Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдык жумыс. Калмырзаев Н.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18.92 Mб
Скачать

4.3 Біліктердің диаметрлерін есептеу

Білік - өз өсінің бойымен бұраушы моментті беруге және машиналардың айналатын бөлшектерін ұстап тұру үшін арналған бөлшектер. Біліктер мойынтіректерде айналады. Бұраушы моменттердің берілуі күштердің мысалы, дөңгелектердің тістеріндегі күштердің, белдіктің кернеулік күштерінің және т.б. пайда болуымен байланысты, сондықтан біліктер тек айналдырғыш моментердің ғана емес, сонымен қатар көлденең күштердің және бұралу моменттерінің әсеріне бағытталған.

Өстер айналатын бөлшектерді ұстап тұруға арналған және біліктерден айырмашылығы пайдалы айналдырғыш момент бермейді. Біліктердің тірек бөлігін цапфа немесе мойын деп атайды.

Біліктің ұзындығының пішіні жүктеменің таралуымен және, дайындау технологиясының және құрастырудың шарттарымен анықталады. Біліктік ұзындығы бойынша бұралу моменттерінің эпюрасы, ереже бойынша, тұрақты емес.

Әдетте айналдырғыш момент біліктің барлық ұзындығына беріледі. Сондықтан беріктік шарты бойынша тең қарсылықтағы денелердің пішініне жуық ауыспалы қималы біліктерді құрастырған орынды. Тәжірибе жүзінде біліктер сатылы болып жасалады. Бұл пішін дайындау және жинау кезінде ыңғайлы; біліктердің ығысуын үлкен Өстік күштер қабылдауы мүмкін. Білікке қондырылатын әрбір бөлшек беттерге зақым келтірмей өзінің отырғызу бетіне дейін біліктің бойынан еркін өтуі керек.

=

Біліктердің шығар ұштары

Бәсеңдеткіштердің , беріліс қораптарының кіру және шығу біліктерінде жартылай муфталарды, шкифтерді, жұлдызшаларды және тісті дөңгелектерді орнатуға арналған цилиндрлі және конусты шығар ұштары болады.

Біліктердің цилиндрлі ұштарын МЕСТ 12080-66 бойынша дайындайды. Біліктің цилиндрлі ұшына қондырылатын бөлшек тіректі биіктігі t иыққа дейін жеткізеді.

Әртүрлі диаметрлердің екі сатысы арасындағы біліктің өтпелі бөлігін радиусы r галтельмен жасайды, ал тегістеу кезінде тегістелетін шеңбердің шығысы үшін оймақ жасайды. Галтельдердің r радиустарын біліктің d диаметріне тәуелді қабылдайды (мм):

d................................20...28 32...45 50...70 80...10

r................................ 1,6 2,0 2,5 3,0

Біліктің мойынтіректерді орнатуға арналған бөліктері шығар ұштармен көршілес болып табылады. Сондықтан шығар ұштың иықшасының t биіктігі мойынтіректің отырғызу диаметрімен үйлесуі тиіс. Мұнда міндетті түрде призматикалық кілтекті шешпей мойынтіректі орнату мүмкіншілігін қарастыру керек. Мойынтіректі орнату орнындағы біліктің диаметрі (мм) (4.2а,б-сурет).

dп d+2t2+1=50+2 1=111 мм

мұндағы t2 – сатыдағы паздың тереңдігі.

а) б)

4.2-сурет

а) б)

4.3-сурет

Алынған мәнді үлкен жағына қарай мойынтірек өлшемі үшін стандарт жуық мәнге дейін дөңгелектейді. Мойынтіректі кілтектерді шешпей қондыру шартын орындау, ереже бойынша, dп және d диаметрлерінің едәуір айырмашылығына әкеліп соғады. Арақашықтық мойынтіректің ішкі ішкі сақинасының B енінен үлкен болған кезде (4.3а,б-сурет) dп және d өлшемдеріндегі айырмашылықтарды кілтекті тексеру арқылы азайтуға болады. Бұл жағдайдағы мойынтіректі монтаждау тізбегі суретте көрсетілген [4].

Иықтың биіктігін сегментті кілтекті қолдану кезінде ең аз шамамен алады, бұл кілтекті мойынтіректі монтаждау алдында суырып алуға болады.

Егер біліктің соңғы цилиндрлі ұшында шлицті кессе онда иықшаның t биіктігі фрезаның еркін шығуымен шектелген: түзу бүйірлі шлицтер үшін t 0,5h, эвольвенттілер үшін t 0,25h, мұндағы h – шлицтің тереңдігі. Егер dп= d+2t болса біліктің шығар ұшымен көршілес бөліктің диаметрі тұрақты болады. Егер dп >d+2t болса, онда 4.3а,б-суретте көрсетілгендей диаметрмен (d+2t) өтпелі бөлікті жасайды. Мұнда шлицті кесетін фрезаның шығысы көрсетілген. Орташа сериялы түзубүйірлі шлицтерге арналған шлицтік фрезалардың Dф диаметрлері біліктің d диаметріне тәуелді алынады, мм:

d..................... 20...22 25...28 32...38 42...48 54...65 72...92

Dф......................... 63 70 80 90 100 112

4.3а,б-суреттерде біліктердің қонусты ұштарын 1:10 конустылықпен МЕСТ 12081 – 72 бойынша екі түрлі етіп жасайды: сыртқы (1түрі) және ішкі (2 түрі) оймамен. Шығарұшпен көршілес біліктегі біліктің диаметрін цилиндрлі үшін анықтаған диаметр сияқты анықтайды, кілтекті шешпей мойынтіректі білікке орнату шартынан:

dп dср+2t2+1=42+2

мұндағы dср= d– 0,05l2 және t2

Біліктің шығар ұшының конусты пішінің таралуы артықшылықтарға ие болады, ол нақты және сенімді біріктіруді қамтамасыз етеді, қондырылатын бөлшектерді жеңіл монтаждауға және шешуге мүмкіндік береді.

Біліктің конусты және цилиндрлі ұштарында сыртқы метрикалық ойма болған кезде нүктелерді МЕСТ 10549–80 бойынша қарастырады. 1 түрдегі нүктелер негізгі қолданысқа ие.