Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос жауаптары 13-18.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.7 Кб
Скачать

17.Антонимдер, оның түрлері

Сәрекенова бойынша: Қазіргі қазақ тілі сөздік құрамындағы сөздер омонимдік, синонимдік қатынаста болумен бірге антонимдік қатынаста да кездеседі. Антонимдік қатынастығы сөздер өзара қарама –қарсы мағынада қолданылады да, жеке топ құрайды. Мысалы, жақсы жаман, үлкен кіші, жоғары төмен, келу кету, ұшу қону т.б.

Антонимдер әр түрлі түбірден де, түбірлес сөздерден де жсалады. Түбірлес сөздерден жасалған антонимдердің сөздегі мағынасы еш уақытта қарсы мағынаны аңғартпайды. Сондықтан түбірлес сөздердің антонимдес сөзге айналуы жұрнақтың қызметімен байланысты. Мысалы, әлді-әлсіз, көрікті-көріксіз, ұтыс-ұтылыс, жеңіс- жеңіліс. Бірақ бұл топқа етістіктің болымды және болымсыз түрлерін жатқызуға болмайды. Мысалы келді келмеді, барды бармады, сенді сенбеді т.б. Себебі бұл болымды және болымсыз етістіктер ұғымның бірін-бірі жоққа шығарады. Анықтап айтсақ келді, барды, сенді деген сөздердің мағынасындағы қимыл әрекетке келмеді, бармады, сенбеді деген етістріктерде қарсы қимыл жоқ. Сондықтан бұлар антоним сөздерге жатпайды. Ал, әр түрлі түбірден болған антонимдердің пада болуы түбір сөздердің лексикалық мағыналарының қарама қарсылығына байланысты. Мысалы: ерте-кеш, жақын-алыс, ұзын- қысқа, күн-түн, ауыр-жеңіл. Антонимдер тақырыбында ерекше қарастырылатын бөлім – энантиосемия құбылысы. Бұл құбылысты кейбір ғалымдар (Ш. Сарыбаев, Х. Нұрмұханов) «антонимдер мен омонимдердің қиылысуы» ретінде қарастырса, кейбір ғалымдар (Б.Шалабай, Ж. Мусин, М. Белбаева) антонимияның бір түрі ретінде қарастырады. Энантиосемия дегеніміз-сөздің ішкі антонимиясы, яғни бір сөздің ішінде қарама қарсылыққа негізделген семантикалық байланыстың қарама-қарсылыққа негізделген семантикалық байланыстың болуы. Қазақ тілінде энантиосемия таралуына қарай жалпы тілдік және диалектілік болып екіге бөлінеді. Жалпы халыққа түсінікті қолданылатын сөздер жалпы тілдік энантиосемия болады да, жергілікті ерекшеліктерге байланысты бір сөздің қарама қарсы мағынада қолданылуыдиалектілік энантиосемияға жатқызылады. Мысалы, бітіріп тез жоқ қылып нәлет фашист көрімді (Байғанин). Мынауың керім екен, жаңа ән ғой (М.Әуезов)

Энантиосемия қарама қарсы қосымша үстейтін мағынасына қарай: 1) заттық (ноимнативтік) және 2) эмоционадық-бағалауыштық, экспрессивті қарама-қарсы мағына деп бөлінеді. Номинативті энантиосемия сөздердің мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болады. Мысалы, тарады сөзі қазақ тіліне тән құбылыс, даңқ, жаңалық, лақап, өсек секілді сөздердің семантикасымен байланысады да ашылды, жарық көрді, пайда болды, етек алды деген мағынаны береді, ал мекеме, кәсіпорын сөздерімен сөздерімен тіркесе келіп, тура мағынада жойылды, жабылды деген, ал ашуы, бұлт сөздерімен байланысса, басылды, сейілді, айықты деген қарама-қарсы мағынады жұмсалады.

Эмиоционалды-бағалауыштық энантиосемия кезінде қарама-қарсылыққа мағынаның бағалауыштық не эмоционалдық сыңарлары түседі. Сөздерді қалыптан тыс қолданудың нәтижесінде мағынаның эмоционалдық-бағалауыштық реңдерінің мәні ерекше қызмет атқарады. Мысалы, жақсы сөзі. 1) Күн қандай жақсы! Аспан шайдай ашық... 2) Жақсы! Жолдасыңды ұмытып, үйге басыңды сауғалап қашып келгеніңді ерлік санап тұр екенсің ғой. Энантиосеимя құбылысын жеткізудің бірден-бір тілдік құралы тырнақша болып табылады. Контекстік антонимдер. Кейде бір зат пен екінші затты қатар қойып салыстыру үшін мағыналарда қайшы мен жоқ сөздер де қолданылады. Ондай сөздер сол контексте ғана қарсы мағынада қолданылатындықтан контекстік антонимдер деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]