Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ortasha_de_1187_geyli_emtikhan_s_1201_ra_1179_t...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.27 Кб
Скачать

Орташа деңгейлі емтихан сұрақтар

1.Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерi.

Қозғыш ұлпалар — бұл iшкi немесе сырткы тiтiркендiргiштер әсерiне қозу қабiлетi бар нервтiк, бұлшык ет және бездiк құрылымдар. Қозғыш ұлпалардың бiрнеше касиеттерi бар. Қозғыштық өткiзгiштiк – қозуды өткiзу қабiлетi, яғни әрекет потенциалын өткiзу, тұраксыздық немесе функционалды ширақтық ритмикалық белсендiлiк қабілетi, сөл шығару қабiлетi (секриторлы белсендiлiк) және медиатор бөлiп шығару. Қозғыштық – тiрi жасушалардың сыртқы орта өзгерiстерiн қабылдап алып, осы өзгерiстерге қозу реакциясымен жауап кайтару қабiлетi. Қозғыштықтың параметрлерiн сипаттау.

  • Қозу параметрлерiне: тiтiркенгiштiк табалдырығы, реобаза, хронаксая, абсолюттi реоррактерлi фаза ұзақтығы, акколодация жылдамдығы жатады.

  • Өткiзгiштiк параметрi: әрекет потенциалын өткiзу жылдамдығы, мысалы, нервтiң өткiзу жылдамдығы 102 м/с-қа дейiн жетедi (600 км/сағ).

  • Жиырылу параметрi қозу кезiнде пайда болатын күштiң максимальды көлемi (керлеуi).

  • Тұраксыздық параметрi: белгiлi бiр уакыт iшiндегi максимальды қозу саны, мысалы жүйке 1 с —1000 әрекет потенциялын (Ә.П.) генерациялайды.

  • Секреторлық белсендiлiк параметрi бiр уақыттың ең кiшкентай бөлiгiндегi (квант) секреттi бөлiп шығару көлемi.

2.Мембраналық потенциал, оның шамасы.

Тыныштық жағдайдағы жасуша мембранасының iшкi және сыртқы жақтарындағы потенциал айырмашылықтарын тыныштық потенциалы немесе тыныштық мембраналық потенциал деп атайды. Клетка мембранасының iшкi жағы терiс зарядталған. Сырты жағының потенциалын нөл деп есептеп, тыныштық мембраналық потенциал «минус» белгiсiмен жазып алады. Тыныштық мембраналық потенциалдың шамасы ұлпаның түрiне қарай 9-дан 1ОО мв-қа дейiн өзгерiп отырады. Орташа көлемi 50-8О мв «-» белгiсiмен болады.

Бұл негiзiнен калий иондарына байланысты қозғыш ұлпалардың клеткаларында 150 ммоль/л, ортасында 4,5 ммоль/л-ге дейiн жетедi. Сондықтан калий концентрация градиентiне қарай жасушадан шыға алады. Бұл тыныштық жағдайында жартылай ашылатын калий каналдары арқылы жүзеге асады. Соңында мембрана жасуша аниондарына жабық болады да, жасушаның iшiнде терiс мәндi бөлшектер артады.

3.Бұлшық еттер жіктелуі.

Негізінен бұлшық еттердің үш түрін ажыратады: қаңқалық, жүрек бұлшық eтi, бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқалық бұлшық етінің өзi фаздық (бұлар әрекет потенциалын генерациялайды) және тоникалык (әрекет потенциалын генерацияламайды) деп eкiгe бөлінеді.

Фаздық талшықтар жылдам (ақ, гликолитикалық) және баяу (қызыл, тотығатын)талшықтар болып бөлінеді.

Бірыңғай салалы бұлшықеттер тоникалық және фазды-тоникалық болып бөлінеді.

Тоникалық бірьңғай салалы талшықтылар «жылдам» жиырыла алмайды. Фазды-тоникалық бірыңғай салалы бұлшық еттердің автоматиялық қасиеті бар және автоматиялық қасиеті жоқ деп eкiгe бөлеміз.

Бұлшық еттердің 2-типті талшықтары бар: интрафузальды және экстрафузальды.

Интрафузальды талшықтар бұлшық ет ұршығының ішінде орналасқан арнайы бұлшық eттi рецептор.

Ал қалған бұлшық еттердің талшықтары бұлшық eттi ұршықтың сыртында орналасса- экстрафузальды деп аталады.

4.Қаңқа және бірыңғай салалы ет қызметтері.

Қанқалық бұлшық еттер адам салмағының 40% құрайды. Tipeк –қимыл аппаратының белсенді бөлігі болып табылады. Олардың жиырылуының нәтижесінде төмендегідей қызметтер атқарылуы мүмкін:

1. кеңістікте дененің қозғалуы;

2. бip-бipiнe салыстырмалы түрде дене бөлшектерінің қозғалысы;

3. денені бip қалыпта ұстау;

4. қан мен лимфаның жылжуына ықпал ету;

5. жылу өндіру;

6. дем алу және дем шығару актілеріне қатысу;

7. қимылдық белсенділік маңызды антистрессорлық фактор ретінде;

8. бұлшық еттер тұздар мен судың қоры болып табылады;

9. Ішкі мүшелерді (органдарды) сақтап тұрады (кұрсақ мүшелерін);

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]