16.Этимология және оның түрлері
Этимология нрек тілінің etymos «ақиқат» және logos «білім» деген сөздердің бірігуінен жасалған. Тіл білімінің ішінде тарихи лексикологияның арналы да арнаулы саласы. Ол жеке сөздердің, сөз тіркестерінің грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің де түп төркіні мен шығу тегін, олардың пайда болу, даму жолдары мен қазіргі тілдерден көрініс сабақтастығын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді.
Этимологиямен арнайы айналысып, сөз төркіні туралы ойларын үнемі ортаға салып жүретін ғалымдарымыздан Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Ә.Нұрмағамбетов, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, С.Исаев, А.Махмудов, Н.Уәлиев, Ж. Манкеева, Ғ. Әнес т.б. секілді ғалымдардың атын атуға болады.
Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен обьектісіне қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Этиологияның негізгі принциптеріне а) фонетикалық ә) морфологиялық б) семантикалық в) тарихи деп аталатын принциптер жатады. \
Бұл аталған этимологиялық принцип крийтерилер өзара тығыз байланыста және бір-бірін толтырып тұрғанда ғана шын дүниеге келеді. Оларды үш түрлі топқа бөліп қарауға болады:
Ғылыми этимология. Тіл дамуының объективті заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп жасалған этимологияларды ғылыми этимология деп атайды. Ғылыми этимология сөз төркінін, морфемалардың даму тарихын дәл анықтап, ғылыми негізде түсіндіреді. Мысалы, нағыз ғылыми этимологияның алғашқы нұсқаларын қазақ тіл білімінің негізін салушы, проф.Қ.Жұбановтың еңбектерінен табамыз. Қ.Жұбанов «Күй» атты тамаша еңбегңнде қазақ тіліндегі күй, домбыра, сыбызғы,қобыз, жыр, толғау т.б.толып жатқан музыкалық терминдертің түп төркінін, этимологиясын жан-жақты ашық көрсетеді
Халықтық эт.
Білмегенді білуге ұмтылу, өмірдегі жұмбақ құбылыстардың сырына үңілу адам табиғатына тән қасиет. Адамдар о бастан айналасын қоршаған заттар атауының қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын үнемі қызықтап, оларға өз шамаларынша жауап тауып, кілтін табуға тырысқан. Этим.бұл түрін кейде «қарапайым этимология» немесе «жалған этимология» деп аталады. Оның басты себебі: сөз тіркесін танып-білуге теориялық дайындығы мол, тәжірбиелі тіл мамандары емес, « өз тілімді бір кісідей ақ білемін» деп есептейтін зиялылар мен қарапайым халық өкілдерінің де ат салысуына байланысты. Мысалы Жапония-«Жұпын ел», Азия – «Әз ұя», Африка-«қапырық ел» т.б,.
Қызықты эт.этим.бұл түріне (газет, журнал, БАҚ құралдары) беттерінде жарық көрген қолды материалдар жатады. Осыған байланысты оны тіл білімінде «ғылыми көпшілік қолды этимология» деп атайды. Бұлар қалың көпшілік қауымға арналғандықтан, ондағы материалдардың берілуі, терминологиясвсы арнайы ғылыми басылымдағы зерттеулерден өзгеше болады. Автордың «өз тілімен» көпшілікке түсінікті түрде жазылып, қалығң бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады. Қызықты этимология –ғылыми этимологияның көкжиегін кеңейтіп, оның жетістіктері үлкен орбитаға шығарып, қалың бұқара арасына таратар өте қажетті «елші» сала. Бұл салада қазақ тіл білімінде академик Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» деген кітабын атай аламыз. Бұл кітап- қазақ тіл біліміндегі «қызықты» этимология мен ғылыми этимологияны шебер ұштастыра білген тұңғыш ғылыми-көпшілік қолды еңбек.
