- •1) Берілген жағдайда қандай ауру туралы ойлау керек?2) Қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықта3) Патогентикалық терапияның бағытын анықта
- •1) Сіздің диагнозыңыз?2) Нысана-ағзаларының зақымдануымен анықтау үшін қандай зерттеу қосымша жүргізу керек?3) аққ коррекциялау үшін дәрі-дәрмектердің қандай тобын тағайындау керек?
- •1) Сіздің диагнозыңыз?2) Қосымша зерттеу әдістері? 3) аққ коррекциялау үшін қай топтағы препараттар емдеу кестесіне енгізілген жөн?
- •1) Сіздің диагнозыңыз?2) Диагнозды қою үшін қай әдіс маңызды болып табылады?3) аққ коррекциялау үшін қай топтағы препараттар емдеу кестесіне енгізілген жөн?
- •1) Сіздің диагнозыңыз?2) Қосымша зерттеу әдістері?3) Аурудың әрі қарай өршуін болдырмау үшін қандай препарат ұзақ уақытқа тағайындайсыз?
- •1) Қай ауру туралы ойлайсыз?2) Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілген?3) Науқасқа қай препараттар қарсы көрсетілген?
- •1) Сіздің диагнозыңыз?2) Осы ақауда шу қандай жағдайда күшейеді?3) Қандай көрсеткіштер процестің белсенділігін көрсетеді?
- •1) Қандай ауру туралы ойлау керек?2) Қандай әдіспен диагнозды дәлелдейсіз?3) Ауру синдромын басу үшін қандай әдістерді қолдануға болады?
- •1) Науқаста қандай асқыну диагностиканды? 2) Осы асқынуға қандай симптомдар тән? 3) Осы асқынуда емдеуде қандай препараттар негізгі болып табылады?
- •1) Негізгі аурудың диагнозы?2) Қандай асқыну дамыды?3) Емдеу ұстанымдары?
- •1) Сіздің диагнозыңыз?2) Ең информативті зерттеу әдісі?3) Емінде қолданылатын препараттардың негізгі тобы?
Билет №1 Науқас В. 38 жаста, кардиологтың есебінде сол қарыншаның шығу трактының обструкциясы бар гипертрофиялық кардиомиопатиямен тұрады. Қазіргі кездегі жағдайы нашарлады: шамалы физикалық күш түскенде күшейетін ентігу және жүрек қағулары пайда болды. Қарап тексергенде: акроцианоз, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ- 1 минутта 100 рет, қолқада систолалық шу. Өкпеде тыныс әлсіреген, ТЖ- 1 минутта 21 рет, бауыр қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Ісінулер жоқ.
1) Науқаста созылмалы қан айналым жетіспеушілігінің қай сатысы?2) Гипертрофиялық кардиомиопатияда қай диагностикалық әдіс негізгі болып табылады?
3) Қай препараттар аурудың медикаментозды аурудың медикаментозды терапиясының негізін құрайды?
№1Жауап. ХНК-1стадия, ЭхоКГ, В-блокаторы; атенолол-50-100мг/сут, метопросол 100-400мг/сут, антогонисты Са; верапамил 240-480мг/сут, дилтиазем 120-480мг/сут. Егер нарушение ритма б/са, жүрек гликозидтері; амиодорон-300-600мг/сут.
Билет № 2 Науқас А., 30 жаста экссудативтік перикардитпен кенеттен айқын ентігу дамыды, өлімнен қорқу сезімі, мойын көк тамырларының ісінуі, суық тер, бет пен мойынның ісінуі, ерін, мұрынның, құлақтарының цианозы, жіп тәрізді пульс пайда болды, қан қысымы төмендеген
1) Жағдайының нашарлауы немен түсіндіріледі?2) Бірінші кезекте нені тағайындау керек?3) Систолалық АҚҚ қалай өзгереді?
Жауап№2. Жедел жүрек жетіспеушілігі. В блокаторы, жүрек гликозидтері коргликон-в/в медленно по 0,5-1мл-0,06проц раствора х 2р в/д, диуретики. Повышение систолич АД.
Билет № 3 Науқас К., 25 жаста, вируты инфекциямен ауырғаннан кейін кеуде қуысының ортасында қатты ауру сезімін сезеді, ол тыныс алғанда күшейіп, арқасына беріліп, жөтелмен бірге жүреді. Жүрек шекаралары: оң жағы- төстің оң қырынан 1,5 см сыртқа қарай, сол- сол ортаңғы- бұғана сызығы бойынша, жоғарғы – үшінші қабырға аралығында, қатаң, сықырлы дыбыс естіледі. ЭКГ-да: стандартты әкетулерде ST сегменті жоғарылаған және V2-V6 QRS кешені өзгеріссіз. ЭКГ тістерінің вольтажы шамалы төмендеген.
1) Қандай патология туралы?2) Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу тағайындау қажет?3) Ем үшін қандай препараттар көрсетілген?
Жауап№3. Сухой перикардит. ЭхоКГ, рентген груд клетки. НПВС индометацин 25-100мг каждые 4-6ч, ибупрофен 400-800мг х 4р/сут, преднизолон до 60мг/сут. АБтер
Билет № 4Науқасты вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағулары мазалайды. Қарап тексергенде: дене қызуы субфебрильді, жүрек ұшында әлсіз систолалық шу, тахикардия минутына 120 рет. КФК белсенділігі- 25 Е/м, АСТ- 1,1 мкмоль/л. Рентгенологиялық сол жақ қарыншаның орташа ұлғаюы анықталған.
1) Берілген жағдайда қандай патология туралы ойлау керек?2) Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу тағайындау керек?3) Қандай препараттар ем үшін көрсетілген?
Жауап № 4 Вирусный миокардит. ЭКГ, ЭхоКГ, Рентгенорафия, биопися миокрда; Ограничение физ.активности, этиотропная терапия, иммуносупресив.терап (азатиоприн, циклоспорин, преднизолон).
Билет № 5 Науқас А., 30 жаста ревматизммен ауырады, экстенциллин қабылдайды. Түскен кезде жағдайы ауыр, ортопноэ, акроцианоз. Өкпесінде қатаң дыбыс, төменгі бүйір бөлімінде ылғалды сырылдар. Жүрек ұшында I тоны әлсіз, өкпе артериясында II тонның акценті, қатаң пансистолалық шу, ол қолтық астына беріледі, ЖСЖ – 130/90 мм.б.б. Бауыр қыры 2 см-ден шығып тұр, пальпация кезінде сезімтал, төменгі аяқ- қолдарында ісінулер.
1) Жүректің қандай ақауы туралы ойлау керек?2) Қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықтаңыз3) Ең алдымен препараттардың қандай тобын тағайындау керек?
Жауап№5билет. Ревматикалық миокардит. НК 2ст, В-блокатор; атенолол, пропранолол, бисопролол, жүрек гликозидтері.
Билет № 6 Науқас 3. 46 жаста жалпы әлсіздік шағымымен жедел жәрдем бригадасымен ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрлы цианоз, аяқ-қолдарыныңмұздауы. Жүрек тондары бәсеңдеген, галоп ырғағы, ЖСЖ- минутына 110 рет. АҚҚ 85/55 мм.с.б.б. Олигурия- 20 мм/сағ. ЭКГ-да: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST сегменті V1-V6 изосызықтан монофазды қисық түрінде көтерілген.
1) Сіздің диагнозыңыз?2) Науқастың ауыр жағдайы немен түсіндіріледі?3) Жедел қан тамыр жетіспеушілігінің шеткі белгілерін басу үшін қандай дәрі-дәрмектер
қолданылады?
Жауап№6билет. Жедел трансмуральды миокад инфаркты. Жедел қанайналым жетіспеушілігі. В-блокатор, и-АПФ, ацетилсалициловая кислота, диуретик, гиполипидемические препараты
Билет № 7 Науқас С., 42 жаста бір жыл бұрын ентігу, оң жақ қабырға астында ауру сезімді байқаған. Кейін түнгі уақытқа қарай тұншығу ұстамасы, балтырда ісінулер пайда болды. Соңғы екі айда қан түкіру эпизодтары, аритмиялар байқалды. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі бөлімінде- ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасы солға қарай ығысқан, жүрек тондары бәсең, тахикардия. Жүрек ұшында систолалық шу. Бауыры ұлғайған, аяқтарында ісінулер. ЭКГ-да: жыпылықтаушы аритмия, тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: сол жақ қарыншаның соңғы- диастолалық көлемі- 8,2. Лақтыру фракциясы-21%.
1) Берілген жағдайда қандай ауру туралы ойлау керек?2) Қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықта3) Патогентикалық терапияның бағытын анықта
Жауап№7 ХСН 2Б. Диета. АПФ ингиб (эналаприл 10-20 мгХ2р/д, каптоприл 25 мг х 3р/д , фозиноприл 10 мг х 2р/д). Диуретик (гипотиазид, фуросемид 20 мг/2р). B-адреноблок (метопролол 1,25 мг х 2р/д, бисопро лол 1,25 мг), жүрек гликозидтері дигоксин. БРА (лозартан 12,5 мг; вальсартан 20 мг х 2/д).
Билет № 8 Науқас Ю., 58 жаста қатты басының ауруына, лоқсуға, құсуға, меңіреу тәрізді сезімге, жүрек қағуына, көз көруінің нашарлауына, көз алдында бұлттануына шағцымданады. 5 жыл ішінде АҚҚ 160/100 мм.с.б.б. көтерілуін байқаған, қант диабетінің жеңіл түрімен ауырады.Қарап тексергенде: беті қызарған, склералары инъецирленген. Жүрек тондары бәсеңдеген. ЖСЖ- 1 минутта 90 рет, АҚҚ- 170/ 110 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында орташа ауру сезімі бар. Ісінулер жоқ. ЭКГ-да: синусты тахикардия, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Қанда: эр-5,2млн, лейк-8,5 мың, ЭТЖ-17 мм/сағ. Зәр анализі: белок- 0, 066г/ллейк-6-8 көру аймағында, эр-1-2 көру аймағында. Қандағы қант-7,4 ммоль./л, креатинин – 98 ммоль/л. ЭхоКГ: сол қарыншаның диастолалық дисфункциясы.
1) Сіздің диагнозыңыз?2) Нысана-ағзаларының зақымдануымен анықтау үшін қандай зерттеу қосымша жүргізу керек?3) аққ коррекциялау үшін дәрі-дәрмектердің қандай тобын тағайындау керек?
Жауап№8 ИБС. АГ 2 ст. Недост левого желудочка. Диабетическая ретинопатия. Суточ монтирор.АД. ЭКГ, ЭХоКГ, Глаз.дно. УДЗ почек. БхАК. B-адреноблок (метопролол 1,25 мг х 2р/д, бисопролол 1,25 мг), антог.Са, иАПФ (эналаприл 10-20 мгХ2р/д, каптоприл 25 мг х 3р/д , фозиноприл 10 мг х 2р/д).
Билет № 9Науқас К. 35 жаста, бас ауруына, бас айналуына, әлсіздікке, бел аймағында сыздаған ауру сезіміне, жиі зәр шығуына шағымданады. 7 жылдан бері АҚҚ жоғарылайды. Жиі өршулермен жүретін созылмалы тонзиллитпен ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары өзгермеген. ЖСЖ –минутына 72 рет. АҚҚ -165/105 мм.с.б.б. Ұрғылау симптомы оң жағынан оң. ЖҚА: эр-4,5 млн., лейк-6,5 мың., ЭТЖ - 21 мм/сағ. ЖЗА: лейкоциттер барлық көру аймағында, эритроциттер-2-3 в к/а.
1) Сіздің диагнозыңыз?2) Қосымша зерттеу әдістері? 3) аққ коррекциялау үшін қай топтағы препараттар емдеу кестесіне енгізілген жөн?
Жауап№9 билет. АГ2ст. Инфек.мочевыв путей. ЭКГ, Узи почек.Аб терап. B-адреноблок (метопролол 1,25 мг х 2р/д, бисопролол 1,25 мг). Диуретик (гипотиазид, фуросемид 20 мг/2рет). антог.Са, иАПФ (эналаприл 10-20 мгХ2р/д, каптоприл 25 мг х 3р/д , фозиноприл 10 мг х 2р/д). БРА (лозартан 12,5 мг; вальсартан 20 мг х 2/д). БРА+ диуретик (лозап+, вазар Н, диокор). ИАПФ+антог.Са (престариум, экватор). Энап Н , фозикард.
Билет № 10Науқас М. 30 жаста, лоқсуға, әлсіздікке, ентігуге, бас ауруына шағымданады. Анамнезінде жиі баспалар, 3 жыл ішінде АҚҚ жоғарылауы байқалады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ- минутына 80 рет, АҚҚ -160/110 мм.с.б.б. Аяқтарында ісінулер. Экскреторлы урограмма, қандағы креатинин, қалдықты азоттың мөлшері қалыпты. ЖҚА: эр-З,6 млн, лейк-5,2 мың., ЭТЖ -15 мм/сағ. ЖЗА: белок-0,6 г/л, эр - 18-20 в к/а., гиалинді цилиндрлер – 3-5 к/а, балауыз тәрізді – 3-4 к/а.
1) Сіздің диагнозыңыз?2) Диагнозды қою үшін қай әдіс маңызды болып табылады?3) аққ коррекциялау үшін қай топтағы препараттар емдеу кестесіне енгізілген жөн?
Жауап№10 билет. Нефритикалқ синдром. Аг2ст. УЗИ почек, СКФ, суточ.монитор АГ, глаз.дно. ЭКГ, БхАК (К, Na,P). B-адреноблок (метопролол 1,25 мг х 2р/д, бисопролол 1,25 мг). Диуретик (гипотиазид, фуросемид 20 мг/2рет). антог.Са, иАПФ (эналаприл 10-20 мгХ2р/д, каптоприл 25 мг х 3р/д , фозиноприл 10 мг х 2р/д). БРА (лозартан 12,5 мг; вальсартан 20 мг х 2/д). БРА+ диуретик (лозап+, вазар Н, диокор). ИАПФ+антог.Са (престариум, экватор). Энап Н , фозикард.
Билет № 11Науқас И. 26 жаста, ентігуге, жүрек қағуына, жүрек аймағында шаншу сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс фонында ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің сол шекарасы ұлғайған. I тон әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу қолтық асты аймағына беріледі. ЖСЖ- минутына 92 рет. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, л- 6,2 мың. ЭТЖ-10 мм/сағ.
