Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kukyk_test.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
588.29 Кб
Скачать

RK1

1. Мемлекет және құқық теориясының пәнi:

A) мемлекет пен құқықтың қоғамдық өмiр құбылысы ретiнде «әрекет етуi, олардың пайда болуы мен қызмет етуiнiң заңдылықтары, олардың мәнi, мазмұны және нысаны, заң қатынастары мен байланысы, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттiң ерекшелiктерiн зерттеу;

B) барлық қоғамдык құбылыстарды, соның iшiнде мемлекет пен құкық, мәдениет, дiн, мораль сияқты құбылыстарды ;

C) нақты бiр мемлекет пен құқық жүйесiнiн пайда болуын және оның әртүрлi тарихи кезеңдегi дамуын, соның iшiнде кездейсоқ мемлекеттiк-құқықтық қүбылыстар мен процестердi зерттеу

D) мемлекет өмiрiнiң накты бiр саласын, нақты қуқық саласын зерттеу;

E) барлык мемлекеттiк-құқықтық қүбылыстарды және олардың қоғамдағы көптүрлiлiгiн зерттеу;

2. Мемлекеттiк-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттеу тәсiлдерi

A) тұжырымдама

B) теорема

C) парадигма

D) әдiстеме

E) презумпция

3. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдарының қай түрiне жатады?

A) салалық заң ғылымы

B) салааралық ғылым

C) шетелдердiң мемлекетi мен құқығын зерттейтiн ғылым

D) iргетасты заң ғылымы

E) арнайы заң ғылымы

4. Мемлекет және құқық теориясы қандай функцияларды атқармайды?

A) теориялық-танымдық

B) әдiстемелiк

C) болжау (прогностикалық)

D) саяси (идеологиялық)

E) талдамалық

5. Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектiсi ретiнде мемлекеттiң негiзгi, өзiне ғана тән ерекшелiктерiн айқындап көрсететiн философиялық категорияны қалай атаймыз?

A) мазмұны

B) мәнi

C) функциясы

D) нысаны

E) механизмi

6. материалистiк теорияға сәйкес мемлекеттiң пайда болуының негiзгi себептерi мен факторларды анықтаңыз

A) ақшаның пайда болуы, қалалардың және қолөнердiң дамуы

B) матриархаттың патриархатқа ауысуы, дiннiң пайда болуы

C) Жердегi климаттық жағдайдың өзгеруi

D) өндiрiстiк күштiң дамуы, еңбектiң қоғамдық бөлiнуi, қосымша өнiмнiң пайда болуы, жеке меншiк және қоғамның таптарға бөлiнуi

E) саудагерлер тобының пайда болуы, тауар айырбасы

7. Күштеу теориясы бойынша мемлекеттiң пайда болуының негiзгi себептерiн көрсетіңіз

A) ақшаның пайда болуы, қалалардың және қолөнердiң дамуы

B) күштi тайпалардың әлсiз тайпаларды жаулап алуы

C) таптардың пайда болуы, олардың арасындағы күрестiң туындауы

D) климаттық жағдайдың өзгеруi, өндiрiс қүралдарының дамуы

E) мемлекеттi қүру үшiн адамдар арасындағы өзара келiсiм

8. Мемлекеттiң пайда болуының келiсiм-шарттық теориясының өкiлдерi мемлекеттiң пайда болуын қалай түсiндiрген

A) мемлекет қоғамда таптардың, жеке меншiктiң, қосымша өнiмнiң пайда болуымен қалыптасқан қарама-қайшылықтардың жемiсi

B) мемлекет бiрiгiп өмiр сүру үшiн адамдар арасындағы өзара келiсiмнiң нәтижесi

C) мемлекет қүдайдың еркi

D) мемлекет планетадағы ғаламдық климаттық өзгерiвстердiң нәтижесiнде пайда болуы

E) мемлекет адаммен бiрге пайда болған

9. Мемлекеттiң пайда болуының теологиялық теориясының өкiлдерi қолдаған негiзгi ережелердi көрсетіңіз

A) мемлекет қоғамның объективтiк даму барысында, қоғамдық еңбектiң бөлiнуi, таптардың, жеке меншiктiң, қосымша өнiмнiң пайда болуының нәтижесi

B) мемлекет матриархат пен патриархатқа ауысуының нәтижесiнде, дiннiң негiзiнде пайда болды

C) мемлекет құдайдың еркi

D) мемлекет бiрiгiп өмiр сүру үшiн адамдар арасындағы өзара келiсiмнiң нәтижесi

E) мемлекет адаммен бiрге пайда болған

10. Мемлекеттiң пайда болуын келiсiм-шарт теориясымен түсiндiрген ғалымдарды атаңыз

A) Г.Гроций, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, А. Радищев

B) Ф. Аквинский, Ж. Маритэн

C) Гумплович, Дюринг, Каутский

D) К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин

E) Аристотель, Фильмер

11. Мемлекеттiң пайда болуын психологиялық теориясын түсiндiрген ғалымдарды атаңыз:

A) Петражицкий, Фрезер, Тард

B) Г.Гроций, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, А. Радищев

C) Аристотель, Фильмер, Михаиловский

D) К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин

E) Гумплович, Дюринг, Каутский

12. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын материалистiк теориямен түсiндiрудi ұсынған ғалымдар

A) Гумплович, Дюринг, Каутский

B) К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин

C) Михзаиловский, Бакунин

D) Аристотель, Фильмер

E) Ф. Аквинский, Ж. Маритэн

13. Шығыс типтегi мемлекеттiң пайда болуын сипаттайтын белгiнi көрсетіңіз:

A) бұл мемлекеттерде жерге мемлекеттiк (қоғамдық) меншiк орнаған

B) бұл мемлекеттерде жерге жеке меншiк орнаған

C) бұл мемлекеттерде биліктің қайнар көзi - меншiк

D) мықты шенеуiнiктiк аппараттың болмауымен сипатталады

E) бұл мемлекеттер қала-мемлекеттер ретiнде пайда болған

14. Батыс типтегi мемлекеттердiң пайда болуын сипаттайтын белгiлердi көрсетіңіз:

A) бұл мемлекеттерде жерге мемлекеттiк (қоғамдық) меншiк орнаған

B) өндiрiс қүралдарының меншiк иесi болып табылатын мықты шенуiнiктiк бюрократиялық аппараттың болуымен сипатталады

C) мемлекеттiк аппарат бiр орталыққа бағындырылған, оның басында абсолюттiк монарх түрады

D) адамдардың өзара келiсiмiнiң нәтижесi

E) бұл мемлекеттерде биліктің қайнар көзi – меншiк, қоғамның қарама-қайшы таптарға бөлiнуi

15. Мемлекеттiң пайда болуы туралы теориялардың қайсысы мемлекеттiң пайда болу процесiн неғұрлым объективтiк тұрғыда бейнелейдi?

A) патриархалдық

B) теологиялық

C) органикалық

D) келiсiм-шарттық

E) тарихи-материалистiк

16. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының әлеуметтiк себептерiн көрсетіңіз?

A) қоғамдық еңбектiң мал шаруашылығы, жер шаруашылығы, қолөнер және сауда болып бөлiнуi

B) еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi және қосымша құнның пайда болуы

C) рудың бөлiнуi және отбасының пайда болуы, қосымша өнiмнiң, қарама-қарсы таптардың пайда болуы, қоғамның таптарға бөлiнуi

D) жеке меншiктiң пайда болуы

E) қалалардың пайда болуы, климаттық жағдайдың өзгерiсi

17. Ең алғашқы мемлекеттер қайда пайда болған?

A) Қазақстан территориясында

B) Нiл, Тигр, Евфрат, Ганг, Инд өзендерiнiң жағалауында

C) Африка қүрлығында

D) Европада

E) Ежелгi Рим мен Ежелгi Афиныда

18. Мемлекеттің негiзгi белгiсiн көрсетіңіз?

A) ұлттық валюта, армия, полиция

B) билiк, халық, әдет-ғұрып

C) жалпыға мiндеттi ережелер көмегiмен белгiлi территорияға тарайтын мемлекеттiк егемендiк пен арнайы билiк және басқару аппараты, салық өндiру

D) астана, жалау, елтаңба, әнұран

E) әртүрлi саяси партиялардың, түрмелердiң, банктердiң, қоғамдық ұйымдардың болуы

19. Мемлекеттiк биліктің үстемдiгiн ел iшiнде және оның тәуелсiздiгiн сыртқы қатынастарда бiлдiретiн мемлекеттiң белгiсi қалай аталады?

A) құқық субъектiлiгi

B) мемлекеттiк егемендiк

C) құқыққа қабiлеттiлiк

D) әрекетке қабiлеттiлiк

E) құқық шығармашылығы

20. Мемлекеттiң негiзгi белгiлерiнiң бiрiн атаңыз?

A) астананың болуы

B) халықтың территориялық бөлiнiсi

C) жеке меншiктiң болуы

D) дiннiң болуы

E) сепаратизм

21. Төмендегi тiзiмдегi жауаптардың қайсысы мемлекеттiң құзыретiне жатпайды?

A) салықтар мен алымдарды жинау

B) жалпыға мiндеттi нормативтiк актiлердi жариялау

C) қоғамда құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету

D) достық қатынасты, өзара көмектi, туыстық қатынасты реттеу

E) туыстық қатынастарды реттеу

22. Мемлекет нысаны ұғымына не кiрмейдi?

A) жоғары мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру тәсiлдерiнiң жиынтығы

B) мемлекеттiк құрылым тәсiлдерiнiң жиынтығы

C) мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру әдiстерiнiң жиынтығы

D) құқық нормаларын жүзеге асыру тәсiлдерi

E) халық пен мемлекеттiк биліктің арақатынасы тәсiлi

23. Мемлекеттiң басқару нысаны дегенiмiз

A) мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерi

B) мемлекеттiк жоғары биліктің ұйымдасуы, оның органдарының құрылу тәртiбi және олардың халықпен өзара қатынасы

C) мемлекеттiң iшкi құрылысы, оның құрамдас бөлiктерге бөлiнуi және олардың бiр-бiрiмен байланысы

D) жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру

E) территориялық бiрлiктердi қайта құру тәсiлi

24. Мемлекет функциясы ненi бiлдiредi?

A) мемлекет қүрылысы мен оның белгiлерiн

B) мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру тәсiлдерiн

C) мемлекет қызметiнiң негiзгi бағыттарын

D) мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерiн

E) нормативтiк актiлердi шығару тәсiлдерi

25. Мемлекет функциясын iске асыруда қандай әдiстер қолданады?

A) сендiру

B) мүжбүрлеу, жазалау

C) мадақтау

D) ұсыныс

E) басып-жаншу және қудалау

26. Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің номаларынан ерекшеленетін құқықтың түрі

A) әкімшілік құқық

B) қылмыстық құқық

C) азаматтық құқық

D) еңбек құқығы

E) Конституциялық құқық

27. Демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі

A) ҚР-ның Конституция

B) Заңдар

C) Жарлықтар

D) Үкімет пен Парламент қабылдаған заңдар

E) Өкілетті органдардың қабылдаған заңдары

28. Конституциялық құқықтық реттеу объектісі қалай аталады?

A) Конституциялық заңдар

B) Конституциялық функциялар

C) Конституциялық принциптер

D) Конституциялық құқықтар

E) Конституциялық байланыстар

29. Конституциялық қағидада мемлекеттік қызметкердің жасы неше жастан аспауы тиіс деп көрсетілген?

A) 60-63

B) 62-66

C) 50-55

D) 60-65

E) 55-60

30. Конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы қалай аталады?

A) Конституцияның қалыптасу кезеңі

B) Конституцияны құқықтық қорғау

C) Конституцияның үстемдігі

D) Конституцияның заңдық қызметі

E) Конституциялық декларация

31. Конституциялық сипаттағы ең алғашқы акты кай жылы қабылданды?

A) 1997 ж. 7 шілде

B) 1995 ж. 30 тамыз

C) 1993 ж. 15 қараша

D)1991 ж. 20 қараша

E) 1990 ж. 25 қазан

32. Конституцияның 6- бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда мемлекеттік пен жеке меншіктің тең дәрежеде мойындалуы және қорғалуы қоғамдық қатынастардың бір саласы көрсетілген. Ол қандай сала?

A) Экономикалық әралуандылық

B) Саяси әралуандылық

C) Идеологиялық әралуандылық

D) партиялардың әралуандылығы

E) ұйымдардың әралуандылығы

33. Қазақстан Республикасының Конституциясында меншіктің неше нысаны көрсетілген?

A) 4

B) 3

C) 2

D) 1

E) 5

34. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің қандай тұлғалары болып табылады?

A) қарапайым тұлғалар

B) заңды тұлғалар

C) лауазымды тұлғалар

D) жеке тұлғалар

E) қызметкерлер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]