттеп білуге үлес қосқан ғалымдар.
Биомеханика адамдармен-жануарлардың қозғалыс мүмкіндіктері мен қатар, қозғаушы күштерін зерттейтін ғылым. Бәрімізге белгілі механика, бұл физикалық дененің, механикалық қозғалысын қарастыратын бір тарауы. Соның ішінде тереңдетіліп оқылатын адамның және жоғарғы сатыдағы жануарлардың қозғалыстары.
Биомеханика курсы екі негізде қарастырылады:
1.Қимыл-әрекеттің әдістері және оны меңгеру жолдарымен биомеханика негізінде танысады.
2.Жаттығу жұмыстарына ғылыми көзқараспен қарап, дене тәрбиесінің қаншалықты екендігімен теория жүзінде оқып танысып, пайдалы кеңестермен қаруланады.
Пәнді негізді екі бағытта қарастыруға болады:
Бірінші бағытта жалпы және дифференциалды биомеханика қарастырылатын тақырыптар, биомеханиканың мазмұны мен мақсаты, адамның қозғаушы аппаратының сипаттамасы, биомеханикалық бақылаудың әдісі, қимыл-әрекеттің жаспен жынысына қарай ерекшеліктері т.б. Бұл бағыт қазіргі заманғы биомеханиканың дидактикалық көптүрлілігі және де, дене тәрбиесіндегі қозғалыс мүмкіндіктердін қарастырумен шектейді.
Екінші бағытта мектептегі дене тәрбиесінің жоспарына кіретін жаттығулардың биомеханикалық заңдылықтарымен және олардың қозғаушы күштерінің, қимыл-әрекетін зерттейді. Осы негізге суйене отырып, әртүрлі жаттығуларды орындау әдісін меңгеруге болады.
Бұл ғылымға алғашқылардың бірі болып ат салысқан: Аристотель (322-384); Судағы қозғалыстар жөнінде еңбек жасаған Архимед (212-287 ж.ж.б.д.) Биомеханиканы құрастыруға үлесін қосқан ұлы ғұлама,Рим дәрігері Гален (131-201ж.ж.д.д).
Биомеханикадан алғашқы болып жарық көрген пән «Жануарлар қозғалысы» кітабының авторы 1679ж. И.М.Сеченов (1829-1905ж.ж)
Соңғы жыдары дамып келе жатқан:
Инжинериялық биомеханика, негізгі жетістіктері жұмыстың құрылыстарына байланысты.
Медециналық биомеханика, жарақатқа көмектің түрлері, тірек қимыл аппаратының беріктігі т.б.
Эргономикалық биомеханика адамның ықшамды болуы үшін, қоршаған заттармен қарым-қатынасын қарастырады.
Дене жаттығуы биомеханиканың негізгі бағыты болып қалады. Ол адамның, жаттығу үстіндегі, жарыс кезіндегі дене тәрбиесінің әр түрлі мерекелерінде, дене шынықтыру сабақтарындағы қимыл әрекетін зерттейді. Дамыған биомеханикалық «Тапсырмасы» үш «бөлімнен» және үш «қабаттан» тұрады. Жалпы биомеханика адамның қалай, неге қозғалатынын теория жүзінде түсіндіреді, бұл бағыт спорт пен дене тәрбиесіне өте қажет, «жақсы теориядан артық ешнәрсе жоқ» деген қағиданы ұстанады.
Биомеханиканың үш «қабатында», қозғалыс; қимыл әрекет және қозғаушы күш.
Қозғалысты зерттеу тәжірибесіне жануардың жекеленген бұлшық еттерімен басқа да дене бөліктері бойынша зерттеледі.
Дені сау адам, бағыт-бағдарлы қимыл-әрекет, немесе нақтылы қоғалыстар жасайды.Осы деңгейде биомеханика қимыл-әрекеттің әдістерін қалыптастырады.
Электромиграмма жасау үшін элоктродтардың орны көрсетілген.Мұндай тізбектерде қимыл-әрекет, бір-бірімен тығыз байланысты, әрі бір-біріне тәуелді. Яғни қимыл әрекет бұл қозғаушы күштердің жүйесі.
Биомеханиканың биохимия, психология, этика пәндерімен байланысы, жаңа бір ғылымның пайда болуына кеңінен жол ашты, енді ғана қалыптаса бастағанымен практика жүзінде көптеген пайда әкеле бастаған саласы «Психобиомеханика» биомеханиканың энергетикалық және эстетикалық жетістіктері мол. Ең негізгі – биомеханика спорттағы дене тәрбиесінің практикасын теориямен тығыз байланыстырған пән мұғалімі, өзінің биомеханикадан алған біліміне сүйене отырып оқушыларын оңай жаттықтырады.
Қимыл әрекеті процестері екіге бөлінеді.
Қозғалысты басқаруды сыртқы бейнесіне қарап зерттеу.Біріншіден қандай қимыл-әрекет жасалатынын, қозғалыс қандай тәртіппен бірін-бірі қайталанатынын анықтайды.
Жұмыс істейтін бұлшық еттердің топографиялық анықтамасы. Берілген жаттығуларды орындау үшін, қандай бұлшық ет, қалай қатынасатынын анықтау.
Қозғалыс дегеніміз – барлық тірі организімге тән табиғи туынды және адамның жұмыс қабілетін көтеретін және өмірін ұзартатын аса маңызды шарт.
Қозғалыс шеберлігі
Адамның физикалық қасиеттерінің дамуына – күшіне тездігіне, төзімділікке, жылдамдыққа байланысты болады.
Организмнің қуатына, энергия мүмкіндігіне тәуелді.
Осылайша, биомеханиканың даму заңдылықтарына көптеген ғалымдар интерпретация жасады.
Биомеханика қарастырылатын тақырыптар, биомеханиканың мазмұны мен мақсаты, адамның қозғаушы аппаратының сипаттамасы, биомеханикалық бақылаудың әдісі, қимыл-әрекеттің жаспен жынысына қарай ерекшеліктері қарастырылды.
Дәріс №2
